Хадис

Сахих Мүслим, № 1852

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
13. Әрбір нәрестенің әуелгі таза болмысымен дүниеге келетіні туралыبَابٌ: كُلُّ مَوْلُودٍ يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ
Нөмірі
№ 1852 (Мухтасар реті)
1852
Мүслим, № 1852Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مَوْلُودٍ إِلَّا يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ، فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ وَيُنَصِّرَانِهِ وَيُمَجِّسَانِهِ، كَمَا تُنْتَجُ الْبَهِيمَةُ بَهِيمَةً جَمْعَاءَ، هَلْ تُحِسُّونَ فِيهَا مِنْ جَدْعَاءَ؟» ثُمَّ يَقُولُ أَبُو هُرَيْرَةَ: «وَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فِطْرَةَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ﴾ الْآيَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әрбір сәби әуелгі таза болмысымен дүниеге келеді. Кейін ата-анасы оны яһуди, христиан немесе мәжуси етеді. Мал да мүшелері түгел төл туады. Олардың арасынан мүшесі кесіліп, кемітілгенін көресіңдер ме?” – деді». Содан кейін Әбу Һурайра (р.а.): «Қаласаңдар, “Бұл сондай дін – Алла күллі адамзатты соның негізінде, соған сай етіп жаратты. Алланың жаратқаны өзгермейді, оны өзгерту мүмкін емес!” («Рум», 30) деген аятты оқыңдар», – дейтін (2658/22).