Хадис

Сахих Мүслим, № 1889

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
4. Алланы еске алып, Оны мадақтап отырған адамды Алла періштелерінің алдында мақтан тұтадыبَابٌ: مَنْ جَلَسَ يَذْكُرُ اللَّهَ وَيَحْمَدُهُ يُبَاهِي بِهِ الْمَلَائِكَةَ
Нөмірі
№ 1889 (Мухтасар реті)
1889
Мүслим, № 1889Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، قَالَ: خَرَجَ مُعَاوِيَةُ عَلَى حَلْقَةٍ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «مَا أَجْلَسَكُمْ؟» قَالُوا: «جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ». قَالَ: «آللَّهِ، مَا أَجْلَسَكُمْ إِلَّا ذَاكَ؟» قَالُوا: «وَاللَّهِ، مَا أَجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ». قَالَ: «أَمَا إِنِّي لَمْ أَسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، وَمَا كَانَ أَحَدٌ بِمَنْزِلَتِي مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَقَلَّ عَنْهُ حَدِيثًا مِنِّي. وَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ عَلَى حَلْقَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: “مَا أَجْلَسَكُمْ؟” قَالُوا: “جَلَسْنَا نَذْكُرُ اللَّهَ وَنَحْمَدُهُ عَلَى مَا هَدَانَا لِلْإِسْلَامِ وَمَنَّ بِهِ عَلَيْنَا”. قَالَ: “آللَّهِ، مَا أَجْلَسَكُمْ إِلَّا ذَاكَ؟” قَالُوا: “وَاللَّهِ، مَا أَجْلَسَنَا إِلَّا ذَاكَ”. قَالَ: “أَمَا إِنِّي لَمْ أَسْتَحْلِفْكُمْ تُهْمَةً لَكُمْ، وَلَكِنَّهُ أَتَانِي جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ فَأَخْبَرَنِي أَنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُبَاهِي بِكُمُ الْمَلَائِكَةَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри былай деді: «Мұғауия мешітте алқа құрып отырған бір топтың жанына келіп: “Сендер не үшін жиналып отырсыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алу үшін отырмыз”, – деді. Ол: “Алланың атымен ант етіп айтыңдаршы, тек осы үшін жиналдыңдар ма?” – деп сұрады. Олар: “Алланың атымен ант етеміз, тек осы үшін жиналдық”, – деді. Сонда Мұғауия: “Мен сендерден күмәнданғандықтан ант ішкізген жоқпын. Алла Елшісіне (с.а.с.) мендей жақын болғандардың ішінде одан менен аз хадис жеткізген ешкім жоқ. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалары алқа құрып отырған жерге келіп: ‘Сендер не үшін жиналып отырсыңдар?’ – деп сұрады. Олар: ‘Алланы еске алу, бізді Исламға бағыттап, оны бізге нығмет еткені үшін Оған мадақ айту мақсатымен отырмыз’, – деді. Ол (с.а.с.): ‘Алланың атымен ант етіп айтыңдаршы, тек осы үшін жиналдыңдар ма?’ – деп сұрады. Олар: ‘Алланың атымен ант етеміз, тек осы үшін жиналдық’, – деді. Сонда ол (с.а.с.): ‘Мен сендерден күмәнданғандықтан ант ішкізген жоқпын. Алайда маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, Ұлы әрі Құдіретті Алланың сендерді періштелерінің алдында мақтан тұтатынын хабарлады’, – деді”, – деп айтты» (2701/40).