Хадис

Сахих Мүслим, № 1846

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
9. Өмір мерзімдерінің белгіленуі және ризықтардың бөлінуі туралыبَابٌ: فِي ضَرْبِ الْآجَالِ وَقَسْمِ الْأَرْزَاقِ
Нөмірі
№ 1846 (Мухтасар реті)
1846
Мүслим, № 1846Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَتْ أُمُّ حَبِيبَةَ: «اللَّهُمَّ مَتِّعْنِي بِزَوْجِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَبِأَبِي أَبِي سُفْيَانَ، وَبِأَخِي مُعَاوِيَةَ». قَالَ: فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّكِ سَأَلْتِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ لِآجَالٍ مَضْرُوبَةٍ، وَآثَارٍ مَوْطُوءَةٍ، وَأَرْزَاقٍ مَقْسُومَةٍ، لَا يُعَجِّلُ شَيْئًا مِنْهَا قَبْلَ حِلِّهِ، وَلَا يُؤَخِّرُ مِنْهَا شَيْئًا بَعْدَ حِلِّهِ، وَلَوْ سَأَلْتِ اللَّهَ أَنْ يُعَافِيَكِ مِنْ عَذَابٍ فِي النَّارِ، وَعَذَابٍ فِي الْقَبْرِ، لَكَانَ خَيْرًا لَكِ». قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الْقِرَدَةُ وَالْخَنَازِيرُ هِيَ مِمَّا مُسِخَ؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَمْ يُهْلِكْ قَوْمًا أَوْ يُعَذِّبْ قَوْمًا فَيَجْعَلَ لَهُمْ نَسْلًا، وَإِنَّ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ كَانُوا قَبْلَ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Үммі Хабиба: “Уа, Алла! Жұбайым Алла Елшісінің (с.а.с.), әкем Әбу Суфиянның және бауырым Мұғауияның қызығын ұзақ көруді маған нәсіп ете гөр!” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Сен Ұлы әрі Құдіретті Алладан белгіленіп қойған ажал мерзімдеріне, басып өтетін ғұмыр жолдарына және бөлініп қойған ризықтарға қатысты тілек тіледің. Алла олардың ешбірін мерзімі келмей тұрып ілгерілетпейді де, ешбірін белгіленген уақытынан кейінге қалдырмайды. Егер Алладан өзіңді Тозақ азабынан және қабір азабынан аман сақтауын сұрағаныңда, бұл сен үшін қайырлырақ болар еді”, – деді. Бір адам: “Уа, Расулалла! Маймылдар мен доңыздар кейпі өзгертілгендерден тараған ба?” – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла қандай да бір қауымды жойып немесе осылай азапқа салып, содан кейін оларға ұрпақ қалдырған емес. Маймылдар мен доңыздар бұған дейін де болған”, – деді» (2663/33).