عَنْ صَفْوَانَ (وَهُوَ ابْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ صَفْوَانَ، وَكَانَتْ تَحْتَهُ الدَّرْدَاءُ) قَالَ: قَدِمْتُ الشَّامَ، فَأَتَيْتُ أَبَا الدَّرْدَاءِ فِي مَنْزِلِهِ، فَلَمْ أَجِدْهُ، وَوَجَدْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ، فَقَالَتْ: «أَتُرِيدُ الْحَجَّ الْعَامَ؟» فَقُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَتْ: «فَادْعُ اللَّهَ لَنَا بِخَيْرٍ، فَإِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: “دَعْوَةُ الْمَرْءِ الْمُسْلِمِ لِأَخِيهِ بِظَهْرِ الْغَيْبِ مُسْتَجَابَةٌ، عِنْدَ رَأْسِهِ مَلَكٌ مُوَكَّلٌ، كُلَّمَا دَعَا لِأَخِيهِ بِخَيْرٍ، قَالَ الْمَلَكُ الْمُوَكَّلُ بِهِ: ‘آمِينَ، وَلَكَ بِمِثْلٍ’”». قَالَ: فَخَرَجْتُ إِلَى السُّوقِ، فَلَقِيتُ أَبَا الدَّرْدَاءِ، فَقَالَ لِي مِثْلَ ذَلِكَ يَرْوِيهِ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ.
Абдулла ибн Сафуанның ұлы Сафуан Дәрдаға үйленген еді. Ол былай деді: «Мен Шамға келіп, Әбу Дәрданың үйіне бардым. Оны таба алмадым, алайда Үммі Дәрданы кездестірдім. Ол менен: “Биыл қажылыққа бармақсың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Біз үшін Алладан жақсылық тілеп дұға ет. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): ‘Мұсылман адамның бауыры үшін оның сыртынан жасаған дұғасы қабыл болады. Оның бас жағында арнайы тағайындалған бір періште тұрады. Ол бауыры үшін жақсылық тілеп дұға еткен сайын, әлгі періште: ‹Әмин! Саған да сондайы берілсін›, – дейді’, – дейтін”, – деді. Содан кейін базарға шығып, Әбу Дәрдамен кездестім. Ол да маған Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп, дәл сондай сөз айтты», – деді (2733/88).