Хадис
كِتَابُ الْقَدَرِ

Тағдыр кітабы

Сахих Мүслим, 55-кітап · 18 хадис · № 1838–1855

Мазмұны: 16 бап
  1. 1Алла Тағаланың «Шүбәсіз, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық!» («Қамар», 49) деген сөзі туралы
  2. 2Барлық нәрсенің, тіпті дәрменсіздік пен алғырлықтың да тағдырмен болатыны туралы
  3. 3Күшті болуға және дәрменсіздіктен арылуға бұйыру туралы
  4. 4Тағдырдың жаратылыстан бұрын жазылуы туралы
  5. 5Тағдырдың бар екенін растау және Адам мен Мұсаның (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) бір-біріне дәлел келтіріп, сөз таластыруы туралы
  6. 6Тағдырдың алдын ала белгіленуі және Алла Тағаланың «Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!» («Шәмс», 7⁠–⁠8) деген сөзі туралы
  7. 7Тағдыр, бақытсыздық пен бақыт туралы
  8. 8Амалдардың қалай аяқталатыны туралы
  9. 9Өмір мерзімдерінің белгіленуі және ризықтардың бөлінуі туралы
  10. 10Адамның жаратылуы және бақытсыз не бақытты болуы туралы
  11. 11Адам баласына зинадан тиетін үлесінің жазылғаны туралы
  12. 12Алланың жүректерді Өз қалауынша бұруы туралы
  13. 13Әрбір нәрестенің әуелгі таза болмысымен дүниеге келетіні туралы
  14. 14Мүшріктердің балалары жайлы айтылғандар туралы
  15. 15Қызыр өлтірген бала туралы
  16. 16Қайтыс болған балалар және Жәннат пен Тозақ тұрғындарының әлі әкелерінің белінде болған кезде жаратылуы туралы
بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ﴾

1-бапАлла Тағаланың «Шүбәсіз, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық!» («Қамар», 49) деген сөзі туралы

1838
Мүслим, № 1838Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ مُشْرِكُو قُرَيْشٍ يُخَاصِمُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي الْقَدَرِ، فَنَزَلَتْ: ﴿يَوْمَ يُسْحَبُونَ فِي النَّارِ عَلَى وُجُوهِهِمْ ذُوقُوا مَسَّ سَقَرَ ۝ إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ﴾.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Құрайыш мүшріктері тағдыр мәселесінде Алла Елшісімен (с.а.с.) дауласуға келді. Сонда мына аяттар түсті: “Сол тозақта етбеттерінен сүйрелетін күні оларға: «Тозақ азабын татыңдар!» – делінеді. Шүбәсіз, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық!” («Қамар», 48⁠–⁠49)» (2656/19).

بَابٌ: كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ حَتَّى الْعَجْزُ وَالْكَيْسُ

2-бапБарлық нәрсенің, тіпті дәрменсіздік пен алғырлықтың да тағдырмен болатыны туралы

1839
Мүслим, № 1839

عَنْ طَاوُسٍ أَنَّهُ قَالَ: «أَدْرَكْتُ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُونَ: “كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ”. قَالَ: وَسَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كُلُّ شَيْءٍ بِقَدَرٍ، حَتَّى الْعَجْزِ وَالْكَيْسِ”، أَوِ “الْكَيْسِ وَالْعَجْزِ”».

Қазақша аудармасы

Таус былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) бірқатар сахабаларын кездестірдім. Олар: “Барлық нәрсе тағдырмен болады”, – дейтін. Сондай-ақ Абдулла ибн Омардың (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Барлық нәрсе тағдырмен болады, тіпті дәрменсіздік пен алғырлық та’ немесе ‘алғырлық пен дәрменсіздік те’, – деді”, – дегенін естідім» (2655/18).

