Хадис
كِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ

Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабы

Сахих Мүслим, 53-кітап · 75 хадис · № 1754–1827

Мазмұны: 60 бап
  1. 1Ата-анаға жақсылық жасау және олардың қайсысы жақсы қарым-қатынасқа көбірек лайық екені туралы
  2. 2Ата-анаға жақсылық жасауды құлшылықтан бұрын қою туралы
  3. 3Ата-анаға жақсылық жасап, оларға серік болу үшін жиһадқа барудан бас тарту туралы
  4. 4Пайғамбардың (с.а.с.) «Расында, Алла аналардың ақысын аяқасты етуге тыйым салды» деген сөзі туралы
  5. 5Ата-анасының екеуінің не біреуінің қартайған шағын көріп, Жәннатқа кіре алмаған адам қор болсын
  6. 6Ізгіліктің ең абзал түрлерінің бірі – әкесінің достарымен байланысты сақтау
  7. 7Қыз балаларға жақсылық жасау туралы
  8. 8Туыстық байланысты сақтау өмірді ұзартады
  9. 9Туыстары байланысты үзсе де, олармен туыстық байланысты сақтау туралы
  10. 10Туыстық байланысты сақтау және оны үзу туралы
  11. 11Жетімге қамқор болған адам туралы
  12. 12Жесір әйел мен мұқтаж адамға жәрдемдесуге күш салған адамның сауабы туралы
  13. 13Ұлы әрі Құдіретті Алла үшін бір-бірін жақсы көретіндер туралы
  14. 14Адам өзі жақсы көргендермен бірге болады
  15. 15Алла бір пендесін жақсы көрсе, оны басқа пенделеріне де сүйікті етеді
  16. 16Рухтар – топтасқан жасақтар
  17. 17Мүміннің мүмінге қатынасы біртұтас ғимарат секілді
  18. 18Мүміндер бір-біріне мейірім танытуда және жанашырлық көрсетуде бір адам секілді
  19. 19Мұсылман – мұсылманның бауыры: оған зұлымдық жасамайды әрі оны көмексіз қалдырмайды
  20. 20Пенденің айыбын жасыру туралы
  21. 21Мәжілісте отырғандардың араша түсуі туралы
  22. 22Ізгі жолдас туралы мысал
  23. 23Көршіге жақсылық жасауды өсиет ету туралы
  24. 24Көршілерге үнемі жақсылық жасап, қамқорлық көрсету туралы
  25. 25Жұмсақтық туралы
  26. 26Расында, Алла жұмсақтықты жақсы көреді
  27. 27Тәкаппар адамның азабы туралы
  28. 28Ұлы әрі Құдіретті Аллаға қатысты кесімді сөз айтып ант ішу туралы
  29. 29Адамдармен тіл табысу және дөрекілігінен жұрт сақтанатын адам туралы
  30. 30Кешірімді болу туралы
  31. 31Ашуланған кезде өзін-өзі ұстай алатын адам туралы
  32. 32Ашуланған кезде Алладан пана сұрау туралы
  33. 33Адам өзін-өзі ұстай алмайтындай болып жаратылған
  34. 34Ізгілік пен күнә туралы
  35. 35Жолдан зиян келтіретін нәрсені алып тастаған адам туралы
  36. 36Мүмінге тікен қадалуы және оның басына түскен қайғы-қасірет туралы
  37. 37Мүміннің басына түсетін ауру мен қайғы туралы
  38. 38Бір-бірін көре алмауға, бір-біріне өшпенді болуға және бір-бірінен теріс айналуға тыйым салу туралы
  39. 39Екеуінің абзалы – алдымен сәлем бергені
  40. 40Кек сақтау және бір-бірімен араласпай кету туралы
  41. 41Өзгенің жасырын істерін аңдуға, бақталастыққа және жаман күдікке тыйым салу туралы
  42. 42Шайтанның намаз оқушылардың арасына араздық салуы туралы
  43. 43Әр адамның жанында шайтан бар
  44. 44Ғайбат айтуға тыйым салу туралы
  45. 45Сөз тасу туралы
  46. 46Сөз тасушы Жәннатқа кірмейді
  47. 47Екіжүзді адам туралы
  48. 48Шындық пен өтірік туралы
  49. 49Өтірік айтуға рұқсат етілетін жағдайлар туралы
  50. 50Жәһилиет ұрандарын шақыруға тыйым салу туралы
  51. 51Балағаттауға тыйым салу туралы
  52. 52Заманды балағаттауға тыйым салу туралы
  53. 53Адамның бауырына қару кезеуіне тыйым салу туралы
  54. 54Мешітте жебелердің ұштарынан ұстап жүру туралы
  55. 55Беттен ұруға тыйым салу туралы
  56. 56Жануарларды қарғау және бұған қатысты қатаң ескерту туралы
  57. 57Адамның қарғыс айтқыш болуының құпталмайтыны туралы
  58. 58«Адамдар құрыды» дейтін адам туралы
  59. 59Шектен шығушылар құрыды
  60. 60Пайғамбардың (с.а.с.) мүміндерге қарсы айтқан дұғасының олардың тазаруына әрі рақымға бөленуіне себеп болуы туралы
بَابٌ: فِي بِرِّ الْوَالِدَيْنِ وَأَيُّهُمَا أَحَقُّ بِحُسْنِ الصُّحْبَةِ

1-бапАта-анаға жақсылық жасау және олардың қайсысы жақсы қарым-қатынасқа көбірек лайық екені туралы

1754
Мүслим, № 1754Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ صَحَابَتِي؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «ثُمَّ أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «ثُمَّ أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «ثُمَّ أَبُوكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Адамдардың қайсысына бәрінен де жақсы қарауым керек?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Анаң”, – деді. Әлгі кісі: “Одан кейін кім?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Одан кейін анаң”, – деді. Ол: “Одан кейін кім?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Одан кейін анаң”, – деді. Ол тағы да: “Одан кейін кім?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Одан кейін әкең”, – деді» (2548/1).

بَابٌ: تَقْدِيمُ بِرِّ الْوَالِدَيْنِ عَلَى الْعِبَادَةِ

2-бапАта-анаға жақсылық жасауды құлшылықтан бұрын қою туралы

1755
Мүслим, № 1755Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَمْ يَتَكَلَّمْ فِي الْمَهْدِ إِلَّا ثَلَاثَةٌ: عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ، وَصَاحِبُ جُرَيْجٍ. وَكَانَ جُرَيْجٌ رَجُلًا عَابِدًا، فَاتَّخَذَ صَوْمَعَةً، فَكَانَ فِيهَا، فَأَتَتْهُ أُمُّهُ وَهُوَ يُصَلِّي، فَقَالَتْ: “يَا جُرَيْجُ!” فَقَالَ: “يَا رَبِّ، أُمِّي وَصَلَاتِي”. فَأَقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ، فَانْصَرَفَتْ. فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ أَتَتْهُ وَهُوَ يُصَلِّي، فَقَالَتْ: “يَا جُرَيْجُ!” فَقَالَ: “يَا رَبِّ، أُمِّي وَصَلَاتِي”. فَأَقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ، فَانْصَرَفَتْ. فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ أَتَتْهُ وَهُوَ يُصَلِّي، فَقَالَتْ: “يَا جُرَيْجُ!” فَقَالَ: “أَيْ رَبِّ، أُمِّي وَصَلَاتِي”. فَأَقْبَلَ عَلَى صَلَاتِهِ، فَقَالَتْ: “اللَّهُمَّ لَا تُمِتْهُ حَتَّى يَنْظُرَ إِلَى وُجُوهِ الْمُومِسَاتِ”. فَتَذَاكَرَ بَنُو إِسْرَائِيلَ جُرَيْجًا وَعِبَادَتَهُ. وَكَانَتِ امْرَأَةٌ بَغِيٌّ يُتَمَثَّلُ بِحُسْنِهَا، فَقَالَتْ: “إِنْ شِئْتُمْ لَأَفْتِنَنَّهُ لَكُمْ”». قَالَ: «فَتَعَرَّضَتْ لَهُ، فَلَمْ يَلْتَفِتْ إِلَيْهَا، فَأَتَتْ رَاعِيًا كَانَ يَأْوِي إِلَى صَوْمَعَتِهِ، فَأَمْكَنَتْهُ مِنْ نَفْسِهَا، فَوَقَعَ عَلَيْهَا فَحَمَلَتْ. فَلَمَّا وَلَدَتْ قَالَتْ: “هُوَ مِنْ جُرَيْجٍ”. فَأَتَوْهُ فَاسْتَنْزَلُوهُ، وَهَدَمُوا صَوْمَعَتَهُ، وَجَعَلُوا يَضْرِبُونَهُ، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكُمْ؟” قَالُوا: “زَنَيْتَ بِهَذِهِ الْبَغِيِّ، فَوَلَدَتْ مِنْكَ”. فَقَالَ: “أَيْنَ الصَّبِيُّ؟” فَجَاءُوا بِهِ، فَقَالَ: “دَعُونِي حَتَّى أُصَلِّيَ”. فَصَلَّى، فَلَمَّا انْصَرَفَ أَتَى الصَّبِيَّ فَطَعَنَ فِي بَطْنِهِ، وَقَالَ: “يَا غُلَامُ، مَنْ أَبُوكَ؟” قَالَ: “فُلَانٌ الرَّاعِي”». قَالَ: «فَأَقْبَلُوا عَلَى جُرَيْجٍ يُقَبِّلُونَهُ وَيَتَمَسَّحُونَ بِهِ، وَقَالُوا: “نَبْنِي لَكَ صَوْمَعَتَكَ مِنْ ذَهَبٍ وَفِضَّةٍ”. قَالَ: “لَا، أَعِيدُوهَا مِنْ طِينٍ كَمَا كَانَتْ”. فَفَعَلُوا. وَبَيْنَا صَبِيٌّ يَرْضَعُ مِنْ أُمِّهِ، فَمَرَّ رَجُلٌ رَاكِبٌ عَلَى دَابَّةٍ فَارِهَةٍ وَشَارَةٍ حَسَنَةٍ، فَقَالَتْ أُمُّهُ: “اللَّهُمَّ اِجْعَلِ ابْنِي مِثْلَ هَذَا”. فَتَرَكَ الثَّدْيَ وَأَقْبَلَ إِلَيْهِ، فَنَظَرَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِي مِثْلَهُ”. ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَى ثَدْيِهِ فَجَعَلَ يَرْتَضِعُ».

قَالَ: «فَكَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَحْكِي اِرْتِضَاعَهُ بِإِصْبَعِهِ السَّبَّابَةِ فِي فَمِهِ، فَجَعَلَ يَمُصُّهَا».

