Хадис
كِتَابُ الظُّلْمِ

Зұлымдық кітабы

Сахих Мүслим, 54-кітап · 10 хадис · № 1828–1837

Мазмұны: 7 бап
  1. 1Зұлымдыққа тыйым салу және кешірім сұрап, тәубе етуге бұйыру туралы
  2. 2Залымға мұрсат беру туралы
  3. 3Адам бауыры залым болса да, зұлымдыққа ұшыраған болса да, оған жәрдем берсін
  4. 4Адамдарды азаптайтындар туралы
  5. 5Өздеріне зұлымдық жасағандардың мекендеріне жылаған күйде ғана кіріңдер
  6. 6Азапқа ұшырағандардың құдықтарынан су алу туралы
  7. 7Қиямет күні әділ қарымта қайтару және әркімнің ақысын өтеу туралы
بَابٌ: فِي تَحْرِيمِ الظُّلْمِ وَالْأَمْرِ بِالِاسْتِغْفَارِ وَالتَّوْبَةِ

1-бапЗұлымдыққа тыйым салу және кешірім сұрап, тәубе етуге бұйыру туралы

1828
Мүслим, № 1828Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فِيمَا رَوَى عَنِ اللَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى أَنَّهُ قَالَ: «يَا عِبَادِي، إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي، وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّمًا، فَلَا تَظَالَمُوا. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ ضَالٌّ إِلَّا مَنْ هَدَيْتُهُ، فَاسْتَهْدُونِي أَهْدِكُمْ. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ جَائِعٌ، إِلَّا مَنْ أَطْعَمْتُهُ، فَاسْتَطْعِمُونِي أُطْعِمْكُمْ. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ عَارٍ، إِلَّا مَنْ كَسَوْتُهُ، فَاسْتَكْسُونِي أَكْسُكُمْ. يَا عِبَادِي، إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ، وَأَنَا أَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا، فَاسْتَغْفِرُونِي أَغْفِرْ لَكُمْ. يَا عِبَادِي، إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغُوا ضَرِّي فَتَضُرُّونِي وَلَنْ تَبْلُغُوا نَفْعِي، فَتَنْفَعُونِي. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ، مَا زَادَ ذَلِكَ فِي مُلْكِي شَيْئًا. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ، مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِنْ مُلْكِي شَيْئًا. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ قَامُوا فِي صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَأَلُونِي فَأَعْطَيْتُ كُلَّ إِنْسَانٍ مَسْأَلَتَهُ، مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِي إِلَّا كَمَا يَنْقُصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ. يَا عِبَادِي، إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ، ثُمَّ أُوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا، فَمَنْ وَجَدَ خَيْرًا، فَلْيَحْمَدِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ، وَمَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ، فَلَا يَلُومَنَّ إِلَّا نَفْسَهُ». قَالَ سَعِيدٌ: «كَانَ أَبُو إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيُّ، إِذَا حَدَّثَ بِهَذَا الْحَدِيثِ، جَثَا عَلَى رُكْبَتَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Аса Берекелі әрі Ұлы Алладан жеткізген мына сөзін баяндаған: «Уа, құлдарым! Расында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім әрі оны араларыңда да харам қылдым. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық жасамаңдар! Уа, құлдарым! Мен тура жолға салғандардан басқа барлығың адасқансыңдар. Ендеше, Менен тура жолға салуымды сұраңдар, сонда сендерді тура жолға саламын. Уа, құлдарым! Мен тамақтандырғандардан басқа барлығың ашсыңдар. Ендеше, Менен тамақ сұраңдар, сонда сендерді тамақтандырамын. Уа, құлдарым! Мен киіндіргендерден басқа барлығың киімсізсіңдер. Ендеше, Менен киім сұраңдар, сонда сендерді киіндіремін. Уа, құлдарым! Сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар. Ал Мен барлық күнәні кешіремін. Ендеше, Менен кешірім сұраңдар, сонда сендерді кешіремін. Уа, құлдарым! Сендер Маған зиян тигізерліктей дәрежеге де, пайда келтірерліктей дәрежеге де ешқашан жете алмайсыңдар. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең тақуа адамның жүрегіндей тақуа болса, бұл Менің иелігіме еш нәрсе қоспас еді. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең күнәһар адамның жүрегіндей күнәһар болса, бұл Менің иелігімнен еш нәрсе кемітпес еді. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей бір жазыққа жиналып, Менен сұраса және Мен әрбір адамның сұрағанын берсем, бұл Менің құзырымдағыны теңізге батырылған ине оның суын қаншалықты кемітсе, соншалық қана кемітер еді. Уа, құлдарым! Бұлар – өз амалдарың ғана. Мен оларды сендер үшін түгел есептеймін, содан кейін сол амалдарыңның қарымтасын толық беремін. Кім жақсылық тапса, Ұлы әрі Құдіретті Аллаға мадақ айтсын. Ал кім одан басқасын тапса, тек өзін ғана кінәласын». Сағид: «Әбу Идрис әл-Хаулани осы хадисті баяндаған сайын тізерлеп отыратын», – деді (2577/55).

