Хадис
كِتَابُ التَّعَوُّذِ وَغَيْرِهِ

Алладан пана сұрау және басқа мәселелер кітабы

Сахих Мүслим, 59-кітап · 6 хадис · № 1910–1915

Мазмұны: 5 бап
  1. 1Бүліктердің жамандығынан Алладан пана сұрау туралы
  2. 2Дәрменсіздік пен жалқаулықтан Алладан пана сұрау туралы
  3. 3Тағдырдың жаман үкімінен және бақытсыздыққа душар болудан Алладан пана сұрау туралы
  4. 4Нығметтердің жойылуынан Алладан пана сұрау туралы
  5. 5Түшкірген адам Аллаға мадақ айтса, оған «Алла саған рақым етсін» деу туралы
بَابٌ: التَّعَوُّذُ مِنْ شَرِّ الْفِتَنِ

1-бапБүліктердің жамандығынан Алладан пана сұрау туралы

1910
Мүслим, № 1910Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَدْعُو بِهَؤُلَاءِ الدَّعَوَاتِ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ النَّارِ وَعَذَابِ النَّارِ، وَفِتْنَةِ الْقَبْرِ وَعَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ شَرِّ فِتْنَةِ الْغِنَى، وَمِنْ شَرِّ فِتْنَةِ الْفَقْرِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ. اللَّهُمَّ اِغْسِلْ خَطَايَايَ بِمَاءِ الثَّلْجِ وَالْبَرَدِ، وَنَقِّ قَلْبِي مِنَ الْخَطَايَا، كَمَا نَقَّيْتَ الثَّوْبَ الْأَبْيَضَ مِنَ الدَّنَسِ، وَبَاعِدْ بَيْنِي وَبَيْنَ خَطَايَايَ، كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ، وَالْهَرَمِ، وَالْمَأْثَمِ، وَالْمَغْرَمِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына дұғаларды айтқанын жеткізді: «Уа, Алла! Расында, мен Сенен Тозақ отының сынағы мен азабынан, қабірдің сынағы мен азабынан, байлық сынағының жамандығынан және кедейлік сынағының жамандығынан пана тілеймін. Сондай-ақ Мәсих Дәжжал сынағының жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Уа, Алла! Күнәларымды қар мен бұршақтың суымен жу. Ақ киімді кірден тазартқаныңдай, жүрегімді де күнәлардан тазарт. Шығыс пен батыстың арасын алыстатқаныңдай, мені де күнәларымнан алыстат. Уа, Алла! Расында, мен жалқаулықтан, қаусап қартаюдан, күнәдан және қарыздан Өзіңе сыйынамын» (589/49).

بَابٌ: فِي التَّعَوُّذِ مِنَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ

2-бапДәрменсіздік пен жалқаулықтан Алладан пана сұрау туралы

1911
Мүслим, № 1911Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ، وَالْكَسَلِ، وَالْجُبْنِ، وَالْهَرَمِ، وَالْبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла! Дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, қаусап қартаюдан және сараңдықтан Өзіңе сыйынамын. Қабір азабынан әрі тіршілік пен өлімнің сынағынан Өзіңе сыйынамын”, – дейтін», – деді (2706/50).

بَابٌ: فِي التَّعَوُّذِ مِنْ سُوءِ الْقَضَاءِ وَدَرَكِ الشَّقَاءِ

3-бапТағдырдың жаман үкімінен және бақытсыздыққа душар болудан Алладан пана сұрау туралы

1912
Мүслим, № 1912Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَتَعَوَّذُ مِنْ سُوءِ الْقَضَاءِ، وَمِنْ دَرَكِ الشَّقَاءِ، وَمِنْ شَمَاتَةِ الْأَعْدَاءِ، وَمِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ. قَالَ عَمْرٌو فِي حَدِيثِهِ: قَالَ سُفْيَانُ: «أَشُكُّ أَنِّي زِدْتُ وَاحِدَةً مِنْهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) тағдырдың жаман үкімінен, бақытсыздыққа душар болудан, дұшпандардың табасынан және ауыр сынақтан Аллаға сыйынатынын жеткізді. Амр өз риуаятында: «Суфиян: “Осылардың біреуін өзім қосып жіберген шығармын деп күмәнданамын”, – деді», – деп баяндады (2707/53).

بَابٌ: التَّعَوُّذُ مِنْ زَوَالِ النِّعَمِ

4-бапНығметтердің жойылуынан Алладан пана сұрау туралы

1913
Мүслим, № 1913Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: كَانَ مِنْ دُعَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ زَوَالِ نِعْمَتِكَ، وَتَحَوُّلِ عَافِيَتِكَ، وَفُجَاءَةِ نِقْمَتِكَ، وَجَمِيعِ سَخَطِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (Алла екеуіне де разы болсын): «Алла Елшісінің (с.а.с.) дұғаларының бірі мынадай еді: “Уа, Алла! Нығметіңнің жоғалуынан, Өзің берген амандықтың өзгеруінен, жазаңның кенеттен келуінен және барша қаһарыңа ұшыраудан Өзіңе сыйынамын”», – деді (2739/96).

بَابٌ: تَشْمِيتُ الْعَاطِسِ إِذَا حَمِدَ اللَّهَ

5-бапТүшкірген адам Аллаға мадақ айтса, оған «Алла саған рақым етсін» деу туралы

1914
Мүслим, № 1914Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: عَطَسَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ رَجُلَانِ، فَشَمَّتَ أَحَدَهُمَا وَلَمْ يُشَمِّتِ الْآخَرَ، فَقَالَ الَّذِي لَمْ يُشَمِّتْهُ: «عَطَسَ فُلَانٌ فَشَمَّتَّهُ، وَعَطَسْتُ أَنَا فَلَمْ تُشَمِّتْنِي». قَالَ: «إِنَّ هَذَا حَمِدَ اللَّهَ، وَإِنَّكَ لَمْ تَحْمَدِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында екі адам түшкірді. Ол (с.а.с.) біреуіне: “Алла саған рақым етсін!” – деп рақым тіледі де, екіншісіне ештеңе айтпады. Өзіне рақым тіленбеген адам: “Пәленше түшкіргенде, оған рақым тіледіңіз. Мен де түшкірдім, бірақ маған рақым тілемедіңіз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Ол Алланы мадақтады, ал сен Ұлы әрі аса мәртебелі Алланы мадақтамадың”, – деді» (2991/53).

1915
Мүслим, № 1915

عَنْ إِيَاسِ بْنِ سَلَمَةَ، أَنَّ أَبَاهُ حَدَّثَهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ وَعَطَسَ رَجُلٌ عِنْدَهُ، فَقَالَ لَهُ: «يَرْحَمُكَ اللَّهُ». ثُمَّ عَطَسَ أُخْرَى، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الرَّجُلُ مَزْكُومٌ».

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Сәләмә әкесінің өзіне былай деп баяндағанын жеткізді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында бір адам түшкіргенде, оның әлгі адамға: “Алла саған рақым етсін!” – дегенін естідім. Әлгі адам тағы да түшкіргенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл кісі тұмауратып қалған екен”, – деді» (2993/55).