قَالَ: «وَمَرُّوا بِجَارِيَةٍ وَهُمْ يَضْرِبُونَهَا وَيَقُولُونَ: “زَنَيْتِ، سَرَقْتِ”، وَهِيَ تَقُولُ: “حَسْبِيَ اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ”. فَقَالَتْ أُمُّهُ: “اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلِ ابْنِي مِثْلَهَا”. فَتَرَكَ الرَّضَاعَ وَنَظَرَ إِلَيْهَا، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ اِجْعَلْنِي مِثْلَهَا”. فَهُنَاكَ تَرَاجَعَا الْحَدِيثَ، فَقَالَتْ: “حَلْقَى! مَرَّ رَجُلٌ حَسَنُ الْهَيْئَةِ فَقُلْتُ: ‘اللَّهُمَّ اِجْعَلِ ابْنِي مِثْلَهُ’، فَقُلْتَ: ‘اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِي مِثْلَهُ’. وَمَرُّوا بِهَذِهِ الْأَمَةِ وَهُمْ يَضْرِبُونَهَا وَيَقُولُونَ: ‘زَنَيْتِ، سَرَقْتِ’. فَقُلْتُ: ‘اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلِ ابْنِي مِثْلَهَا’، فَقُلْتَ: ‘اللَّهُمَّ اِجْعَلْنِي مِثْلَهَا’”. قَالَ: “إِنَّ ذَاكَ الرَّجُلَ كَانَ جَبَّارًا، فَقُلْتُ: ‘اللَّهُمَّ لَا تَجْعَلْنِي مِثْلَهُ’. وَإِنَّ هَذِهِ يَقُولُونَ لَهَا: ‘زَنَيْتِ’، وَلَمْ تَزْنِ، وَ‘سَرَقْتِ’، وَلَمْ تَسْرِقْ، فَقُلْتُ: ‘اللَّهُمَّ اِجْعَلْنِي مِثْلَهَا’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бесікте жатқан шағында үш сәби ғана сөйлеген. Олардың бірі – Мәриямның ұлы Иса, екіншісі – Журәйж оқиғасындағы сәби. Журәйж құлшылыққа берілген адам еді. Ол өзіне ғибадатхана тұрғызып, сонда құлшылық ететін. Бір күні намаз оқып тұрғанда анасы келіп: “Уа, Журәйж!” – деді. Журәйж: “Уа, Раббым! Анам ба, әлде намазым ба?” – деді де, намазын жалғастырды. Анасы кері қайтты. Келесі күні Журәйж намаз оқып тұрғанда анасы тағы келіп: “Уа, Журәйж!” – деді. Журәйж: “Уа, Раббым! Анам ба, әлде намазым ба?” – деді де, намазын жалғастырды. Анасы кері қайтты. Келесі күні Журәйж намаз оқып тұрғанда анасы тағы да келіп: “Уа, Журәйж!” – деді. Журәйж: “Уа, Раббым! Анам ба, әлде намазым ба?” – деді де, намазын жалғастырды. Сонда анасы: “Уа, Алла! Жезөкше әйелдердің жүзіне қарамайынша, оны өлтірме”, – деді. Исраил ұрпақтары Журәйж бен оның құлшылығын сөз ете бастады. Сол кезде сұлулығы жұрт аузында жүрген бір жезөкше әйел бар еді. Ол: “Қаласаңдар, оны сендер үшін азғырып беремін”, – деді. Сөйтіп, Журәйждің алдынан шығып, оны азғыруға тырысты. Алайда Журәйж оған бұрылып та қарамады. Содан кейін ол Журәйждің ғибадатханасын паналайтын бір қойшыға барып, оған өзін еркімен берді. Қойшы онымен жақындасты. Әйел жүкті болып, босанған кезде: “Бұл бала Журәйжден”, – деді. Сонда адамдар Журәйжге келіп, оны ғибадатханасынан төмен түсірді. Ғибадатханасын бұзып, өзін ұра бастады. Журәйж: “Сендерге не болған?” – деп сұрады. Олар: “Сен мына жезөкше әйелмен зина жасадың, ол сенен бала туды”, – деді. Журәйж: “Сәби қайда?” – деп сұрады. Олар сәбиді әкелді. Журәйж: “Маған намаз оқып алуға мұрсат беріңдер”, – деді. Сөйтіп, намаз оқыды. Намазын аяқтағаннан кейін сәбиге келіп, қарнынан түртті де: “Уа, бала! Әкең кім?” – деп сұрады. Сәби: “Әкем – пәленше қойшы”, – деді. Сонда адамдар Журәйжге қарай ұмтылып, оны сүйіп, денесіне қолдарын тигізіп, сипай бастады. Олар: “Саған ғибадатханаңды алтын мен күмістен тұрғызып береміз”, – деді. Журәйж: “Жоқ, оны бұрынғыдай балшықтан қайта тұрғызыңдар”, – деді. Олар солай істеді. Бір сәби анасын еміп жатқан кезде, олардың жанынан жақсы атқа мінген, сәнді киінген бір адам өтті. Анасы: “Уа, Алла! Ұлымды мына адамдай ет”, – деді. Сәби емшекті тастап, әлгі адамға бұрылып қарады да: “Уа, Алла! Мені оған ұқсатпа”, – деді. Содан кейін қайтадан емшекке бұрылып, еме бастады».

Әбу Һурайра: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сәбидің емуін бейнелеп, сұқ саусағын аузына салып сорғаны әлі де көз алдымда тұрғандай», – деді.

Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастырып, былай деді: «Олардың жанынан жұрт ұрып-соғып: “Зина жасадың! Ұрлық жасадың!” – деп келе жатқан бір күң өтті. Ал күң: “Маған Алла жеткілікті. Ол – қандай жақсы Қамқоршы!” – деп бара жатты. Анасы: “Уа, Алла! Ұлымды мына әйелдей етпе”, – деді. Сәби емуді тоқтатып, күңге қарады да: “Уа, Алла! Мені сол әйелдей ет”, – деді. Осы тұста анасы мен баласы өзара сөйлесе бастады. Анасы: “Қап, балам-ай! Жаңа ғана келбеті көркем бір ер адам өтті. Мен: ‘Уа, Алла! Ұлымды мына адамдай ет’, – дедім. Ал сен: ‘Уа, Алла! Мені оған ұқсатпа’, – дедің. Содан кейін жұрт мына күңді ұрып-соғып: ‘Зина жасадың! Ұрлық жасадың!’ – деп алып өтті. Мен: ‘Уа, Алла! Ұлымды мына әйелдей етпе’, – дедім. Ал сен: ‘Уа, Алла! Мені сол әйелдей ет’, – дедің”, – деді. Сәби: “Расында, әлгі кісі озбыр адам еді. Сондықтан мен: ‘Уа, Алла! Мені оған ұқсатпа’, – дедім. Ал мына әйелге адамдар: ‘Зина жасадың!’ – дейді, бірақ ол зина жасаған жоқ. ‘Ұрлық жасадың!’ – дейді, бірақ ол ұрлық жасаған жоқ. Сондықтан мен: ‘Уа, Алла! Мені сол әйелдей ет’, – дедім”, – деді» (2550/8).

بَابٌ: تَرْكُ الْجِهَادِ لِبِرِّ الْوَالِدَيْنِ وَصُحْبَتِهِمَا

3-бапАта-анаға жақсылық жасап, оларға серік болу үшін жиһадқа барудан бас тарту туралы

1756
Мүслим, № 1756Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: أَقْبَلَ رَجُلٌ إِلَى نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أُبَايِعُكَ عَلَى الْهِجْرَةِ وَالْجِهَادِ، أَبْتَغِي الْأَجْرَ مِنَ اللَّهِ». قَالَ: «فَهَلْ مِنْ وَالِدَيْكَ أَحَدٌ حَيٌّ؟» قَالَ: «نَعَمْ، بَلْ كِلَاهُمَا». قَالَ: «فَتَبْتَغِي الْأَجْرَ مِنَ اللَّهِ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَارْجِعْ إِلَى وَالِدَيْكَ فَأَحْسِنْ صُحْبَتَهُمَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай деген: «Бір кісі Алланың Пайғамбарына (с.а.с.) келіп: “Сізге һижрет етуге және жиһад жасауға серт беремін. Алладан сауап тілеймін”, – деді. Ол (с.а.с.): “Ата-анаңның біреуі тірі ме?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Иә, екеуі де тірі”, – деді. Ол (с.а.с.): “Алладан сауап тілейсің бе?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Ендеше, ата-анаңа қайтып бар да, екеуімен жақсы қарым-қатынаста бол”, – деді» (2549/6).

بَابٌ: قَوْلُهُ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عُقُوقَ الْأُمَّهَاتِ»

4-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Расында, Алла аналардың ақысын аяқасты етуге тыйым салды» деген сөзі туралы

1757
Мүслим, № 1757Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ حَرَّمَ عَلَيْكُمْ: عُقُوقَ الْأُمَّهَاتِ، وَوَأْدَ الْبَنَاتِ، وَمَنْعًا وَهَاتِ، وَكَرِهَ لَكُمْ ثَلَاثًا: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةَ الْمَالِ».

Қазақша аудармасы

Муғира ибн Шуғба (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла сендерге аналардың ақысын аяқасты етуді, қыз балаларды тірідей көмуді, беруге тиістіні бермеуді әрі қақыларың жоқ нәрсені “Бер!” деп талап етуді харам етті. Сондай-ақ сендер үшін мына үш істі: “Пәлен айтты, түген айтты” деп сөз таратуды, көп сұрақ қоюды және мал-мүлікті ысырап етуді жек көрді» (593/12).

بَابٌ: رَغِمَ أَنْفُ مَنْ أَدْرَكَ أَبَوَيْهِ أَوْ أَحَدَهُمَا عِنْدَ الْكِبَرِ فَلَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ

5-бапАта-анасының екеуінің не біреуінің қартайған шағын көріп, Жәннатқа кіре алмаған адам қор болсын

1758
Мүслим, № 1758Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَغِمَ أَنْفُهُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ». قِيلَ: «مَنْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «مَنْ أَدْرَكَ الْوَالِدَانِ عِنْدَهُ الْكِبَرَ، أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا، ثُمَّ لَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұрны жерге сүртілсін! Тағы да мұрны жерге сүртілсін! Тағы да мұрны жерге сүртілсін!” – деді. Сонда: “Ол кім, уа, Расулалла?” – деп сұралды. Ол (с.а.с.): “Ата-анасының біреуі немесе екеуі де өз жанында қартайғанымен, Жәннатқа кірмеген адам”, – деді» (2551/10).

بَابٌ: مِنْ أَبَرِّ الْبِرِّ صِلَةُ الرَّجُلِ أَهْلَ وُدِّ أَبِيهِ

6-бапІзгіліктің ең абзал түрлерінің бірі – әкесінің достарымен байланысты сақтау

1759
Мүслим, № 1759Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ كَانَ إِذَا خَرَجَ إِلَى مَكَّةَ، كَانَ لَهُ حِمَارٌ يَتَرَوَّحُ عَلَيْهِ إِذَا مَلَّ رُكُوبَ الرَّاحِلَةِ، وَعِمَامَةٌ يَشُدُّ بِهَا رَأْسَهُ. فَبَيْنَا هُوَ يَوْمًا عَلَى ذَلِكَ الْحِمَارِ إِذْ مَرَّ بِهِ أَعْرَابِيٌّ، فَقَالَ: «أَلَسْتَ ابْنَ فُلَانِ بْنِ فُلَانٍ؟» قَالَ: «بَلَى». فَأَعْطَاهُ الْحِمَارَ، وَقَالَ: «اِرْكَبْ هَذَا»، وَالْعِمَامَةَ، قَالَ: «اُشْدُدْ بِهَا رَأْسَكَ». فَقَالَ لَهُ بَعْضُ أَصْحَابِهِ: «غَفَرَ اللَّهُ لَكَ! أَعْطَيْتَ هَذَا الْأَعْرَابِيَّ حِمَارًا كُنْتَ تَرَوَّحُ عَلَيْهِ، وَعِمَامَةً كُنْتَ تَشُدُّ بِهَا رَأْسَكَ». فَقَالَ: «إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ مِنْ أَبَرِّ الْبِرِّ صِلَةَ الرَّجُلِ أَهْلَ وُدِّ أَبِيهِ بَعْدَ أَنْ يُوَلِّيَ”، وَإِنَّ أَبَاهُ كَانَ صَدِيقًا لِعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Меккеге сапарға шыққанда, түйеге мінуден шаршаса, тынығу үшін бір есекке ауысып мінетін. Оның басына орайтын сәлдесі де болатын. Бір күні әлгі есегіне мініп келе жатқанда, жанынан бір бәдәуи өтті. Ибн Омар одан: «Сен пәленшенің баласы, пәленшенің немересі емессің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Сонда Ибн Омар оған есегін беріп: «Мынаған мін», – деді. Сәлдесін де беріп: «Мұны басыңа ора», – деді. Серіктерінің бірі оған: «Алла сені кешірсін! Сен мына бәдәуиге тынығу үшін мінетін есегіңді әрі басыңа орайтын сәлдеңді беріп қойдың», – деді. Сонда Ибн Омар: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ізгіліктің ең абзал түрлерінің бірі – адамның әкесі дүниеден өткеннен кейін де оның достарымен байланысын сақтауы”, – дегенін естідім. Ал мына бәдәуидің әкесі Омардың досы болған (Алла оларға разы болсын)», – деді (2552/13).

