Хадис
كِتَابُ التَّفْسِيرِ

Тәпсір кітабы

Сахих Мүслим, 68-кітап · 57 хадис · № 2123–2179

Мазмұны: 54 бап
  1. 1Алла Тағаланың «Қаланың қақпасынан кіргенде, сәждеге жығылып: “Күнәмізді кешіре көр!” – деп айтыңдар» деген сөзі туралы
  2. 2Алла Тағаланың «Шынайы ізгілік үйлерге арт жағынан кіруде емес» деген сөзі туралы
  3. 3Алла Тағаланың «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші» деген сөзі туралы
  4. 4Алла Тағаланың «Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады» деген сөзі туралы
  5. 5Алла Тағаланың «Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мағынасы анық мухкам аяттар» деген сөзі туралы
  6. 6Алла Тағаланың «Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды һәм қолдарының ұшы тимеген істерді иемденіп, өздері атқарғандай мақтау естігенді қалайтындарды азаптан құтылады деп ойлама» деген сөзі туралы
  7. 7Алла Тағаланың «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар» және «Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды» деген сөздері туралы
  8. 8Алла Тағаланың «Ал қолы қысқа қамқоршы оның мал-мүлкінен мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде ішіп-жесін» деген сөзі туралы
  9. 9Алла Тағаланың «Екіжүзділерге қатысты екі топқа бөлінгендерің қалай?!» деген сөзі туралы
  10. 10Алла Тағаланың «Ал енді кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе» деген сөзі туралы
  11. 11Алла Тағаланың «Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне қызығып: “Сен мүмін емессің”, – деп айтпаңдар» деген сөзі туралы
  12. 12Алла Тағаланың «Егер қандай да бір әйел күйеуінің өзіне салқын қарап, жұбайлық міндеттерін лайықты түрде орындамауынан немесе өзінен теріс бұрылып кетуінен қорықса» деген сөзі туралы
  13. 13Алла Тағаланың «Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім» деген сөзі туралы
  14. 14Алла Тағаланың «Иман келтірген, иманына зұлымдықты араластырмағандар» деген сөзі туралы
  15. 15Алла Тағаланың «Бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді» деген сөзі туралы
  16. 16Алла Тағаланың «Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер» деген сөзі туралы
  17. 17Алла Тағаланың «Сол кезде олар “Игі істеріңе орай мына тұрған жұмаққа мұрагер болдыңдар” деген дауысты естиді» деген сөзі туралы
  18. 18Алла Тағаланың «Алайда Сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды» деген сөзі туралы
  19. 19Алла Тағаланың «Олардың мәңгілікке өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма» деген сөзі туралы
  20. 20«Бараа», «Әнфәл» және «Хашр» сүрелері туралы
  21. 21Алла Тағаланың «Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды» деген сөзі туралы
  22. 22Алла Тағаланың «Һәм олар сенен Рух жайлы сұрайды» деген сөзі туралы
  23. 23Алла Тағаланың «Олардың құдай тұтып, жалбарынғандарының өздері де Раббыларына өзгелерден гөрі жақынырақ болудың жолын іздейді» деген сөзі туралы
  24. 24Алла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» деген сөзі туралы
  25. 25Алла Тағаланың «Қиямет күні олар үшін Таразы да құрмаймыз» деген сөзі туралы
  26. 26Алла Тағаланың «Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт» деген сөзі туралы
  27. 27Алла Тағаланың «Аяттарымызды жоққа шығарып, күпірлік қылғанды... көрдің бе?» деген сөзі туралы
  28. 28Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың «Жаратылыс атаулыны әу баста қалай жаратқан болсақ, оларды дәл солай қайтадан жаратамыз» деген сөзі туралы
  29. 29Алла Тағаланың «Мына бір-біріне қарсы екі топ Раббылары жайлы таласып-тартысуда» деген сөзі туралы
  30. 30Алла Тағаланың «Жала жапқандар араларыңдағы бір топ адам.» деген сөзі туралы
  31. 31Алла Тағаланың «күңдеріңді, һәм арын таза сақтауды қалайтын болса, мәжбүрлеп арсыздыққа әсте итермелемеңдер.» деген сөзі туралы
  32. 32Алла Тағаланың «Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды.» деген сөзі туралы
  33. 33Алла Тағаланың «оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді.» деген сөзі туралы
  34. 34Алла Тағаланың «Оларға осынау үлкен азаптан бұрын, бәлкім, райларынан қайтар деп, одан анағұрлым жеңіл сан түрлі азапты міндетті түрде таттырамыз.» деген сөзі туралы
  35. 35Алла Тағаланың «Сонда біріккен жау қолы сендерге жоғарғы жақтан да, төменгі жақтан да төніп келіп, құрсап алған еді.» деген сөзі туралы
  36. 36Алла Тағаланың «Күн де өзінің жолымен өзі үшін белгіленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады.» деген сөзі туралы
  37. 37Алла Тағаланың «Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады.» деген сөзі туралы
  38. 38Алла Тағаланың «Сендер өз құлақтарыңның, көздеріңнің һәм терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлікке жүретініне сенбейтін едіңдер, сондықтан күнәларыңды олардан жасырмайтын едіңдер» деген сөзі туралы
  39. 39Алла Тағаланың «Көктен анық қою түтін шығатын күнді күт!» деген сөзі туралы
  40. 40Алла Тағаланың «олардың қолын сендерден, сендердің қолдарыңды олардан тыйған да бір Өзі!» деген аяты туралы
  41. 41Алла Тағаланың «Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан қатты шығармаңдар» деген аяты туралы
  42. 42Алла Тағаланың ﴿Сол күні тозақтан: «Толдың ба?!» – деп сұраймыз. Ол болса: «Тағы да бар ма?» – деп қомағайлана жауап қатады.﴾ деген сөзі туралы
  43. 43Алла Тағаланың «Қане, бұдан ғибрат алатын жан бар ма?!» деген сөзі туралы
  44. 44Алла Тағаланың «Ал жындарды оттың түтінсіз алауынан жаратты.» деген сөзі туралы
  45. 45Алла Тағаланың «Иман келтіргендердің жүрегі Алла еске алынғанда һәм өздеріне түскен ақиқаттың алдында тағзым етіп, діріл қағатын һәм жұмсаратын уақыт келмеді ме?!» деген сөзі туралы
  46. 46Алла Тағаланың ﴿Ал олардан (мұһажирлер мен ансарлардан) кейін келген мүміндер болса, Аллаға: «Уа, Раббымыз, бізді және бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды кешіре көр!…»﴾ деген сөзі туралы
  47. 47Алла Тағаланың ﴿Былай де: «Маған бір топ жынның Құран тыңдағаны уахи етілді.»﴾ деген сөзі туралы
  48. 48Алла Тағаланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» деген сөзі туралы
  49. 49Алла Тағаланың «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады.» деген сөзі туралы
  50. 50Алла Тағаланың «Оның есебі өте оңай болады.» деген сөзі туралы
  51. 51Алла Тағаланың «Еркек пен ұрғашыға серт!» деген сөзі туралы
  52. 52Алла Тағаланың «Раббың сені тастап кетпеді һәм сені жек көріп қалған да емес!» деген сөзі туралы
  53. 53Алла Тағаланың «Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.» деген сөзі туралы
  54. 54Алла Тағаланың «Алланың жәрдемі мен жеңісі жеткенде,» деген сөзі туралы

