Хадис

Сахих Мүслим, № 2113

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
16. Дауысты құбылтып, Құранды әуездетіп оқу туралыبَابٌ: التَّرْجِيعُ فِي قِرَاءَةِ الْقُرْآنِ
Нөмірі
№ 2113 (Мухтасар реті)
2113
Мүслим, № 2113

عَنْ مُعَاوِيَةَ بْنِ قُرَّةَ، قَالَ: سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مُغَفَّلٍ الْمُزَنِيَّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «قَرَأَ النَّبِيُّ ﷺ عَامَ الْفَتْحِ فِي مَسِيرٍ لَهُ سُورَةَ الْفَتْحِ عَلَى رَاحِلَتِهِ، فَرَجَّعَ فِي قِرَاءَتِهِ». قَالَ مُعَاوِيَةُ: «لَوْلَا أَنِّي أَخَافُ أَنْ يَجْتَمِعَ عَلَيَّ النَّاسُ لَحَكَيْتُ لَكُمْ قِرَاءَتَهُ».

Қазақша аудармасы

Мұғауия ибн Қурра Абдулла ибн Мұғаффәл әл-Музанидің (р.а.) былай дегенін естігенін жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.) Мекке азат етілген жылы сапар үстінде мініс көлігіне отырған күйі “Фатх” сүресін оқыды әрі оқыған кезде дауысын қайырып, әуездетті». Мұғауия: «Адамдар айналама жиналып қалады деп қорықпағанымда, оның қалай оқығанын сендерге салып көрсетер едім», – деді (794/237).