عَنْ أَبِي عُثْمَانَ النَّهْدِيِّ، عَنْ حَنْظَلَةَ الْأُسَيِّدِيِّ، قَالَ (وَكَانَ مِنْ كُتَّابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ) قَالَ: لَقِيَنِي أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «كَيْفَ أَنْتَ يَا حَنْظَلَةُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «نَافَقَ حَنْظَلَةُ!» قَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ! مَا تَقُولُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «نَكُونُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُذَكِّرُنَا بِالنَّارِ وَالْجَنَّةِ، حَتَّى كَأَنَّا رَأْيُ الْعَيْنِ، فَإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَافَسْنَا الْأَزْوَاجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ، فَنَسِينَا كَثِيرًا». قَالَ أَبُو بَكْرٍ: «فَوَاللَّهِ، إِنَّا لَنَلْقَى مِثْلَ هَذَا». فَانْطَلَقْتُ أَنَا وَأَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ، حَتَّى دَخَلْنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: «نَافَقَ حَنْظَلَةُ يَا رَسُولَ اللَّهِ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَمَا ذَاكَ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَكُونُ عِنْدَكَ تُذَكِّرُنَا بِالنَّارِ وَالْجَنَّةِ، حَتَّى كَأَنَّا رَأْيُ عَيْنٍ، فَإِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِنْدِكَ عَافَسْنَا الْأَزْوَاجَ وَالْأَوْلَادَ وَالضَّيْعَاتِ، نَسِينَا كَثِيرًا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنْ لَوْ تَدُومُونَ عَلَى مَا تَكُونُونَ عِنْدِي وَفِي الذِّكْرِ لَصَافَحَتْكُمُ الْمَلَائِكَةُ عَلَى فُرُشِكُمْ وَفِي طُرُقِكُمْ، وَلَكِنْ يَا حَنْظَلَةُ، سَاعَةً وَسَاعَةً» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ.
Әбу Осман ән-Нәһди Алла Елшісінің (с.а.с.) хатшыларының бірі болған Ханзала әл-Усәйдидің былай дегенін жеткізген: «Бірде маған Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) жолығып: “Қалайсың, уа, Ханзала?” – деп сұрады. Мен: “Ханзала мұнафық болып кетті”, – дедім. Ол: “Алла барлық кемшіліктен пәк! Не айтып тұрсың?” – деді. Мен: “Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында болғанымызда, ол бізге Тозақ пен Жәннатты еске салады. Сонда оларды өз көзімізбен көріп тұрғандай боламыз. Ал оның жанынан шыққан соң, жұбайларымызбен, балаларымызбен және шаруашылық істерімізбен айналысып, көп нәрсені ұмытып қаламыз”, – дедім. Әбу Бәкір: “Алланың атымен ант етейін, бізде де осындай жағдай болады”, – деді. Содан кейін Әбу Бәкір әс-Сыддық екеуміз Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына бардық. Мен: “Уа, Расулалла! Ханзала мұнафық болып кетті”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл қалай?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Біз сіздің жаныңызда болғанымызда, сіз бізге Тозақ пен Жәннатты еске саласыз. Сонда оларды өз көзімізбен көріп тұрғандай боламыз. Ал сіздің жаныңыздан шыққан соң, жұбайларымызбен, балаларымызбен және шаруашылық істерімізбен айналысып, көп нәрсені ұмытып қаламыз”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етейін! Егер сендер менің жанымда болғандағы әрі Алланы еске алғандағы күйлеріңді үнемі сақтасаңдар, періштелер сендермен төсектеріңде жатқанда да, жолда жүргенде де қол алысып амандасар еді. Алайда, уа, Ханзала, бір мезгіл – олай, бір мезгіл – бұлай”, – деп, мұны үш рет қайталады» (2750/12).