Хадис
كِتَابُ الذِّكْرِ

Зікір (Алланы еске алу) кітабы

Сахих Мүслим, 58-кітап · 24 хадис · № 1886–1909

Мазмұны: 16 бап
  1. 1Алланы еске алуға, Оған жақындауға және Оны үнемі еске алуға ынталандыру туралы
  2. 2Зікірді үзбей айту және оны тоқтату туралы
  3. 3Алла Тағаланың Кітабын оқу үшін жиналу туралы
  4. 4Алланы еске алып, Оны мадақтап отырған адамды Алла періштелерінің алдында мақтан тұтады
  5. 5Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алу, дұға ету және кешірім сұрау мәжілістерінің артықшылығы туралы
  6. 6Алланы еске алатын ерлер мен әйелдер туралы
  7. 7«Алладан басқа тәңір жоқ» деп айту туралы
  8. 8Зікірді дауыстап айту туралы
  9. 9Кешкі уақытта айтылатын сөздер туралы
  10. 10Ұйықтарда және төсекке жатқанда айтылатын сөздер туралы
  11. 11Таң намазынан кейін Алланы пәктеп, тасбих айту туралы
  12. 12Алланы пәктеп, тасбих айтудың артықшылықтары туралы
  13. 13«Алладан басқа тәңір жоқ», «Барлық мақтау Аллаға тән» және «Алла бәрінен ұлы» деп айту туралы
  14. 14Аллаға ең сүйікті сөз – «Алланы пәктеймін әрі Оған мақтау айтамын»
  15. 15Бір күнде жүз рет «Алладан басқа тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ» деп айтқан адам туралы
  16. 16Жүз рет Алланы пәктеп, тасбих айтқан адам туралы
بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي ذِكْرِ اللَّهِ وَالتَّقَرُّبِ إِلَيْهِ وَدَوَامِ ذِكْرِهِ

1-бапАлланы еске алуға, Оған жақындауға және Оны үнемі еске алуға ынталандыру туралы

1886
Мүслим, № 1886Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَقُولُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِي بِي، وَأَنَا مَعَهُ حِينَ يَذْكُرُنِي، فَإِنْ ذَكَرَنِي فِي نَفْسِهِ ذَكَرْتُهُ فِي نَفْسِي، وَإِنْ ذَكَرَنِي فِي مَلَإٍ ذَكَرْتُهُ فِي مَلَإٍ هُمْ خَيْرٌ مِنْهُمْ، وَإِنْ تَقَرَّبَ مِنِّي شِبْرًا تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعًا، وَإِنْ تَقَرَّبَ إِلَيَّ ذِرَاعًا تَقَرَّبْتُ مِنْهُ بَاعًا، وَإِنْ أَتَانِي يَمْشِي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен оған солай боламын әрі ол Мені еске алғанда, Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей еске алса, Мен де оны іштей еске аламын. Егер ол Мені бір қауымның арасында еске алса, Мен де оны солардан абзал бір қауымның арасында еске аламын. Кім Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Кім Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ал кім Маған жаяу келсе, Мен оған жүгіріп барамын”, – дейді» (2675/2).

بَابٌ: فِي الدَّوَامِ عَلَى الذِّكْرِ وَتَرْكِهِ

2-бапЗікірді үзбей айту және оны тоқтату туралы

1887
Мүслим, № 1887

عَنْ أَبِي عُثْمَانَ النَّهْدِيِّ، عَنْ حَنْظَلَةَ الْأُسَيِّدِيِّ، قَالَ (وَكَانَ مِنْ كُتَّابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ) قَالَ: لَقِيَنِي أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «كَيْفَ أَنْتَ يَا حَنْظَلَةُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «نَافَقَ حَنْظَلَةُ!» قَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ! مَا تَقُولُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «نَكُونُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُذَكِّرُنَا بِالنَّارِ وَالْجَنَّةِ، حَتَّى كَأَنَّا رَأْيُ الْعَيْنِ، فَإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَافَسْنَا الْأَزْوَاجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ، فَنَسِينَا كَثِيرًا». قَالَ أَبُو بَكْرٍ: «فَوَاللَّهِ، إِنَّا لَنَلْقَى مِثْلَ هَذَا». فَانْطَلَقْتُ أَنَا وَأَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ، حَتَّى دَخَلْنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: «نَافَقَ حَنْظَلَةُ يَا رَسُولَ اللَّهِ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَمَا ذَاكَ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَكُونُ عِنْدَكَ تُذَكِّرُنَا بِالنَّارِ وَالْجَنَّةِ، حَتَّى كَأَنَّا رَأْيُ عَيْنٍ، فَإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِكَ عَافَسْنَا الْأَزْوَاجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ، نَسِينَا كَثِيرًا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنْ لَوْ تَدُومُونَ عَلَى مَا تَكُونُونَ عِنْدِي وَفِي الذِّكْرِ لَصَافَحَتْكُمُ الْمَلَائِكَةُ عَلَى فُرُشِكُمْ وَفِي طُرُقِكُمْ، وَلَكِنْ يَا حَنْظَلَةُ، سَاعَةً وَسَاعَةً» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Осман ән-Нәһди Алла Елшісінің (с.а.с.) хатшыларының бірі болған Ханзала әл-Усәйдидің былай дегенін жеткізген: «Бірде маған Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) жолығып: “Қалайсың, уа, Ханзала?” – деп сұрады. Мен: “Ханзала мұнафық болып кетті”, – дедім. Ол: “Алла барлық кемшіліктен пәк! Не айтып тұрсың?” – деді. Мен: “Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында болғанымызда, ол бізге Тозақ пен Жәннатты еске салады. Сонда оларды өз көзімізбен көріп тұрғандай боламыз. Ал оның жанынан шыққан соң, жұбайларымызбен, балаларымызбен және шаруашылық істерімізбен айналысып, көп нәрсені ұмытып қаламыз”, – дедім. Әбу Бәкір: “Алланың атымен ант етейін, бізде де осындай жағдай болады”, – деді. Содан кейін Әбу Бәкір әс-Сыддық екеуміз Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына бардық. Мен: “Уа, Расулалла! Ханзала мұнафық болып кетті”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл қалай?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Біз сіздің жаныңызда болғанымызда, сіз бізге Тозақ пен Жәннатты еске саласыз. Сонда оларды өз көзімізбен көріп тұрғандай боламыз. Ал сіздің жаныңыздан шыққан соң, жұбайларымызбен, балаларымызбен және шаруашылық істерімізбен айналысып, көп нәрсені ұмытып қаламыз”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етейін! Егер сендер менің жанымда болғандағы әрі Алланы еске алғандағы күйлеріңді үнемі сақтасаңдар, періштелер сендермен төсектеріңде жатқанда да, жолда жүргенде де қол алысып амандасар еді. Алайда, уа, Ханзала, бір мезгіл – олай, бір мезгіл – бұлай”, – деп, мұны үш рет қайталады» (2750/12).

