Хадис

Сахих Мүслим, № 1843

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
6. Тағдырдың алдын ала белгіленуі және Алла Тағаланың «Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!» («Шәмс», 7⁠–⁠8) деген сөзі туралыبَابٌ: فِي سَبْقِ الْمَقَادِيرِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا ۝ فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا﴾
Нөмірі
№ 1843 (Мухтасар реті)
1843
Мүслим, № 1843

عَنْ أَبِي الْأَسْوَدِ الدِّيلِيِّ قَالَ: قَالَ لِي عِمْرَانُ بْنُ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ مِنْ قَدَرِ مَا سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا قَدْ أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟» فَقُلْتُ: «بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ». قَالَ: فَقَالَ: «أَفَلَا يَكُونُ ظُلْمًا؟» قَالَ: فَفَزِعْتُ مِنْ ذَلِكَ فَزَعًا شَدِيدًا، وَقُلْتُ: «كُلُّ شَيْءٍ خَلْقُ اللَّهِ وَمِلْكُ يَدِهِ، فَ﴿لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ﴾». فَقَالَ لِي: «يَرْحَمُكَ اللَّهُ، إِنِّي لَمْ أُرِدْ بِمَا سَأَلْتُكَ إِلَّا لِأَحْزِرَ عَقْلَكَ. إِنَّ رَجُلَيْنِ مِنْ مُزَيْنَةَ أَتَيَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ مِنْ قَدَرٍ قَدْ سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟” فَقَالَ: “لَا، بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ، وَتَصْدِيقُ ذَلِكَ فِي كِتَابِ اللَّهِ: ﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا ۝ فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا﴾”».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Асуад әд-Дили былай деді: «Имран ибн Хусайн (р.а.) менен: “Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не дейсің? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Мен: “Керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер”, – дедім. Ол: “Онда бұл зұлымдық болып шықпай ма?” – деді. Мен бұл сөзден қатты шошып кетіп: “Әрбір нәрсе – Алланың жаратқаны әрі Оның иелігіндегі мүлік. Сондықтан: ‘Ол істеген істері үшін жауапқа тартылмайды. Ал мүшріктер тәңір тұтқан саналы жаратылыстардың барлығы істеген әрбір ісі үшін жауап береді.’ («Әнбия», 23)”, – дедім. Сонда ол маған: “Алла саған рақым етсін! Мен бұл сұрақты саған ақыл-парасатыңның деңгейін байқау үшін ғана қойдым”, – деді». Имран сөзін былай жалғастырды: «Музәйна руынан екі кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не айтасыз? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер. Мұның растығын Алланың Кітабындағы: ‘Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!’ («Шәмс», 7⁠–⁠8) деген аяттар көрсетеді”, – деді» (2650/10).