Хадис

Сахих Мүслим, № 1909

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
16. Жүз рет Алланы пәктеп, тасбих айтқан адам туралыبَابٌ: فِيمَنْ سَبَّحَ مِائَةَ تَسْبِيحَةٍ
Нөмірі
№ 1909 (Мухтасар реті)
1909
Мүслим, № 1909

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ، قَالَ: «كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “أَيَعْجِزُ أَحَدُكُمْ أَنْ يَكْسِبَ كُلَّ يَوْمٍ أَلْفَ حَسَنَةٍ؟” فَسَأَلَهُ سَائِلٌ مِنْ جُلَسَائِهِ: “كَيْفَ يَكْسِبُ أَحَدُنَا أَلْفَ حَسَنَةٍ؟” قَالَ: “يُسَبِّحُ مِائَةَ تَسْبِيحَةٍ، فَيُكْتَبُ لَهُ أَلْفُ حَسَنَةٍ، أَوْ يُحَطُّ عَنْهُ أَلْفُ خَطِيئَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас былай деді: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырған едік. Сонда ол (с.а.с.): “Сендердің біріңнің күн сайын мың сауап табуға шамасы жетпей ме?” – деп сұрады. Қасында отырғандардың бірі: “Арамыздағы біреу мың сауапты қалай табады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Алла барлық кемшіліктен пәк’, – деп жүз рет тасбих айтады. Сонда оған мың сауап жазылады немесе мың күнәсі өшіріледі”, – деді» (2698/37).