عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: كَانَ مِنَّا رَجُلٌ مِنْ بَنِي النَّجَّارِ قَدْ قَرَأَ الْبَقَرَةَ وَآلَ عِمْرَانَ وَكَانَ يَكْتُبُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَانْطَلَقَ هَارِبًا حَتَّى لَحِقَ بِأَهْلِ الْكِتَابِ، قَالَ: فَرَفَعُوهُ، قَالُوا: «هَذَا قَدْ كَانَ يَكْتُبُ لِمُحَمَّدٍ»، فَأُعْجِبُوا بِهِ، فَمَا لَبِثَ أَنْ قَصَمَ اللَّهُ عُنُقَهُ فِيهِمْ، فَحَفَرُوا لَهُ فَوَارَوْهُ، فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، ثُمَّ عَادُوا فَحَفَرُوا لَهُ، فَوَارَوْهُ فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، ثُمَّ عَادُوا فَحَفَرُوا لَهُ، فَوَارَوْهُ فَأَصْبَحَتِ الْأَرْضُ قَدْ نَبَذَتْهُ عَلَى وَجْهِهَا، فَتَرَكُوهُ مَنْبُوذًا.
Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Арамызда Бәну Нәжжар руынан шыққан бір адам бар еді. Ол “Бақара” мен “Әли Имран” сүрелерін оқыған әрі Алла Елшісіне (с.а.с.) жазу жазатын. Кейін ол қашып кетіп, Кітап иелеріне қосылды. Олар оның мәртебесін көтеріп: “Бұл – Мұхаммедке жазу жазған адам”, – десті әрі оған тәнті болды. Арада көп өтпей, Алла оны солардың арасында опат қылды. Олар оған қабір қазып, жерледі. Алайда таң атқанда, жер оны қайтадан жер бетіне шығарып тастаған еді. Олар тағы да қабір қазып, оны жерледі. Таң атқанда, жер оны тағы да жер бетіне шығарып тастады. Олар үшінші рет қабір қазып, оны жерледі. Бірақ таң атқанда, жер оны тағы да жер бетіне шығарып тастаған еді. Ақыры олар оны жер бетінде жатқан күйінде қалдырды» (2781/14).