بَابٌ: فِي الِاجْتِمَاعِ عَلَى تِلَاوَةِ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى

3-бапАлла Тағаланың Кітабын оқу үшін жиналу туралы

1888
Мүслим, № 1888Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ نَفَّسَ عَنْ مُؤْمِنٍ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ الدُّنْيَا، نَفَّسَ اللَّهُ عَنْهُ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ. وَمَنْ يَسَّرَ عَلَى مُعْسِرٍ، يَسَّرَ اللَّهُ عَلَيْهِ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ. وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا، سَتَرَهُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ. وَاللَّهُ فِي عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِي عَوْنِ أَخِيهِ. وَمَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَلْتَمِسُ فِيهِ عِلْمًا، سَهَّلَ اللَّهُ لَهُ بِهِ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ. وَمَا اِجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمِ السَّكِينَةُ، وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ. وَمَنْ بَطَّأَ بِهِ عَمَلُهُ لَمْ يُسْرِعْ بِهِ نَسَبُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім мүміннің дүниедегі қиындықтарының бірін жеңілдетсе, Алла оның Қиямет күніндегі қиындықтарының бірін жеңілдетеді. Кім қарызын өтей алмай қиналған адамға жеңілдік жасаса, Алла оған дүние мен ақыретте жеңілдік береді. Кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла оның айыбын дүние мен ақыретте жасырады. Құл бауырына жәрдем етіп жүрген кезде, Алла да оған жәрдем етеді. Кім білім іздеп бір жолға түссе, Алла сол арқылы оған Жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Бір қауым Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың Кітабын оқып, оны өзара үйренсе, олар жан тыныштығына бөленеді, рақым оларды қамтиды, періштелер қоршап алады әрі Алла оларды Өз құзырындағылардың арасында еске алады. Кімді амалы кейін қалдырса, оны тегі ілгерілете алмайды» (2699/38).

بَابٌ: مَنْ جَلَسَ يَذْكُرُ اللَّهَ وَيَحْمَدُهُ يُبَاهِي بِهِ الْمَلَائِكَةَ

4-бапАлланы еске алып, Оны мадақтап отырған адамды Алла періштелерінің алдында мақтан тұтады

1889
Мүслим, № 1889Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، قَالَ: خَرَجَ مُعَاوِيَةُ عَلَى حَلْقَةٍ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «مَا أَجْلَسَكُمْ؟» قَالُوا: «جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ». قَالَ: «آللَّهِ، مَا أَجْلَسَكُمْ إِلَّا ذَاكَ؟» قَالُوا: «وَاللَّهِ، مَا أَجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ». قَالَ: «أَمَا إِنِّي لَمْ أَسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، وَمَا كَانَ أَحَدٌ بِمَنْزِلَتِي مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَقَلَّ عَنْهُ حَدِيثًا مِنِّي. وَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ عَلَى حَلْقَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: “مَا أَجْلَسَكُمْ؟” قَالُوا: “جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّهَ وَنَحْمَدُهُ عَلَى مَا هَدَانَا لِلْإِسْلَامِ وَمَنَّ بِهِ عَلَيْنَا”. قَالَ: “آللَّهِ، مَا أَجْلَسَكُمْ إِلَّا ذَاكَ؟” قَالُوا: “وَاللَّهِ، مَا أَجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ”. قَالَ: “أَمَا إِنِّي لَمْ أَسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، وَلَكِنَّهُ أَتَانِي جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ فَأَخْبَرَنِي أَنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُبَاهِي بِكُمُ الْمَلَائِكَةَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри былай деді: «Мұғауия мешітте алқа құрып отырған бір топтың жанына келіп: “Сендер не үшін жиналып отырсыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алу үшін отырмыз”, – деді. Ол: “Алланың атымен ант етіп айтыңдаршы, тек осы үшін жиналдыңдар ма?” – деп сұрады. Олар: “Алланың атымен ант етеміз, тек осы үшін жиналдық”, – деді. Сонда Мұғауия: “Мен сендерден күмәнданғандықтан ант ішкізген жоқпын. Алла Елшісіне (с.а.с.) мендей жақын болғандардың ішінде одан менен аз хадис жеткізген ешкім жоқ. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалары алқа құрып отырған жерге келіп: ‘Сендер не үшін жиналып отырсыңдар?’ – деп сұрады. Олар: ‘Алланы еске алу, бізді Исламға бағыттап, оны бізге нығмет еткені үшін Оған мадақ айту мақсатымен отырмыз’, – деді. Ол (с.а.с.): ‘Алланың атымен ант етіп айтыңдаршы, тек осы үшін жиналдыңдар ма?’ – деп сұрады. Олар: ‘Алланың атымен ант етеміз, тек осы үшін жиналдық’, – деді. Сонда ол (с.а.с.): ‘Мен сендерден күмәнданғандықтан ант ішкізген жоқпын. Алайда маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, Ұлы әрі Құдіретті Алланың сендерді періштелерінің алдында мақтан тұтатынын хабарлады’, – деді”, – деп айтты» (2701/40).

