Хадис
كِتَابُ الدُّعَاءِ

Дұға кітабы

Сахих Мүслим, 57-кітап · 22 хадис · № 1864–1885

Мазмұны: 15 бап
  1. 1Ұлы әрі Құдіретті Алланың есімдері және оларды түгел меңгерген адам туралы
  2. 2Пайғамбардың (с.а.с.) дұғасы туралы
  3. 3«Уа, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, маған амандық бер және маған ризық бер» деп дұға ету туралы
  4. 4«Уа, Алла! Бізге дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді Тозақ азабынан сақта» деп дұға ету туралы
  5. 5Тура жол мен туралық сұрап дұға ету туралы
  6. 6Өзі істеген ізгі амалдарын себеп етіп дұға ету туралы
  7. 7Қатты қиналған кезде дұға ету туралы
  8. 8Пенде асығыстық танытпаса, оның дұғасы қабыл болады
  9. 9Дұғада тілекті нық білдіру және «Қаласаң» деп айтпау туралы
  10. 10Түнде дұға қабыл болатын бір уақыт бар
  11. 11Түннің соңында дұға етуге және Алланы еске алуға ынталандыру әрі сол уақытта дұғаның қабыл болуы туралы
  12. 12Әтештер шақырған кезде дұға ету туралы
  13. 13Мұсылман үшін оның сыртынан дұға ету туралы
  14. 14Бұл дүниеде жазаның тезірек келуін сұрап дұға етудің құпталмайтыны туралы
  15. 15Басына түскен қиындыққа бола өлім тілеудің құпталмайтыны және жақсылық сұрап дұға ету туралы
بَابٌ: فِي أَسْمَاءِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَفِيمَنْ أَحْصَاهَا

1-бапҰлы әрі Құдіретті Алланың есімдері және оларды түгел меңгерген адам туралы

1864
Мүслим, № 1864Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ لِلَّهِ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ اسْمًا، مَنْ حَفِظَهَا دَخَلَ الْجَنَّةَ، وَاللَّهُ وِتْرٌ يُحِبُّ الْوِتْرَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттаса, Жәннатқа кіреді. Алла – Бір әрі тақ санды жақсы көреді» (2677/5).

بَابٌ: دُعَاءُ النَّبِيِّ ﷺ

2-бапПайғамбардың (с.а.с.) дұғасы туралы

1865
Мүслим, № 1865

عَنْ فَرْوَةَ بْنِ نَوْفَلٍ الْأَشْجَعِيِّ، قَالَ: سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَمَّا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْعُو بِهِ رَبَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، قَالَتْ: كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا عَمِلْتُ وَشَرِّ مَا لَمْ أَعْمَلْ».

Қазақша аудармасы

Фәруа ибн Науфәл әл-Ашжағи былай деді: «Мен Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) Ұлы әрі Құдіретті Раббысына қандай дұға ететінін сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Уа, Алла! Істеген істерімнің жамандығынан және істемеген істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын’, – дейтін”, – деді» (2716/65).

1866
Мүслим, № 1866Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِعِزَّتِكَ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، أَنْ تُضِلَّنِي، أَنْتَ الْحَيُّ الَّذِي لَا يَمُوتُ، وَالْجِنُّ وَالْإِنْسُ يَمُوتُونَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына дұғаны айтатынын жеткізді: «Уа, Алла! Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Саған бет бұрдым және Сенің жәрдеміңмен қарсыластарыммен тартыстым. Уа, Алла! Құдіретіңе сыйынып, мені адастыруыңнан пана тілеймін. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сен – ешқашан өлмейтін Мәңгі Тіріссің. Ал жындар мен адамдар өледі» (2717/67).

