Хадис

Сахих Мүслим, № 1913

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
59. Алладан пана сұрау және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّعَوُّذِ وَغَيْرِهِ
бап
4. Нығметтердің жойылуынан Алладан пана сұрау туралыبَابٌ: التَّعَوُّذُ مِنْ زَوَالِ النِّعَمِ
Нөмірі
№ 1913 (Мухтасар реті)
1913
Мүслим, № 1913Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: كَانَ مِنْ دُعَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ زَوَالِ نِعْمَتِكَ، وَتَحَوُّلِ عَافِيَتِكَ، وَفُجَاءَةِ نِقْمَتِكَ، وَجَمِيعِ سَخَطِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (Алла екеуіне де разы болсын): «Алла Елшісінің (с.а.с.) дұғаларының бірі мынадай еді: “Уа, Алла! Нығметіңнің жоғалуынан, Өзің берген амандықтың өзгеруінен, жазаңның кенеттен келуінен және барша қаһарыңа ұшыраудан Өзіңе сыйынамын”», – деді (2739/96).