بَابٌ: فِي الْأَمْرِ بِالْقُوَّةِ وَتَرْكِ الْعَجْزِ

3-бапКүшті болуға және дәрменсіздіктен арылуға бұйыру туралы

1840
Мүслим, № 1840Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ، وَفِي كُلٍّ خَيْرٌ. اِحْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ، وَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ وَلَا تَعْجَزْ، وَإِنْ أَصَابَكَ شَيْءٌ، فَلَا تَقُلْ: “لَوْ أَنِّي فَعَلْتُ كَانَ كَذَا وَكَذَا”، وَلَكِنْ قُلْ: “قَدَرُ اللَّهِ وَمَا شَاءَ فَعَلَ”، فَإِنَّ “لَوْ” تَفْتَحُ عَمَلَ الشَّيْطَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Күшті мүмін әлсіз мүміннен қайырлы және Ұлы әрі Құдіретті Аллаға сүйіктірек. Дегенмен екеуінде де жақсылық бар. Өзіңе пайда беретін нәрсеге барынша ұмтыл, Алладан жәрдем тіле және дәрменсіздікке бой алдырма. Егер басыңа бір іс түссе: ‘Егер мен былай істегенімде, былай да, былай болар еді’, – деме. Қайта: ‘Бұл – Алланың тағдыры. Ол қалағанын істеді’, – де. Өйткені ‘егер’ деу шайтанның ісіне жол ашады”, – деді» (2664/34).

بَابٌ: كَتْبُ الْمَقَادِيرِ قَبْلَ الْخَلْقِ

4-бапТағдырдың жаратылыстан бұрын жазылуы туралы

1841
Мүслим, № 1841Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “كَتَبَ اللَّهُ مَقَادِيرَ الْخَلَائِقِ قَبْلَ أَنْ يَخْلُقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِخَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ”. قَالَ: “وَعَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын бүкіл жаратылыстың тағдырларын жазды”, – дегенін естідім. Ол (с.а.с.) тағы: “Оның Аршысы судың үстінде еді”, – деді» (2653/16).

بَابٌ: فِي إِثْبَاتِ الْقَدَرِ، وَتَحَاجِّ آدَمَ وَمُوسَى عَلَيْهِمَا السَّلَامُ

5-бапТағдырдың бар екенін растау және Адам мен Мұсаның (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) бір-біріне дәлел келтіріп, сөз таластыруы туралы

1842
Мүслим, № 1842Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِحْتَجَّ آدَمُ وَمُوسَى عَلَيْهِمَا السَّلَامُ عِنْدَ رَبِّهِمَا، فَحَجَّ آدَمُ مُوسَى. قَالَ مُوسَى: “أَنْتَ آدَمُ الَّذِي خَلَقَكَ اللَّهُ بِيَدِهِ وَنَفَخَ فِيكَ مِنْ رُوحِهِ، وَأَسْجَدَ لَكَ مَلَائِكَتَهُ، وَأَسْكَنَكَ فِي جَنَّتِهِ، ثُمَّ أَهْبَطْتَ النَّاسَ بِخَطِيئَتِكَ إِلَى الْأَرْضِ”. قَالَ آدَمُ: “أَنْتَ مُوسَى الَّذِي اِصْطَفَاكَ اللَّهُ بِرِسَالَتِهِ وَبِكَلَامِهِ، وَأَعْطَاكَ الْأَلْوَاحَ فِيهَا تِبْيَانُ كُلِّ شَيْءٍ، وَقَرَّبَكَ نَجِيًّا، فَبِكَمْ وَجَدْتَ اللَّهَ كَتَبَ التَّوْرَاةَ قَبْلَ أَنْ أُخْلَقَ؟” قَالَ مُوسَى: “بِأَرْبَعِينَ عَامًا”. قَالَ آدَمُ: “فَهَلْ وَجَدْتَ فِيهَا: ﴿وَعَصَى آدَمُ رَبَّهُ فَغَوَى﴾؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَفَتَلُومُنِي عَلَى أَنْ عَمِلْتُ عَمَلًا كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَيَّ أَنْ أَعْمَلَهُ قَبْلَ أَنْ يَخْلُقَنِي بِأَرْبَعِينَ سَنَةً؟”» قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَحَجَّ آدَمُ مُوسَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Адам мен Мұса (екеуіне де сәлем болсын) Раббыларының алдында өзара уәж таластырды да, Адам Мұсаны уәжбен жеңді. Мұса: “Сен – Алла Өз қолымен жаратып, саған Өз рухынан үрлеген, періштелерін саған сәжде еткізген әрі сені Өз Жәннатына қоныстандырған Адамсың. Содан кейін күнәңнің кесірінен адамдарды жерге түсірдің”, – деді. Адам: “Сен – Алла Өзінің елшілігімен әрі тікелей тілдесуімен таңдап, барлық нәрсенің баяны жазылған тақташаларды берген және сенімен сырласып сөйлесу үшін Өзіне жақындатқан Мұсасың. Тәуратты Алла мені жаратудан қанша жыл бұрын жазған екен?” – деді. Мұса: “Қырық жыл бұрын”, – деді. Адам: “Онда ‘Осылайша, Адам Раббысына асылық қылып, шалыс басты.’ («Таһа», 121) дегенді кездестірдің бе?” – деп сұрады. Мұса: “Иә”, – деді. Сонда Адам: “Алла мені жаратудан қырық жыл бұрын тағдырыма жазып қойған амалды істегенім үшін мені кінәлайсың ба?” – деді». Алла Елшісі (с.а.с.): «Сөйтіп, Адам Мұсаны уәжбен жеңді», – деді (2652/15).

