Хадис

Сахих Мүслим, № 1851

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
12. Алланың жүректерді Өз қалауынша бұруы туралыبَابٌ: تَصْرِيفُ اللَّهِ الْقُلُوبَ كَيْفَ شَاءَ
Нөмірі
№ 1851 (Мухтасар реті)
1851
Мүслим, № 1851Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ قُلُوبَ بَنِي آدَمَ كُلَّهَا بَيْنَ إِصْبَعَيْنِ مِنْ أَصَابِعِ الرَّحْمَنِ، كَقَلْبٍ وَاحِدٍ، يُصَرِّفُهُ حَيْثُ يَشَاءُ». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ مُصَرِّفَ الْقُلُوبِ، صَرِّفْ قُلُوبَنَا عَلَى طَاعَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Адам балаларының бүкіл жүрегі Рахманның екі саусағының арасында бір жүректей. Ол оны қалаған жағына бұрады», – дегенін естігенін жеткізді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Жүректерді бұрушы! Жүректерімізді Өзіңе бойсұнуға бұра гөр!» – деді (2654/17).