Хадис

Сахих Мүслим, № 1985

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
64. Тозақтың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ النَّارِ
бап
9. Адамдарды азаптайтындардың азабы туралыبَابٌ: عَذَابُ الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ النَّاسَ
Нөмірі
№ 1985 (Мухтасар реті)
1985
Мүслим, № 1985Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنْ طَالَتْ بِكَ مُدَّةٌ، أَوْشَكْتَ أَنْ تَرَى قَوْمًا يَغْدُونَ فِي سَخَطِ اللَّهِ، وَيَرُوحُونَ فِي لَعْنَتِهِ، فِي أَيْدِيهِمْ مِثْلُ أَذْنَابِ الْبَقَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Егер ғұмырың ұзаққа созылса, таңертең Алланың қаһарына, кешке Оның лағынетіне ұшырайтын, қолдарында сиырдың құйрығындай нәрселері бар ондай адамдарды көп ұзамай көрерсің”, – дегенін естідім», – деді (2857/54).