بَابٌ: فِي سَبْقِ الْمَقَادِيرِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا ۝ فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا﴾

6-бапТағдырдың алдын ала белгіленуі және Алла Тағаланың «Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!» («Шәмс», 7⁠–⁠8) деген сөзі туралы

1843
Мүслим, № 1843

عَنْ أَبِي الْأَسْوَدِ الدِّيلِيِّ قَالَ: قَالَ لِي عِمْرَانُ بْنُ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ مِنْ قَدَرِ مَا سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا قَدْ أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟» فَقُلْتُ: «بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ». قَالَ: فَقَالَ: «أَفَلَا يَكُونُ ظُلْمًا؟» قَالَ: فَفَزِعْتُ مِنْ ذَلِكَ فَزَعًا شَدِيدًا، وَقُلْتُ: «كُلُّ شَيْءٍ خَلْقُ اللَّهِ وَمِلْكُ يَدِهِ، فَ﴿لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ﴾». فَقَالَ لِي: «يَرْحَمُكَ اللَّهُ، إِنِّي لَمْ أُرِدْ بِمَا سَأَلْتُكَ إِلَّا لِأَحْزِرَ عَقْلَكَ. إِنَّ رَجُلَيْنِ مِنْ مُزَيْنَةَ أَتَيَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ مِنْ قَدَرٍ قَدْ سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟” فَقَالَ: “لَا، بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ، وَتَصْدِيقُ ذَلِكَ فِي كِتَابِ اللَّهِ: ﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا ۝ فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا﴾”».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Асуад әд-Дили былай деді: «Имран ибн Хусайн (р.а.) менен: “Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не дейсің? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Мен: “Керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер”, – дедім. Ол: “Онда бұл зұлымдық болып шықпай ма?” – деді. Мен бұл сөзден қатты шошып кетіп: “Әрбір нәрсе – Алланың жаратқаны әрі Оның иелігіндегі мүлік. Сондықтан: ‘Ол істеген істері үшін жауапқа тартылмайды. Ал мүшріктер тәңір тұтқан саналы жаратылыстардың барлығы істеген әрбір ісі үшін жауап береді.’ («Әнбия», 23)”, – дедім. Сонда ол маған: “Алла саған рақым етсін! Мен бұл сұрақты саған ақыл-парасатыңның деңгейін байқау үшін ғана қойдым”, – деді». Имран сөзін былай жалғастырды: «Музәйна руынан екі кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не айтасыз? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер. Мұның растығын Алланың Кітабындағы: ‘Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!’ («Шәмс», 7⁠–⁠8) деген аяттар көрсетеді”, – деді» (2650/10).