بَابٌ: فِي الْإِحْسَانِ إِلَى الْبَنَاتِ

7-бапҚыз балаларға жақсылық жасау туралы

1760
Мүслим, № 1760Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: «جَاءَتْنِي امْرَأَةٌ، وَمَعَهَا ابْنَتَانِ لَهَا، فَسَأَلَتْنِي فَلَمْ تَجِدْ عِنْدِي شَيْئًا غَيْرَ تَمْرَةٍ وَاحِدَةٍ، فَأَعْطَيْتُهَا إِيَّاهَا، فَأَخَذَتْهَا فَقَسَمَتْهَا بَيْنَ ابْنَتَيْهَا، وَلَمْ تَأْكُلْ مِنْهَا شَيْئًا. ثُمَّ قَامَتْ فَخَرَجَتْ وَابْنَتَاهَا. فَدَخَلَ عَلَيَّ النَّبِيُّ ﷺ فَحَدَّثْتُهُ حَدِيثَهَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “مَنِ ابْتُلِيَ مِنَ الْبَنَاتِ بِشَيْءٍ، فَأَحْسَنَ إِلَيْهِنَّ كُنَّ لَهُ سِتْرًا مِنَ النَّارِ”».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) былай деген: «Маған екі қызын ерткен бір әйел келіп, менен бір нәрсе сұрады. Менде бір түйір құрмадан басқа ештеңе жоқ еді. Сол құрманы оған бердім. Ол оны екі қызына бөліп беріп, өзі ештеңе жемеді. Содан кейін орнынан тұрып, екі қызын ертіп шығып кетті. Артынша Пайғамбар (с.а.с.) келді. Мен оған әлгі әйелдің жағдайын баяндадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Кім қыз балалармен сыналып, оларға жақсылық жасаса, сол қыздар оны Тозақ отынан қорғайтын қалқан болады”, – деді» (2629/147).

1761
Мүслим, № 1761Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عَالَ جَارِيَتَيْنِ حَتَّى تَبْلُغَا، جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَنَا وَهُوَ» وَضَمَّ أَصَابِعَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім екі қыз баланы балиғат жасына жеткенше асырап, қамқорлық жасаса, Қиямет күні ол екеуміз осылай бірге келеміз», – дегенін жеткізген. Осы сөзді айтқанда, ол (с.а.с.) саусақтарын біріктіріп көрсетті (2631/149).

بَابٌ: صِلَةُ الرَّحِمِ تَزِيدُ فِي الْعُمْرِ

8-бапТуыстық байланысты сақтау өмірді ұзартады

1762
Мүслим, № 1762Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُبْسَطَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ، وَيُنْسَأَ فِي أَثَرِهِ فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім ризық-несібесінің молайып, ғұмырының ұзарғанын қаласа, туыстық байланысын сақтасын”, – дегенін естідім», – деді (2557/20).

بَابٌ: صِلَةُ الرَّحِمِ وَإِنْ قَطَعُوا

9-бапТуыстары байланысты үзсе де, олармен туыстық байланысты сақтау туралы

1763
Мүслим, № 1763Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي قَرَابَةً أَصِلُهُمْ وَيَقْطَعُونِي، وَأُحْسِنُ إِلَيْهِمْ وَيُسِيئُونَ إِلَيَّ، وَأَحْلُمُ عَنْهُمْ وَيَجْهَلُونَ عَلَيَّ». فَقَالَ: «لَئِنْ كُنْتَ كَمَا قُلْتَ، فَكَأَنَّمَا تُسِفُّهُمُ الْمَلَّ، وَلَا يَزَالُ مَعَكَ مِنَ اللَّهِ ظَهِيرٌ عَلَيْهِمْ مَا دُمْتَ عَلَى ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір кісі: “Уа, Расулалла! Менің туыстарым бар: мен олармен қарым-қатынасымды сақтаймын, ал олар менімен байланысын үзеді; мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық жасайды; мен оларға ұстамдылық танытамын, ал олар маған өрескелдік көрсетеді”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Егер сен айтқаныңдай болсаң, оларға ыстық күл жұтқызғандай боласың. Осы қалпыңнан таймағаныңша, Алла тарапынан келген жәрдемші оларға қарсы саған үнемі қолдау көрсетеді”, – деді» (2558/22).

بَابٌ: فِي صِلَةِ الرَّحِمِ وَقَطْعِهَا

10-бапТуыстық байланысты сақтау және оны үзу туралы

1764
Мүслим, № 1764Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ خَلَقَ الْخَلْقَ، حَتَّى إِذَا فَرَغَ مِنْهُمْ قَامَتِ الرَّحِمُ، فَقَالَتْ: “هَذَا مَقَامُ الْعَائِذِ مِنَ الْقَطِيعَةِ”. قَالَ: “نَعَمْ، أَمَا تَرْضَيْنَ أَنْ أَصِلَ مَنْ وَصَلَكِ، وَأَقْطَعَ مَنْ قَطَعَكِ؟” قَالَتْ: “بَلَى”. قَالَ: “فَذَاكِ لَكِ”». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ ۝ أُولَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ ۝ أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ أَمْ عَلَى قُلُوبٍ أَقْفَالُهَا﴾».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла жаратылыстарды жаратты. Оларды жаратып болғанда, туыстық байланыс орнынан тұрып: “Бұл – туыстық байланыстың үзілуінен Өзіңе пана тілеп тұрғанның орны”, – деді. Алла: “Иә. Сенімен байланысын сақтаған адаммен Мен де байланысымды сақтап, сенімен байланысын үзген адаммен Мен де байланысымды үзгеніме разы емессің бе?” – деді. Туыстық байланыс: “Әрине, разымын”, – деді. Алла: “Ендеше, бұл саған берілді”, – деді». Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Қаласаңдар, мына аяттарды оқыңдар: “Демек, қолдарыңа билік тие қалса және Алладан теріс айналсаңдар, жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, лағынеттеп, өздерін тас керең, көздерін көрмейтін көрсоқыр етіп қойды. Әйтпесе, олар осынау Құранға ой жүгіртпей ме?! Жоқ әлде жүректерінде бірінің үстіне бірі салынған қат-қабат құлыптар бар ма?!” («Мұхаммед», 22–24)», – деді (2554/16).

1765
Мүслим, № 1765Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَاطِعٌ». قَالَ ابْنُ أَبِي عُمَرَ: قَالَ سُفْيَانُ: «يَعْنِي قَاطِعَ رَحِمٍ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Байланысты үзген адам Жәннатқа кірмейді», – дегенін жеткізген. Ибн Әбу Омардың жеткізуінше, Суфиян: «Яғни, туыстық байланысты үзген адам», – деген (2556/18).

بَابٌ: فِي كَافِلِ الْيَتِيمِ

11-бапЖетімге қамқор болған адам туралы

1766
Мүслим, № 1766Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَافِلُ الْيَتِيمِ لَهُ أَوْ لِغَيْرِهِ أَنَا وَهُوَ كَهَاتَيْنِ فِي الْجَنَّةِ». وَأَشَارَ مَالِكٌ رَحِمَهُ اللَّهُ بِالسَّبَّابَةِ وَالْوُسْطَى.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Туысы болсын, бөгде болсын, жетімге қамқорлық жасаған адам екеуміз Жәннатта мына екеуі секілді қатар боламыз», – дегенін жеткізген. Мәлик (Алла оны рақымына алсын) сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын қатар көрсетіп, ишара жасады (2983/42).

بَابٌ: فِي ثَوَابِ السَّاعِي عَلَى الْأَرْمَلَةِ وَالْمِسْكِينِ

12-бапЖесір әйел мен мұқтаж адамға жәрдемдесуге күш салған адамның сауабы туралы

1767
Мүслим, № 1767Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «السَّاعِي عَلَى الْأَرْمَلَةِ وَالْمِسْكِينِ كَالْمُجَاهِدِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». وَأَحْسِبُهُ قَالَ: «وَكَالْقَائِمِ لَا يَفْتُرُ، وَكَالصَّائِمِ لَا يُفْطِرُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Жесір әйел мен мұқтаждың қамын ойлап, оларға көмектесуге күш салған адам Алла жолында жиһад етуші секілді», – дегенін жеткізген. Риуаятшы: «Меніңше, ол (с.а.с.): “Сондай-ақ тынымсыз намаз оқитын әрі ауыз ашпай, үздіксіз ораза ұстайтын адам секілді”, – деген», – деп қосты (2982/41).

بَابٌ: فِي الْمُتَحَابِّينَ فِي اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ

13-бапҰлы әрі Құдіретті Алла үшін бір-бірін жақсы көретіндер туралы

1768
Мүслим, № 1768Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: “أَيْنَ الْمُتَحَابُّونَ بِجَلَالِي؟ الْيَوْمَ أُظِلُّهُمْ فِي ظِلِّي يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلِّي”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Аса құдіретті әрі Ұлы Алла Қиямет күні: “Менің ұлылығым үшін бір-бірін жақсы көргендер қайда? Өз көлеңкемнен басқа көлеңке жоқ бүгінгі күні оларды Өз көлеңкеме аламын”, – дейді», – дегенін жеткізген (2566/37).

1769
Мүслим, № 1769Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ رَجُلًا زَارَ أَخًا لَهُ فِي قَرْيَةٍ أُخْرَى، فَأَرْصَدَ اللَّهُ لَهُ عَلَى مَدْرَجَتِهِ مَلَكًا. فَلَمَّا أَتَى عَلَيْهِ، قَالَ: «أَيْنَ تُرِيدُ؟» قَالَ: «أُرِيدُ أَخًا لِي فِي هَذِهِ الْقَرْيَةِ». قَالَ: «هَلْ لَكَ عَلَيْهِ مِنْ نِعْمَةٍ تَرُبُّهَا؟» قَالَ: «لَا، غَيْرَ أَنِّي أَحْبَبْتُهُ فِي اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». قَالَ: «فَإِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكَ بِأَنَّ اللَّهَ قَدْ أَحَبَّكَ كَمَا أَحْبَبْتَهُ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бір адам басқа ауылда тұратын бауырын зиярат етуге барды. Алла оны жолда күтіп алуға бір періштені қойды. Әлгі адам періштенің қасына жеткенде, періште: “Қайда бара жатырсың?” – деп сұрады. Ол: “Осы ауылда тұратын бір бауырыма бара жатырмын”, – деді. Періште: “Оған жасаған бір жақсылығыңның қайтарымын күтіп барасың ба?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ. Мен оны тек Аса құдіретті әрі Ұлы Алла үшін жақсы көремін”, – деді. Сонда періште: “Мен – Алланың саған жіберген елшісімін. Сен оны Алла үшін жақсы көргеніңдей, Алла да сені жақсы көрді”, – деді» (2567/38).

بَابٌ: الْمَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ

14-бапАдам өзі жақсы көргендермен бірге болады

1770
Мүслим, № 1770Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَتَى السَّاعَةُ؟» قَالَ: «وَمَا أَعْدَدْتَ لِلسَّاعَةِ؟» قَالَ: «حُبَّ اللَّهِ وَرَسُولِهِ». قَالَ: «فَإِنَّكَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ». قَالَ أَنَسٌ: «فَمَا فَرِحْنَا بَعْدَ الْإِسْلَامِ فَرَحًا أَشَدَّ مِنْ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: “فَإِنَّكَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ”». قَالَ أَنَسٌ: «فَأَنَا أُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ، فَأَرْجُو أَنْ أَكُونَ مَعَهُمْ، وَإِنْ لَمْ أَعْمَلْ بِأَعْمَالِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Қиямет қашан болады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Қияметке не әзірледің?” – деді. Әлгі адам: “Алла мен Оның Елшісіне деген сүйіспеншілігімді”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, сен жақсы көргеніңмен бірге боласың”, – деді». Әнәс: «Исламды қабылдағаннан кейін бізді Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, сен жақсы көргеніңмен бірге боласың”, – деген сөзінен артық қуантқан еш нәрсе болмады», – деді. Әнәс тағы да: «Мен Алланы, Оның Елшісін, Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көремін. Олардың амалдарындай амал істемесем де, солармен бірге боламын деп үміттенемін», – деді (2639/163).

