Хадис

Сахих Мүслим, № 1906

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
13. «Алладан басқа тәңір жоқ», «Барлық мақтау Аллаға тән» және «Алла бәрінен ұлы» деп айту туралыبَابٌ: فِي التَّهْلِيلِ وَالتَّحْمِيدِ وَالتَّكْبِيرِ
Нөмірі
№ 1906 (Мухтасар реті)
1906
Мүслим, № 1906

عَنْ مُوسَى الْجُهَنِيِّ، عَنْ مُصْعَبِ بْنِ سَعْدٍ، عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «عَلِّمْنِي كَلَامًا أَقُولُهُ». قَالَ: «قُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، اللَّهُ أَكْبَرُ كَبِيرًا، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ كَثِيرًا، سُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ”». قَالَ: «فَهَؤُلَاءِ لِرَبِّي، فَمَا لِي؟» قَالَ: «قُلْ: “اللَّهُمَّ، اِغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي وَاهْدِنِي وَارْزُقْنِي”». قَالَ مُوسَى: «أَمَّا “عَافِنِي” فَأَنَا أَتَوَهَّمُ وَمَا أَدْرِي».

Қазақша аудармасы

Мұса әл-Жуһәни Мұсғаб ибн Сағдтан, ал ол әкесінен (Алла екеуіне де разы болсын) мына әңгімені жеткізген: «Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Маған айтып жүретін сөздер үйретіңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, серігі жоқ. Алла аса ұлы! Аллаға көп мақтау болсын! Әлемдердің Раббысы Алла барлық кемшіліктен пәк! Аса Үстем әрі Дана Алланың жәрдемінсіз ешбір күш те, қуат та жоқ’, – деп айт”, – деді. Әлгі бәдәуи: “Бұл сөздер Раббыма арналған. Ал өзім үшін не айтамын?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Уа, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, мені тура жолға сал және маған ризық бер’, – деп айт”, – деді». Мұса: «Ал “Маған амандық бер” деген сөздің айтылғанын тек жорамалдап отырмын, анығын білмеймін», – деді (2696/33).