سُورَةُ الْبَقَرَةِ«Бақара» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُولُوا حِطَّةٌ﴾

1-бапАлла Тағаланың «Қаланың қақпасынан кіргенде, сәждеге жығылып: “Күнәмізді кешіре көр!” – деп айтыңдар» деген сөзі туралы

2123
Мүслим, № 2123Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قِيلَ لِبَنِي إِسْرَائِيلَ: “ادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُولُوا حِطَّةٌ يُغْفَرْ لَكُمْ خَطَايَاكُمْ”، فَبَدَّلُوا، فَدَخَلُوا الْبَابَ يَزْحَفُونَ عَلَى أَسْتَاهِهِمْ، وَقَالُوا: “حَبَّةٌ فِي شَعَرَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.). Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Исраил ұрпақтарына: “Қаланың қақпасынан кіргенде, сәждеге жығылып: ‘Күнәмізді кешіре көр!’ – деп айтыңдар, сонда күнәларыңды кешіреміз” (“Бақара”, 58), – делінген еді. Алайда олар бұл сөзді өзгертіп, қақпадан бөкселерін сүйретіп кірді де: “Бір тал шаштың ішіндегі дән”, – деді» (3015/1).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَيْسَ الْبِرُّ...﴾

2-бапАлла Тағаланың «Шынайы ізгілік үйлерге арт жағынан кіруде емес» деген сөзі туралы

2124
Мүслим, № 2124

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ قَالَ: سَمِعْتُ الْبَرَاءَ يَقُولُ: كَانَتِ الْأَنْصَارُ إِذَا حَجُّوا فَرَجَعُوا لَمْ يَدْخُلُوا الْبُيُوتَ إِلَّا مِنْ ظُهُورِهَا. قَالَ: فَجَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ فَدَخَلَ مِنْ بَابِهِ، فَقِيلَ لَهُ فِي ذَلِكَ، فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿وَلَيْسَ الْبِرُّ بِأَنْ تَأْتُوا الْبُيُوتَ مِنْ ظُهُورِهَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 189].

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ Бараның былай дегенін естігенін жеткізді: «Ансарлар қажылықтан қайтып келген кезде үйлеріне тек артқы жағынан кіретін. Бірде ансарлардың бір адамы үйіне есігінен кірді. Осы әрекеті үшін оған ескерту жасалды. Сонда мына аят түсті: “Шынайы ізгілік үйлерге арт жағынан кіруде емес” (“Бақара”, 189)» (3026/23).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِي الْمَوْتَى﴾

3-бапАлла Тағаланың «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші» деген сөзі туралы

فِيهِ حَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي كِتَابِ الْفَضَائِلِ [رَقْمَ 1608].