1829
Мүслим, № 1829Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اِتَّقُوا الظُّلْمَ، فَإِنَّ الظُّلْمَ ظُلُمَاتٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَاتَّقُوا الشُّحَّ، فَإِنَّ الشُّحَّ أَهْلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، حَمَلَهُمْ عَلَى أَنْ سَفَكُوا دِمَاءَهُمْ وَاسْتَحَلُّوا مَحَارِمَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Зұлымдық жасаудан сақтаныңдар! Өйткені зұлымдық Қиямет күні қараңғылықтарға айналады. Ашкөздіктен де сақтаныңдар! Өйткені ашкөздік сендерден бұрынғыларды құрдымға жіберді. Ол оларды бір-бірінің қанын төгуге және өздеріне харам етілген нәрселерді халал санауға итермеледі», – дегенін жеткізген (2578/56).

1830
Мүслим, № 1830Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ، لَا يَظْلِمُهُ وَلَا يُسْلِمُهُ. مَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَخِيهِ كَانَ اللَّهُ فِي حَاجَتِهِ، وَمَنْ فَرَّجَ عَنْ مُسْلِمٍ كُرْبَةً فَرَّجَ اللَّهُ عَنْهُ بِهَا كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды әрі оны қорғансыз қалдырмайды. Кім бауырының қажетін өтеуге көмектессе, Алла да оның қажетін өтейді. Кім бір мұсылманның ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла сол арқылы оның Қиямет күніндегі ауыртпалықтарының бірін жеңілдетеді. Ал кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Алла Қиямет күні оның айыбын жасырады», – дегенін жеткізген (2580/58).

بَابٌ: فِي الْإِمْلَاءِ لِلظَّالِمِ

2-бапЗалымға мұрсат беру туралы

1831
Мүслим, № 1831Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُمْلِي لِلظَّالِمِ، فَإِذَا أَخَذَهُ لَمْ يُفْلِتْهُ». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла залымға мұрсат береді. Ал оны жазалағанда, құтылуына жол бермейді». Содан кейін мына аятты оқыды: «Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы тым қатты.» («Һуд», 102) (2583/61).

بَابٌ: لِيَنْصُرِ الرَّجُلُ أَخَاهُ ظَالِمًا أَوْ مَظْلُومًا

3-бапАдам бауыры залым болса да, зұлымдыққа ұшыраған болса да, оған жәрдем берсін