بَابٌ: إِذَا أَحَبَّ اللَّهُ عَبْدًا حَبَّبَهُ إِلَى عِبَادِهِ

15-бапАлла бір пендесін жақсы көрсе, оны басқа пенделеріне де сүйікті етеді

1771
Мүслим, № 1771Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ إِذَا أَحَبَّ عَبْدًا دَعَا جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَقَالَ: “إِنِّي أُحِبُّ فُلَانًا فَأَحِبَّهُ”». قَالَ: «فَيُحِبُّهُ جِبْرِيلُ، ثُمَّ يُنَادِي فِي السَّمَاءِ، فَيَقُولُ: “إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلَانًا فَأَحِبُّوهُ”، فَيُحِبُّهُ أَهْلُ السَّمَاءِ». قَالَ: «ثُمَّ يُوضَعُ لَهُ الْقَبُولُ فِي الْأَرْضِ. وَإِذَا أَبْغَضَ اللَّهُ عَبْدًا دَعَا جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَيَقُولُ: “إِنِّي أُبْغِضُ فُلَانًا فَأَبْغِضْهُ”». قَالَ: «فَيُبْغِضُهُ جِبْرِيلُ، ثُمَّ يُنَادِي فِي أَهْلِ السَّمَاءِ: “إِنَّ اللَّهَ يُبْغِضُ فُلَانًا فَأَبْغِضُوهُ”». قَالَ: «فَيُبْغِضُونَهُ، ثُمَّ تُوضَعُ لَهُ الْبَغْضَاءُ فِي الْأَرْضِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла бір құлын жақсы көрсе, Жәбірейілді (а.с.) шақырып: ‘Мен пәленше құлымды жақсы көремін, сен де оны жақсы көр’, – дейді. Сонда Жәбірейіл де оны жақсы көреді. Содан кейін Жәбірейіл аспанда: ‘Расында, Алла пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер’, – деп жар салады. Сонда аспан тұрғындары да оны жақсы көреді. Осыдан кейін жер бетінде ол жұрттың ықыласына бөленеді. Ал Алла бір құлын жек көрсе, Жәбірейілді (а.с.) шақырып: ‘Мен пәленшені жек көремін, сен де оны жек көр’, – дейді. Сонда Жәбірейіл де оны жек көреді. Содан кейін аспан тұрғындарына: ‘Расында, Алла пәленшені жек көреді, сендер де оны жек көріңдер’, – деп жар салады. Сонда олар да оны жек көреді. Осыдан кейін жер бетінде оған деген жеккөрушілік орнығады”, – деді» (2637/157).

بَابٌ: الْأَرْوَاحُ جُنُودٌ مُجَنَّدَةٌ

16-бапРухтар – топтасқан жасақтар

1772
Мүслим, № 1772Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِحَدِيثٍ يَرْفَعُهُ، قَالَ: «النَّاسُ مَعَادِنُ كَمَعَادِنِ الْفِضَّةِ وَالذَّهَبِ، خِيَارُهُمْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِي الْإِسْلَامِ إِذَا فَقُهُوا، وَالْأَرْوَاحُ جُنُودٌ مُجَنَّدَةٌ، فَمَا تَعَارَفَ مِنْهَا اِئْتَلَفَ، وَمَا تَنَاكَرَ مِنْهَا اِخْتَلَفَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.) мына хадисті жеткізді: «Адамдар – күміс пен алтын кендері секілді. Олардың жәһилиет дәуіріндегі таңдаулылары, егер дінді терең түсінсе, Исламда да таңдаулы болады. Рухтар – топ-топ болып жиналған әскерлер тәрізді. Олардың бір-бірін танығандары өзара табысады, ал бір-бірін жатсынғандары өзара үйлесе алмайды» (2638/160).

بَابٌ: الْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ

17-бапМүміннің мүмінге қатынасы біртұтас ғимарат секілді

1773
Мүслим, № 1773Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мүміннің мүмінге қатынасы – бөліктері бір-бірін бекітіп тұрған ғимарат секілді», – дегенін жеткізді (2585/65).

بَابٌ: الْمُؤْمِنُونَ كَرَجُلٍ وَاحِدٍ فِي التَّرَاحُمِ وَالتَّعَاطُفِ

18-бапМүміндер бір-біріне мейірім танытуда және жанашырлық көрсетуде бір адам секілді

1774
Мүслим, № 1774Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِينَ فِي تَوَادِّهِمْ وَتَرَاحُمِهِمْ وَتَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ؛ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسَّهَرِ وَالْحُمَّى».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мүміндер бір-біріне деген сүйіспеншілігі, мейірімі мен жанашырлығы жағынан біртұтас дене секілді. Дененің бір мүшесі ауырса, бүкіл дененің ұйқысы қашып, қызуы көтеріліп, сол мүшенің дертіне ортақтасады», – дегенін жеткізді (2586/66).

بَابٌ: الْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ لَا يَظْلِمُهُ وَلَا يَخْذُلُهُ

19-бапМұсылман – мұсылманның бауыры: оған зұлымдық жасамайды әрі оны көмексіз қалдырмайды

1775
Мүслим, № 1775Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَلَا يَبِعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْعِ بَعْضٍ، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا. الْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ، لَا يَظْلِمُهُ وَلَا يَخْذُلُهُ، وَلَا يَحْقِرُهُ. التَّقْوَى هَاهُنَا» (وَيُشِيرُ إِلَى صَدْرِهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ) «بِحَسْبِ امْرِئٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أَخَاهُ الْمُسْلِمَ، كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ: دَمُهُ، وَمَالُهُ، وَعِرْضُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бір-біріңді күндемеңдер, саудада бағаны алдап көтермеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Бір-біріңнің саудасының үстінен сауда жасамаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар. Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды, жәрдемсіз қалдырмайды әрі кемсітпейді. Тақуалық – осында”, – деп, кеудесін үш рет нұсқады. Содан кейін: “Адамның мұсылман бауырын кемсітуінің өзі оның жаман болуы үшін жеткілікті. Мұсылманға басқа мұсылманның қанына, мал-мүлкіне және ар-намысына қол сұғу харам”, – деді» (2564/32).

1776
Мүслим, № 1776Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَنْظُرُ إِلَى صُوَرِكُمْ وَأَمْوَالِكُمْ، وَلَكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وَأَعْمَالِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Алла сендердің сыртқы бейнелерің мен мал-мүліктеріңе қарамайды. Алайда жүректерің мен амалдарыңа қарайды», – дегенін жеткізді (2564/34).

بَابٌ: فِي السَّتْرِ عَلَى الْعَبْدِ

20-бапПенденің айыбын жасыру туралы

1777
Мүслим, № 1777Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا يَسْتُرُ اللَّهُ عَلَى عَبْدٍ فِي الدُّنْيَا، إِلَّا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Алла бір құлының айыбын дүниеде жасырса, Қиямет күні де оның айыбын жасырады», – дегенін жеткізді (2590/71).

1777
Мүслим, № 1777-мРиуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَسْتُرُ عَبْدٌ عَبْدًا فِي الدُّنْيَا، إِلَّا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Пайғамбардың (с.а.с.): «Дүниеде бір пенде екінші пенденің айыбын жасырса, Алла Қиямет күні оның айыбын жасырады», – дегенін жеткізген (2590/72).

بَابٌ: فِي شَفَاعَةِ الْجُلَسَاءِ

21-бапМәжілісте отырғандардың араша түсуі туралы

1778
Мүслим, № 1778Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَاهُ طَالِبُ حَاجَةٍ، أَقْبَلَ عَلَى جُلَسَائِهِ فَقَالَ: «اِشْفَعُوا فَلْتُؤْجَرُوا، وَلْيَقْضِ اللَّهُ عَلَى لِسَانِ نَبِيِّهِ مَا أَحَبَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір кісі мұқтажын айтып келсе, ол қасында отырғандарға бұрылып: “Ара түсіңдер, сонда сауапқа ие боласыңдар. Алла Өз Пайғамбарының тілі арқылы қалаған шешімін білдірсін”, – дейтін» (2627/145).

بَابٌ: مَثَلُ الْجَلِيسِ الصَّالِحِ

22-бапІзгі жолдас туралы мысал

1779
Мүслим, № 1779Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا مَثَلُ الْجَلِيسِ الصَّالِحِ وَجَلِيسِ السَّوْءِ كَحَامِلِ الْمِسْكِ وَنَافِخِ الْكِيرِ؛ فَحَامِلُ الْمِسْكِ إِمَّا أَنْ يُحْذِيَكَ، وَإِمَّا أَنْ تَبْتَاعَ مِنْهُ، وَإِمَّا أَنْ تَجِدَ مِنْهُ رِيحًا طَيِّبَةً. وَنَافِخُ الْكِيرِ إِمَّا أَنْ يُحْرِقَ ثِيَابَكَ، وَإِمَّا أَنْ تَجِدَ رِيحًا خَبِيثَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Ізгі жолдас пен жаман жолдастың мысалы – миск сатушы мен көрік үрлеушінің мысалындай. Миск сатушы не саған мисктен сый береді, не сен одан миск сатып аласың, не оның хош иісін сезесің. Ал көрік үрлеуші не киіміңді күйдіреді, не одан жағымсыз иіс сезесің», – дегенін жеткізді (2628/146).

بَابٌ: فِي الْوَصِيَّةِ بِالْجَارِ

23-бапКөршіге жақсылық жасауды өсиет ету туралы

1780
Мүслим, № 1780Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَا زَالَ جِبْرِيلُ يُوصِينِي بِالْجَارِ، حَتَّى ظَنَنْتُ أَنَّهُ لَيُوَرِّثَنَّهُ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жәбірейіл маған көрші жайында өсиет айта бергені сонша, ақыры оны мұрагер етеді деп ойладым”, – дегенін естідім», – деді (2624/140).

بَابٌ: فِي تَعَاهُدِ الْجِيرَانِ بِالْبِرِّ

24-бапКөршілерге үнемі жақсылық жасап, қамқорлық көрсету туралы

1781
Мүслим, № 1781Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ خَلِيلِي ﷺ أَوْصَانِي: “إِذَا طَبَخْتَ مَرَقًا فَأَكْثِرْ مَاءَهُ، ثُمَّ اُنْظُرْ أَهْلَ بَيْتٍ مِنْ جِيرَانِكَ، فَأَصِبْهُمْ مِنْهَا بِمَعْرُوفٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Сүйікті досым (с.а.с.) маған: “Сорпа пісіргенде суын молырақ құй. Содан кейін көршілеріңнің арасындағы бір отбасына сол сорпадан лайықты үлесін бер”, – деп өсиет етті» (2625/143).

1782
Мүслим, № 1782Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِيَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تَحْقِرَنَّ مِنَ الْمَعْرُوفِ شَيْئًا، وَلَوْ أَنْ تَلْقَى أَخَاكَ بِوَجْهٍ طَلْقٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Ешбір ізгі істі елеусіз санама, тіпті бауырыңды жарқын жүзбен қарсы алудың өзін де”, – деді» (2626/144).

بَابٌ: فِي الرِّفْقِ

25-бапЖұмсақтық туралы

1783
Мүслим, № 1783Риуаят етуші: Жәрир (р.а.)

عَنْ جَرِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ يُحْرَمِ الرِّفْقَ، يُحْرَمِ الْخَيْرَ».

Қазақша аудармасы

Жәрир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім жұмсақтықтан мақұрым қалса, жақсылықтан да мақұрым қалады”, – дегенін естідім», – деді (2592/74).