Мұндағы Әбу Һурайраның (р.а.) хадисі «Пайғамбарлар және олардың артықшылықтары кітабында» берілген (№1608).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ﴾

4-бапАлла Тағаланың «Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады» деген сөзі туралы

2125
Мүслим, № 2125Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: ﴿لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ فَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَاللَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ﴾ [الْبَقَرَةِ: 284]، قَالَ: فَاشْتَدَّ ذَلِكَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ثُمَّ بَرَكُوا عَلَى الرُّكَبِ، فَقَالُوا: «أَيْ رَسُولَ اللَّهِ، كُلِّفْنَا مِنَ الْأَعْمَالِ مَا نُطِيقُ، الصَّلَاةَ وَالصِّيَامَ وَالْجِهَادَ وَالصَّدَقَةَ، وَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيْكَ هَذِهِ الْآيَةُ وَلَا نُطِيقُهَا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتُرِيدُونَ أَنْ تَقُولُوا كَمَا قَالَ أَهْلُ الْكِتَابَيْنِ مِنْ قَبْلِكُمْ: “سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا”؟ بَلْ قُولُوا: “سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ”». قَالُوا: «سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ». فَلَمَّا اقْتَرَأَهَا الْقَوْمُ ذَلَّتْ بِهَا أَلْسِنَتُهُمْ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ فِي إِثْرِهَا: ﴿آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ وَقَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 285]، فَلَمَّا فَعَلُوا ذَلِكَ نَسَخَهَا اللَّهُ تَعَالَى، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا أَنْتَ مَوْلَانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) “Күллі аспан әлеміндегі және жердегі барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады. Содан кейін қалаған пендесін кешіреді, қалағанын азаптайды. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті!” (“Бақара”, 284) деген аят түскенде, бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларына өте ауыр тиді. Олар Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, тізерлей отырды да: “Уа, Алланың Елшісі! Бізге шамамыз жететін намаз, ораза, жиһад және садақа секілді амалдар міндеттелді. Енді сізге мына аят түсірілді, ал біздің оған шамамыз жетпейді”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендер өздеріңнен бұрынғы екі Кітап иелері: ‘Естідік те, қарсы келдік’, – дегендей айтқыларың келе ме? Жоқ, қайта: ‘Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз’, – деңдер”, – деді. Олар: “Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз”, – деді. Олар бұл сөздерді қайталай берген соң, тілдері оған жаттықты. Осыдан кейін іле-шала Алла: “Хақ елші өзіне Раббысынан түсірілгенге қалтқысыз иман келтірді, мүміндер де. Олардың әрбірі Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына толық иман келтіріп: ‘Біз Оның елшілерінің ешбірін бөліп-жармаймыз’, – деді. Әрі олар: ‘Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз’, – деп айтты” (“Бақара”, 285) деген аятты түсірді. Олар осылай істеген соң, Алла Тағала әлгі үкімді жойып, Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің істеген жақсылығы өз пайдасына және істеген жамандығы өз зиянына. Уа, Раббымыз! Егер ұмытып кеткен немесе қателік жасаған болсақ, сол үшін бізді жауапқа тарта көрме!” (“Бақара”, 286) деген аятты түсірді. Алла: “Иә”, – деді. “Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғы үмбеттерге жүктегеніңдей бізге ауыр міндеттер жүктей көрме!” (“Бақара”, 286) дегенге Алла: “Иә”, – деді. “Уа, Раббымыз! Бізге күшіміз жетпейтін міндеттерді арта көрме!” (“Бақара”, 286) дегенге Алла: “Иә”, – деді. “Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің һәм мейіріміңе бөлегейсің! Сен біздің қамқор Иемізсің! Бізге мына кәпірлер қауымына қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізе көр!” (“Бақара”, 286) дегенге де Алла: “Иә”, – деді» (125/199).

سُورَةُ آلِ عِمْرَانَ«Әли Имран» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ﴾

5-бапАлла Тағаланың «Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мағынасы анық мухкам аяттар» деген сөзі туралы

2126
Мүслим, № 2126Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: تَلَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ﴿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ، فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ، وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلَّا اللَّهُ، وَالرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبِّنَا، وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّا أُولُو الْأَلْبَابِ﴾. قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا رَأَيْتُمُ الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ، فَأُولَئِكَ الَّذِينَ سَمَّى اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ؛ فَاحْذَرُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мына аятты оқыды: “Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мағынасы анық мухкам аяттар, солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі, мағынасы астарлы муташабиһ аяттар. Жүрегінде ауытқу болғандар бүлік шығару үшін, әрі ол аяттарды өз қалаулары бойынша тәпсірлеу үшін астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды қазбалайды. Расында, оның шын тәпсірін бір Алладан басқа ешкім білмейді және ілімде тереңдегендер: ‘Біз оған толық иман келтірдік. Барлығы да Раббымыздың дәргейінен келді’, – деп айтады. Ендеше, ақыл иелері ғана терең ойланып, ғибрат алады” (“Әли Имран”, 7).

Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітаптағы мүтәшабиһ аяттарға еретіндерді көрсеңдер, Ұлы әрі Құдіретті Алла атағандар – солар. Сондықтан олардан сақтаныңдар”, – деді» (2665/1).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا وَيُحِبُّونَ أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا﴾

6-бапАлла Тағаланың «Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды һәм қолдарының ұшы тимеген істерді иемденіп, өздері атқарғандай мақтау естігенді қалайтындарды азаптан құтылады деп ойлама» деген сөзі туралы

2127
Мүслим, № 2127Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رِجَالًا مِنَ الْمُنَافِقِينَ فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانُوا إِذَا خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى الْغَزْوِ تَخَلَّفُوا عَنْهُ، وَفَرِحُوا بِمَقْعَدِهِمْ خِلَافَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ اعْتَذَرُوا إِلَيْهِ وَحَلَفُوا، وَأَحَبُّوا أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا، فَنَزَلَتْ: ﴿لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا وَيُحِبُّونَ أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا فَلَا تَحْسَبَنَّهُمْ بِمَفَازَةٍ مِنَ الْعَذَابِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 188].

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында мұнафықтардың кейбірі Пайғамбар (с.а.с.) соғыс жорығына шыққанда оған ілеспей қалатын әрі Алла Елшісі (с.а.с.) кеткеннен кейін үйлерінде отырғандарына қуанатын. Пайғамбар (с.а.с.) жорықтан оралғанда, оған түрлі сылтау айтып, ант ішетін әрі істемеген істері үшін мақталуды қалайтын. Осыған байланысты: “Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды һәм қолдарының ұшы тимеген істерді иемденіп, өздері атқарғандай мақтау естігенді қалайтындарды азаптан құтылады деп ойлама” (“Әли Имран”, 188) деген аят түсті» (2777/7).

2128
Мүслим, № 2128

عَنْ حُمَيْدِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ أَنَّ مَرْوَانَ قَالَ (لِبَوَّابِهِ): «اذْهَبْ يَا رَافِعُ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ فَقُلْ: “لَئِنْ كَانَ كُلُّ امْرِئٍ مِنَّا فَرِحَ بِمَا أَتَى وَأَحَبَّ أَنْ يُحْمَدَ بِمَا لَمْ يَفْعَلْ مُعَذَّبًا، لَنُعَذَّبَنَّ أَجْمَعُونَ”». فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «مَا لَكُمْ وَلِهَذِهِ الْآيَةِ؟ إِنَّمَا أُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ فِي أَهْلِ الْكِتَابِ». ثُمَّ تَلَا ابْنُ عَبَّاسٍ: ﴿وَإِذْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ لَتُبَيِّنُنَّهُ لِلنَّاسِ وَلَا تَكْتُمُونَهُ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 187]، هَذِهِ الْآيَةَ، وَتَلَا ابْنُ عَبَّاسٍ: ﴿لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا وَيُحِبُّونَ أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 188]. وَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «سَأَلَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ عَنْ شَيْءٍ فَكَتَمُوهُ إِيَّاهُ وَأَخْبَرُوهُ بِغَيْرِهِ، فَخَرَجُوا قَدْ أَرَوْهُ أَنْ قَدْ أَخْبَرُوهُ بِمَا سَأَلَهُمْ عَنْهُ، وَاسْتَحْمَدُوا بِذَلِكَ إِلَيْهِ، وَفَرِحُوا بِمَا أَتَوْا مِنْ كِتْمَانِهِمْ إِيَّاهُ مَا سَأَلَهُمْ عَنْهُ».

Қазақша аудармасы

Хумайд ибн Абдуррахман ибн Ауф былай деген: «Мәруан өзінің есік күзетшісі Рафиғқа: “Уа, Рафиғ! Ибн Аббасқа барып: ‘Егер арамыздағы істеген ісіне қуанатын әрі істемеген нәрсесі үшін мақталуды қалайтын әрбір адам азапталатын болса, онда бәріміз де азапталамыз ғой’, – деп айт”, – деді. Сонда Ибн Аббас: “Бұл аятты неге өздеріңе қатысты деп отырсыңдар? Бұл аят Кітап иелері жайында ғана түсірілген”, – деді.

Содан кейін Ибн Аббас: “Кезінде Алла Кітап иелерінен: ‘Кітаптағы ақиқаттарды ел-жұртқа ашық айтып жеткізетін боласыңдар һәм ондағы ақиқаттарды жасырмайсыңдар’, – деп уәде алған еді” (“Әли Имран”, 187) деген аятты оқыды. Содан соң: “Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды һәм қолдарының ұшы тимеген істерді иемденіп, өздері атқарғандай мақтау естігенді қалайтындарды…” (“Әли Имран”, 188) деген аятты оқыды.