1867
Мүслим, № 1867Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا كَانَ فِي سَفَرٍ وَأَسْحَرَ يَقُولُ: «سَمَّعَ سَامِعٌ بِحَمْدِ اللَّهِ وَحُسْنِ بَلَائِهِ عَلَيْنَا، رَبَّنَا صَاحِبْنَا وَأَفْضِلْ عَلَيْنَا، عَائِذًا بِاللَّهِ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) сапарда жүргенде, таң алдында: «Аллаға айтқан мадағымызды әрі Оның бізге жасаған жақсылықтарын естіген жан өзгелерге де жеткізсін! Уа, Раббымыз! Бізді қамқорлығыңа алып, кеңшілігіңді жаудыра гөр. Тозақтан Аллаға сыйынамын», – дейтінін жеткізді (2718/68).

1868
Мүслим, № 1868Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهُ كَانَ يَدْعُو بِهَذَا الدُّعَاءِ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي خَطِيئَتِي وَجَهْلِي، وَإِسْرَافِي فِي أَمْرِي، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي. اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي جِدِّي وَهَزْلِي، وَخَطَئِي وَعَمْدِي، وَكُلُّ ذَلِكَ عِنْدِي. اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي. أَنْتَ الْمُقَدِّمُ وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، وَأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари Пайғамбардың (с.а.с.) мына дұғаны айтатынын жеткізді: «Уа, Алла! Күнәларымды, білместігімді, ісімдегі шектен шығушылығымды және өзімнен гөрі Өзің жақсы білетін барша айыбымды кешіре гөр. Уа, Алла! Шындап та, әзілдеп те істегенімді, қателесіп те, әдейі де жасағанымды кешіре гөр. Мұның бәрі де менде бар. Уа, Алла! Бұрынғы және кейінгі күнәларымды, жасырын және жария істерімді әрі өзімнен гөрі Өзің жақсы білетін барша айыбымды кешіре гөр. Ілгерілетуші де, кейін қалдырушы да – Сенсің. Сенің барлық нәрсеге құдіретің жетеді» (2719/70).

1869
Мүслим, № 1869Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла! Бар ісімнің қорғаны болған дінімді түзете гөр! Тіршілігім өтетін дүниемді түзете гөр! Қайтып баратын мекенім болған ақыретімді түзете гөр! Өмірімді жақсылығымды арттыруға себеп ет әрі өлімімді барлық жамандықтан тынығуыма себеп ет!” – деп дұға ететін», – деді (2720/71).

1870
Мүслим, № 1870Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Уа, Алла! Расында, Сенен тура жолды, тақуалықты, пәктікті және мұқтаж болмауды сұраймын», – деп дұға ететінін жеткізді (2721/72).

1871
Мүслим, № 1871Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ قَالَ: «لَا أَقُولُ لَكُمْ إِلَّا كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ. كَانَ يَقُولُ: “اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ، وَالْكَسَلِ، وَالْجُبْنِ، وَالْبُخْلِ، وَالْهَرَمِ، وَعَذَابِ الْقَبْرِ. اللَّهُمَّ آتِ نَفْسِي تَقْوَاهَا، وَزَكِّهَا أَنْتَ خَيْرُ مَنْ زَكَّاهَا، أَنْتَ وَلِيُّهَا وَمَوْلَاهَا. اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لَا يُسْتَجَابُ لَهَا”».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқам: «Мен сендерге Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқанындай ғана айтамын. Ол: “Уа, Алла! Расында, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қаусап қартаюдан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын. Уа, Алла! Нәпсіме тақуалық нәсіп етіп, оны тазарта гөр! Оны ең жақсы тазартушы – Сенсің. Сен – оның Қамқоршысы әрі Иесісің. Уа, Алла! Пайда бермейтін ілімнен, именбейтін жүректен, еш тоймайтын нәпсіден және қабыл болмайтын дұғадан Өзіңе сыйынамын”, – деп дұға ететін», – деді (2722/73).

