Хадис

Сахих Мүслим, № 1981

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
64. Тозақтың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ النَّارِ
бап
7. Малды пұттарға бағыштап, еркіне жіберген адамның Тозақтағы азабы туралыبَابٌ: عَذَابُ مَنْ سَيَّبَ السَّوَائِبَ فِي النَّارِ
Нөмірі
№ 1981 (Мухтасар реті)
1981
Мүслим, № 1981

عَنِ ابْنِ شِهَابٍ قَالَ: سَمِعْتُ سَعِيدَ بْنَ الْمُسَيِّبِ يَقُولُ: «إِنَّ الْبَحِيرَةَ الَّتِي يُمْنَعُ دَرُّهَا لِلطَّوَاغِيتِ، فَلَا يَحْلُبُهَا أَحَدٌ مِنَ النَّاسِ، وَأَمَّا السَّائِبَةُ الَّتِي كَانُوا يُسَيِّبُونَهَا لِآلِهَتِهِمْ، فَلَا يُحْمَلُ عَلَيْهَا شَيْءٌ». وَقَالَ ابْنُ الْمُسَيِّبِ: قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَأَيْتُ عَمْرَو بْنَ عَامِرٍ الْخُزَاعِيَّ يَجُرُّ قُصْبَهُ فِي النَّارِ، وَكَانَ أَوَّلَ مَنْ سَيَّبَ السَّوَائِبَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһаб: «Мен Сағид ибн Мусайябтың: “Бахира – сүті пұттарға арналып, саууға тыйым салынған мал. Оны адамдардың ешқайсысы саумайтын. Ал сәиба – жалған құдайларына арнап еркіне жіберілетін мал. Оған ештеңе артылмайтын”, – дегенін естідім», – деді. Ибн Мусайяб тағы: «Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.): “Амр ибн Амир әл-Хузағидің Тозақта ішектерін сүйретіп жүргенін көрдім. Сәиба малдарын алғаш рет еркіне жіберген де сол еді”, – дегенін жеткізді», – деді (2856/51).