بَابٌ: فِي الْقَدَرِ وَالشَّقَاوَةِ وَالسَّعَادَةِ

7-бапТағдыр, бақытсыздық пен бақыт туралы

1844
Мүслим, № 1844

عَنْ عَلِيٍّ كَرَّمَ اللَّهُ وَجْهَهُ قَالَ: «كُنَّا فِي جَنَازَةٍ فِي بَقِيعِ الْغَرْقَدِ، فَأَتَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَعَدَ وَقَعَدْنَا حَوْلَهُ، وَمَعَهُ مِخْصَرَةٌ فَنَكَّسَ فَجَعَلَ يَنْكُتُ بِمِخْصَرَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: “مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ، مَا مِنْ نَفْسٍ مَنْفُوسَةٍ، إِلَّا وَقَدْ كَتَبَ اللَّهُ مَكَانَهَا مِنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، وَإِلَّا وَقَدْ كُتِبَتْ شَقِيَّةً أَوْ سَعِيدَةً”. قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نَمْكُثُ عَلَى كِتَابِنَا وَنَدَعُ الْعَمَلَ؟” فَقَالَ: “مَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ السَّعَادَةِ، فَسَيَصِيرُ إِلَى عَمَلِ أَهْلِ السَّعَادَةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الشَّقَاوَةِ، فَسَيَصِيرُ إِلَى عَمَلِ أَهْلِ الشَّقَاوَةِ”. قَالَ: “اِعْمَلُوا فَكُلٌّ مُيَسَّرٌ، أَمَّا أَهْلُ السَّعَادَةِ فَيُيَسَّرُونَ لِعَمَلِ أَهْلِ السَّعَادَةِ، وَأَمَّا أَهْلُ الشَّقَاوَةِ فَيُيَسَّرُونَ لِعَمَلِ أَهْلِ الشَّقَاوَةِ”. ثُمَّ قَرَأَ: ﴿فَأَمَّا مَنْ أَعْطَى وَاتَّقَى ۝ وَصَدَّقَ بِالْحُسْنَى ۝ فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْيُسْرَى ۝ وَأَمَّا مَنْ بَخِلَ وَاسْتَغْنَى ۝ وَكَذَّبَ بِالْحُسْنَى ۝ فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْعُسْرَى﴾».

Қазақша аудармасы

Әли (Алла оның жүзін ардақты етсін) былай деді: «Біз Бақиғ әл-Ғарқадта бір жаназаға қатысып отырған едік. Алла Елшісі (с.а.с.) қасымызға келіп отырды, біз де оны айнала отырдық. Оның қолында шағын таяқша бар еді. Ол басын төмен салып, таяқшасымен жерді шұқылай бастады. Содан кейін: “Сендердің араларыңдағы бірде-бір адамның, тіпті жаратылған бірде-бір жанның Жәннаттағы немесе Тозақтағы орны Алла тарапынан жазылмай қалған емес. Оның бақытсыз не бақытты болары да жазылып қойған”, – деді. Сонда бір кісі: “Уа, Расулалла! Ендеше, өзімізге жазылғанға сүйеніп, амал етуді қоя салмаймыз ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Кім бақытқа кенелетіндердің қатарынан болса, бақытты жандардың амалдарына бет алады. Ал кім бақытсыздыққа душар болатындардың қатарынан болса, бақытсыз жандардың амалдарына бет алады”, – деді. Содан соң: “Амал етіңдер! Өйткені әркімге өз жолы жеңілдетіледі. Бақытқа кенелетіндерге бақытты жандардың амалы жеңілдетіледі, ал бақытсыздыққа душар болатындарға бақытсыз жандардың амалы жеңілдетіледі”, – деді. Содан кейін мына аяттарды оқыды: “Сондықтан кімде-кім мал-дүниесін Алла жолында жұмсап, Аллаға қарсы келуден сақтанса, Һәм ең абзал нәрсені шын жүрегімен растаса, Біз ол үшін мәңгілік бақытқа жеткізетін жолды жеңілдетеміз. Ал кімде-кім сараңдық қылса және өзіне толық сеніп, Аллаға еш мұқтаж еместей әрекет етсе, әрі ең абзал нәрсені жалғанға шығарса, ол үшін ауыр, жаман жолды жеңілдетіп қоямыз.” («Ләйл», 5⁠–⁠10)» (2647/6).

بَابٌ: فِي خَوَاتِمِ الْأَعْمَالِ

8-бапАмалдардың қалай аяқталатыны туралы

1845
Мүслим, № 1845Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ الزَّمَنَ الطَّوِيلَ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ، ثُمَّ يُخْتَمُ لَهُ عَمَلُهُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَعْمَلُ الزَّمَنَ الطَّوِيلَ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ، ثُمَّ يُخْتَمُ لَهُ عَمَلُهُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, адам ұзақ уақыт бойы Жәннат тұрғындарының амалын істеп жүреді де, ақырында оның амалы Тозақ тұрғындарының амалымен аяқталады. Сондай-ақ адам ұзақ уақыт бойы Тозақ тұрғындарының амалын істеп жүреді де, ақырында оның амалы Жәннат тұрғындарының амалымен аяқталады» (2651/11).