بَابٌ: الدُّعَاءُ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي وَعَافِنِي وَارْزُقْنِي»

3-бап«Уа, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, маған амандық бер және маған ризық бер» деп дұға ету туралы

1872
Мүслим, № 1872

عَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْجَعِيِّ، عَنْ أَبِيهِ، أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ وَأَتَاهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ أَقُولُ حِينَ أَسْأَلُ رَبِّي عَزَّ وَجَلَّ؟» قَالَ: «قُلْ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي، وَارْحَمْنِي، وَعَافِنِي، وَارْزُقْنِي”» (وَيَجْمَعُ أَصَابِعَهُ إِلَّا الْإِبْهَامَ) «فَإِنَّ هَؤُلَاءِ تَجْمَعُ لَكَ دُنْيَاكَ وَآخِرَتَكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәлик әл-Ашжағи әкесінің Пайғамбардан (с.а.с.) мына сөздерді естігенін жеткізді. Бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Ұлы әрі Құдіретті Раббымнан сұрағанда не деймін?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «“Уа, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, маған амандық бер әрі маған ризық бер”, – де», – деді де, бас бармағынан өзге саусақтарын жинап: «Өйткені бұл сөздер сенің дүниең мен ақыретіңдегі игілікті қамтиды», – деді (2697/36).

بَابٌ: الدُّعَاءُ: «اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ»

4-бап«Уа, Алла! Бізге дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді Тозақ азабынан сақта» деп дұға ету туралы

1873
Мүслим, № 1873

عَنْ عَبْدِ الْعَزِيزِ (وَهُوَ ابْنُ صُهَيْبٍ)، قَالَ: سَأَلَ قَتَادَةُ أَنَسًا: «أَيُّ دَعْوَةٍ كَانَ يَدْعُو بِهَا النَّبِيُّ ﷺ أَكْثَرَ؟» قَالَ: كَانَ أَكْثَرُ دَعْوَةٍ يَدْعُو بِهَا يَقُولُ: «اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ». قَالَ: وَكَانَ أَنَسٌ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَدْعُوَ بِدَعْوَةٍ دَعَا بِهَا، فَإِذَا أَرَادَ أَنْ يَدْعُوَ بِدُعَاءٍ دَعَا بِهَا فِيهِ.

Қазақша аудармасы

Абдуләзиз ибн Суһайбтың жеткізуінше, Қатада Әнәстен: «Пайғамбар (с.а.с.) ең көп қандай дұға айтатын еді?» – деп сұрады. Әнәс: «Оның ең көп айтатын дұғасы: “Уа, Алла! Бізге дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді Тозақ азабынан сақта”, – деген дұға еді», – деп жауап берді. Әнәс бір дұға айтқысы келсе, осы дұғаны айтатын. Ал өзге дұға айтқысы келсе, осы дұғаны да соған қосатын (2690/26).

بَابٌ: الدُّعَاءُ بِالْهِدَايَةِ وَالسَّدَادِ

5-бапТура жол мен туралық сұрап дұға ету туралы

1874
Мүслим, № 1874Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُلِ: “اللَّهُمَّ اِهْدِنِي وَسَدِّدْنِي”، وَاذْكُرْ بِالْهُدَى هِدَايَتَكَ الطَّرِيقَ، وَالسَّدَادِ سَدَادَ السَّهْمِ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “‘Уа, Алла! Мені тура жолға сал әрі туралық нәсіп ет’, – де. ‘Тура жол’ дегенде жолға дұрыс бағыт алуды, ал ‘туралық’ дегенде жебенің нысанаға дәл тиюін есіңе ал”, – деді» (2725/78).

