Хадис

Сахих Мүслим, № 1878

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
57. Дұға кітабыكِتَابُ الدُّعَاءِ
бап
9. Дұғада тілекті нық білдіру және «Қаласаң» деп айтпау туралыبَابٌ: الْعَزْمُ فِي الدُّعَاءِ، وَلَا يَقُلْ: «إِنْ شِئْتَ»
Нөмірі
№ 1878 (Мухтасар реті)
1878
Мүслим, № 1878Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي إِنْ شِئْتَ، اللَّهُمَّ اِرْحَمْنِي إِنْ شِئْتَ”. لِيَعْزِمْ فِي الدُّعَاءِ، فَإِنَّ اللَّهَ صَانِعٌ مَا شَاءَ، لَا مُكْرِهَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сендердің ешбірің: “Уа, Алла! Қаласаң, мені кешіре гөр. Уа, Алла! Қаласаң, маған рақым ете гөр”, – демесін. Дұғасында тілегін нық білдірсін. Өйткені Алла қалағанын істейді әрі Оны ешкім мәжбүрлей алмайды» (2679/9).