بَابٌ: فِي ضَرْبِ الْآجَالِ وَقَسْمِ الْأَرْزَاقِ

9-бапӨмір мерзімдерінің белгіленуі және ризықтардың бөлінуі туралы

1846
Мүслим, № 1846Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَتْ أُمُّ حَبِيبَةَ: «اللَّهُمَّ مَتِّعْنِي بِزَوْجِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَبِأَبِي أَبِي سُفْيَانَ، وَبِأَخِي مُعَاوِيَةَ». قَالَ: فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّكِ سَأَلْتِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ لِآجَالٍ مَضْرُوبَةٍ، وَآثَارٍ مَوْطُوءَةٍ، وَأَرْزَاقٍ مَقْسُومَةٍ، لَا يُعَجِّلُ شَيْئًا مِنْهَا قَبْلَ حِلِّهِ، وَلَا يُؤَخِّرُ مِنْهَا شَيْئًا بَعْدَ حِلِّهِ، وَلَوْ سَأَلْتِ اللَّهَ أَنْ يُعَافِيَكِ مِنْ عَذَابٍ فِي النَّارِ، وَعَذَابٍ فِي الْقَبْرِ، لَكَانَ خَيْرًا لَكِ». قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الْقِرَدَةُ وَالْخَنَازِيرُ هِيَ مِمَّا مُسِخَ؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَمْ يُهْلِكْ قَوْمًا أَوْ يُعَذِّبْ قَوْمًا فَيَجْعَلَ لَهُمْ نَسْلًا، وَإِنَّ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ كَانُوا قَبْلَ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Үммі Хабиба: “Уа, Алла! Жұбайым Алла Елшісінің (с.а.с.), әкем Әбу Суфиянның және бауырым Мұғауияның қызығын ұзақ көруді маған нәсіп ете гөр!” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Сен Ұлы әрі Құдіретті Алладан белгіленіп қойған ажал мерзімдеріне, басып өтетін ғұмыр жолдарына және бөлініп қойған ризықтарға қатысты тілек тіледің. Алла олардың ешбірін мерзімі келмей тұрып ілгерілетпейді де, ешбірін белгіленген уақытынан кейінге қалдырмайды. Егер Алладан өзіңді Тозақ азабынан және қабір азабынан аман сақтауын сұрағаныңда, бұл сен үшін қайырлырақ болар еді”, – деді. Бір адам: “Уа, Расулалла! Маймылдар мен доңыздар кейпі өзгертілгендерден тараған ба?” – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла қандай да бір қауымды жойып немесе осылай азапқа салып, содан кейін оларға ұрпақ қалдырған емес. Маймылдар мен доңыздар бұған дейін де болған”, – деді» (2663/33).

بَابٌ: فِي الْخَلْقِ يُخْلَقُ وَالشَّقَاوَةِ وَالسَّعَادَةِ

10-бапАдамның жаратылуы және бақытсыз не бақытты болуы туралы

1847
Мүслим, № 1847Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ (وَهُوَ الصَّادِقُ الْمَصْدُوقُ): «إِنَّ أَحَدَكُمْ يُجْمَعُ خَلْقُهُ فِي بَطْنِ أُمِّهِ أَرْبَعِينَ يَوْمًا، ثُمَّ يَكُونُ فِي ذَلِكَ عَلَقَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يَكُونُ فِي ذَلِكَ مُضْغَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ الْمَلَكَ فَيَنْفُخُ فِيهِ الرُّوحَ، وَيُؤْمَرُ بِأَرْبَعِ كَلِمَاتٍ: بِكَتْبِ رِزْقِهِ وَأَجَلِهِ وَعَمَلِهِ، وَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيدٌ. فَوَالَّذِي لَا إِلَهَ غَيْرُهُ، إِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إِلَّا ذِرَاعٌ، فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ فَيَدْخُلُهَا، وَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إِلَّا ذِرَاعٌ، فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَيَدْخُلُهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Бізге Алла Елшісі (с.а.с.) – өзі шыншыл әрі шыншылдығы расталған жан – былай деді: “Сендердің әрқайсыңның жаратылысы анасының құрсағында қырық күн бойы жинақталады. Содан соң дәл сонша уақыт ұйыған қан күйінде, одан кейін дәл сонша уақыт бір кесек ет күйінде болады. Содан кейін Алла оған періште жібереді. Періште оған рух үрлейді. Періштеге төрт нәрсені жазу бұйырылады: оның ризығы, ажалы, амалы және бақытсыз не бақытты болатыны. Өзінен басқа құдай жоқ Алланың атымен ант етейін! Расында, сендердің бірің Жәннат тұрғындарының амалын істеп, өзі мен Жәннаттың арасында бір шынтақтай ғана аралық қалғанда, алдын ала жазылған тағдыры жүзеге асып, ол Тозақ тұрғындарының амалын істейді де, Тозаққа кіреді. Сондай-ақ сендердің бірің Тозақ тұрғындарының амалын істеп, өзі мен Тозақтың арасында бір шынтақтай ғана аралық қалғанда, алдын ала жазылған тағдыры жүзеге асып, ол Жәннат тұрғындарының амалын істейді де, Жәннатқа кіреді”» (2643/1).