1832
Мүслим, № 1832Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِقْتَتَلَ غُلَامَانِ: غُلَامٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَغُلَامٌ مِنَ الْأَنْصَارِ. فَنَادَى الْمُهَاجِرُ (أَوِ الْمُهَاجِرُونَ): «يَا لَلْمُهَاجِرِينَ!» وَنَادَى الْأَنْصَارِيُّ: «يَا لَلْأَنْصَارِ!» فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «مَا هَذَا دَعْوَى أَهْلِ الْجَاهِلِيَّةِ؟!» قَالُوا: «لَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِلَّا أَنَّ غُلَامَيْنِ اِقْتَتَلَا، فَكَسَعَ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ». قَالَ: «فَلَا بَأْسَ، وَلْيَنْصُرِ الرَّجُلُ أَخَاهُ ظَالِمًا أَوْ مَظْلُومًا؛ إِنْ كَانَ ظَالِمًا فَلْيَنْهَهُ، فَإِنَّهُ لَهُ نَصْرٌ، وَإِنْ كَانَ مَظْلُومًا فَلْيَنْصُرْهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Бірі мұһажирлерден, екіншісі ансарлардан болған екі жігіт төбелесіп қалды. Сонда мұһажир жігіт немесе мұһажирлер: “Мұһажирлер, көмекке келіңдер!” – деп дауыстады. Ал ансарлық жігіт: “Ансарлар, көмекке келіңдер!” – деп дауыстады. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың алдына шығып: “Бұл не, жәһилиет дәуірі адамдарының ұраны ма?” – деді. Олар: “Жоқ, уа, Расулалла! Екі жігіт төбелесіп қалып, бірі екіншісін бөксесінен тепті”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Онда тұрған ештеңе жоқ. Адам бауыры залым болса да, жәбірленуші болса да, оған жәрдем берсін. Егер бауыры залым болса, оны зұлымдығынан тоқтатсын. Өйткені оны тоқтату – оған көрсетілген жәрдем. Ал егер жәбірленуші болса, оған жәрдем берсін”, – деді» (2584/62).

بَابٌ: فِي الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ النَّاسَ

4-бапАдамдарды азаптайтындар туралы

1833
Мүслим, № 1833

عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ، عَنْ هِشَامِ بْنِ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ قَالَ: مَرَّ بِالشَّامِ عَلَى أُنَاسٍ وَقَدْ أُقِيمُوا فِي الشَّمْسِ، وَصُبَّ عَلَى رُءُوسِهِمِ الزَّيْتُ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟» قِيلَ: «يُعَذَّبُونَ فِي الْخَرَاجِ». فَقَالَ: «أَمَا إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ اللَّهَ يُعَذِّبُ الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ النَّاسَ فِي الدُّنْيَا”».

Қазақша аудармасы

Уруа ибн әз-Зубәйрдің жеткізуінше, Һишам ибн Хаким ибн Хизам Шам жерінде күн астына тұрғызылып, бастарына май құйылған бір топ адамның жанынан өтті. «Бұл не?» – деп сұрады. Оған: «Олар хараж салығына байланысты азапталып жатыр», – деп жауап берілді. Сонда ол: «Біліп қойыңдар! Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Расында, Алла осы дүниеде адамдарды азаптағандарды азаптайды”, – дегенін естідім», – деді (2613/117).

بَابٌ: لَا تَدْخُلُوا مَسَاكِنَ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ إِلَّا أَنْ تَكُونُوا بَاكِينَ

5-бапӨздеріне зұлымдық жасағандардың мекендеріне жылаған күйде ғана кіріңдер

1834
Мүслим, № 1834

عَنِ ابْنِ شِهَابٍ، وَهُوَ يَذْكُرُ الْحِجْرَ، مَسَاكِنَ ثَمُودَ، قَالَ سَالِمُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ: إِنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَرَرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْحِجْرِ، فَقَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تَدْخُلُوا مَسَاكِنَ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ، إِلَّا أَنْ تَكُونُوا بَاكِينَ؛ حَذَرًا أَنْ يُصِيبَكُمْ مِثْلُ مَا أَصَابَهُمْ”. ثُمَّ زَجَرَ فَأَسْرَعَ حَتَّى خَلَّفَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһаб Сәмуд қауымының мекені Хижрді сөз ете отырып, Сәлим ибн Абдулланың былай дегенін жеткізген: «Абдулла ибн Омар (р.а.): “Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хижрдің жанынан өттік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: ‘Өздеріне зұлымдық жасағандардың мекендеріне жылаған күйде ғана кіріңдер. Олардың басына түскен азап сендердің де бастарыңа түсіп жүрмесін’, – деді. Содан кейін мінген көлігін айдап, Хижрді артта қалдырғанша жүрісін жылдамдатты”, – деген» (2980/39).