Ибн Аббас: “Пайғамбар (с.а.с.) олардан бір нәрсе жайында сұрады. Олар оның сұраған нәрсесін одан жасырып, басқа жауап берді. Содан кейін оның сұрағына жауап бергендей кейіп танытып, осы үшін одан мақтау күтті әрі Пайғамбар (с.а.с.) сұраған нәрсені жасырғандарына қуанды”, – деді» (2778/8).

سُورَةُ النِّسَاءِ«Ниса» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى﴾ وَقَوْلِهِ: ﴿وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ﴾

7-бапАлла Тағаланың «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар» және «Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды» деген сөздері туралы

2129
Мүслим, № 2129

عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ، أَنَّهُ سَأَلَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنْ قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَى وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ﴾ [النِّسَاءِ: 3]. قَالَتْ: «يَا ابْنَ أُخْتِي، هِيَ الْيَتِيمَةُ تَكُونُ فِي حَجْرِ وَلِيِّهَا تُشَارِكُهُ فِي مَالِهِ، فَيُعْجِبُهُ مَالُهَا وَجَمَالُهَا، فَيُرِيدُ وَلِيُّهَا أَنْ يَتَزَوَّجَهَا بِغَيْرِ أَنْ يُقْسِطَ فِي صَدَاقِهَا فَيُعْطِيَهَا مِثْلَ مَا يُعْطِيهَا غَيْرُهُ، فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يُقْسِطُوا لَهُنَّ، وَيَبْلُغُوا بِهِنَّ أَعْلَى سُنَّتِهِنَّ مِنَ الصَّدَاقِ، وَأُمِرُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا طَابَ لَهُمْ مِنَ النِّسَاءِ سِوَاهُنَّ». قَالَ عُرْوَةُ: قَالَتْ عَائِشَةُ: «ثُمَّ إِنَّ النَّاسَ اسْتَفْتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ هَذِهِ الْآيَةِ فِيهِنَّ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِيهِنَّ وَمَا يُتْلَى عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ اللَّاتِي لَا تُؤْتُونَهُنَّ مَا كُتِبَ لَهُنَّ وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾ [النِّسَاءِ: 127]». قَالَتْ: «وَالَّذِي ذَكَرَ اللَّهُ أَنَّهُ يُتْلَى عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ: الْآيَةُ الْأُولَى الَّتِي قَالَ اللَّهُ فِيهَا: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ﴾ [النِّسَاءِ: 3]». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَقَوْلُ اللَّهِ تَعَالَى فِي الْآيَةِ الْأُخْرَى: ﴿وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾، رَغْبَةُ أَحَدِكُمْ عَنِ الْيَتِيمَةِ الَّتِي تَكُونُ فِي حَجْرِهِ، حِينَ تَكُونُ قَلِيلَةَ الْمَالِ وَالْجَمَالِ، فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا رَغِبُوا فِي مَالِهَا وَجَمَالِهَا مِنْ يَتَامَى النِّسَاءِ، إِلَّا بِالْقِسْطِ، مِنْ أَجْلِ رَغْبَتِهِمْ عَنْهُنَّ».

Қазақша аудармасы

Уруа ибн әз-Зубәйрден. Ол Айшадан Алланың «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады» («Ниса», 3) деген сөзі жайында сұрады. Айша: «Уа, әпкемнің ұлы! Бұл – қамқоршысының қолында тәрбиеленіп жүрген жетім қыз. Оның мал-мүлкі қамқоршысының мал-мүлкімен ортақ болады. Қамқоршысына қыздың мал-мүлкі мен сұлулығы ұнап, оған үйленгісі келеді. Алайда мәһірін әділ белгілемей, оған өзге біреу үйленгенде беретіндей мәһірді бермейді. Сондықтан оларға әділдік жасап, өз дәрежесіндегі әйелдерге берілетін ең жоғары мөлшердегі мәһірді бермейінше, ондай жетім қыздарға үйленуге тыйым салынды. Оларға сол қыздардан өзге, көңілдері қалаған әйелдерге үйлену бұйырылды», – деді. Уруа былай деді: «Айша: “Осы аят түскеннен кейін адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) жетім қыздар жайында пәтуа сұрады. Сонда Ұлы әрі Құдіретті Алла ‘Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды. Былай деп айт: ‹Олар жайлы пәтуаны Алла сендерге беруде. Әрі сендерге осынау Кітапта мәһірін бермей-ақ некелесіп алғыларың келген жетім әйелдерге…›’ (‘Ниса’, 127) деген аятты түсірді”, – деді», – деп баяндады. Айша: «Алла Тағаланың “сендерге осынау Кітапта” деп атағаны – Алланың “Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады” (“Ниса”, 3) деген алғашқы аяты», – деді. Айша тағы да: «Алланың кейінгі аяттағы “…некелесіп алғыларың келген…” (“Ниса”, 127) деген сөзі сендердің біріңнің қамқорлығындағы мал-мүлкі аз әрі көркі келіспеген жетім қызға үйленуден теріс айналуын білдіреді. Сондықтан мал-мүлкі мен сұлулығына қызығып, жетім қыздарға үйленуге тек әділдік жасаған жағдайда ғана рұқсат етілді, ал әділдік жасамай үйленуге тыйым салынды. Бұл олардың мал-мүлкі аз әрі көркі келіспеген жетім қыздардан теріс айналатындығына байланысты еді», – деді (3018/6).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَنْ كَانَ فَقِيرًا فَلْيَأْكُلْ بِالْمَعْرُوفِ﴾

