Хадис

Сахих Мүслим, № 1876

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
57. Дұға кітабыكِتَابُ الدُّعَاءِ
бап
7. Қатты қиналған кезде дұға ету туралыبَابٌ: الدُّعَاءُ عِنْدَ الْكَرْبِ
Нөмірі
№ 1876 (Мухтасар реті)
1876
Мүслим, № 1876Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَرَبُّ الْأَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алланың Пайғамбары (с.а.с.) қатты қиналғанда мына дұғаны айтатынын жеткізді: «Ұлы әрі аса Ұстамды Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ұлы Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі ардақты Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ» (2730/83).