بَابٌ: فَضْلُ مَجَالِسِ الذِّكْرِ لِلَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَالدُّعَاءِ وَالِاسْتِغْفَارِ

5-бапҰлы әрі Құдіретті Алланы еске алу, дұға ету және кешірім сұрау мәжілістерінің артықшылығы туралы

1890
Мүслим, № 1890Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ لِلَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى مَلَائِكَةً سَيَّارَةً فُضُلًا يَتَتَبَّعُونَ مَجَالِسَ الذِّكْرِ، فَإِذَا وَجَدُوا مَجْلِسًا فِيهِ ذِكْرٌ قَعَدُوا مَعَهُمْ، وَحَفَّ بَعْضُهُمْ بَعْضًا بِأَجْنِحَتِهِمْ، حَتَّى يَمْلَؤُوا مَا بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ السَّمَاءِ الدُّنْيَا. فَإِذَا تَفَرَّقُوا عَرَجُوا وَصَعِدُوا إِلَى السَّمَاءِ. قَالَ: فَيَسْأَلُهُمُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، وَهُوَ أَعْلَمُ بِهِمْ: “مِنْ أَيْنَ جِئْتُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “جِئْنَا مِنْ عِنْدِ عِبَادٍ لَكَ فِي الْأَرْضِ يُسَبِّحُونَكَ وَيُكَبِّرُونَكَ وَيُهَلِّلُونَكَ وَيَحْمَدُونَكَ وَيَسْأَلُونَكَ”. قَالَ: “وَمَاذَا يَسْأَلُونِي؟” قَالُوا: “يَسْأَلُونَكَ جَنَّتَكَ”. قَالَ: “وَهَلْ رَأَوْا جَنَّتِي؟” قَالُوا: “لَا، أَيْ رَبِّ”. قَالَ: “فَكَيْفَ لَوْ رَأَوْا جَنَّتِي؟” قَالُوا: “وَيَسْتَجِيرُونَكَ”. قَالَ: “وَمِمَّا يَسْتَجِيرُونَنِي؟” قَالُوا: “مِنْ نَارِكَ يَا رَبِّ”. قَالَ: “وَهَلْ رَأَوْا نَارِي؟” قَالُوا: “لَا”. قَالَ: “فَكَيْفَ لَوْ رَأَوْا نَارِي؟” قَالُوا: “وَيَسْتَغْفِرُونَكَ”. قَالَ: فَيَقُولُ: “قَدْ غَفَرْتُ لَهُمْ، وَأَعْطَيْتُهُمْ مَا سَأَلُوا، وَأَجَرْتُهُمْ مِمَّا اِسْتَجَارُوا”. قَالَ: فَيَقُولُونَ: “رَبِّ، فِيهِمْ فُلَانٌ عَبْدٌ خَطَّاءٌ، إِنَّمَا مَرَّ فَجَلَسَ مَعَهُمْ”. قَالَ: فَيَقُولُ: “وَلَهُ غَفَرْتُ. هُمُ الْقَوْمُ لَا يَشْقَى بِهِمْ جَلِيسُهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында, Аса Берекелі әрі Ұлы Алланың жер кезіп, зікір мәжілістерін іздейтін арнайы періштелері бар. Олар ішінде Алла еске алынатын бір мәжілісті тапса, сол адамдармен бірге отырып, бір-бірін қанаттарымен қоршайды. Сөйтіп, өздері мен төменгі аспанның арасын толтырады. Мәжілістегілер тараған кезде, періштелер жоғары өрлеп, аспанға көтеріледі. Ұлы әрі Құдіретті Алла олардың жайын бәрінен жақсы біле тұра: “Қайдан келдіңдер?” – деп сұрайды. Олар: “Жердегі құлдарыңның қасынан келдік. Олар Сені пәктейді, ұлықтайды, жалғыз екеніңді айтып, мадақтайды әрі Сенен тілейді”, – дейді. Алла: “Олар Менен нені тілейді?” – деп сұрайды. Періштелер: “Сенің Жәннатыңды тілейді”, – дейді. Алла: “Олар Менің Жәннатымды көрді ме?” – деп сұрайды. Періштелер: “Жоқ, уа, Раббымыз!” – дейді. Алла: “Егер олар Менің Жәннатымды көргенде, қалай болар еді?” – дейді. Періштелер: “Олар Сенен пана да сұрайды”, – дейді. Алла: “Менен неден пана сұрайды?” – деп сұрайды. Періштелер: “Уа, Раббымыз! Сенің Тозақ отыңнан”, – дейді. Алла: “Олар Менің Тозақ отымды көрді ме?” – деп сұрайды. Періштелер: “Жоқ”, – дейді. Алла: “Егер олар Менің Тозақ отымды көргенде, қалай болар еді?” – дейді. Періштелер: “Олар Сенен кешірім де тілейді”, – дейді. Сонда Алла: “Мен оларды кешірдім, сұрағандарын бердім және пана сұраған нәрселерінен қорғадым”, – дейді. Періштелер: “Уа, Раббымыз! Олардың арасында пәленше деген күнәсі көп бір құл бар. Ол тек жолай өтіп бара жатып, олармен бірге отыра кеткен еді”, – дейді. Сонда Алла: “Оны да кешірдім. Олар – қасында отырған адам да бақытсыздыққа ұшырамайтын қауым”, – дейді» (2689/25).

