Хадис

Сахих Мүслим, № 1828

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
54. Зұлымдық кітабыكِتَابُ الظُّلْمِ
бап
1. Зұлымдыққа тыйым салу және кешірім сұрап, тәубе етуге бұйыру туралыبَابٌ: فِي تَحْرِيمِ الظُّلْمِ وَالْأَمْرِ بِالِاسْتِغْفَارِ وَالتَّوْبَةِ
Нөмірі
№ 1828 (Мухтасар реті)
1828
Мүслим, № 1828Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فِيمَا رَوَى عَنِ اللَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى أَنَّهُ قَالَ: «يَا عِبَادِي، إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي، وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّمًا، فَلَا تَظَالَمُوا. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ ضَالٌّ إِلَّا مَنْ هَدَيْتُهُ، فَاسْتَهْدُونِي أَهْدِكُمْ. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ جَائِعٌ، إِلَّا مَنْ أَطْعَمْتُهُ، فَاسْتَطْعِمُونِي أُطْعِمْكُمْ. يَا عِبَادِي، كُلُّكُمْ عَارٍ، إِلَّا مَنْ كَسَوْتُهُ، فَاسْتَكْسُونِي أَكْسُكُمْ. يَا عِبَادِي، إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ، وَأَنَا أَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا، فَاسْتَغْفِرُونِي أَغْفِرْ لَكُمْ. يَا عِبَادِي، إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغُوا ضَرِّي فَتَضُرُّونِي وَلَنْ تَبْلُغُوا نَفْعِي، فَتَنْفَعُونِي. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ، مَا زَادَ ذَلِكَ فِي مُلْكِي شَيْئًا. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أَفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ، مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِنْ مُلْكِي شَيْئًا. يَا عِبَادِي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجِنَّكُمْ قَامُوا فِي صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَأَلُونِي فَأَعْطَيْتُ كُلَّ إِنْسَانٍ مَسْأَلَتَهُ، مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِي إِلَّا كَمَا يَنْقُصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ. يَا عِبَادِي، إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ، ثُمَّ أُوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا، فَمَنْ وَجَدَ خَيْرًا، فَلْيَحْمَدِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ، وَمَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ، فَلَا يَلُومَنَّ إِلَّا نَفْسَهُ». قَالَ سَعِيدٌ: «كَانَ أَبُو إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيُّ، إِذَا حَدَّثَ بِهَذَا الْحَدِيثِ، جَثَا عَلَى رُكْبَتَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Аса Берекелі әрі Ұлы Алладан жеткізген мына сөзін баяндаған: «Уа, құлдарым! Расында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім әрі оны араларыңда да харам қылдым. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық жасамаңдар! Уа, құлдарым! Мен тура жолға салғандардан басқа барлығың адасқансыңдар. Ендеше, Менен тура жолға салуымды сұраңдар, сонда сендерді тура жолға саламын. Уа, құлдарым! Мен тамақтандырғандардан басқа барлығың ашсыңдар. Ендеше, Менен тамақ сұраңдар, сонда сендерді тамақтандырамын. Уа, құлдарым! Мен киіндіргендерден басқа барлығың киімсізсіңдер. Ендеше, Менен киім сұраңдар, сонда сендерді киіндіремін. Уа, құлдарым! Сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар. Ал Мен барлық күнәні кешіремін. Ендеше, Менен кешірім сұраңдар, сонда сендерді кешіремін. Уа, құлдарым! Сендер Маған зиян тигізерліктей дәрежеге де, пайда келтірерліктей дәрежеге де ешқашан жете алмайсыңдар. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең тақуа адамның жүрегіндей тақуа болса, бұл Менің иелігіме еш нәрсе қоспас еді. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең күнәһар адамның жүрегіндей күнәһар болса, бұл Менің иелігімнен еш нәрсе кемітпес еді. Уа, құлдарым! Егер сендердің алғашқың мен соңғың, адамдарың мен жындарың түгелдей бір жазыққа жиналып, Менен сұраса және Мен әрбір адамның сұрағанын берсем, бұл Менің құзырымдағыны теңізге батырылған ине оның суын қаншалықты кемітсе, соншалық қана кемітер еді. Уа, құлдарым! Бұлар – өз амалдарың ғана. Мен оларды сендер үшін түгел есептеймін, содан кейін сол амалдарыңның қарымтасын толық беремін. Кім жақсылық тапса, Ұлы әрі Құдіретті Аллаға мадақ айтсын. Ал кім одан басқасын тапса, тек өзін ғана кінәласын». Сағид: «Әбу Идрис әл-Хаулани осы хадисті баяндаған сайын тізерлеп отыратын», – деді (2577/55).