1784
Мүслим, № 1784Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الرِّفْقَ لَا يَكُونُ فِي شَيْءٍ إِلَّا زَانَهُ، وَلَا يُنْزَعُ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا شَانَهُ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Жұмсақтық қай нәрседе болса да, оны көркем етеді. Ал қай нәрседен алынып тасталса да, оны көріксіз етеді», – дегенін жеткізген (2594/78).

بَابٌ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الرِّفْقَ

26-бапРасында, Алла жұмсақтықты жақсы көреді

1785
Мүслим, № 1785Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، إِنَّ اللَّهَ رَفِيقٌ يُحِبُّ الرِّفْقَ، وَيُعْطِي عَلَى الرِّفْقِ مَا لَا يُعْطِي عَلَى الْعُنْفِ، وَمَا لَا يُعْطِي عَلَى مَا سِوَاهُ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша Алла Елшісінің (с.а.с.): «Уа, Айша! Расында, Алла – Жұмсақ әрі жұмсақтықты жақсы көреді. Ол жұмсақтық үшін қаталдыққа да, өзге еш нәрсеге де бермейтін сыйын береді», – дегенін жеткізген (2593/77).

بَابٌ: فِي عَذَابِ الْمُتَكَبِّرِ

27-бапТәкаппар адамның азабы туралы

1786
Мүслим, № 1786

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْعِزُّ إِزَارُهُ، وَالْكِبْرِيَاءُ رِدَاؤُهُ، فَمَنْ يُنَازِعْنِي عَذَّبْتُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Айбын – Оның белге орайтын жамылғысы, ал асқақ ұлылық – Оның иыққа жабатын жамылғысы. Кім осы екеуі үшін Менімен таласса, оны азаптаймын» (2620/136).

1787
Мүслим, № 1787Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ» (قَالَ أَبُو مُعَاوِيَةَ: «وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ») «وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ: شَيْخٌ زَانٍ، وَمَلِكٌ كَذَّابٌ، وَعَائِلٌ مُسْتَكْبِرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алла Қиямет күні үш адаммен сөйлеспейді, оларды тазартпайды әрі оларға жан қинайтын азап бар: зинақор қарт, өтірікші патша және тәкаппар кедей», – дегенін жеткізген. Әбу Мұғауия өз риуаятында: «Сондай-ақ оларға қарамайды», – деген сөздерді де келтірген (107/172).

بَابٌ: فِي الْمُتَأَلِّي عَلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ

28-бапҰлы әрі Құдіретті Аллаға қатысты кесімді сөз айтып ант ішу туралы

1788
Мүслим, № 1788Риуаят етуші: Жундуб (р.а.)

عَنْ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَدَّثَ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «وَاللَّهِ، لَا يَغْفِرُ اللَّهُ لِفُلَانٍ». وَإِنَّ اللَّهَ قَالَ: «مَنْ ذَا الَّذِي يَتَأَلَّى عَلَيَّ أَنْ لَا أَغْفِرَ لِفُلَانٍ؟ فَإِنِّي قَدْ غَفَرْتُ لِفُلَانٍ، وَأَحْبَطْتُ عَمَلَكَ». أَوْ كَمَا قَالَ.

Қазақша аудармасы

Жундуб (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына оқиғаны баяндағанын жеткізді: «Бір адам: “Алланың атымен ант етемін, Алла пәленшені кешірмейді!” – деді. Сонда Алла: “Менің пәленшені кешірмейтінімді айтып, ант еткен кім? Расында, Мен пәленшені кешірдім, ал сенің амалыңды жойдым”, – деді». Немесе Алла Елшісі (с.а.с.) осыған ұқсас сөз айтқан (2621/137).

بَابٌ: فِي الْمُدَارَاةِ، وَمَنْ يُتَّقَى فُحْشُهُ

29-бапАдамдармен тіл табысу және дөрекілігінен жұрт сақтанатын адам туралы

1789
Мүслим, № 1789Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَجُلًا اسْتَأْذَنَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «اِئْذَنُوا لَهُ، فَلَبِئْسَ ابْنُ الْعَشِيرَةِ» (أَوْ: «بِئْسَ رَجُلُ الْعَشِيرَةِ»). فَلَمَّا دَخَلَ عَلَيْهِ أَلَانَ لَهُ الْقَوْلَ. قَالَتْ عَائِشَةُ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، قُلْتَ لَهُ الَّذِي قُلْتَ، ثُمَّ أَلَنْتَ لَهُ الْقَوْلَ؟» قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، إِنَّ شَرَّ النَّاسِ مَنْزِلَةً عِنْدَ اللَّهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مَنْ وَدَعَهُ» (أَوْ: «تَرَكَهُ») «النَّاسُ اِتِّقَاءَ فُحْشِهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбардың (с.а.с.) алдына кіруге рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оған кіруге рұқсат беріңдер. Ол – өз руының қандай жаман ұлы!” – деді немесе: “Өз руының қандай жаман адамы!” – деді. Әлгі адам кіргенде, Пайғамбар (с.а.с.) онымен жұмсақ сөйлесті. Мен: “Уа, Расулалла! Сіз ол туралы жаңа ғана осындай сөз айттыңыз да, кейін өзімен жұмсақ сөйлестіңіз бе?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Уа, Айша! Қиямет күні Алланың алдында дәрежесі ең төмен адам – жұрт дөрекілігінен сақтанып, өз жайына қалдырған немесе одан аулақ жүрген адам”, – деді» (2591/73).

بَابٌ: فِي الْعَفْوِ

30-бапКешірімді болу туралы

1790
Мүслим, № 1790Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَالٍ، وَمَا زَادَ اللَّهُ عَبْدًا بِعَفْوٍ إِلَّا عِزًّا، وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ لِلَّهِ إِلَّا رَفَعَهُ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Садақа мал-дүниені кемітпейді. Кешіргені үшін Алла құлының абыройын арттыра түседі. Кім Алла үшін кішіпейілдік танытса, Алла оның дәрежесін көтереді», – дегенін жеткізді (2588/69).

بَابٌ: فِي الَّذِي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ

31-бапАшуланған кезде өзін-өзі ұстай алатын адам туралы

1791
Мүслим, № 1791Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا تَعُدُّونَ الرَّقُوبَ فِيكُمْ؟» قَالَ: قُلْنَا: «الَّذِي لَا يُولَدُ لَهُ». قَالَ: «لَيْسَ ذَاكَ بِالرَّقُوبِ، وَلَكِنَّهُ الرَّجُلُ الَّذِي لَمْ يُقَدِّمْ مِنْ وَلَدِهِ شَيْئًا». قَالَ: «فَمَا تَعُدُّونَ الصُّرَعَةَ فِيكُمْ؟» قَالَ: قُلْنَا: «الَّذِي لَا يَصْرَعُهُ الرِّجَالُ». قَالَ: «لَيْسَ بِذَلِكَ، وَلَكِنَّهُ الَّذِي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Араларыңда перзентсіз деп кімді санайсыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Баласы тумаған адамды”, – дедік. Ол (с.а.с.): “Ол перзентсіз емес. Нағыз перзентсіз – балаларының ешқайсысын өзінен бұрын ақыретке аттандырмаған адам”, – деді. Содан кейін: “Араларыңда күшті балуан деп кімді санайсыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Ешкім жыға алмайтын адамды”, – дедік. Ол (с.а.с.): “Олай емес. Нағыз күшті – ашуланған кезде өзін ұстай білген адам”, – деді» (2608/106).

بَابٌ: التَّعَوُّذُ عِنْدَ الْغَضَبِ

32-бапАшуланған кезде Алладан пана сұрау туралы

1792
Мүслим, № 1792Риуаят етуші: Сүлеймен ибн Сурад (р.а.)

عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ صُرَدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِسْتَبَّ رَجُلَانِ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَجَعَلَ أَحَدُهُمَا يَغْضَبُ وَيَحْمَرُّ وَجْهُهُ، فَنَظَرَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «إِنِّي لَأَعْلَمُ كَلِمَةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ ذَا عَنْهُ: “أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ”». فَقَامَ إِلَى الرَّجُلِ رَجُلٌ مِمَّنْ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «أَتَدْرِي مَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ آنِفًا؟ قَالَ: “إِنِّي لَأَعْلَمُ كَلِمَةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ ذَا عَنْهُ: ‘أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ’”». فَقَالَ لَهُ الرَّجُلُ: «أَمَجْنُونًا تَرَانِي؟»

Қазақша аудармасы

Сүлеймен ибн Сурад (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында екі кісі бір-бірін балағаттады. Олардың бірі ашуланып, жүзі қызара бастады. Пайғамбар (с.а.с.) оған қарап: “Мен бір сөзді білемін. Егер ол: ‘Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын’, – десе, ашуы басылар еді”, – деді. Пайғамбардың (с.а.с.) сөзін естігендердің бірі әлгі кісіге барып: “Алла Елшісінің (с.а.с.) жаңа ғана не дегенін білесің бе? Ол: ‘Мен бір сөзді білемін. Егер ол: ‹Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын›, – десе, ашуы басылар еді’, – деді”, – деп айтты. Сонда әлгі кісі оған: “Мені жынды деп ойлайсың ба?” – деді» (2610/110).

بَابٌ: خُلِقَ الْإِنْسَانُ خَلْقًا لَا يَتَمَالَكُ

33-бапАдам өзін-өзі ұстай алмайтындай болып жаратылған

1793
Мүслим, № 1793Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَمَّا صَوَّرَ اللَّهُ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ فِي الْجَنَّةِ تَرَكَهُ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَتْرُكَهُ، فَجَعَلَ إِبْلِيسُ يُطِيفُ بِهِ، يَنْظُرُ مَا هُوَ، فَلَمَّا رَآهُ أَجْوَفَ عَرَفَ أَنَّهُ خُلِقَ خَلْقًا لَا يَتَمَالَكُ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла Адамның (а.с.) бейнесін Жәннатта қалыптастырған кезде, оны Өзі қалаған уақытқа дейін сол күйінде қалдырды. Ібіліс оны айнала жүріп, оның қандай жаратылыс екенін зерделей бастады. Оның іші қуыс екенін көргенде, Адамның өзін-өзі толық билей алмайтын болмыста жаратылғанын білді» (2611/111).

بَابٌ: فِي الْبِرِّ وَالْإِثْمِ

34-бапІзгілік пен күнә туралы

1794
Мүслим, № 1794

عَنِ النَّوَّاسِ بْنِ سِمْعَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَقَمْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِالْمَدِينَةِ سَنَةً مَا يَمْنَعُنِي مِنَ الْهِجْرَةِ إِلَّا الْمَسْأَلَةُ، كَانَ أَحَدُنَا إِذَا هَاجَرَ لَمْ يَسْأَلْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ شَيْءٍ، قَالَ: فَسَأَلْتُهُ عَنِ الْبِرِّ وَالْإِثْمِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الْبِرُّ حُسْنُ الْخُلُقِ، وَالْإِثْمُ مَا حَاكَ فِي نَفْسِكَ، وَكَرِهْتَ أَنْ يَطَّلِعَ عَلَيْهِ النَّاسُ”».

Қазақша аудармасы

Нәууас ибн Симған (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинада бір жыл тұрдым. Һижрет етпей жүруімнің жалғыз себебі одан сұрақ қою мүмкіндігін сақтап қалу еді. Өйткені арамыздан біреу һижрет еткен соң, Алла Елшісінен (с.а.с.) еш нәрсе сұрамайтын. Мен одан ізгілік пен күнә туралы сұрадым. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ізгілік – көркем мінез. Ал күнә – жаныңды мазалап, адамдардың білгенін қаламайтын нәрсе”, – деді» (2553/15).

بَابٌ: فِيمَنْ رَفَعَ الْأَذَى عَنِ الطَّرِيقِ

35-бапЖолдан зиян келтіретін нәрсені алып тастаған адам туралы

1795
Мүслим, № 1795Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَرَّ رَجُلٌ بِغُصْنِ شَجَرَةٍ عَلَى ظَهْرِ طَرِيقٍ، فَقَالَ: “وَاللَّهِ، لَأُنَحِّيَنَّ هَذَا عَنِ الْمُسْلِمِينَ لَا يُؤْذِيهِمْ”، فَأُدْخِلَ الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бір кісі жол үстінде жатқан ағаш бұтағының жанынан өтіп бара жатып: “Алланың атымен ант етемін! Мұсылмандарға зиян келтірмеуі үшін мұны жолдан міндетті түрде алып тастаймын”, – деді. Сол ісі үшін ол Жәннатқа кіргізілді» (1914/128).