بَابٌ: فِي الذَّاكِرِينَ وَالذَّاكِرَاتِ

6-бапАлланы еске алатын ерлер мен әйелдер туралы

1891
Мүслим, № 1891Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَسِيرُ فِي طَرِيقِ مَكَّةَ، فَمَرَّ عَلَى جَبَلٍ يُقَالُ لَهُ جُمْدَانُ، فَقَالَ: «سِيرُوا، هَذَا جُمْدَانُ، سَبَقَ الْمُفَرِّدُونَ». قَالُوا: «وَمَا الْمُفَرِّدُونَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الذَّاكِرُونَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мекке жолымен келе жатып, Жұмдан деп аталатын таудың жанынан өтті де: “Жүре беріңдер! Бұл – Жұмдан. Муфарридтер озып кетті”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Муфарридтер деген кімдер?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Алланы көп зікір ететін ерлер мен әйелдер”, – деді» (2676/4).

بَابٌ: فِي التَّهْلِيلِ

7-бап«Алладан басқа тәңір жоқ» деп айту туралы

1892
Мүслим, № 1892Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ، أَعَزَّ جُنْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَغَلَبَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ، فَلَا شَيْءَ بَعْدَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз. Ол әскерін үстем етті, құлына жеңіс берді әрі одақтасқан топтарды жалғыз Өзі жеңді. Одан кейін еш нәрсе жоқ», – деп айтатынын жеткізген (2724/77).

بَابٌ: فِي رَفْعِ الصَّوْتِ بِالذِّكْرِ

8-бапЗікірді дауыстап айту туралы

1893
Мүслим, № 1893Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى، قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَجَعَلَ النَّاسُ يَجْهَرُونَ بِالتَّكْبِيرِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَيُّهَا النَّاسُ، اِرْبَعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، إِنَّكُمْ لَيْسَ تَدْعُونَ أَصَمَّ وَلَا غَائِبًا، إِنَّكُمْ تَدْعُونَ سَمِيعًا قَرِيبًا، وَهُوَ مَعَكُمْ». قَالَ: وَأَنَا خَلْفَهُ، وَأَنَا أَقُولُ: «لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ». فَقَالَ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ، أَلَا أَدُلُّكَ عَلَى كَنْزٍ مِنْ كُنُوزِ الْجَنَّةِ؟» فَقُلْتُ: «بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «قُلْ: “لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Адамдар тәкбірді дауыстап айта бастады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, адамдар! Өздеріңді қинамай, дауыстарыңды бәсеңдетіңдер. Сендер саңырауға да, алыстағы біреуге де дұға етіп тұрған жоқсыңдар. Сендер бәрін Естуші әрі Жақын Аллаға дұға етіп тұрсыңдар. Ол сендермен бірге”, – деді. Мен оның артында келе жатып: “Күш те, қуат та тек Алланың жәрдемімен болады”, – деп айтып келе жатқан едім. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Абдулла ибн Қайс! Саған Жәннат қазыналарының бірін нұсқайын ба?” – деді. Мен: “Әрине, уа, Расулалла!” – дедім. Ол (с.а.с.): “‘Күш те, қуат та тек Алланың жәрдемімен болады’, – деп айт”, – деді» (2704/44).

بَابٌ: مَا يُقَالُ عِنْدَ الْمَسَاءِ

9-бапКешкі уақытта айтылатын сөздер туралы

1894
Мүслим, № 1894Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَمْسَى قَالَ: «أَمْسَيْنَا وَأَمْسَى الْمُلْكُ لِلَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ. اللَّهُمَّ، إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ هَذِهِ اللَّيْلَةِ وَخَيْرِ مَا فِيهَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا وَشَرِّ مَا فِيهَا. اللَّهُمَّ، إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ وَالْهَرَمِ وَسُوءِ الْكِبَرِ وَفِتْنَةِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْقَبْرِ». قَالَ الْحَسَنُ بْنُ عُبَيْدِ اللَّهِ: وَزَادَنِي فِيهِ زُبَيْدٌ، عَنْ إِبْرَاهِيمَ بْنِ سُوَيْدٍ، عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ يَزِيدَ، عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَفَعَهُ أَنَّهُ قَالَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ». وَفِي رِوَايَةٍ: فَإِذَا أَصْبَحَ قَالَ ذَلِكَ أَيْضًا: «أَصْبَحْنَا وَأَصْبَحَ الْمُلْكُ لِلَّهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) кеш түскенде: “Кешке жеттік, бүкіл билік Аллаға тән. Барлық мақтау Аллаға тән. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Уа, Алла! Сенен осы түннің жақсылығын әрі ондағы жақсылықты сұраймын. Осы түннің жамандығынан әрі ондағы жамандықтан Өзіңе сыйынамын. Уа, Алла! Жалқаулықтан, қаусап қартаюдан, кәріліктің ауыртпалығынан, дүниенің сынақтарынан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын”, – дейтін». Әл-Хасан ибн Убайдулла: «Зубәйд маған Ибраһим ибн Суәйдтен, ол Абдуррахман ибн Язидтен, ал ол Абдулладан Пайғамбардың (с.а.с.) мына сөздерін қосып жеткізді: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”», – деген. Басқа бір риуаятта таң атқанда да: «Таңға жеттік, бүкіл билік Аллаға тән», – деп айтатыны жеткізілген (2723/76).