1848
Мүслим, № 1848

عَنْ حُذَيْفَةَ بْنِ أَسِيدٍ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «يَدْخُلُ الْمَلَكُ عَلَى النُّطْفَةِ بَعْدَ مَا تَسْتَقِرُّ فِي الرَّحِمِ بِأَرْبَعِينَ» (أَوْ: «خَمْسَةٍ وَأَرْبَعِينَ») «لَيْلَةً، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيدٌ؟” فَيُكْتَبَانِ، فَيَقُولُ: “أَيْ رَبِّ، أَذَكَرٌ أَوْ أُنْثَى؟” فَيُكْتَبَانِ، وَيُكْتَبُ عَمَلُهُ وَأَثَرُهُ وَأَجَلُهُ وَرِزْقُهُ، ثُمَّ تُطْوَى الصُّحُفُ فَلَا يُزَادُ فِيهَا وَلَا يُنْقَصُ».

Қазақша аудармасы

Хузәйфа ибн Әсид Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Ұрық тамшысы жатырда орныққаннан кейін қырық немесе қырық бес түн өткенде, оған періште келіп: “Уа, Раббым! Ол бақытсыз ба, әлде бақытты ма?” – дейді. Сонда соның бірі жазылады. Періште: “Уа, Раббым! Ер ме, әлде әйел ме?” – дейді. Сонда соның бірі жазылады. Сондай-ақ оның амалы, артында қалдырар ізі, ажалы және ризығы жазылады. Содан кейін жазба парақтары бүктеледі де, оған ештеңе қосылмайды әрі одан ештеңе кемітілмейді» (2644/2).

1849
Мүслим, № 1849

عَنْ عَامِرِ بْنِ وَاثِلَةَ حَدَّثَهُ أَنَّهُ سَمِعَ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «الشَّقِيُّ مَنْ شَقِيَ فِي بَطْنِ أُمِّهِ، وَالسَّعِيدُ مَنْ وُعِظَ بِغَيْرِهِ». فَأَتَى رَجُلًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُقَالُ لَهُ حُذَيْفَةُ بْنُ أَسِيدٍ الْغِفَارِيُّ، فَحَدَّثَهُ بِذَلِكَ مِنْ قَوْلِ ابْنِ مَسْعُودٍ، فَقَالَ: «وَكَيْفَ يَشْقَى رَجُلٌ بِغَيْرِ عَمَلٍ؟» فَقَالَ لَهُ الرَّجُلُ: «أَتَعْجَبُ مِنْ ذَلِكَ؟ فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِذَا مَرَّ بِالنُّطْفَةِ ثِنْتَانِ وَأَرْبَعُونَ لَيْلَةً، بَعَثَ اللَّهُ إِلَيْهَا مَلَكًا فَصَوَّرَهَا وَخَلَقَ سَمْعَهَا وَبَصَرَهَا وَجِلْدَهَا وَلَحْمَهَا وَعِظَامَهَا، ثُمَّ قَالَ: ‘يَا رَبِّ، أَذَكَرٌ أَمْ أُنْثَى؟’ فَيَقْضِي رَبُّكَ مَا شَاءَ، وَيَكْتُبُ الْمَلَكُ، ثُمَّ يَقُولُ: ‘يَا رَبِّ، أَجَلُهُ؟’ فَيَقُولُ رَبُّكَ مَا شَاءَ، وَيَكْتُبُ الْمَلَكُ، ثُمَّ يَقُولُ: ‘يَا رَبِّ، رِزْقُهُ؟’ فَيَقْضِي رَبُّكَ مَا شَاءَ، وَيَكْتُبُ الْمَلَكُ، ثُمَّ يَخْرُجُ الْمَلَكُ بِالصَّحِيفَةِ فِي يَدِهِ، فَلَا يَزِيدُ عَلَى مَا أُمِرَ وَلَا يَنْقُصُ”». وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «أَسَوِيٌّ أَوْ غَيْرُ سَوِيٍّ؟ فَيَجْعَلُهُ اللَّهُ سَوِيًّا أَوْ غَيْرَ سَوِيٍّ».