بَابٌ: الدُّعَاءُ بِمَا عَمِلَ مِنَ الْأَعْمَالِ الصَّالِحَةِ

6-бапӨзі істеген ізгі амалдарын себеп етіп дұға ету туралы

1875
Мүслим, № 1875Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «بَيْنَمَا ثَلَاثَةُ نَفَرٍ يَتَمَشَّوْنَ أَخَذَهُمُ الْمَطَرُ، فَأَوَوْا إِلَى غَارٍ فِي جَبَلٍ، فَانْحَطَّتْ عَلَى فَمِ غَارِهِمْ صَخْرَةٌ مِنَ الْجَبَلِ، فَانْطَبَقَتْ عَلَيْهِمْ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: “اُنْظُرُوا أَعْمَالًا عَمِلْتُمُوهَا صَالِحَةً لِلَّهِ، فَادْعُوا اللَّهَ تَعَالَى بِهَا، لَعَلَّ اللَّهَ يَفْرُجُهَا عَنْكُمْ”. فَقَالَ أَحَدُهُمْ: “اللَّهُمَّ إِنَّهُ كَانَ لِي وَالِدَانِ شَيْخَانِ كَبِيرَانِ، وَامْرَأَتِي، وَلِي صِبْيَةٌ صِغَارٌ أَرْعَى عَلَيْهِمْ، فَإِذَا أَرَحْتُ عَلَيْهِمْ، حَلَبْتُ، فَبَدَأْتُ بِوَالِدَيَّ، فَسَقَيْتُهُمَا قَبْلَ بَنِيَّ، وَإِنِّي نَأَى بِي ذَاتَ يَوْمٍ الشَّجَرُ، فَلَمْ آتِ حَتَّى أَمْسَيْتُ، فَوَجَدْتُهُمَا قَدْ نَامَا، فَحَلَبْتُ كَمَا كُنْتُ أَحْلُبُ، فَجِئْتُ بِالْحِلَابِ، فَقُمْتُ عِنْدَ رُءُوسِهِمَا أَكْرَهُ أَنْ أُوقِظَهُمَا مِنْ نَوْمِهِمَا، وَأَكْرَهُ أَنْ أَسْقِيَ الصِّبْيَةَ قَبْلَهُمَا، وَالصِّبْيَةُ يَتَضَاغَوْنَ عِنْدَ قَدَمَيَّ، فَلَمْ يَزَلْ ذَلِكَ دَأْبِي وَدَأْبَهُمْ حَتَّى طَلَعَ الْفَجْرُ، فَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنِّي فَعَلْتُ ذَلِكَ اِبْتِغَاءَ وَجْهِكَ، فَافْرُجْ لَنَا مِنْهَا فُرْجَةً، نَرَى مِنْهَا السَّمَاءَ”. فَفَرَجَ اللَّهُ مِنْهَا فُرْجَةً، فَرَأَوْا مِنْهَا السَّمَاءَ، وَقَالَ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ إِنَّهُ كَانَتْ لِيَ ابْنَةُ عَمٍّ أَحْبَبْتُهَا كَأَشَدِّ مَا يُحِبُّ الرِّجَالُ النِّسَاءَ، وَطَلَبْتُ إِلَيْهَا نَفْسَهَا، فَأَبَتْ حَتَّى آتِيَهَا بِمِائَةِ دِينَارٍ، فَتَعِبْتُ حَتَّى جَمَعْتُ مِائَةَ دِينَارٍ، فَجِئْتُهَا بِهَا، فَلَمَّا وَقَعْتُ بَيْنَ رِجْلَيْهَا، قَالَتْ: ‘يَا عَبْدَ اللَّهِ، اِتَّقِ اللَّهَ، وَلَا تَفْتَحِ الْخَاتَمَ إِلَّا بِحَقِّهِ’. فَقُمْتُ عَنْهَا، فَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنِّي فَعَلْتُ ذَلِكَ اِبْتِغَاءَ وَجْهِكَ، فَافْرُجْ لَنَا مِنْهَا فُرْجَةً”. فَفَرَجَ لَهُمْ، وَقَالَ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ إِنِّي كُنْتُ اِسْتَأْجَرْتُ أَجِيرًا بِفَرَقِ أَرُزٍّ، فَلَمَّا قَضَى عَمَلَهُ قَالَ: ‘أَعْطِنِي حَقِّي’. فَعَرَضْتُ عَلَيْهِ فَرَقَهُ فَرَغِبَ عَنْهُ، فَلَمْ أَزَلْ أَزْرَعُهُ حَتَّى جَمَعْتُ مِنْهُ بَقَرًا وَرِعَاءَهَا، فَجَاءَنِي فَقَالَ: ‘اِتَّقِ اللَّهَ وَلَا تَظْلِمْنِي حَقِّي’. قُلْتُ: ‘اِذْهَبْ إِلَى تِلْكَ الْبَقَرِ وَرِعَائِهَا، فَخُذْهَا’. فَقَالَ: ‘اِتَّقِ اللَّهَ وَلَا تَسْتَهْزِئْ بِي’. فَقُلْتُ: ‘إِنِّي لَا أَسْتَهْزِئُ بِكَ، خُذْ ذَلِكَ الْبَقَرَ وَرِعَاءَهَا’. فَأَخَذَهُ فَذَهَبَ بِهِ، فَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنِّي فَعَلْتُ ذَلِكَ اِبْتِغَاءَ وَجْهِكَ، فَافْرُجْ لَنَا مَا بَقِيَ”. فَفَرَجَ اللَّهُ مَا بَقِيَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Үш кісі жаяу келе жатып жаңбырға тап болды да, таудағы бір үңгірді паналады. Сол кезде таудан бір жартас домалап түсіп, үңгірдің аузын тұтастай жауып қалды. Олар бір-біріне: “Алланың разылығы үшін істеген ізгі амалдарыңды еске түсіріңдер де, сол амалдарыңды дәнекер етіп, Алла Тағалаға дұға етіңдер. Бәлкім, Алла бұл тасты ығыстырып, сендерге жол ашар”, – десті. Сонда олардың бірі: “Уа, Алла! Менің қартайған әке-шешем, әйелім және кішкентай балаларым бар еді. Олардың күнкөрісін қамдау үшін мал бағатынмын. Кешке малды өрістен айдап келген соң сауып, алдымен ата-анама ішкізетінмін де, балаларыма олардан кейін ғана беретінмін. Бір күні малға жайылым іздеп, ағашты өңірге ұзап кеттім де, үйге кеш батқанда ғана оралдым. Келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Әдеттегідей малды сауып, сүтті алып келдім де, олардың бас жағында тұрып күттім. Оларды ұйқысынан оятуға қимадым, ал балаларыма ата-анамнан бұрын сүт беруге көңілім дауаламады. Балаларым аяғымның түбінде шырылдап жатты. Біздің осы күйіміз таң атқанша жалғасты. Уа, Алла! Егер мұны Сенің разылығыңды көздеп істегенімді білсең, бізге аспанды көретіндей саңылау аша гөр”, – деді. Сонда Алла жартасты сәл ығыстырып, саңылау ашты да, олар сол жерден аспанды көрді. Екінші кісі: “Уа, Алла! Әкемнің бауырының бір қызы бар еді. Еркек әйелді қаншалықты қатты сүйе алса, мен де оны соншалықты қатты сүйдім. Одан өзіме берілуін сұрадым. Ол жүз динар әкелмейінше бұған келіспеді. Мен көп еңбек етіп, жүз динар жинадым да, оған алып келдім. Онымен жақындаспақ болып, екі аяғының арасына жайғасқанымда, ол: ‘Уа, Алланың құлы! Алладан қорық! Мөрді тек адал жолмен ғана аш!’ – деді. Сонда мен дереу одан алыстадым. Уа, Алла! Егер мұны Сенің разылығыңды көздеп істегенімді білсең, бізге тағы да саңылау аша гөр”, – деді. Сонда Алла жартасты тағы да ығыстырды. Үшінші кісі: “Уа, Алла! Мен бір жұмысшыны ақысына бір фарақ күріш беруге келісіп жалдаған едім. Ол жұмысын аяқтаған соң: ‘Ақымды бер’, – деді. Мен оған тиесілі бір фарақ күрішті ұсындым, бірақ ол одан бас тартты. Мен сол күрішті егіп, өнімін көбейте бердім. Ақырында соның есебінен бір табын сиыр жинап, оларды бағатын бақташылар ұстадым. Біраз уақыттан кейін әлгі жұмысшы келіп: ‘Алладан қорық, менің ақымды жеп, маған зұлымдық жасама’, – деді. Мен: ‘Ана сиырлар мен оларды бағып жүрген бақташыларға бар да, бәрін алып кет’, – дедім. Ол: ‘Алладан қорық, мені мазақ етпе’, – деді. Мен: ‘Мен сені мазақ етіп тұрған жоқпын. Сол сиырлар мен оларды бағып жүрген бақташылардың бәрін ал’, – дедім. Ол бәрін алып, айдап кетті. Уа, Алла! Егер мұны Сенің разылығыңды көздеп істегенімді білсең, жартастың қалған бөлігін де ығыстыра гөр”, – деді. Сонда Алла қалған кедергіні де алып тастады» (2743/100).

