Хадис

Сахих Мүслим, № 1842

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
5. Тағдырдың бар екенін растау және Адам мен Мұсаның (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) бір-біріне дәлел келтіріп, сөз таластыруы туралыبَابٌ: فِي إِثْبَاتِ الْقَدَرِ، وَتَحَاجِّ آدَمَ وَمُوسَى عَلَيْهِمَا السَّلَامُ
Нөмірі
№ 1842 (Мухтасар реті)
1842
Мүслим, № 1842Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِحْتَجَّ آدَمُ وَمُوسَى عَلَيْهِمَا السَّلَامُ عِنْدَ رَبِّهِمَا، فَحَجَّ آدَمُ مُوسَى. قَالَ مُوسَى: “أَنْتَ آدَمُ الَّذِي خَلَقَكَ اللَّهُ بِيَدِهِ وَنَفَخَ فِيكَ مِنْ رُوحِهِ، وَأَسْجَدَ لَكَ مَلَائِكَتَهُ، وَأَسْكَنَكَ فِي جَنَّتِهِ، ثُمَّ أَهْبَطْتَ النَّاسَ بِخَطِيئَتِكَ إِلَى الْأَرْضِ”. قَالَ آدَمُ: “أَنْتَ مُوسَى الَّذِي اِصْطَفَاكَ اللَّهُ بِرِسَالَتِهِ وَبِكَلَامِهِ، وَأَعْطَاكَ الْأَلْوَاحَ فِيهَا تِبْيَانُ كُلِّ شَيْءٍ، وَقَرَّبَكَ نَجِيًّا، فَبِكَمْ وَجَدْتَ اللَّهَ كَتَبَ التَّوْرَاةَ قَبْلَ أَنْ أُخْلَقَ؟” قَالَ مُوسَى: “بِأَرْبَعِينَ عَامًا”. قَالَ آدَمُ: “فَهَلْ وَجَدْتَ فِيهَا: ﴿وَعَصَى آدَمُ رَبَّهُ فَغَوَى﴾؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَفَتَلُومُنِي عَلَى أَنْ عَمِلْتُ عَمَلًا كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَيَّ أَنْ أَعْمَلَهُ قَبْلَ أَنْ يَخْلُقَنِي بِأَرْبَعِينَ سَنَةً؟”» قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَحَجَّ آدَمُ مُوسَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Адам мен Мұса (екеуіне де сәлем болсын) Раббыларының алдында өзара уәж таластырды да, Адам Мұсаны уәжбен жеңді. Мұса: “Сен – Алла Өз қолымен жаратып, саған Өз рухынан үрлеген, періштелерін саған сәжде еткізген әрі сені Өз Жәннатына қоныстандырған Адамсың. Содан кейін күнәңнің кесірінен адамдарды жерге түсірдің”, – деді. Адам: “Сен – Алла Өзінің елшілігімен әрі тікелей тілдесуімен таңдап, барлық нәрсенің баяны жазылған тақташаларды берген және сенімен сырласып сөйлесу үшін Өзіне жақындатқан Мұсасың. Тәуратты Алла мені жаратудан қанша жыл бұрын жазған екен?” – деді. Мұса: “Қырық жыл бұрын”, – деді. Адам: “Онда ‘Осылайша, Адам Раббысына асылық қылып, шалыс басты.’ («Таһа», 121) дегенді кездестірдің бе?” – деп сұрады. Мұса: “Иә”, – деді. Сонда Адам: “Алла мені жаратудан қырық жыл бұрын тағдырыма жазып қойған амалды істегенім үшін мені кінәлайсың ба?” – деді». Алла Елшісі (с.а.с.): «Сөйтіп, Адам Мұсаны уәжбен жеңді», – деді (2652/15).