بَابٌ: مَا يَقُولُ عِنْدَ النَّوْمِ وَأَخْذِ الْمَضْجَعِ

10-бапҰйықтарда және төсекке жатқанда айтылатын сөздер туралы

1895
Мүслим, № 1895Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا اِشْتَكَتْ مَا تَلْقَى مِنَ الرَّحَى فِي يَدِهَا، وَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ سَبْيٌ، فَانْطَلَقَتْ فَلَمْ تَجِدْهُ، وَلَقِيَتْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَأَخْبَرَتْهَا. فَلَمَّا جَاءَ النَّبِيُّ ﷺ أَخْبَرَتْهُ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِمَجِيءِ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا إِلَيْهَا، فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَيْنَا، وَقَدْ أَخَذْنَا مَضَاجِعَنَا، فَذَهَبْنَا نَقُومُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «عَلَى مَكَانِكُمَا». فَقَعَدَ بَيْنَنَا حَتَّى وَجَدْتُ بَرْدَ قَدَمِهِ عَلَى صَدْرِي، وَقَالَ: «أَلَا أُعَلِّمُكُمَا خَيْرًا مِمَّا سَأَلْتُمَا؟ إِذَا أَخَذْتُمَا مَضَاجِعَكُمَا، أَنْ تُكَبِّرَا اللَّهَ أَرْبَعًا وَثَلَاثِينَ، وَتُسَبِّحَاهُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَتَحْمَدَاهُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ؛ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمَا مِنْ خَادِمٍ». وَزَادَ فِي أُخْرَى: قَالَ عَلِيٌّ: «مَا تَرَكْتُهُ مُنْذُ سَمِعْتُهُ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ». قِيلَ لَهُ: «وَلَا لَيْلَةَ صِفِّينَ؟» قَالَ: «وَلَا لَيْلَةَ صِفِّينَ».

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деді: «Фатима (р.а.) қол диірмен тартқанда қолының қажитынын айтып шағымданды. Сол кезде Пайғамбарға (с.а.с.) тұтқындар әкелінген еді. Фатима оның жанына барды, бірақ өзін таба алмай, Айшамен (р.а.) жолығып, мән-жайды айтты. Пайғамбар (с.а.с.) келгенде, Айша (р.а.) оған Фатиманың (р.а.) келгенін хабарлады. Біз төсегімізге жатып қойғанымызда, Пайғамбар (с.а.с.) үйімізге келді. Орнымыздан тұрмақ болған едік, ол: “Орындарыңнан қозғалмаңдар”, – деді. Содан кейін арамызға отырды. Тіпті аяғының салқынын кеудемнен сездім. Ол: “Сендерге сұрағандарыңнан да қайырлы нәрсе үйретейін бе? Төсектеріңе жатқанда Алланы отыз төрт рет ұлықтаңдар, отыз үш рет пәктеңдер әрі отыз үш рет мадақтаңдар. Бұл сендер үшін қызметшіден де қайырлы”, – деді». Басқа бір риуаятта мынадай қосымша бар: Әли: «Мұны Пайғамбардан (с.а.с.) естігелі бері ешқашан тастаған емеспін», – деді. Одан: «Сыффин түні де тастаған жоқсыз ба?» – деп сұралғанда, ол: «Сыффин түні де тастаған жоқпын», – деді (2727/80).

1896
Мүслим, № 1896Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَخَذْتَ مَضْجَعَكَ، فَتَوَضَّأْ وُضُوءَكَ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ اِضْطَجِعْ عَلَى شِقِّكَ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ قُلْ: “اللَّهُمَّ، إِنِّي أَسْلَمْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لَا مَلْجَأَ وَلَا مَنْجَا مِنْكَ إِلَّا إِلَيْكَ. آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ”. وَاجْعَلْهُنَّ مِنْ آخِرِ كَلَامِكَ؛ فَإِنْ مُتَّ مِنْ لَيْلَتِكَ مُتَّ وَأَنْتَ عَلَى الْفِطْرَةِ». قَالَ: فَرَدَّدْتُهُنَّ لِأَسْتَذْكِرَهُنَّ، فَقُلْتُ: «آمَنْتُ بِرَسُولِكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ». قَالَ: «قُلْ: “آمَنْتُ بِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ”».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Төсегіңе жатарда намазға дәрет алғаныңдай дәрет ал. Содан кейін оң қырыңмен жат та: “Уа, Алла! Бар болмысыммен Саған бойсұндым, ісімді Саған тапсырдым әрі Саған арқа сүйедім. Саған үміт артамын әрі Сенен қорқамын. Сенен қашып паналайтын да, құтылатын да жер жоқ, тек Өзіңе ғана паналаймын. Өзің түсірген Кітабыңа және Өзің жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім”, – деп айт. Осы сөздер ең соңғы айтатын сөзің болсын. Егер сол түні қайтыс болсаң, таза иманмен дүниеден өтесің». Бәра былай деді: «Мен бұл сөздерді есімде сақтау үшін қайталап: “Өзің жіберген Елшіңе иман келтірдім”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “‘Өзің жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім’, – деп айт”, – деді» (2710/56).