8-бапАлла Тағаланың «Ал қолы қысқа қамқоршы оның мал-мүлкінен мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде ішіп-жесін» деген сөзі туралы

2130
Мүслим, № 2130Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَنْ كَانَ فَقِيرًا فَلْيَأْكُلْ بِالْمَعْرُوفِ﴾ [النِّسَاءِ: 6]. قَالَتْ: «أُنْزِلَتْ فِي وَالِي مَالِ الْيَتِيمِ الَّذِي يَقُومُ عَلَيْهِ وَيُصْلِحُهُ، إِذَا كَانَ مُحْتَاجًا أَنْ يَأْكُلَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алланың «Ал қолы қысқа қамқоршы оның мал-мүлкінен мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде ішіп-жесін» («Ниса», 6) деген сөзі жайында: «Бұл аят жетімнің мал-мүлкін басқарып, оны күтіп-баптап әрі жөнге келтіріп отыратын адам мұқтаж болған жағдайда, сол малдан қажетінше пайдалануына байланысты түскен», – деді (3019/10).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ﴾

9-бапАлла Тағаланың «Екіжүзділерге қатысты екі топқа бөлінгендерің қалай?!» деген сөзі туралы

2131
Мүслим, № 2131Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَرَجَ إِلَى أُحُدٍ، فَرَجَعَ نَاسٌ مِمَّنْ كَانَ مَعَهُ، فَكَانَ أَصْحَابُ النَّبِيِّ ﷺ فِيهِمْ فِرْقَتَيْنِ، قَالَ بَعْضُهُمْ: «نَقْتُلُهُمْ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا». فَنَزَلَتْ: ﴿فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ﴾ [النِّسَاءِ: 88].

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сабит былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Ухудқа аттанғанда, өзімен бірге шыққан адамдардың бір тобы кері қайтты. Сонда Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары оларға қатысты екі топқа бөлінді. Бір тобы: “Оларды өлтіреміз”, – десе, екінші тобы: “Жоқ”, – деді. Осыған байланысты: “Екіжүзділерге қатысты екі топқа бөлінгендерің қалай?!” (“Ниса”, 88) деген аят түсті» (2776/6).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا﴾

10-бапАлла Тағаланың «Ал енді кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе» деген сөзі туралы

2132
Мүслим, № 2132

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، قَالَ: قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ: «أَلِمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا مِنْ تَوْبَةٍ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: فَتَلَوْتُ عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةَ الَّتِي فِي الْفُرْقَانِ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ﴾ [الْفُرْقَانِ: 68] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ. قَالَ: «هَذِهِ آيَةٌ مَكِّيَّةٌ نَسَخَتْهَا آيَةٌ مَدَنِيَّةٌ: ﴿وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا﴾ [النِّسَاءِ: 93]».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубайр былай деді: «Мен Ибн Аббастан: “Мүмінді қасақана өлтірген адамның тәубесі бар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда мен оған Фурқан сүресіндегі “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды. Алла нақақтан-нақақ өлтіруде харам қылған тірі жанды өлтірмейді” (“Фурқан”, 68) деген аятты аяғына дейін оқыдым. Ол: “Бұл – Меккеде түскен аят. Оны Мәдинада түскен мына аят мансұқ етті: ‘Ал енді кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – ішінде мәңгі-бақи қалып, азап шегетін тозақ болмақ’ (‘Ниса’, 93)”, – деді» (3023/20).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَمَ﴾

11-бапАлла Тағаланың «Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне қызығып: “Сен мүмін емессің”, – деп айтпаңдар» деген сөзі туралы

2133
Мүслим, № 2133Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: لَقِيَ نَاسٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ رَجُلًا فِي غُنَيْمَةٍ لَهُ، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ». فَأَخَذُوهُ فَقَتَلُوهُ وَأَخَذُوا تِلْكَ الْغُنَيْمَةَ، فَنَزَلَتْ: ﴿وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَمَ لَسْتَ مُؤْمِنًا﴾ وَقَرَأَهَا ابْنُ عَبَّاسٍ: ﴿السَّلَامَ﴾ [النِّسَاءِ: 94].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Мұсылмандардың бір тобы шағын қой отарын айдап келе жатқан бір кісіге кезікті. Ол оларға: “Әссәләмуғаләйкум!” – деп сәлем берді. Алайда олар оны ұстап алып өлтірді де, қойларын алып қойды. Сонда мына аят түсті: “Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне қызығып: ‘Сен мүмін емессің’, – деп айтпаңдар” (“Ниса”, 94). Ибн Аббас аяттағы السَّلَمَ сөзін السَّلَامَ – “сәлем” деп оқыған» (3025/22).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنِ امْرَأَةٌ خَافَتْ مِنْ بَعْلِهَا نُشُوزًا أَوْ إِعْرَاضًا﴾