بَابٌ: الدُّعَاءُ عِنْدَ الْكَرْبِ

7-бапҚатты қиналған кезде дұға ету туралы

1876
Мүслим, № 1876Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَرَبُّ الْأَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алланың Пайғамбары (с.а.с.) қатты қиналғанда мына дұғаны айтатынын жеткізді: «Ұлы әрі аса Ұстамды Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ұлы Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі ардақты Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ» (2730/83).

بَابٌ: يُسْتَجَابُ لِلْعَبْدِ مَا لَمْ يَعْجَلْ

8-бапПенде асығыстық танытпаса, оның дұғасы қабыл болады

1877
Мүслим, № 1877Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا يَزَالُ يُسْتَجَابُ لِلْعَبْدِ، مَا لَمْ يَدْعُ بِإِثْمٍ أَوْ قَطِيعَةِ رَحِمٍ، مَا لَمْ يَسْتَعْجِلْ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا الِاسْتِعْجَالُ؟» قَالَ: «يَقُولُ: “قَدْ دَعَوْتُ وَقَدْ دَعَوْتُ، فَلَمْ أَرَ يُسْتَجَابُ لِي”، فَيَسْتَحْسِرُ عِنْدَ ذَلِكَ وَيَدَعُ الدُّعَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Пенде күнәлі нәрсені немесе туыстық қатынасты үзуді сұрап дұға етпесе әрі асығыстық танытпаса, оның дұғасы қабыл бола береді». «Уа, Алланың Елшісі! Асығыстық деген не?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Адам: “Дұға еттім, тағы да дұға еттім, бірақ дұғамның қабыл болғанын көрмедім”, – дейді. Содан кейін түңіліп, дұға етуді тастайды», – деп жауап берді (2735/92).

بَابٌ: الْعَزْمُ فِي الدُّعَاءِ، وَلَا يَقُلْ: «إِنْ شِئْتَ»

9-бапДұғада тілекті нық білдіру және «Қаласаң» деп айтпау туралы

1878
Мүслим, № 1878Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي إِنْ شِئْتَ، اللَّهُمَّ اِرْحَمْنِي إِنْ شِئْتَ”. لِيَعْزِمْ فِي الدُّعَاءِ، فَإِنَّ اللَّهَ صَانِعٌ مَا شَاءَ، لَا مُكْرِهَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сендердің ешбірің: “Уа, Алла! Қаласаң, мені кешіре гөр. Уа, Алла! Қаласаң, маған рақым ете гөр”, – демесін. Дұғасында тілегін нық білдірсін. Өйткені Алла қалағанын істейді әрі Оны ешкім мәжбүрлей алмайды» (2679/9).

بَابٌ: فِي اللَّيْلِ سَاعَةٌ يُسْتَجَابُ فِيهَا

10-бапТүнде дұға қабыл болатын бір уақыт бар

1879
Мүслим, № 1879Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ فِي اللَّيْلِ سَاعَةً لَا يُوَافِقُهَا رَجُلٌ مُسْلِمٌ، يَسْأَلُ اللَّهَ خَيْرًا مِنْ أَمْرِ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، إِلَّا أَعْطَاهُ إِيَّاهُ، وَذَلِكَ كُلَّ لَيْلَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, түнде бір мезгіл бар. Мұсылман адам сол мезгілге тұспа-тұс келіп, Алладан дүние мен ақыретке қатысты бір игілік сұраса, Алла оған сұрағанын міндетті түрде береді. Бұл әр түні болады”, – дегенін естідім», – деді (757/166).

