Хадис

Сахих Мүслим, № 1802

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
40. Кек сақтау және бір-бірімен араласпай кету туралыبَابٌ: فِي الشَّحْنَاءِ وَالتَّهَاجُرِ
Нөмірі
№ 1802 (Мухтасар реті)
1802
Мүслим, № 1802Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تُفْتَحُ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ يَوْمَ الِاثْنَيْنِ وَيَوْمَ الْخَمِيسِ، فَيُغْفَرُ لِكُلِّ عَبْدٍ لَا يُشْرِكُ بِاللَّهِ شَيْئًا، إِلَّا رَجُلًا كَانَتْ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أَخِيهِ شَحْنَاءُ، فَيُقَالُ: “أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا، أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا، أَنْظِرُوا هَذَيْنِ حَتَّى يَصْطَلِحَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Дүйсенбі және бейсенбі күндері Жәннаттың қақпалары ашылады. Аллаға еш нәрсені серік қоспайтын әрбір құл кешіріледі. Алайда өзі мен бауырының арасында араздық бар адам кешірілмейді. Сонда: “Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар! Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар! Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар!” – делінеді», – дегенін жеткізді (2565/35).