12-бапАлла Тағаланың «Егер қандай да бір әйел күйеуінің өзіне салқын қарап, жұбайлық міндеттерін лайықты түрде орындамауынан немесе өзінен теріс бұрылып кетуінен қорықса» деген сөзі туралы

2134
Мүслим, № 2134Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنِ امْرَأَةٌ خَافَتْ مِنْ بَعْلِهَا نُشُوزًا أَوْ إِعْرَاضًا﴾ [النِّسَاءِ: 128]. قَالَتْ: «نَزَلَتْ فِي الْمَرْأَةِ تَكُونُ عِنْدَ الرَّجُلِ، فَلَعَلَّهُ أَنْ لَا يَسْتَكْثِرَ مِنْهَا، وَتَكُونُ لَهُ صُحْبَةٌ وَوَلَدٌ، فَتَكْرَهُ أَنْ يُفَارِقَهَا، فَتَقُولُ لَهُ: “أَنْتَ فِي حِلٍّ مِنْ شَأْنِي”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Ұлы әрі Құдіретті Алланың: «Егер қандай да бір әйел күйеуінің өзіне салқын қарап, жұбайлық міндеттерін лайықты түрде орындамауынан немесе өзінен теріс бұрылып кетуінен қорықса…» («Ниса», 128) деген сөзі жайында: «Бұл аят бір ер адамның некесіндегі әйел жайында түскен. Күйеуінің оған онша ықыласы болмауы мүмкін. Алайда араларында ұзақ жылдық жұбайлық өмір мен ортақ бала болғандықтан, әйел күйеуінің өзімен ажырасуын қаламайды. Сонда әйел оған: “Маған қатысты міндеттеріңнен боссың”, – дейді», – деді (3021/14).

سُورَةُ الْمَائِدَةِ«Мәида» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ﴾

13-бапАлла Тағаланың «Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім» деген сөзі туралы

2135
Мүслим, № 2135Риуаят етуші: Тариқ ибн Шиһаб (р.а.)

عَنْ طَارِقِ بْنِ شِهَابٍ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْيَهُودِ إِلَى عُمَرَ، فَقَالَ: «يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، آيَةٌ فِي كِتَابِكُمْ تَقْرَؤُونَهَا، لَوْ عَلَيْنَا نَزَلَتْ (مَعْشَرَ يَهُودَ) لَاتَّخَذْنَا ذَلِكَ الْيَوْمَ عِيدًا». قَالَ: «وَأَيُّ آيَةٍ؟» قَالَ: ﴿الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الْإِسْلَامَ دِينًا﴾ [الْمَائِدَةِ: 3]. فَقَالَ عُمَرُ: «إِنِّي لَأَعْلَمُ الْيَوْمَ الَّذِي نَزَلَتْ فِيهِ وَالْمَكَانَ الَّذِي نَزَلَتْ فِيهِ، نَزَلَتْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِعَرَفَاتٍ فِي يَوْمِ جُمُعَةٍ».

Қазақша аудармасы

Тариқ ибн Шиһаб былай деді: «Бір яһуди Омарға келіп: “Уа, мүміндердің әміршісі! Кітаптарыңда сендер оқитын бір аят бар. Егер сол аят бізге – яһуди қауымына – түсірілгенде, сол күнді мейрам етіп алар едік”, – деді. Омар: “Ол қай аят?” – деп сұрады. Яһуди: “Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым” (“Мәида”, 3), – деді. Сонда Омар: “Мен оның түскен күнін де, түскен жерін де жақсы білемін. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) Арафатта, жұма күні түсті”, – деді» (3017/5).

سُورَةُ الْأَنْعَامِ«Әнғам» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿الَّذِينَ آمَنُوا وَلَمْ يَلْبِسُوا إِيمَانَهُمْ بِظُلْمٍ﴾

14-бапАлла Тағаланың «Иман келтірген, иманына зұлымдықты араластырмағандар» деген сөзі туралы

2136
Мүслим, № 2136Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿الَّذِينَ آمَنُوا وَلَمْ يَلْبِسُوا إِيمَانَهُمْ بِظُلْمٍ﴾ [الْأَنْعَامِ: 82] شَقَّ ذَلِكَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَقَالُوا: «أَيُّنَا لَا يَظْلِمُ نَفْسَهُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ هُوَ كَمَا تَظُنُّونَ، إِنَّمَا هُوَ كَمَا قَالَ لُقْمَانُ لِابْنِهِ: ﴿يَا بُنَيَّ لَا تُشْرِكْ بِاللَّهِ إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ﴾ [لُقْمَانَ: 13]».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «“Иман келтірген, иманына зұлымдықты араластырмағандар…” (“Әнғам”, 82) деген аят түскенде, бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларына ауыр тиді. Олар: “Біздің қайсымыз өзіне зұлымдық жасамайды?” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл сендер ойлағандай емес. Мұның мәні Лұқманның ұлына айтқан мына сөзіндегідей: ‘Балам, Аллаға серік қоспа! Расында, Оған серік қосу – ең үлкен зұлымдық!’ (‘Лұқман’, 13)”, – деді» (124/197).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ﴾