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي الدُّعَاءِ وَالذِّكْرِ فِي آخِرِ اللَّيْلِ وَالْإِجَابَةِ فِيهِ

11-бапТүннің соңында дұға етуге және Алланы еске алуға ынталандыру әрі сол уақытта дұғаның қабыл болуы туралы

1880
Мүслим, № 1880Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَنْزِلُ رَبُّنَا تَبَارَكَ وَتَعَالَى فِي كُلِّ لَيْلَةٍ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا، حِينَ يَبْقَى ثُلُثُ اللَّيْلِ الْآخِرُ، فَيَقُولُ: “مَنْ يَدْعُونِي فَأَسْتَجِيبَ لَهُ؟ وَمَنْ يَسْأَلُنِي فَأُعْطِيَهُ؟ وَمَنْ يَسْتَغْفِرُنِي فَأَغْفِرَ لَهُ؟”»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Берекесі шексіз әрі аса Жоғары Раббымыз әр түні түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда ең төменгі аспанға түсіп: “Кім Маған дұға етеді, оның дұғасын қабыл етейін? Кім Менен сұрайды, оған берейін? Кім Менен кешірім тілейді, оны кешірейін?” – дейді», – деген (758/168).

بَابٌ: الدُّعَاءُ عِنْدَ صِيَاحِ الدِّيَكَةِ

12-бапӘтештер шақырған кезде дұға ету туралы

1881
Мүслим, № 1881Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا سَمِعْتُمْ صِيَاحَ الدِّيَكَةِ، فَاسْأَلُوا اللَّهَ تَعَالَى مِنْ فَضْلِهِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ مَلَكًا، وَإِذَا سَمِعْتُمْ نَهِيقَ الْحِمَارِ، فَتَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ شَيْطَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Әтештердің шақырғанын естігенде, Алла Тағаладан Оның кеңшілігін сұраңдар. Өйткені олар періштені көрген. Ал есектің ақырғанын естігенде, шайтанның жамандығынан Аллаға сыйыныңдар. Өйткені ол шайтанды көрген» (2729/82).

بَابٌ: الدُّعَاءُ لِلْمُسْلِمِ بِظَهْرِ الْغَيْبِ

13-бапМұсылман үшін оның сыртынан дұға ету туралы

1882
Мүслим, № 1882

عَنْ صَفْوَانَ (وَهُوَ ابْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ صَفْوَانَ، وَكَانَتْ تَحْتَهُ الدَّرْدَاءُ) قَالَ: قَدِمْتُ الشَّامَ، فَأَتَيْتُ أَبَا الدَّرْدَاءِ فِي مَنْزِلِهِ، فَلَمْ أَجِدْهُ، وَوَجَدْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ، فَقَالَتْ: «أَتُرِيدُ الْحَجَّ الْعَامَ؟» فَقُلْتُ: «نَعَمْ». قَالَتْ: «فَادْعُ اللَّهَ لَنَا بِخَيْرٍ، فَإِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: “دَعْوَةُ الْمَرْءِ الْمُسْلِمِ لِأَخِيهِ بِظَهْرِ الْغَيْبِ مُسْتَجَابَةٌ، عِنْدَ رَأْسِهِ مَلَكٌ مُوَكَّلٌ، كُلَّمَا دَعَا لِأَخِيهِ بِخَيْرٍ، قَالَ الْمَلَكُ الْمُوَكَّلُ بِهِ: ‘آمِينَ، وَلَكَ بِمِثْلٍ’”». قَالَ: فَخَرَجْتُ إِلَى السُّوقِ، فَلَقِيتُ أَبَا الدَّرْدَاءِ، فَقَالَ لِي مِثْلَ ذَلِكَ يَرْوِيهِ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сафуанның ұлы Сафуан Дәрдаға үйленген еді. Ол былай деді: «Мен Шамға келіп, Әбу Дәрданың үйіне бардым. Оны таба алмадым, алайда Үммі Дәрданы кездестірдім. Ол менен: “Биыл қажылыққа бармақсың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Біз үшін Алладан жақсылық тілеп дұға ет. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): ‘Мұсылман адамның бауыры үшін оның сыртынан жасаған дұғасы қабыл болады. Оның бас жағында арнайы тағайындалған бір періште тұрады. Ол бауыры үшін жақсылық тілеп дұға еткен сайын, әлгі періште: ‹Әмин! Саған да сондайы берілсін›, – дейді’, – дейтін”, – деді. Содан кейін базарға шығып, Әбу Дәрдамен кездестім. Ол да маған Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп, дәл сондай сөз айтты», – деді (2733/88).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ الدُّعَاءِ بِتَعْجِيلِ الْعُقُوبَةِ فِي الدُّنْيَا

