Хадис

Сахих Мүслим, № 2095

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
2. Құранды, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқу туралыبَابٌ: فِي قِرَاءَةِ الْقُرْآنِ وَسُورَةِ الْبَقَرَةِ وَآلِ عِمْرَانَ
Нөмірі
№ 2095 (Мухтасар реті)
2095
Мүслим, № 2095Риуаят етуші: Әбу Умама әл-Бәһили (р.а.)

عَنْ أَبِي أُمَامَةَ الْبَاهِلِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اِقْرَءُوا الْقُرْآنَ، فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لِأَصْحَابِهِ، اِقْرَءُوا الزَّهْرَاوَيْنِ: الْبَقَرَةَ وَسُورَةَ آلِ عِمْرَانَ، فَإِنَّهُمَا تَأْتِيَانِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُمَا غَمَامَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا غَيَايَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا فِرْقَانِ مِنْ طَيْرٍ صَوَافَّ، تُحَاجَّانِ عَنْ أَصْحَابِهِمَا. اِقْرَءُوا سُورَةَ الْبَقَرَةِ، فَإِنَّ أَخْذَهَا بَرَكَةٌ، وَتَرْكَهَا حَسْرَةٌ، وَلَا تَسْتَطِيعُهَا الْبَطَلَةُ». قَالَ مُعَاوِيَةُ: «بَلَغَنِي أَنَّ الْبَطَلَةَ: السَّحَرَةُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Умама әл-Бәһили (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Құранды оқыңдар. Өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді. Екі нұрлы сүрені – ‘Бақара’ мен ‘Әли Имран’ сүрелерін оқыңдар. Өйткені олар Қиямет күні екі бұлт шоғырындай немесе екі саядай, яки қанаттарын жайып, сап түзеген екі топ құстай болып келіп, өздерін оқығандарды қорғап, жақтап шығады. ‘Бақара’ сүресін оқыңдар. Өйткені оны меңгеру – береке, ал оны тәрк ету – өкініш. Сиқыршылардың оған шамасы жетпейді”». Мұғауия: «Маған “әл-батала” сөзінің “сиқыршылар” дегенді білдіретіні жетті», – деді (804/252).