1796
Мүслим, № 1796Риуаят етуші: Әбу Барза (р.а.)

عَنْ أَبِي بَرْزَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قُلْتُ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، عَلِّمْنِي شَيْئًا أَنْتَفِعُ بِهِ». قَالَ: «اِعْزِلِ الْأَذَى عَنْ طَرِيقِ الْمُسْلِمِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәрза (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Алланың Пайғамбары! Маған пайдасы тиетін бір нәрсе үйретіңіз”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Мұсылмандардың жолындағы зиянды нәрсені шетке алып таста”, – деді» (2618/131).

بَابٌ: مَا يُصِيبُ الْمُؤْمِنَ مِنَ الشَّوْكَةِ وَالْمُصِيبَةِ

36-бапМүмінге тікен қадалуы және оның басына түскен қайғы-қасірет туралы

1797
Мүслим, № 1797

عَنِ الْأَسْوَدِ، قَالَ: دَخَلَ شَبَابٌ مِنْ قُرَيْشٍ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا وَهِيَ بِمِنًى، وَهُمْ يَضْحَكُونَ، فَقَالَتْ: «مَا يُضْحِكُكُمْ؟» قَالُوا: «فُلَانٌ خَرَّ عَلَى طُنُبِ فُسْطَاطٍ، فَكَادَتْ عُنُقُهُ» (أَوْ: «عَيْنُهُ») «أَنْ تَذْهَبَ». فَقَالَتْ: «لَا تَضْحَكُوا، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُشَاكُ شَوْكَةً فَمَا فَوْقَهَا إِلَّا كُتِبَتْ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ، وَمُحِيَتْ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةٌ”».

Қазақша аудармасы

Әл-Әсуәд былай деген: «Құрайыштан шыққан бірнеше жас жігіт Минада болған Айшаның (р.а.) алдына кірді. Олар күліп келе жатты. Айша: “Сендерді не күлдірді?” – деп сұрады. Олар: “Пәленше шатырдың керме жібіне сүрініп құлап, мойны сынып немесе көзі шығып кете жаздады”, – деді. Сонда Айша: “Күлмеңдер! Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қандай да бір мұсылманға тікен қадалса немесе одан да ауыр нәрсе тисе, соның себебімен дәрежесі бір саты көтеріліп, бір күнәсі өшіріледі’, – дегенін естідім”, – деді» (2572/46).

بَابٌ: مَا يُصِيبُ الْمُؤْمِنَ مِنَ الْوَصَبِ وَالْحُزْنِ

37-бапМүміннің басына түсетін ауру мен қайғы туралы

1798
Мүслим, № 1798

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُمَا سَمِعَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا يُصِيبُ الْمُؤْمِنَ مِنْ وَصَبٍ، وَلَا نَصَبٍ، وَلَا سَقَمٍ، وَلَا حَزَنٍ حَتَّى الْهَمِّ يُهَمُّهُ، إِلَّا كُفِّرَ بِهِ مِنْ سَيِّئَاتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Мүміннің басына ауырсыну, шаршау, сырқат не қайғы, тіпті жанын мазалаған уайым келсе де, соның себебімен оның күнәларының бір бөлігі кешіріледі» (2573/52).

1799
Мүслим, № 1799Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ﴾ بَلَغَتْ مِنَ الْمُسْلِمِينَ مَبْلَغًا شَدِيدًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَارِبُوا، وَسَدِّدُوا، فَفِي كُلِّ مَا يُصَابُ بِهِ الْمُسْلِمُ كَفَّارَةٌ، حَتَّى النَّكْبَةِ يُنْكَبُهَا، أَوِ الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «“Кімде-кім жамандық жасаса, жазасын тартады” («Ниса», 123) деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға өте ауыр тиді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Шама келгенше туралыққа ұмтылып, дұрыс жолды ұстаныңдар. Өйткені мұсылманның басына келген әрбір ауыртпалық оның күнәларының кешірілуіне себеп болады, тіпті сүрініп жығылуы немесе тікен қадалуы да”, – деді» (2574/52).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّحَاسُدِ وَالتَّبَاغُضِ وَالتَّدَابُرِ

38-бапБір-бірін көре алмауға, бір-біріне өшпенді болуға және бір-бірінен теріс айналуға тыйым салу туралы

1800
Мүслим, № 1800Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا، وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді күндемеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар! Мұсылманның мұсылман бауырымен үш күннен артық араздасып жүруіне болмайды», – дегенін жеткізген (2559/23).

بَابٌ: خَيْرُهُمَا الَّذِي يَبْدَأُ السَّلَامَ

39-бапЕкеуінің абзалы – алдымен сәлем бергені

1801
Мүслим, № 1801Риуаят етуші: Әбу Әйюб (р.а.)

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ؛ يَلْتَقِيَانِ فَيُعْرِضُ هَذَا وَيُعْرِضُ هَذَا، وَخَيْرُهُمَا الَّذِي يَبْدَأُ بِالسَّلَامِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мұсылманның бауырымен үш түннен артық араздасып жүруіне болмайды. Екеуі кездескенде, бір-бірінен теріс айналып кетеді. Екеуінің абзалы – алдымен сәлем бергені», – дегенін жеткізген (2560/25).

بَابٌ: فِي الشَّحْنَاءِ وَالتَّهَاجُرِ

40-бапКек сақтау және бір-бірімен араласпай кету туралы

1802
Мүслим, № 1802Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تُفْتَحُ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ يَوْمَ الِاثْنَيْنِ وَيَوْمَ الْخَمِيسِ، فَيُغْفَرُ لِكُلِّ عَبْدٍ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا رَجُلًا كَانَتْ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أَخِيهِ شَحْنَاءُ، فَيُقَالُ: “أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا، أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا، أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Дүйсенбі және бейсенбі күндері Жәннаттың қақпалары ашылады. Аллаға еш нәрсені серік қоспайтын әрбір құл кешіріледі. Алайда өзі мен бауырының арасында араздық бар адам кешірілмейді. Сонда: “Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар! Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар! Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар!” – делінеді», – дегенін жеткізді (2565/35).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّجَسُّسِ وَالتَّنَافُسِ وَالظَّنِّ

41-бапӨзгенің жасырын істерін аңдуға, бақталастыққа және жаман күдікке тыйым салу туралы

1803
Мүслим, № 1803Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ، وَلَا تَحَسَّسُوا، وَلَا تَجَسَّسُوا، وَلَا تَنَافَسُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Жаман күдіктен сақ болыңдар! Өйткені күдік – ең жалған сөз. Бір-біріңнің жасырын жайларыңды іздестірмеңдер, бір-біріңді аңдымаңдар, бақталаспаңдар, күндеспеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар» (2563/28).

بَابٌ: فِي تَحْرِيشِ الشَّيْطَانِ بَيْنَ الْمُصَلِّينَ

42-бапШайтанның намаз оқушылардың арасына араздық салуы туралы

1804
Мүслим, № 1804Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ قَدْ أَيِسَ أَنْ يَعْبُدَهُ الْمُصَلُّونَ فِي جَزِيرَةِ الْعَرَبِ، وَلَكِنْ فِي التَّحْرِيشِ بَيْنَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, шайтан Араб түбегіндегі намаз оқушылардың өзіне құлшылық етуінен үмітін үзді. Алайда олардың арасына араздық салудан үмітін үзген жоқ”, – дегенін естідім», – деді (2812/65).

بَابٌ: مَعَ كُلِّ إِنْسَانٍ شَيْطَانٌ

43-бапӘр адамның жанында шайтан бар

1805
Мүслим, № 1805Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ مِنْ عِنْدِهَا لَيْلًا. قَالَتْ: فَغِرْتُ عَلَيْهِ، فَجَاءَ فَرَأَى مَا أَصْنَعُ، فَقَالَ: «مَا لَكِ يَا عَائِشَةُ، أَغِرْتِ؟» فَقُلْتُ: «وَمَا لِي لَا يَغَارُ مِثْلِي عَلَى مِثْلِكَ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَقَدْ جَاءَكِ شَيْطَانُكِ؟» قَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَوْ مَعِيَ شَيْطَانٌ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قُلْتُ: «وَمَعَ كُلِّ إِنْسَانٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قُلْتُ: «وَمَعَكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكِنْ رَبِّي أَعَانَنِي عَلَيْهِ حَتَّى أَسْلَمَ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша былай деді: «Бір түні Алла Елшісі (с.а.с.) менің жанымнан шығып кетті. Мен оны қызғандым. Кейін ол қайтып келіп, менің күйімді көрген соң: “Уа, Айша! Саған не болды? Қызғанып қалдың ба?” – деп сұрады. Мен: “Мен сияқты әйел сіздей адамды қалай қызғанбасын?” – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Саған шайтаның келді ме?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Менімен бірге де шайтан бар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Әрбір адаммен бірге ме?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Сізбен бірге де бар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Бірақ Раббым оған қарсы маған жәрдем берді де, ол Исламды қабылдады”, – деді» (2815/70).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الْغِيبَةِ

44-бапҒайбат айтуға тыйым салу туралы

1806
Мүслим, № 1806Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْغِيبَةُ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «ذِكْرُكَ أَخَاكَ بِمَا يَكْرَهُ». قِيلَ: «أَفَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ فِي أَخِي مَا أَقُولُ؟» قَالَ: «إِنْ كَانَ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدِ اِغْتَبْتَهُ، وَإِنْ لَمْ يَكُنْ فِيهِ فَقَدْ بَهَتَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Сахабалар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бауырың туралы оның өзіне ұнамайтын нәрсені айтуың”, – деді. Сонда: “Ал егер бауырымда мен айтқан нәрсе шынында бар болса ше?” – деп сұралды. Пайғамбар (с.а.с.): “Егер оның бойында сен айтқан нәрсе бар болса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер ондай нәрсе болмаса, оған жала жапқан боласың”, – деді» (2589/70).

بَابٌ: فِي النَّمِيمَةِ

45-бапСөз тасу туралы

1807
Мүслим, № 1807Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ مُحَمَّدًا ﷺ قَالَ: “أَلَا أُنَبِّئُكُمْ مَا الْعَضْهُ؟ هِيَ النَّمِيمَةُ الْقَالَةُ بَيْنَ النَّاسِ”. وَإِنَّ مُحَمَّدًا ﷺ قَالَ: “إِنَّ الرَّجُلَ يَصْدُقُ حَتَّى يُكْتَبَ صِدِّيقًا، وَيَكْذِبُ حَتَّى يُكْتَبَ كَذَّابًا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Расында, Мұхаммед (с.а.с.): “Сендерге жалақорлықтың не екенін айтайын ба? Ол – адамдар арасында бірінің сөзін біріне тасу”, – деді. Сондай-ақ Мұхаммед (с.а.с.): “Адам шындықты айта береді де, ақырында аса шыншыл деп жазылады. Ал өтірік айта береді де, ақырында өтірікші деп жазылады”, – деді» (2606/102).

بَابٌ: لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَتَّاتٌ

46-бапСөз тасушы Жәннатқа кірмейді

1808
Мүслим, № 1808

عَنْ هَمَّامِ بْنِ الْحَارِثِ قَالَ: «كُنَّا جُلُوسًا مَعَ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي الْمَسْجِدِ، فَجَاءَ رَجُلٌ حَتَّى جَلَسَ إِلَيْنَا، فَقِيلَ لِحُذَيْفَةَ: “إِنَّ هَذَا يَرْفَعُ إِلَى السُّلْطَانِ أَشْيَاءَ”. فَقَالَ حُذَيْفَةُ إِرَادَةَ أَنْ يُسْمِعَهُ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَتَّاتٌ’”».

