Хадис

Сахих Мүслим, № 1774

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
18. Мүміндер бір-біріне мейірім танытуда және жанашырлық көрсетуде бір адам секілдіبَابٌ: الْمُؤْمِنُونَ كَرَجُلٍ وَاحِدٍ فِي التَّرَاحُمِ وَالتَّعَاطُفِ
Нөмірі
№ 1774 (Мухтасар реті)
1774
Мүслим, № 1774Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِينَ فِي تَوَادِّهِمْ وَتَرَاحُمِهِمْ وَتَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ؛ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسَّهَرِ وَالْحُمَّى».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мүміндер бір-біріне деген сүйіспеншілігі, мейірімі мен жанашырлығы жағынан біртұтас дене секілді. Дененің бір мүшесі ауырса, бүкіл дененің ұйқысы қашып, қызуы көтеріліп, сол мүшенің дертіне ортақтасады», – дегенін жеткізді (2586/66).