عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أُسَيْدَ بْنَ حُضَيْرٍ بَيْنَمَا هُوَ لَيْلَةً يَقْرَأُ فِي مِرْبَدِهِ، إِذْ جَالَتْ فَرَسُهُ، فَقَرَأَ، ثُمَّ جَالَتْ أُخْرَى، فَقَرَأَ، ثُمَّ جَالَتْ أَيْضًا، قَالَ أُسَيْدٌ: «فَخَشِيتُ أَنْ تَطَأَ يَحْيَى، فَقُمْتُ إِلَيْهَا، فَإِذَا مِثْلُ الظُّلَّةِ فَوْقَ رَأْسِي فِيهَا أَمْثَالُ السُّرُجِ، عَرَجَتْ فِي الْجَوِّ حَتَّى مَا أَرَاهَا، قَالَ: فَغَدَوْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، بَيْنَمَا أَنَا الْبَارِحَةَ مِنْ جَوْفِ اللَّيْلِ أَقْرَأُ فِي مِرْبَدِي، إِذْ جَالَتْ فَرَسِي”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِقْرَأِ ابْنَ حُضَيْرٍ”. قَالَ: فَقَرَأْتُ، ثُمَّ جَالَتْ أَيْضًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِقْرَأِ ابْنَ حُضَيْرٍ”. قَالَ: فَقَرَأْتُ، ثُمَّ جَالَتْ أَيْضًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِقْرَأِ ابْنَ حُضَيْرٍ”. قَالَ: فَانْصَرَفْتُ، وَكَانَ يَحْيَى قَرِيبًا مِنْهَا، خَشِيتُ أَنْ تَطَأَهُ، فَرَأَيْتُ مِثْلَ الظُّلَّةِ فِيهَا أَمْثَالُ السُّرُجِ، عَرَجَتْ فِي الْجَوِّ حَتَّى مَا أَرَاهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “تِلْكَ الْمَلَائِكَةُ كَانَتْ تَسْتَمِعُ لَكَ، وَلَوْ قَرَأْتَ لَأَصْبَحَتْ يَرَاهَا النَّاسُ مَا تَسْتَتِرُ مِنْهُمْ”».
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.). Усайд ибн Худайр бір түні қорасында Құран оқып отырған кезде, аты тулай бастады. Ол оқуын жалғастырғанда, аты тағы тулады. Қайта оқығанда, аты тағы да тулады. Усайд: «Ат Яхияны басып кете ме деп қорқып, орнымнан тұрып, оған қарай бардым. Қарасам, төбемде шатыр тәрізді, ішінде шамдарға ұқсас жарықтары бар бір нәрсе тұр екен. Ол әуеге көтеріліп, көзден ғайып болды. Таңертең Алла Елшісіне (с.а.с.) барып: “Уа, Расулалла! Кеше түн ортасында қорамда Құран оқып отырғанымда, атым тулай бастады”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оқи бер, уа, Ибн Худайр!” – деді. Мен: “Оқуымды жалғастырдым, сонда атым тағы тулады”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оқи бер, уа, Ибн Худайр!” – деді. Мен: “Тағы оқыдым, атым қайтадан тулады”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оқи бер, уа, Ибн Худайр!” – деді. Мен: “Сонда оқуымды тоқтатып, атқа қарай бұрылдым. Өйткені Яхия атқа жақын тұрған еді, оны басып кете ме деп қорықтым. Сол кезде ішінде шамдарға ұқсас жарықтары бар, шатыр тәрізді бір нәрсені көрдім. Ол әуеге көтеріліп, көзден ғайып болды”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Олар сенің Құран оқуыңды тыңдап тұрған періштелер еді. Егер оқуыңды жалғастырғаныңда, таң атқанда оларды адамдар да көрер еді әрі олар адамдардан жасырынбас еді”, – деді», – деген (796/242).