Хадис

Сахих Мүслим, № 1761

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
7. Қыз балаларға жақсылық жасау туралыبَابٌ: فِي الْإِحْسَانِ إِلَى الْبَنَاتِ
Нөмірі
№ 1761 (Мухтасар реті)
1761
Мүслим, № 1761Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عَالَ جَارِيَتَيْنِ حَتَّى تَبْلُغَا، جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَنَا وَهُوَ» وَضَمَّ أَصَابِعَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім екі қыз баланы балиғат жасына жеткенше асырап, қамқорлық жасаса, Қиямет күні ол екеуміз осылай бірге келеміз», – дегенін жеткізген. Осы сөзді айтқанда, ол (с.а.с.) саусақтарын біріктіріп көрсетті (2631/149).