Хадис

Сахих Мүслим, № 1952

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
62. Қияметтің сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْقِيَامَةِ
бап
7. Қиямет күні кәпірдің бетімен жүргізіліп, жиналуы туралыبَابٌ: حَشْرُ الْكَافِرِ عَلَى وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
Нөмірі
№ 1952 (Мухтасар реті)
1952
Мүслим, № 1952Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ يُحْشَرُ الْكَافِرُ عَلَى وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: «أَلَيْسَ الَّذِي أَمْشَاهُ عَلَى رِجْلَيْهِ فِي الدُّنْيَا قَادِرًا عَلَى أَنْ يُمْشِيَهُ عَلَى وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ قَتَادَةُ: «بَلَى، وَعِزَّةِ رَبِّنَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Бір адам: “Уа, Алланың Елшісі! Қиямет күні кәпір қалайша бетімен жүрген күйінде жиналады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Оны дүниеде екі аяғымен жүргізген Алла Қиямет күні бетімен жүргізуге құдіретті емес пе?” – деді». Қатада: «Әлбетте! Раббымыздың ұлылығына ант етемін!» – деді (2806/54).