Қазақша аудармасы

Һәммам ибн әл-Харис былай деді: «Біз Хузәйфамен (р.а.) бірге мешітте отырған едік. Бір адам келіп, жанымызға отырды. Сонда Хузәйфаға: “Бұл адам билеушіге түрлі сөздерді жеткізіп жүреді”, – делінді. Хузәйфа әлгі адамға естірту үшін: “Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Жәннатқа сөз тасушы кірмейді’, – дегенін естідім”, – деді» (105/170).

بَابٌ: فِي ذِي الْوَجْهَيْنِ

47-бапЕкіжүзді адам туралы

فِيهِ حَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي آخِرِ الْفَضَائِلِ رَقْمَ ١٧٤٤.

Бұл баптағы Әбу Һурайраның хадисі «Сахабалардың артықшылықтары кітабының» соңғы жағында берілген (№ 1744).

بَابٌ: فِي الصِّدْقِ وَالْكَذِبِ

48-бапШындық пен өтірік туралы

1809
Мүслим, № 1809Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَلَيْكُمْ بِالصِّدْقِ، فَإِنَّ الصِّدْقَ يَهْدِي إِلَى الْبِرِّ، وَإِنَّ الْبِرَّ يَهْدِي إِلَى الْجَنَّةِ، وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَصْدُقُ وَيَتَحَرَّى الصِّدْقَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ صِدِّيقًا، وَإِيَّاكُمْ وَالْكَذِبَ، فَإِنَّ الْكَذِبَ يَهْدِي إِلَى الْفُجُورِ، وَإِنَّ الْفُجُورَ يَهْدِي إِلَى النَّارِ، وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَكْذِبُ وَيَتَحَرَّى الْكَذِبَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ كَذَّابًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Шыншылдықты берік ұстаныңдар! Өйткені шыншылдық ізгілікке жетелейді, ал ізгілік Жәннатқа жетелейді. Адам үнемі шындықты айтып, шыншылдықты ұстануға ұмтыла береді де, ақырында Алланың алдында аса шыншыл деп жазылады. Өтіріктен сақ болыңдар! Өйткені өтірік күнәһарлыққа жетелейді, ал күнәһарлық Тозаққа жетелейді. Адам үнемі өтірік айтып, өтірік айтуға әдейі ұмтыла береді де, ақырында Алланың алдында өтірікші деп жазылады», – деген (2607/105).

بَابٌ: مَا يَجُوزُ فِيهِ الْكَذِبُ

49-бапӨтірік айтуға рұқсат етілетін жағдайлар туралы

1810
Мүслим, № 1810

عَنْ أُمِّ كُلْثُومٍ بِنْتِ عُقْبَةَ بْنِ أَبِي مُعَيْطٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، وَكَانَتْ مِنَ الْمُهَاجِرَاتِ الْأُوَلِ اللَّاتِي بَايَعْنَ النَّبِيَّ ﷺ، أَنَّهَا سَمِعَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَقُولُ: «لَيْسَ الْكَذَّابُ الَّذِي يُصْلِحُ بَيْنَ النَّاسِ، وَيَقُولُ خَيْرًا وَيَنْمِي خَيْرًا». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: «وَلَمْ أَسْمَعْ يُرَخَّصُ فِي شَيْءٍ مِمَّا يَقُولُ النَّاسُ كَذِبٌ إِلَّا فِي ثَلَاثٍ: الْحَرْبُ، وَالْإِصْلَاحُ بَيْنَ النَّاسِ، وَحَدِيثُ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ وَحَدِيثُ الْمَرْأَةِ زَوْجَهَا». وَفِي رِوَايَةٍ قَالَتْ: «وَلَمْ أَسْمَعْهُ يُرَخِّصُ فِي شَيْءٍ مِمَّا يَقُولُ النَّاسُ إِلَّا فِي ثَلَاثٍ».

Қазақша аудармасы

Үммі Күлсім бинт Ұқба ибн Әбу Мұғайыт (р.а.) Пайғамбарға (с.а.с.) серт берген алғашқы мұһажир әйелдердің бірі еді. Ол Алла Елшісінің (с.а.с.): «Адамдардың арасын жарастыратын, жақсы сөз айтатын әрі жақсы сөзді жеткізетін адам өтірікші емес», – дегенін естіген. Ибн Шиһаб: «Адамдар өтірік деп атайтын сөздердің ішінде үш жағдайдан басқасына рұқсат берілгенін естіген жоқпын: соғыста, адамдардың арасын жарастыруда, ер адамның әйеліне айтқан сөзінде және әйелдің күйеуіне айтқан сөзінде», – деді. Басқа бір риуаятта Үммі Күлсім: «Адамдар айтатын сөздердің ішінде үш жағдайдан басқа ешбіріне оның рұқсат бергенін естіген жоқпын», – деген (2605/101).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ دَعْوَى الْجَاهِلِيَّةِ

50-бапЖәһилиет ұрандарын шақыруға тыйым салу туралы

1811
Мүслим, № 1811Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي غَزَاةٍ، فَكَسَعَ رَجُلٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقَالَ الْأَنْصَارِيُّ: “يَا لَلْأَنْصَارِ!” وَقَالَ الْمُهَاجِرِيُّ: “يَا لَلْمُهَاجِرِينَ!” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا بَالُ دَعْوَى الْجَاهِلِيَّةِ؟” قَالُوا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَسَعَ رَجُلٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ”. فَقَالَ: “دَعُوهَا، فَإِنَّهَا مُنْتِنَةٌ”. فَسَمِعَهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ، فَقَالَ: “قَدْ فَعَلُوهَا! وَاللَّهِ، لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ”. قَالَ عُمَرُ: “دَعْنِي أَضْرِبْ عُنُقَ هَذَا الْمُنَافِقِ”. فَقَالَ: “دَعْهُ، لَا يَتَحَدَّثُ النَّاسُ أَنَّ مُحَمَّدًا يَقْتُلُ أَصْحَابَهُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бір жорықта едік. Бір мұһажир бір ансардың бөксесінен тепті. Сонда ансарлық: “Ансарлар, көмекке келіңдер!” – деп, ал мұһажир: “Мұһажирлер, көмекке келіңдер!” – деп дауыстады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәһилиет дәуірінің ұранын шақырғандарың қалай?” – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Бір мұһажир бір ансардың бөксесінен тепті”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Оны қойыңдар! Өйткені ол – сасық ұран”, – деді. Мұны Абдулла ибн Үбәй естіп: “Олар мұны да істеді! Алланың атымен ант етемін! ‘Күмәндарың болмасын, осыдан Мәдинаға оралатын болсақ, ұлықтар ол жерден бейшараларды міндетті түрде қуып шығады’ («Мунафиқун», 8)”, – деді. Омар: “Рұқсат бер, мына мұнафықтың басын шабайын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны қоя бер. Жұрт: ‘Мұхаммед өз серіктерін өлтіреді’, – деп айтпасын”, – деді» (2584/63).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ السِّبَابِ

51-бапБалағаттауға тыйым салу туралы

1812
Мүслим, № 1812Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْمُسْتَبَّانِ مَا قَالَا فَعَلَى الْبَادِئِ، مَا لَمْ يَعْتَدِ الْمَظْلُومُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Бір-бірін балағаттаған екі адамның айтқан сөздерінің күнәсі, жәбірленуші шектен шықпаса, бірінші бастаған адамның мойнында болады», – дегенін жеткізді (2587/68).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ سَبِّ الدَّهْرِ

52-бапЗаманды балағаттауға тыйым салу туралы

1813
Мүслим, № 1813Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “يُؤْذِينِي ابْنُ آدَمَ، يَقُولُ: ‘يَا خَيْبَةَ الدَّهْرِ!’ فَلَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ: ‘يَا خَيْبَةَ الدَّهْرِ!’ فَإِنِّي أَنَا الدَّهْرُ، أُقَلِّبُ لَيْلَهُ وَنَهَارَهُ، فَإِذَا شِئْتُ قَبَضْتُهُمَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Адам баласы: ‘Қап, сұм заман-ай!’ – деп Мені ренжітеді. Ешқайсың: ‘Қап, сұм заман-ай!’ – демесін. Өйткені Мен – заманмын. Оның түні мен күндізін алмастырып тұрамын әрі қаласам, екеуін де алып қоямын”, – деді» (2246/3).

1814
Мүслим, № 1814Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَسُبُّوا الدَّهْرَ، فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ الدَّهْرُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Заманды балағаттамаңдар! Өйткені Алла – заман», – дегенін жеткізген (2246/5).

بَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يُشِيرَ الرَّجُلُ إِلَى أَخِيهِ بِالسِّلَاحِ

53-бапАдамның бауырына қару кезеуіне тыйым салу туралы

1815
Мүслим, № 1815Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يُشِيرُ أَحَدُكُمْ إِلَى أَخِيهِ بِالسِّلَاحِ، فَإِنَّهُ لَا يَدْرِي أَحَدُكُمْ لَعَلَّ الشَّيْطَانَ يَنْزِعُ فِي يَدِهِ فَيَقَعُ فِي حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Ешқайсың бауырыңа қару кеземесін! Өйткені шайтан оның қолын тайдырып жіберерін ешқайсың білмейсіңдер. Соның салдарынан ол Тозақтың бір шұңқырына құлап түсуі мүмкін» (2617/126).

بَابٌ: فِي إِمْسَاكِ السِّهَامِ بِنِصَالِهَا فِي الْمَسْجِدِ

54-бапМешітте жебелердің ұштарынан ұстап жүру туралы

1816
Мүслим, № 1816Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ أَمَرَ رَجُلًا كَانَ يَتَصَدَّقُ بِالنَّبْلِ فِي الْمَسْجِدِ أَنْ لَا يَمُرَّ بِهَا إِلَّا وَهُوَ آخِذٌ بِنُصُولِهَا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мешітте жебелерді садақаға таратып жүрген бір адамға оларды үшкір ұштарынан ұстап қана алып өтуді бұйырғанын жеткізген (2614/122).

1817
Мүслим, № 1817Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَرَّ أَحَدُكُمْ فِي مَجْلِسٍ أَوْ سُوقٍ، وَبِيَدِهِ نَبْلٌ، فَلْيَأْخُذْ بِنِصَالِهَا، ثُمَّ لِيَأْخُذْ بِنِصَالِهَا، ثُمَّ لِيَأْخُذْ بِنِصَالِهَا». قَالَ: فَقَالَ أَبُو مُوسَى: «وَاللَّهِ مَا مُتْنَا حَتَّى سَدَّدْنَاهَا بَعْضُنَا فِي وُجُوهِ بَعْضٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса Алла Елшісінің (с.а.с.): «Біреуің қолына жебелер ұстап, адамдар отырған жерден немесе базардан өтсе, олардың үшкір ұштарынан ұстасын! Үшкір ұштарынан ұстасын! Үшкір ұштарынан ұстасын!» – дегенін жеткізген. Әбу Мұса: «Алланың атымен ант етемін, сол жебелерді бір-біріміздің бетімізге кеземейінше дүниеден өтпедік», – деді (2615/123).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ ضَرْبِ الْوَجْهِ

55-бапБеттен ұруға тыйым салу туралы

1818
Мүслим, № 1818Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَاتَلَ أَحَدُكُمْ أَخَاهُ فَلَا يَلْطِمَنَّ الْوَجْهَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Біреуің бауырымен төбелессе, оның бетінен шапалақпен ұрмасын», – дегенін жеткізген (2612/114).

1819
Мүслим, № 1819Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَاتَلَ أَحَدُكُمْ أَخَاهُ فَلْيَجْتَنِبِ الْوَجْهَ، فَإِنَّ اللَّهَ خَلَقَ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Біреуің бауырымен төбелессе, оның бетінен ұрудан сақтансын. Расында, Алла Адамды Өз бейнесінде жаратқан», – дегенін жеткізген (2612/115).

