Хадис

Сахих Мүслим, № 1762

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
8. Туыстық байланысты сақтау өмірді ұзартадыبَابٌ: صِلَةُ الرَّحِمِ تَزِيدُ فِي الْعُمْرِ
Нөмірі
№ 1762 (Мухтасар реті)
1762
Мүслим, № 1762Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُبْسَطَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ، وَيُنْسَأَ فِي أَثَرِهِ فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім ризық-несібесінің молайып, ғұмырының ұзарғанын қаласа, туыстық байланысын сақтасын”, – дегенін естідім», – деді (2557/20).