بَابٌ: فِي الِاسْتِقَاءِ مِنْ آبَارِ الْمُعَذَّبِينَ

6-бапАзапқа ұшырағандардың құдықтарынан су алу туралы

1835
Мүслим, № 1835Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّاسَ نَزَلُوا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْحِجْرِ (أَرْضِ ثَمُودَ) فَاسْتَقَوْا مِنْ آبَارِهَا، وَعَجَنُوا بِهِ الْعَجِينَ، فَأَمَرَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُهَرِيقُوا مَا اِسْتَقَوْا، وَيَعْلِفُوا الْإِبِلَ الْعَجِينَ، وَأَمَرَهُمْ أَنْ يَسْتَقُوا مِنَ الْبِئْرِ الَّتِي كَانَتْ تَرِدُهَا النَّاقَةُ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деп баяндады: «Адамдар Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хижрге – Сәмуд елінің жеріне келіп аялдады. Олар сол жердің құдықтарынан су алып, сол сумен қамыр иледі. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оларға алған суларын төгіп тастауды, қамырды түйелерге беруді және інген келіп су ішетін құдықтан ғана су алуды бұйырды» (2981/40).

بَابٌ: الْقِصَاصُ وَأَدَاءُ الْحُقُوقِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

7-бапҚиямет күні әділ қарымта қайтару және әркімнің ақысын өтеу туралы

1836
Мүслим, № 1836Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْمُفْلِسُ؟» قَالُوا: «الْمُفْلِسُ فِينَا مَنْ لَا دِرْهَمَ لَهُ وَلَا مَتَاعَ». فَقَالَ: «إِنَّ الْمُفْلِسَ مِنْ أُمَّتِي يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِصَلَاةٍ، وَصِيَامٍ، وَزَكَاةٍ، وَيَأْتِي قَدْ شَتَمَ هَذَا، وَقَذَفَ هَذَا، وَأَكَلَ مَالَ هَذَا، وَسَفَكَ دَمَ هَذَا، وَضَرَبَ هَذَا، فَيُعْطَى هَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ، وَهَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ، فَإِنْ فَنِيَتْ حَسَنَاتُهُ قَبْلَ أَنْ يُقْضَى مَا عَلَيْهِ أُخِذَ مِنْ خَطَايَاهُمْ فَطُرِحَتْ عَلَيْهِ، ثُمَّ طُرِحَ فِي النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Тақыр кедейдің кім екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Біздің арамыздағы тақыр кедей – дирхамы да, дүние-мүлкі де жоқ адам”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, менің үмбетімнің нағыз тақыр кедейі – Қиямет күні намазымен, оразасымен және зекетімен келетін адам. Алайда ол біреуді балағаттаған, біреуге жала жапқан, біреудің мал-мүлкін жеген, біреудің қанын төккен әрі біреуді ұрған күйінде келеді. Сонда оның сауаптарынан біріне де, екіншісіне де беріледі. Егер мойнындағы ақылар толық өтелмей тұрып сауаптары таусылса, олардың күнәлары алынып, оның мойнына артылады. Содан кейін ол Тозаққа тасталады”, – деді» (2581/59).

1837
Мүслим, № 1837Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَتُؤَدُّنَّ الْحُقُوقَ إِلَى أَهْلِهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، حَتَّى يُقَادَ لِلشَّاةِ الْجَلْحَاءِ، مِنَ الشَّاةِ الْقَرْنَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қиямет күні ақылар міндетті түрде өз иелеріне қайтарылады. Тіпті мүйізсіз қойдың есесі мүйізді қойдан алынады», – дегенін жеткізген (2582/60).