Хадис

Сахих Мүслим, № 1939

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
61. Екіжүзділер кітабыكِتَابُ الْمُنَافِقِينَ
бап
2. Екіжүзділердің Пайғамбардың (с.а.с.) өздері үшін кешірім сұрауынан бас тартуы туралыبَابٌ: فِي إِعْرَاضِ الْمُنَافِقِينَ عَنْ اسْتِغْفَارِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1939 (Мухтасар реті)
1939
Мүслим, № 1939Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَصْعَدِ الثَّنِيَّةَ، ثَنِيَّةَ الْمُرَارِ، فَإِنَّهُ يُحَطُّ عَنْهُ مَا حُطَّ عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ». قَالَ: فَكَانَ أَوَّلَ مَنْ صَعِدَهَا خَيْلُنَا (خَيْلُ بَنِي الْخَزْرَجِ)، ثُمَّ تَتَامَّ النَّاسُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَكُلُّكُمْ مَغْفُورٌ لَهُ، إِلَّا صَاحِبَ الْجَمَلِ الْأَحْمَرِ». فَأَتَيْنَاهُ فَقُلْنَا لَهُ: «تَعَالَ، يَسْتَغْفِرْ لَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». فَقَالَ: «وَاللَّهِ، لَأَنْ أَجِدَ ضَالَّتِي أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لِي صَاحِبُكُمْ». قَالَ: وَكَانَ الرَّجُلُ يَنْشُدُ ضَالَّةً لَهُ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Мурар асуына көтерілсе, Исраил ұрпақтарының күнәлары кешірілгендей, оның да күнәлары кешіріледі”, – деді. Оған бірінші болып біздің атты жасағымыз – Бәну Хазраждың атты әскері көтерілді. Содан кейін қалған адамдар да бірінен соң бірі түгел көтерілді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Қызыл түйенің иесінен басқа барлығыңның күнәларың кешірілді”, – деді. Біз әлгі адамның қасына барып: “Жүр, Алла Елшісі (с.а.с.) сен үшін кешірім тілесін”, – дедік. Ол: “Алланың атымен ант етейін, жоғалтқан затымды тауып алғаным сендердің серіктеріңнің мен үшін кешірім тілегенінен де артық”, – деді». Ол жоғалтқан нәрсесін іздеп жүрген еді (2780/12).