Қазақша аудармасы

Амир ибн Уәсилә Абдулла ибн Масғудтың (р.а.): «Бақытсыз – анасының құрсағында-ақ бақытсыз болған жан. Ал бақытты – өзгенің жағдайынан ғибрат алған жан», – дегенін естігенін баяндады. Содан кейін Амир Алла Елшісінің (с.а.с.) Хузәйфа ибн Әсид әл-Ғифари есімді сахабасына барып, оған Ибн Масғудтың осы сөзін айтып берді де: «Адам ешбір амал істемей-ақ қалайша бақытсыз болады?» – деп сұрады. Сонда әлгі кісі оған: «Бұған таңырқап тұрсың ба? Расында, мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ұрық тамшысына қырық екі түн толғанда, Алла оған бір періште жібереді. Періште оған бейне беріп, оның есту қабілетін, көру қабілетін, терісін, етін және сүйектерін жаратады. Содан кейін: ‘Уа, Раббым! Ер ме, әлде әйел ме?’ – дейді. Раббың қалағанындай үкім етеді, ал періште оны жазып қояды. Содан соң: ‘Уа, Раббым! Оның ажалы ше?’ – дейді. Раббың қалағанын айтады, ал періште оны жазып қояды. Содан кейін: ‘Уа, Раббым! Оның ризығы ше?’ – дейді. Раббың қалағанындай үкім етеді, ал періште оны жазып қояды. Содан соң періште жазба парағын қолына ұстап, шығып кетеді. Ол өзіне бұйырылған нәрсеге ештеңе қоспайды әрі одан ештеңе кемітпейді”, – дегенін естідім», – деп жауап берді. Бір риуаятта: «Дене бітімі қалыпты ма, әлде қалыпты емес пе? Сонда Алла оны дене бітімі қалыпты немесе қалыпты емес етіп жаратады», – деп қосылған (2645/3).

بَابٌ: كُتِبَ عَلَى ابْنِ آدَمَ نَصِيبُهُ مِنَ الزِّنَا

11-бапАдам баласына зинадан тиетін үлесінің жазылғаны туралы

1850
Мүслим, № 1850Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كُتِبَ عَلَى ابْنِ آدَمَ نَصِيبُهُ مِنَ الزِّنَا، مُدْرِكٌ ذَلِكَ لَا مَحَالَةَ، فَالْعَيْنَانِ زِنَاهُمَا النَّظَرُ، وَالْأُذُنَانِ زِنَاهُمَا الِاسْتِمَاعُ، وَاللِّسَانُ زِنَاهُ الْكَلَامُ، وَالْيَدُ زِنَاهَا الْبَطْشُ، وَالرِّجْلُ زِنَاهَا الْخُطَا، وَالْقَلْبُ يَهْوَى وَيَتَمَنَّى، وَيُصَدِّقُ ذَلِكَ الْفَرْجُ وَيُكَذِّبُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Адам баласына зинадан тиетін үлесі жазылып қойылған. Ол сол үлесіне сөзсіз кезігеді. Екі көздің зинасы – қарау, екі құлақтың зинасы – тыңдау, тілдің зинасы – сөйлеу, қолдың зинасы – қармап ұстау, аяқтың зинасы – қадам басу. Жүрек соған құмартып, соны тілейді. Ал жыныс мүшесі мұның бәрін растайды немесе теріске шығарады» (2657/21).

بَابٌ: تَصْرِيفُ اللَّهِ الْقُلُوبَ كَيْفَ شَاءَ

12-бапАлланың жүректерді Өз қалауынша бұруы туралы

1851
Мүслим, № 1851Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ قُلُوبَ بَنِي آدَمَ كُلَّهَا بَيْنَ إِصْبَعَيْنِ مِنْ أَصَابِعِ الرَّحْمَنِ، كَقَلْبٍ وَاحِدٍ، يُصَرِّفُهُ حَيْثُ يَشَاءُ». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ مُصَرِّفَ الْقُلُوبِ، صَرِّفْ قُلُوبَنَا عَلَى طَاعَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Адам балаларының бүкіл жүрегі Рахманның екі саусағының арасында бір жүректей. Ол оны қалаған жағына бұрады», – дегенін естігенін жеткізді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Жүректерді бұрушы! Жүректерімізді Өзіңе бойсұнуға бұра гөр!» – деді (2654/17).