1897
Мүслим, № 1897Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا أَخَذَ مَضْجَعَهُ قَالَ: «اللَّهُمَّ، بِاسْمِكَ أَحْيَا، وَبِاسْمِكَ أَمُوتُ». وَإِذَا اِسْتَيْقَظَ قَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَحْيَانَا بَعْدَمَا أَمَاتَنَا، وَإِلَيْهِ النُّشُورُ».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) төсегіне жатқанда: «Уа, Алла! Сенің атыңмен өмір сүремін, Сенің атыңмен өлемін», – дейтінін жеткізген. Ал ұйқысынан оянғанда: «Бізді өлтіргеннен кейін қайта тірілткен Аллаға барлық мақтау болсын! Қайта тірілгенде Оның алдына барамыз», – дейтін (2711/59).

1898
Мүслим, № 1898Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ أَمَرَ رَجُلًا إِذَا أَخَذَ مَضْجَعَهُ قَالَ: «اللَّهُمَّ، خَلَقْتَ نَفْسِي وَأَنْتَ تَوَفَّاهَا، لَكَ مَمَاتُهَا وَمَحْيَاهَا. إِنْ أَحْيَيْتَهَا فَاحْفَظْهَا، وَإِنْ أَمَتَّهَا فَاغْفِرْ لَهَا. اللَّهُمَّ، إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ». فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: «أَسَمِعْتَ هَذَا مِنْ عُمَرَ؟» فَقَالَ: «مِنْ خَيْرٍ مِنْ عُمَرَ، مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) бір кісіге төсегіне жатарда: «Уа, Алла! Жанымды Сен жараттың әрі оны алатын да – Сенсің. Оның өлімі де, тіршілігі де Саған тән. Егер оны тірі қалдырсаң, қорғай гөр; ал жанын алсаң, кешіре гөр. Уа, Алла! Сенен амандық сұраймын», – деуді бұйырды. Сонда бір кісі одан: «Мұны Омардан естідің бе?» – деп сұрады. Ол: «Омардан да қайырлы жаннан – Алла Елшісінен (с.а.с.) естідім», – деп жауап берді (2712/60).

1899
Мүслим, № 1899

عَنْ سُهَيْلٍ، قَالَ: كَانَ أَبُو صَالِحٍ يَأْمُرُنَا إِذَا أَرَادَ أَحَدُنَا أَنْ يَنَامَ أَنْ يَضْطَجِعَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ، رَبَّ السَّمَاوَاتِ وَرَبَّ الْأَرْضِ وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى، وَمُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْفُرْقَانِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شَيْءٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ. اللَّهُمَّ، أَنْتَ الْأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ. اِقْضِ عَنَّا الدَّيْنَ، وَأَغْنِنَا مِنَ الْفَقْرِ». وَكَانَ يَرْوِي ذَلِكَ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Суһәйл былай деді: «Әбу Салих арамыздан біреуіміз ұйықтағысы келгенде, оң қырымен жатып: “Уа, Алла! Көктердің Раббысы, жердің Раббысы әрі Ұлы Аршының Раббысы! Біздің Раббымыз әрі барлық нәрсенің Раббысы! Дән мен дәнекті жарушы! Тәуратты, Інжілді және Құранды түсіруші! Сен кекілінен ұстаған әрбір нәрсенің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Уа, Алла! Сен – әл-Әууәлсің, Сенен бұрын еш нәрсе жоқ. Сен – әл-Ахирсің, Сенен кейін еш нәрсе жоқ. Сен – әз-Захирсің, Сенен жоғары еш нәрсе жоқ. Сен – әл-Батинсің, Сенен жақын еш нәрсе жоқ. Қарызымызды өтей гөр әрі бізді кедейліктен құтқара гөр”, – деуді бұйыратын. Ол мұны Әбу Һурайрадан, ал Әбу Һурайра Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізетін» (2713/61).

1900
Мүслим, № 1900Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَوَى أَحَدُكُمْ إِلَى فِرَاشِهِ، فَلْيَأْخُذْ دَاخِلَةَ إِزَارِهِ، فَلْيَنْفُضْ بِهَا فِرَاشَهُ، وَلْيُسَمِّ اللَّهَ؛ فَإِنَّهُ لَا يَعْلَمُ مَا خَلَفَهُ بَعْدَهُ عَلَى فِرَاشِهِ. فَإِذَا أَرَادَ أَنْ يَضْطَجِعَ، فَلْيَضْطَجِعْ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَنِ، وَلْيَقُلْ: “سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ رَبِّي، بِكَ وَضَعْتُ جَنْبِي، وَبِكَ أَرْفَعُهُ. إِنْ أَمْسَكْتَ نَفْسِي فَاغْفِرْ لَهَا، وَإِنْ أَرْسَلْتَهَا فَاحْفَظْهَا بِمَا تَحْفَظُ بِهِ عِبَادَكَ الصَّالِحِينَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Біреуің төсегіне жатарда беліне ораған киімінің ішкі етегімен төсегін қағып-сілкісін әрі Алланың атын атасын. Өйткені өзі кеткеннен кейін төсегінде не болғанын білмейді. Содан соң жатқысы келсе, оң қырымен жатып: “Уа, Алла, Раббым! Сен барлық кемшіліктен пәксің! Сенің жәрдеміңмен қырыма жаттым әрі Сенің жәрдеміңмен қайта тұрамын. Егер жанымды ұстап қалсаң, оны кешіре гөр. Ал қайта жіберсең, ізгі құлдарыңды қорғағаныңдай, оны да қорғай гөр”, – десін» (2714/64).