بَابٌ: فِي لَعْنِ الْبَهَائِمِ وَالتَّغْلِيظِ فِيهِ

56-бапЖануарларды қарғау және бұған қатысты қатаң ескерту туралы

1820
Мүслим, № 1820Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ وَامْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ عَلَى نَاقَةٍ، فَضَجِرَتْ فَلَعَنَتْهَا، فَسَمِعَ ذَلِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «خُذُوا مَا عَلَيْهَا وَدَعُوهَا، فَإِنَّهَا مَلْعُونَةٌ». قَالَ عِمْرَانُ: «فَكَأَنِّي أَرَاهَا الْآنَ تَمْشِي فِي النَّاسِ، مَا يَعْرِضُ لَهَا أَحَدٌ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір сапарда келе жатқан еді. Ансарлардан бір әйел інгенге мініп келе жатып, оған ашуланды да, қарғап жіберді. Мұны естіген Алла Елшісі (с.а.с.): “Үстіндегі жүгін түсіріп алыңдар да, өзін бос жіберіңдер. Өйткені ол қарғалған”, – деді». Имран: «Оның жұрт арасында жүргені әрі ешкімнің оған тиіспегені әлі де көз алдымда тұрғандай», – деді (2595/80).

بَابٌ: الْكَرَاهِيَةُ لِلرَّجُلِ أَنْ يَكُونَ لَعَّانًا

57-бапАдамның қарғыс айтқыш болуының құпталмайтыны туралы

1821
Мүслим, № 1821Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ اللَّعَّانِينَ لَا يَكُونُونَ شُهَدَاءَ وَلَا شُفَعَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу әд-Дәрда: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Көп қарғыс айтатындар Қиямет күні куәгер де, шапағатшы да болмайды”, – дегенін естідім», – деді (2598/86).

1822
Мүслим, № 1822Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُدْعُ عَلَى الْمُشْرِكِينَ». قَالَ: «إِنِّي لَمْ أُبْعَثْ لَعَّانًا، وَإِنَّمَا بُعِثْتُ رَحْمَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.): “Уа, Расулалла! Мүшріктерге қарсы дұға етіңіз”, – делінді. Сонда ол (с.а.с.): “Мен қарғыс айтушы ретінде жіберілген жоқпын. Мен рақым ретінде ғана жіберілдім”, – деді» (2599/87).

بَابٌ: فِي الَّذِي يَقُولُ هَلَكَ النَّاسُ

58-бап«Адамдар құрыды» дейтін адам туралы

1823
Мүслим, № 1823Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَالَ الْعَبْدُ: “هَلَكَ النَّاسُ”، فَهُوَ أَهْلَكُهُمْ». قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ (وَهُوَ ابْنُ مُحَمَّدِ بْنِ سُفْيَانَ): «لَا أَدْرِي “أَهْلَكَهُمْ” بِالنَّصْبِ، أَوْ “أَهْلَكُهُمْ” بِالرَّفْعِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Бір пенде: “Адамдар құрыды”, – десе, олардың ішіндегі ең құрығаны – сол», – дегенін жеткізген. Мұхаммед ибн Суфиянның ұлы Әбу Исхақ: «Бұл сөздің أَهْلَكَهُمْ – “оларды құртқан сол” деген мағынада фатхамен айтылғанын ба, әлде أَهْلَكُهُمْ – “олардың ішіндегі ең құрығаны сол” деген мағынада даммамен айтылғанын ба – білмеймін», – деді (2623/139).

بَابٌ: هَلَكَ الْمُتَنَطِّعُونَ

59-бапШектен шығушылар құрыды

1824
Мүслим, № 1824Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَلَكَ الْمُتَنَطِّعُونَ». قَالَهَا ثَلَاثًا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Шектен шығушылар құрдымға кетті!» – деп үш рет айтқанын жеткізген (2670/7).

بَابٌ: فِي جَعْلِ دُعَاءِ النَّبِيِّ ﷺ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ زَكَاةً وَرَحْمَةً

60-бапПайғамбардың (с.а.с.) мүміндерге қарсы айтқан дұғасының олардың тазаруына әрі рақымға бөленуіне себеп болуы туралы

1825
Мүслим, № 1825Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: دَخَلَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلَانِ، فَكَلَّمَاهُ بِشَيْءٍ لَا أَدْرِي مَا هُوَ، فَأَغْضَبَاهُ، فَلَعَنَهُمَا وَسَبَّهُمَا. فَلَمَّا خَرَجَا، قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَصَابَ مِنَ الْخَيْرِ شَيْئًا مَا أَصَابَهُ هَذَانِ». قَالَ: «وَمَا ذَاكِ؟» قَالَتْ: قُلْتُ: «لَعَنْتَهُمَا وَسَبَبْتَهُمَا». قَالَ: «أَوَمَا عَلِمْتِ مَا شَارَطْتُ عَلَيْهِ رَبِّي؟ قُلْتُ: “اللَّهُمَّ، إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ، فَأَيُّ الْمُسْلِمِينَ لَعَنْتُهُ أَوْ سَبَبْتُهُ فَاجْعَلْهُ لَهُ زَكَاةً وَأَجْرًا”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына екі кісі кіріп, онымен бір мәселе жайында сөйлесті. Олардың не айтқанын білмеймін. Олар Алла Елшісін (с.а.с.) ашуландырды. Сонда ол (с.а.с.) екеуін қарғап, тілдеді. Екеуі шығып кеткен соң, мен: “Уа, Расулалла! Жұрт қандай жақсылыққа кенелсе де, мына екеуі ондай жақсылықтан құр қалды”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Неліктен олай дейсің?” – деп сұрады. Мен: “Сіз оларды қарғап, тілдедіңіз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Раббыммен қандай шарт жасасқанымды білмейсің бе? Мен: ‘Уа, Алла! Мен бар болғаны адаммын. Мұсылмандардың қайсысын қарғасам немесе тілдесем, мұны ол үшін тазару мен сауапқа айналдыра гөр’, – дегенмін”, – деді» (2600/88).

1826
Мүслим, № 1826Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَتْ عِنْدَ أُمِّ سُلَيْمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا يَتِيمَةٌ (وَهِيَ أُمُّ أَنَسٍ)، فَرَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْيَتِيمَةَ، فَقَالَ: «آنْتِ هِيَهْ؟ لَقَدْ كَبِرْتِ، لَا كَبِرَ سِنُّكِ». فَرَجَعَتِ الْيَتِيمَةُ إِلَى أُمِّ سُلَيْمٍ تَبْكِي، فَقَالَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ: «مَا لَكِ يَا بُنَيَّةُ؟» قَالَتِ الْجَارِيَةُ: «دَعَا عَلَيَّ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ أَنْ لَا يَكْبَرَ سِنِّي، فَالْآنَ لَا يَكْبَرُ سِنِّي» (أَوْ قَالَتْ: «قَرْنِي»). فَخَرَجَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ مُسْتَعْجِلَةً تَلُوثُ خِمَارَهَا، حَتَّى لَقِيَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا لَكِ يَا أُمَّ سُلَيْمٍ؟» فَقَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، أَدَعَوْتَ عَلَى يَتِيمَتِي؟» قَالَ: «وَمَا ذَاكِ يَا أُمَّ سُلَيْمٍ؟» قَالَتْ: «زَعَمَتْ أَنَّكَ دَعَوْتَ أَنْ لَا يَكْبَرَ سِنُّهَا، وَلَا يَكْبَرَ قَرْنُهَا». قَالَ: فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، أَمَا تَعْلَمِينَ شَرْطِي عَلَى رَبِّي؟ إِنِّي اِشْتَرَطْتُ عَلَى رَبِّي فَقُلْتُ: “إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ، أَرْضَى كَمَا يَرْضَى الْبَشَرُ، وَأَغْضَبُ كَمَا يَغْضَبُ الْبَشَرُ، فَأَيُّمَا أَحَدٍ دَعَوْتُ عَلَيْهِ مِنْ أُمَّتِي بِدَعْوَةٍ لَيْسَ لَهَا بِأَهْلٍ أَنْ يَجْعَلَهَا لَهُ طَهُورًا وَزَكَاةً، وَقُرْبَةً تُقَرِّبُهُ بِهَا مِنْكَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ”». وَقَالَ أَبُو مَعْنٍ: «يُتَيِّمَةٌ»، بِالتَّصْغِيرِ، فِي الْمَوَاضِعِ الثَّلَاثَةِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Әнәстің анасы Үммі Сүләймнің (р.а.) қарамағында бір жетім қыз бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі жетім қызды көріп: “Сенсің бе? Әжептәуір өсіп қалыпсың! Жасың ұлғаймасын!” – деді. Жетім қыз жылаған күйі Үммі Сүләймге келді. Үммі Сүләйм: “Не болды, қызым?” – деп сұрады. Қыз: “Алланың Пайғамбары (с.а.с.) жасым ұлғаймасын деп маған теріс дұға жасады. Енді менің жасым ұлғаймайды”, – деді немесе: “Ғұмырым ешқашан ұзармайды”, – деген. Үммі Сүләйм асығыс шығып, басына жаулығын орай сала Алла Елшісіне (с.а.с.) барды. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Не болды, уа, Үммі Сүләйм?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Алланың Пайғамбары! Менің жетім қызыма теріс дұға жасадыңыз ба?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Не болып қалды, уа, Үммі Сүләйм?” – деп сұрады. Ол: “Қыздың айтуынша, сіз оның жасы ұлғаймасын, ғұмыры ұзармасын деп дұға жасапсыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) күліп жіберді де: “Уа, Үммі Сүләйм! Менің Раббыма қойған шартымды білмейсің бе? Мен Раббыма: ‘Расында, мен де адаммын. Адамдар разы болғандай разы боламын, адамдар ашуланғандай ашуланамын. Үмбетімнен теріс дұғаға лайық емес біреуге теріс дұға жасап қойсам, оны ол үшін тазаруға, игілігінің артуына әрі Қиямет күні Өзіңе жақындауына себеп ете гөр’, – деп шарт қойған едім”, – деді». Әбу Мағн хадистің үш жерінде «жетім қыз» сөзін кішірейтіп, еркелету мәніндегі «يُتَيِّمَةٌ» түрінде қолданған (2603/95).

1827
Мүслим, № 1827Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: كُنْتُ أَلْعَبُ مَعَ الصِّبْيَانِ، فَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَتَوَارَيْتُ خَلْفَ بَابٍ. قَالَ: فَجَاءَ فَحَطَأَنِي حَطْأَةً، وَقَالَ: «اِذْهَبْ وَادْعُ لِي مُعَاوِيَةَ». قَالَ: فَجِئْتُ فَقُلْتُ: «هُوَ يَأْكُلُ». قَالَ: ثُمَّ قَالَ لِيَ: «اِذْهَبْ فَادْعُ لِي مُعَاوِيَةَ». قَالَ: فَجِئْتُ فَقُلْتُ: «هُوَ يَأْكُلُ». فَقَالَ: «لَا أَشْبَعَ اللَّهُ بَطْنَهُ». قَالَ ابْنُ الْمُثَنَّى: قُلْتُ لِأُمَيَّةَ: «مَا حَطَأَنِي؟» قَالَ: «قَفَدَنِي قَفْدَةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мен балалармен ойнап жүрген едім. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) келді. Мен есіктің артына жасырынып қалдым. Ол жаныма келіп, алақанымен бір қағып жіберді де: “Бар да, Мұғауияны маған шақырып кел”, – деді. Мен барып, қайтып келдім де: “Ол тамақ жеп отыр”, – дедім. Содан кейін ол маған тағы да: “Бар да, Мұғауияны маған шақырып кел”, – деді. Мен қайта барып келіп: “Ол тамақ жеп отыр”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла оның қарнын тойдырмасын!” – деді». Ибн әл-Мусәнна: «Мен Үмәйядан: “حَطَأَنِي деген не?” – деп сұрадым. Ол: “قَفَدَنِي قَفْدَةً – желкемнен алақанымен бір қағып жіберді деген мағынада”, – деді», – деген (2604/96).