Хадис

Сахих Мүслим, № 1962

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
63. Жәннаттың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ
бап
6. Жәннат тұрғындарының онда тамақ жеуі туралыبَابٌ: أَكْلُ أَهْلِ الْجَنَّةِ فِيهَا
Нөмірі
№ 1962 (Мухтасар реті)
1962
Мүслим, № 1962Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَأْكُلُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فِيهَا وَيَشْرَبُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ وَلَا يَمْتَخِطُونَ وَلَا يَبُولُونَ، وَلَكِنْ طَعَامُهُمْ ذَلِكَ جُشَاءٌ كَرَشْحِ الْمِسْكِ، يُلْهَمُونَ التَّسْبِيحَ وَالتَّحْمِيدَ كَمَا تُلْهَمُونَ النَّفَسَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәннат тұрғындары онда ішіп-жейді, бірақ үлкен дәретке отырмайды, мұрын сіңбірмейді және кіші дәрет сындырмайды. Ал олардың жеген асы жұпардай аңқыған кекірік арқылы шығады. Сендер қалай еркін тыныс алсаңдар, олар да солай Алланы пәктеп, Оған мадақ айтады”, – деді» (2835/19).