Хадис

Сахих Мүслим, № 1781

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
24. Көршілерге үнемі жақсылық жасап, қамқорлық көрсету туралыبَابٌ: فِي تَعَاهُدِ الْجِيرَانِ بِالْبِرِّ
Нөмірі
№ 1781 (Мухтасар реті)
1781
Мүслим, № 1781Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ خَلِيلِي ﷺ أَوْصَانِي: “إِذَا طَبَخْتَ مَرَقًا فَأَكْثِرْ مَاءَهُ، ثُمَّ اُنْظُرْ أَهْلَ بَيْتٍ مِنْ جِيرَانِكَ، فَأَصِبْهُمْ مِنْهَا بِمَعْرُوفٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Сүйікті досым (с.а.с.) маған: “Сорпа пісіргенде суын молырақ құй. Содан кейін көршілеріңнің арасындағы бір отбасына сол сорпадан лайықты үлесін бер”, – деп өсиет етті» (2625/143).