1901
Мүслим, № 1901Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أَوَى إِلَى فِرَاشِهِ، قَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا، وَكَفَانَا وَآوَانَا، فَكَمْ مِمَّنْ لَا كَافِيَ لَهُ وَلَا مُؤْوِيَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) төсегіне жатқанда: “Бізді тамақтандырып, сусындатқан, қажетімізді өтеп, пана берген Аллаға барлық мақтау болсын! Қаншама жанның қажетін өтейтін де, пана беретін де ешкімі жоқ!” – дейтін», – деп баяндады (2715/64).

بَابٌ: التَّسْبِيحُ بَعْدَ صَلَاةِ الصُّبْحِ

11-бапТаң намазынан кейін Алланы пәктеп, тасбих айту туралы

1902
Мүслим, № 1902

عَنْ جُوَيْرِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَرَجَ مِنْ عِنْدِهَا بُكْرَةً حِينَ صَلَّى الصُّبْحَ وَهِيَ فِي مَسْجِدِهَا، ثُمَّ رَجَعَ بَعْدَ أَنْ أَضْحَى وَهِيَ جَالِسَةٌ، فَقَالَ: «مَا زِلْتِ عَلَى الْحَالِ الَّتِي فَارَقْتُكِ عَلَيْهَا؟» قَالَتْ: «نَعَمْ». قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَقَدْ قُلْتُ بَعْدَكِ أَرْبَعَ كَلِمَاتٍ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، لَوْ وُزِنَتْ بِمَا قُلْتِ مُنْذُ الْيَوْمِ لَوَزَنَتْهُنَّ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، عَدَدَ خَلْقِهِ وَرِضَا نَفْسِهِ وَزِنَةَ عَرْشِهِ وَمِدَادَ كَلِمَاتِهِ”». وَفِي رِوَايَةٍ أُخْرَى عَنْهَا قَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ خَلْقِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ رِضَا نَفْسِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ زِنَةَ عَرْشِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ مِدَادَ كَلِمَاتِهِ».

Қазақша аудармасы

Жуәйрия (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) таң намазын оқығаннан кейін ертемен оның жанынан шыққанын жеткізген. Сол кезде Жуәйрия намаз оқитын орнында отырған еді. Күн көтерілген соң Пайғамбар (с.а.с.) қайтып келсе, ол әлі де сол жерде отыр екен. Пайғамбар (с.а.с.): «Мен сенің жаныңнан кеткеннен бері осы қалпыңда отырсың ба?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Сенен кеткеннен кейін төрт тіркесті үш рет айттым. Егер олар сенің бүгін таңнан бері айтқандарыңмен өлшенсе, бәрінен басым түсер еді: “Алланы пәктеймін әрі Оған мадақ айтамын – жаратқандарының санындай, Өзінің разылығына сай, Аршысының салмағындай және сөздерін жазар сия мөлшеріндей”», – деді. Жуәйриядан жеткен басқа бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.): «Алланы жаратқандарының санындай пәктеймін. Алланы Өзінің разылығына сай пәктеймін. Алланы Аршысының салмағындай пәктеймін. Алланы сөздерін жазар сия мөлшеріндей пәктеймін», – дегені келтірілген (2726/79).

1903
Мүслим, № 1903Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَالَ حِينَ يُصْبِحُ وَحِينَ يُمْسِي: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ” مِائَةَ مَرَّةٍ، لَمْ يَأْتِ أَحَدٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِأَفْضَلَ مِمَّا جَاءَ بِهِ، إِلَّا أَحَدٌ قَالَ مِثْلَ مَا قَالَ أَوْ زَادَ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім таңертең және кешке: “Алла барлық кемшіліктен пәк әрі барша мақтау Оған тән”, – деп жүз рет айтса, Қиямет күні өзі де осылай не одан көбірек айтқан адамнан басқа ешкім одан абзал амал алып келмейді», – дегенін жеткізген (2692/29).

بَابٌ: فِي فَضَائِلِ التَّسْبِيحِ

12-бапАлланы пәктеп, тасбих айтудың артықшылықтары туралы

1904
Мүслим, № 1904Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَلِمَتَانِ خَفِيفَتَانِ عَلَى اللِّسَانِ، ثَقِيلَتَانِ فِي الْمِيزَانِ، حَبِيبَتَانِ إِلَى الرَّحْمَنِ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ الْعَظِيمِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Тілге жеңіл, таразыда ауыр әрі Аса Мейірімді Аллаға сүйікті екі сөз бар: “Алла барлық кемшіліктен пәк әрі Оған мақтау болсын! Ұлы Алла барлық кемшіліктен пәк!”» (2694/31).

1905
Мүслим, № 1905Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَأَنْ أَقُولَ: “سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мен үшін: “Алла барлық кемшіліктен пәк! Барлық мақтау Аллаға тән! Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ! Алла бәрінен ұлы!” – деп айту күн сәулесі түскен дүниенің бәрінен де сүйікті», – дегенін жеткізген (2695/32).