بَابٌ: كُلُّ مَوْلُودٍ يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ

13-бапӘрбір нәрестенің әуелгі таза болмысымен дүниеге келетіні туралы

1852
Мүслим, № 1852Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مَوْلُودٍ إِلَّا يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ، فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ وَيُنَصِّرَانِهِ وَيُمَجِّسَانِهِ، كَمَا تُنْتَجُ الْبَهِيمَةُ بَهِيمَةً جَمْعَاءَ، هَلْ تُحِسُّونَ فِيهَا مِنْ جَدْعَاءَ؟» ثُمَّ يَقُولُ أَبُو هُرَيْرَةَ: «وَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فِطْرَةَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ﴾ الْآيَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әрбір сәби әуелгі таза болмысымен дүниеге келеді. Кейін ата-анасы оны яһуди, христиан немесе мәжуси етеді. Мал да мүшелері түгел төл туады. Олардың арасынан мүшесі кесіліп, кемітілгенін көресіңдер ме?” – деді». Содан кейін Әбу Һурайра (р.а.): «Қаласаңдар, “Бұл сондай дін – Алла күллі адамзатты соның негізінде, соған сай етіп жаратты. Алланың жаратқаны өзгермейді, оны өзгерту мүмкін емес!” («Рум», 30) деген аятты оқыңдар», – дейтін (2658/22).

بَابٌ: مَا ذُكِرَ فِي أَوْلَادِ الْمُشْرِكِينَ

14-бапМүшріктердің балалары жайлы айтылғандар туралы

1853
Мүслим, № 1853Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَطْفَالِ الْمُشْرِكِينَ، قَالَ: «اللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا كَانُوا عَامِلِينَ إِذْ خَلَقَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) мүшріктердің балалары жайында сұралғанда, ол (с.а.с.): “Алла оларды жаратқан кездің өзінде олардың қандай амал істеген боларын бәрінен жақсы біледі”, – деді» (2660/28).

بَابٌ: فِي الْغُلَامِ الَّذِي قَتَلَهُ الْخَضِرُ

15-бапҚызыр өлтірген бала туралы

1854
Мүслим, № 1854Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْغُلَامَ الَّذِي قَتَلَهُ الْخَضِرُ طُبِعَ كَافِرًا، وَلَوْ عَاشَ لَأَرْهَقَ أَبَوَيْهِ طُغْيَانًا وَكُفْرًا».

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Қызыр өлтірген баланың кәпір болары әуелден белгіленген еді. Егер ол өмір сүргенде, ата-анасын шектен шығушылық пен күпірлікке душар етер еді”, – деді» (2661/29).

بَابٌ: فِي ذِكْرِ مَنْ مَاتَ مِنَ الصِّبْيَانِ وَخَلْقِ أَهْلِ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ وَهُمْ فِي أَصْلَابِ آبَائِهِمْ

16-бапҚайтыс болған балалар және Жәннат пен Тозақ тұрғындарының әлі әкелерінің белінде болған кезде жаратылуы туралы

1855
Мүслим, № 1855Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: دُعِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى جَنَازَةِ صَبِيٍّ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، طُوبَى لِهَذَا، عُصْفُورٌ مِنْ عَصَافِيرِ الْجَنَّةِ، لَمْ يَعْمَلِ السُّوءَ وَلَمْ يُدْرِكْهُ». قَالَ: «أَوَ غَيْرَ ذَلِكَ، يَا عَائِشَةُ؟ إِنَّ اللَّهَ خَلَقَ لِلْجَنَّةِ أَهْلًا، خَلَقَهُمْ لَهَا وَهُمْ فِي أَصْلَابِ آبَائِهِمْ، وَخَلَقَ لِلنَّارِ أَهْلًا، خَلَقَهُمْ لَهَا وَهُمْ فِي أَصْلَابِ آبَائِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Мүміндердің анасы Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ансарлық бір баланың жаназасына шақырылды. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Бұл балаға қандай бақыт! Ол – Жәннат құстарының бір құсы. Ол жамандық істеген жоқ әрі жамандық жасайтын жасқа да жетпеді”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Әлде басқаша болар, уа, Айша? Расында, Алла Жәннат үшін өз тұрғындарын жаратты. Оларды әлі әкелерінің белінде жатқан кезінде-ақ Жәннат үшін жаратты. Сондай-ақ Тозақ үшін өз тұрғындарын жаратты. Оларды әлі әкелерінің белінде жатқан кезінде-ақ Тозақ үшін жаратты”, – деді» (2662/31).