Хадис

Сахих Мүслим, № 1877

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
57. Дұға кітабыكِتَابُ الدُّعَاءِ
бап
8. Пенде асығыстық танытпаса, оның дұғасы қабыл боладыبَابٌ: يُسْتَجَابُ لِلْعَبْدِ مَا لَمْ يَعْجَلْ
Нөмірі
№ 1877 (Мухтасар реті)
1877
Мүслим, № 1877Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا يَزَالُ يُسْتَجَابُ لِلْعَبْدِ، مَا لَمْ يَدْعُ بِإِثْمٍ أَوْ قَطِيعَةِ رَحِمٍ، مَا لَمْ يَسْتَعْجِلْ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا الِاسْتِعْجَالُ؟» قَالَ: «يَقُولُ: “قَدْ دَعَوْتُ وَقَدْ دَعَوْتُ، فَلَمْ أَرَ يُسْتَجَابُ لِي”، فَيَسْتَحْسِرُ عِنْدَ ذَلِكَ وَيَدَعُ الدُّعَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Пенде күнәлі нәрсені немесе туыстық қатынасты үзуді сұрап дұға етпесе әрі асығыстық танытпаса, оның дұғасы қабыл бола береді». «Уа, Алланың Елшісі! Асығыстық деген не?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Адам: “Дұға еттім, тағы да дұға еттім, бірақ дұғамның қабыл болғанын көрмедім”, – дейді. Содан кейін түңіліп, дұға етуді тастайды», – деп жауап берді (2735/92).