بَابٌ: فِي التَّهْلِيلِ وَالتَّحْمِيدِ وَالتَّكْبِيرِ

13-бап«Алладан басқа тәңір жоқ», «Барлық мақтау Аллаға тән» және «Алла бәрінен ұлы» деп айту туралы

1906
Мүслим, № 1906

عَنْ مُوسَى الْجُهَنِيِّ، عَنْ مُصْعَبِ بْنِ سَعْدٍ، عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «عَلِّمْنِي كَلَامًا أَقُولُهُ». قَالَ: «قُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، اللَّهُ أَكْبَرُ كَبِيرًا، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ كَثِيرًا، سُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ”». قَالَ: «فَهَؤُلَاءِ لِرَبِّي، فَمَا لِي؟» قَالَ: «قُلْ: “اللَّهُمَّ، اِغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي وَاهْدِنِي وَارْزُقْنِي”». قَالَ مُوسَى: «أَمَّا “عَافِنِي” فَأَنَا أَتَوَهَّمُ وَمَا أَدْرِي».

Қазақша аудармасы

Мұса әл-Жуһәни Мұсғаб ибн Сағдтан, ал ол әкесінен (Алла екеуіне де разы болсын) мына әңгімені жеткізген: «Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Маған айтып жүретін сөздер үйретіңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, серігі жоқ. Алла аса ұлы! Аллаға көп мақтау болсын! Әлемдердің Раббысы Алла барлық кемшіліктен пәк! Аса Үстем әрі Дана Алланың жәрдемінсіз ешбір күш те, қуат та жоқ’, – деп айт”, – деді. Әлгі бәдәуи: “Бұл сөздер Раббыма арналған. Ал өзім үшін не айтамын?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Уа, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, мені тура жолға сал және маған ризық бер’, – деп айт”, – деді». Мұса: «Ал “Маған амандық бер” деген сөздің айтылғанын тек жорамалдап отырмын, анығын білмеймін», – деді (2696/33).

بَابٌ: أَحَبُّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ: «سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ»

14-бапАллаға ең сүйікті сөз – «Алланы пәктеймін әрі Оған мақтау айтамын»

1907
Мүслим, № 1907Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أُخْبِرُكَ بِأَحَبِّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِي بِأَحَبِّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». فَقَالَ: «إِنَّ أَحَبَّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Саған Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөзді хабарлайын ба?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Маған Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөзді хабарлаңыз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөз: ‘Алла барлық кемшіліктен пәк әрі барлық мадақ Оған тән’”, – деді» (2731/85).

بَابٌ: فِيمَنْ قَالَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ» فِي يَوْمٍ مِائَةَ مَرَّةٍ

15-бапБір күнде жүз рет «Алладан басқа тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ» деп айтқан адам туралы

1908
Мүслим, № 1908Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ” فِي يَوْمٍ مِائَةَ مَرَّةٍ، كَانَتْ لَهُ عَدْلَ عَشْرِ رِقَابٍ، وَكُتِبَتْ لَهُ مِائَةُ حَسَنَةٍ، وَمُحِيَتْ عَنْهُ مِائَةُ سَيِّئَةٍ، وَكَانَتْ لَهُ حِرْزًا مِنَ الشَّيْطَانِ يَوْمَهُ ذَلِكَ حَتَّى يُمْسِيَ، وَلَمْ يَأْتِ أَحَدٌ أَفْضَلَ مِمَّا جَاءَ بِهِ إِلَّا أَحَدٌ عَمِلَ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ. وَمَنْ قَالَ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ” فِي يَوْمٍ مِائَةَ مَرَّةٍ حُطَّتْ خَطَايَاهُ، وَلَوْ كَانَتْ مِثْلَ زَبَدِ الْبَحْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім бір күнде жүз рет: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”, – десе, оған он құлды азат еткеннің сауабы беріледі, жүз сауап жазылып, жүз күнәсі өшіріледі. Бұл сөздер сол күні кеш батқанға дейін оны шайтаннан қорғайды. Өзі де бұдан көбірек амал жасаған адамнан басқа ешкім одан абзал амал алып келмейді. Ал кім бір күнде жүз рет: “Алла барлық кемшіліктен пәк әрі барша мақтау Оған тән”, – десе, күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да, өшіріледі» (2691/28).

بَابٌ: فِيمَنْ سَبَّحَ مِائَةَ تَسْبِيحَةٍ

16-бапЖүз рет Алланы пәктеп, тасбих айтқан адам туралы

1909
Мүслим, № 1909

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ، قَالَ: «كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “أَيَعْجِزُ أَحَدُكُمْ أَنْ يَكْسِبَ كُلَّ يَوْمٍ أَلْفَ حَسَنَةٍ؟” فَسَأَلَهُ سَائِلٌ مِنْ جُلَسَائِهِ: “كَيْفَ يَكْسِبُ أَحَدُنَا أَلْفَ حَسَنَةٍ؟” قَالَ: “يُسَبِّحُ مِائَةَ تَسْبِيحَةٍ، فَيُكْتَبُ لَهُ أَلْفُ حَسَنَةٍ، أَوْ يُحَطُّ عَنْهُ أَلْفُ خَطِيئَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас былай деді: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырған едік. Сонда ол (с.а.с.): “Сендердің біріңнің күн сайын мың сауап табуға шамасы жетпей ме?” – деп сұрады. Қасында отырғандардың бірі: “Арамыздағы біреу мың сауапты қалай табады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Алла барлық кемшіліктен пәк’, – деп жүз рет тасбих айтады. Сонда оған мың сауап жазылады немесе мың күнәсі өшіріледі”, – деді» (2698/37).