Хадис

Сахих Мүслим, № 1946

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
62. Қияметтің сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْقِيَامَةِ
бап
1. Қиямет күні Алланың жерді уысына алуы және «ал жеті қат аспан Оның шексіз құдіретімен шиыршықталып бүктелген күйде иелігінде болады.» деген аят туралыبَابٌ: يَقْبِضُ اللَّهُ الْأَرْضَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ﴿وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ﴾
Нөмірі
№ 1946 (Мухтасар реті)
1946
Мүслим, № 1946Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَطْوِي اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ السَّمَاوَاتِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، ثُمَّ يَأْخُذُهُنَّ بِيَدِهِ الْيُمْنَى، ثُمَّ يَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ، أَيْنَ الْجَبَّارُونَ؟ أَيْنَ الْمُتَكَبِّرُونَ؟” ثُمَّ يَطْوِي الْأَرْضَ بِشِمَالِهِ، ثُمَّ يَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ، أَيْنَ الْجَبَّارُونَ؟ أَيْنَ الْمُتَكَبِّرُونَ؟”»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін хабарлады: «Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Қиямет күні аспандарды бүктеп, оларды оң қолына алады. Содан кейін: “Патша – Менмін! Қайда озбырлар? Қайда тәкаппарлар?” – дейді. Одан соң жерді сол қолымен бүктеп: “Патша – Менмін! Қайда озбырлар? Қайда тәкаппарлар?” – дейді» (2788/24).