Хадис

Сахих Мүслим, № 1961

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
63. Жәннаттың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ
бап
5. Жәннат тұрғындарының биіктегі бөлмелерде тұратындарды алыстан көруі туралыبَابٌ: تَرَائِي أَهْلِ الْجَنَّةِ أَهْلَ الْغُرَفِ
Нөмірі
№ 1961 (Мухтасар реті)
1961
Мүслим, № 1961Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ مِنْ فَوْقِهِمْ، كَمَا تَتَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ الدُّرِّيَّ الْغَابِرَ مِنَ الْأُفُقِ مِنَ الْمَشْرِقِ أَوِ الْمَغْرِبِ، لِتَفَاضُلِ مَا بَيْنَهُمْ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، تِلْكَ مَنَازِلُ الْأَنْبِيَاءِ لَا يَبْلُغُهَا غَيْرُهُمْ؟» قَالَ: «بَلَى، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، رِجَالٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الْمُرْسَلِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Жәннат тұрғындары өздерінен жоғарыда орналасқан биік бөлмелерде тұратындарды сендердің шығыс немесе батыс көкжиегінің қиырында жарқырап тұрған жұлдызды көргендеріңдей көреді. Бұл – олардың дәрежелерінің әртүрлі болуына байланысты». Олар: «Уа, Алланың Елшісі! Бұл пайғамбарлардың дәрежелері емес пе? Оларға пайғамбарлардан басқа ешкім жете алмайды ғой», – деді. Ол (с.а.с.): «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, Аллаға иман келтіріп, елшілерді растаған адамдар да ол дәрежелерге жетеді», – деді (2831/11).