Хадис

Сахих Мүслим, № 1938

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
61. Екіжүзділер кітабыكِتَابُ الْمُنَافِقِينَ
бап
1. Алла Тағаланың «Мұнафықтар алдыңа келгенде» деген сөзінен «жан-жаққа босып кетсін» деген сөзіне дейінгі аяттар туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿حَتَّى يَنْفَضُّوا﴾
Нөмірі
№ 1938 (Мухтасар реті)
1938
Мүслим, № 1938Риуаят етуші: Зәйд ибн Арқам (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ أَرْقَمَ، قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ أَصَابَ النَّاسَ فِيهِ شِدَّةٌ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ لِأَصْحَابِهِ: «لَا تُنْفِقُوا عَلَى مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ حَتَّى يَنْفَضُّوا مِنْ حَوْلِهِ». قَالَ زُهَيْرٌ: وَهِيَ فِي قِرَاءَةِ عَبْدِ اللَّهِ. وَقَالَ: ﴿لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ٨]. قَالَ: فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فَأَخْبَرْتُهُ بِذَلِكَ فَأَرْسَلَ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيٍّ فَسَأَلَهُ فَاجْتَهَدَ يَمِينَهُ مَا فَعَلَ، فَقَالَ: «كَذَبَ زَيْدٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: فَوَقَعَ فِي نَفْسِي مِمَّا قَالُوهُ شِدَّةٌ حَتَّى أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ تَصْدِيقِي: ﴿إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ١]. قَالَ: ثُمَّ دَعَاهُمُ النَّبِيُّ ﷺ لِيَسْتَغْفِرَ لَهُمْ، قَالَ: فَلَوَّوْا رُءُوسَهُمْ، وَقَوْلُهُ: ﴿كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُسَنَّدَةٌ﴾ [الْمُنَافِقُونَ: ٤]، وَقَالَ: كَانُوا رِجَالًا أَجْمَلَ شَيْءٍ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Арқам былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарға шықтық. Бұл сапарда адамдар қатты қиындыққа тап болды». Сонда Абдулла ибн Убәй серіктеріне: «Расулалланың маңайындағы кедей-кепшіктерге қайыр-садақа бермеңдер, жан-жаққа босып кетсін» («Мунафиқун», 7), – деді. Зуһайр: «Бұл Абдулланың қырағатында бар», – деді. Сондай-ақ Абдулла ибн Убәй: «Күмәндарың болмасын, осыдан Мәдинаға оралатын болсақ, ұлықтар ол жерден бейшараларды міндетті түрде қуып шығады» («Мунафиқун», 8), – деді. Зәйд былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) барып, мұны хабарладым. Ол (с.а.с.) Абдулла ибн Убәйге адам жіберіп, одан бұл жайында сұрады. Абдулла мұны істемегеніне жанын сала ант берді. Сонда ол: “Зәйд Алла Елшісіне (с.а.с.) өтірік айтты”, – деді. Осы сөздер жаныма қатты батты. Ақыры Ұлы әрі аса мәртебелі Алла менің сөзімді растап: “Мұнафықтар алдыңа келгенде...” (“Мунафиқун”, 1), – деген аятты түсірді». Зәйд: «Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) олар үшін кешірім тілеу мақсатымен оларды қасына шақырды. Алайда олар бастарын бұрып әкетті. Ал Алланың: “Шынында, олар құдды дуалға сүйеулі бөренелер секілді.” (“Мунафиқун”, 4) деген сөзіне келсек, олар сыртқы көрінісі аса көрікті адамдар еді», – деді (2772/1).