14-бапБұл дүниеде жазаның тезірек келуін сұрап дұға етудің құпталмайтыны туралы

1883
Мүслим, № 1883Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَادَ رَجُلًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ قَدْ خَفَتَ فَصَارَ مِثْلَ الْفَرْخِ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَلْ كُنْتَ تَدْعُو بِشَيْءٍ أَوْ تَسْأَلُهُ إِيَّاهُ؟» قَالَ: «نَعَمْ، كُنْتُ أَقُولُ: “اللَّهُمَّ مَا كُنْتَ مُعَاقِبِي بِهِ فِي الْآخِرَةِ، فَعَجِّلْهُ لِي فِي الدُّنْيَا”». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سُبْحَانَ اللَّهِ! لَا تُطِيقُهُ» (أَوْ: «لَا تَسْتَطِيعُهُ») «أَفَلَا قُلْتَ: “اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ”؟» قَالَ: فَدَعَا اللَّهَ لَهُ، فَشَفَاهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) әбден жүдеп, балапандай болып қалған бір мұсылманның көңілін сұрап барғанын жеткізді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: «Сен бұған дейін Алладан бір нәрсе тілеп, соны сұрап дұға еттің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә. Мен: “Уа, Алла! Ақыретте мені немен жазалайтын болсаң, сол жазаны осы дүниеде тезірек бере гөр”, – деп дұға ететінмін», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла барлық кемшіліктен пәк! Сен оған төзе алмайсың (немесе: “Оған шамаң жетпейді”)! Неге: “Уа, Алла! Бізге дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді Тозақ азабынан сақта”, – деп айтпадың?» – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін Аллаға дұға етті. Сонда Алла оған шипа берді (2688/23).

بَابٌ: فِي كَرَاهِيَةِ تَمَنِّي الْمَوْتِ لِضُرٍّ يَنْزِلُ وَالدُّعَاءِ بِالْخَيْرِ

15-бапБасына түскен қиындыққа бола өлім тілеудің құпталмайтыны және жақсылық сұрап дұға ету туралы

1884
Мүслим, № 1884Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ لِضُرٍّ نَزَلَ بِهِ، فَإِنْ كَانَ لَا بُدَّ مُتَمَنِّيًا فَلْيَقُلْ: “اللَّهُمَّ أَحْيِنِي مَا كَانَتِ الْحَيَاةُ خَيْرًا لِي، وَتَوَفَّنِي إِذَا كَانَتِ الْوَفَاةُ خَيْرًا لِي”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сендердің ешқайсың басына түскен қиындық салдарынан өлім тілемесін. Егер өлім тілемей тұра алмайтын болса: “Уа, Алла! Өмір сүру мен үшін қайырлы болғанша мені тірі қалдыр, ал өлім мен үшін қайырлы болса, жанымды ал”, – десін» (2680/10).

1885
Мүслим, № 1885Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ، وَلَا يَدْعُ بِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُ، إِنَّهُ إِذَا مَاتَ أَحَدُكُمُ انْقَطَعَ عَمَلُهُ، وَإِنَّهُ لَا يَزِيدُ الْمُؤْمِنَ عُمْرُهُ إِلَّا خَيْرًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сендердің ешқайсың өлім тілемесін әрі өлім келмей тұрып, оны сұрап дұға етпесін. Расында, сендердің бірің қайтыс болғанда, оның амалы тоқтайды. Мүміннің ғұмырының ұзаруы оған тек жақсылық қосады» (2682/13).