عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: دَخَلَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلَانِ، فَكَلَّمَاهُ بِشَيْءٍ لَا أَدْرِي مَا هُوَ، فَأَغْضَبَاهُ، فَلَعَنَهُمَا وَسَبَّهُمَا. فَلَمَّا خَرَجَا، قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَصَابَ مِنَ الْخَيْرِ شَيْئًا مَا أَصَابَهُ هَذَانِ». قَالَ: «وَمَا ذَاكِ؟» قَالَتْ: قُلْتُ: «لَعَنْتَهُمَا وَسَبَبْتَهُمَا». قَالَ: «أَوَمَا عَلِمْتِ مَا شَارَطْتُ عَلَيْهِ رَبِّي؟ قُلْتُ: “اللَّهُمَّ، إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ، فَأَيُّ الْمُسْلِمِينَ لَعَنْتُهُ أَوْ سَبَبْتُهُ فَاجْعَلْهُ لَهُ زَكَاةً وَأَجْرًا”».
Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына екі кісі кіріп, онымен бір мәселе жайында сөйлесті. Олардың не айтқанын білмеймін. Олар Алла Елшісін (с.а.с.) ашуландырды. Сонда ол (с.а.с.) екеуін қарғап, тілдеді. Екеуі шығып кеткен соң, мен: “Уа, Расулалла! Жұрт қандай жақсылыққа кенелсе де, мына екеуі ондай жақсылықтан құр қалды”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Неліктен олай дейсің?” – деп сұрады. Мен: “Сіз оларды қарғап, тілдедіңіз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Раббыммен қандай шарт жасасқанымды білмейсің бе? Мен: ‘Уа, Алла! Мен бар болғаны адаммын. Мұсылмандардың қайсысын қарғасам немесе тілдесем, мұны ол үшін тазару мен сауапқа айналдыра гөр’, – дегенмін”, – деді» (2600/88).