15-бапАлла Тағаланың «Бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді» деген сөзі туралы

2137
Мүслим, № 2137Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثٌ إِذَا خَرَجْنَ ﴿لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرًا﴾: طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَالدَّجَّالُ، وَدَابَّةُ الْأَرْضِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Үш нәрсе шыққан кезде “бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді” (“Әнғам”, 158). Олар: Күннің батыстан шығуы, Дәжжал және жерден шығатын мақұлық», – деген (158/249).

2138
Мүслим, № 2138Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ يَوْمًا: «أَتَدْرُونَ أَيْنَ تَذْهَبُ هَذِهِ الشَّمْسُ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ تَجْرِي حَتَّى تَنْتَهِيَ إِلَى مُسْتَقَرِّهَا تَحْتَ الْعَرْشِ، فَتَخِرُّ سَاجِدَةً، فَلَا تَزَالُ كَذَلِكَ حَتَّى يُقَالَ لَهَا: “ارْتَفِعِي، ارْجِعِي مِنْ حَيْثُ جِئْتِ”، فَتَرْجِعُ فَتُصْبِحُ طَالِعَةً مِنْ مَطْلِعِهَا، ثُمَّ تَجْرِي حَتَّى تَنْتَهِيَ إِلَى مُسْتَقَرِّهَا تَحْتَ الْعَرْشِ، فَتَخِرُّ سَاجِدَةً، فَلَا تَزَالُ كَذَلِكَ حَتَّى يُقَالَ لَهَا: “ارْتَفِعِي، ارْجِعِي مِنْ حَيْثُ جِئْتِ”، فَتَرْجِعُ فَتُصْبِحُ طَالِعَةً مِنْ مَطْلِعِهَا، ثُمَّ تَجْرِي لَا يَسْتَنْكِرُ النَّاسُ مِنْهَا شَيْئًا حَتَّى تَنْتَهِيَ إِلَى مُسْتَقَرِّهَا ذَاكَ تَحْتَ الْعَرْشِ، فَيُقَالُ لَهَا: “ارْتَفِعِي، أَصْبِحِي طَالِعَةً مِنْ مَغْرِبِكِ”، فَتُصْبِحُ طَالِعَةً مِنْ مَغْرِبِهَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتَدْرُونَ مَتَى ذَاكُمْ؟ ذَاكَ حِينَ ﴿لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرًا﴾ [الْأَنْعَامِ: 158]».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррдың айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) бір күні: «Мына Күннің қайда баратынын білесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», – деді. Ол (с.а.с.): «Расында, бұл Күн жүріп отырып, Аршының астындағы тұрақтайтын орнына жетеді де, сәждеге жығылады. Содан кейін оған: “Көтеріл де, келген жағыңа қайт!” – делінгенге дейін сол күйінде қала береді. Кейін ол кері қайтып, таңертең өз шығатын жерінен шығады. Содан кейін қайтадан жүріп, Аршының астындағы тұрақтайтын орнына жетеді де, сәждеге жығылады. Оған: “Көтеріл де, келген жағыңа қайт!” – делінгенге дейін сол күйінде қала береді. Кейін ол кері қайтып, таңертең өз шығатын жерінен шығады. Содан соң жүре береді, ал адамдар оның жүрісінен ешбір тосындық байқамайды. Ақырында Аршының астындағы сол тұрақтайтын орнына жеткенде, оған: “Көтеріл де, батар жағыңнан шық!” – делінеді. Сөйтіп, ол таңертең батыстан шығады», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұның қашан болатынын білесіңдер ме? Бұл – “Бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді” (“Әнғам”, 158) болатын кез», – деді (159/250).

سُورَةُ الْأَعْرَافِ«Ағраф» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿خُذُوا زِينَتَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِدٍ﴾

16-бапАлла Тағаланың «Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер» деген сөзі туралы

2139
Мүслим, № 2139Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: كَانَتِ الْمَرْأَةُ تَطُوفُ بِالْبَيْتِ وَهِيَ عُرْيَانَةٌ، فَتَقُولُ: «مَنْ يُعِيرُنِي تِطْوَافًا؟» تَجْعَلُهُ عَلَى فَرْجِهَا، وَتَقُولُ: «الْيَوْمَ يَبْدُو بَعْضُهُ أَوْ كُلُّهُ؛ فَمَا بَدَا مِنْهُ فَلَا أُحِلُّهُ». فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿خُذُوا زِينَتَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِدٍ﴾ [الْأَعْرَافِ: 31].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Бір әйел Қағбаны жалаңаш күйінде тауап етіп жүріп: “Тауапқа киетін бір жамылғыны кім маған қарызға береді?” – дейтін. Оны әуретін жабу үшін сұрайтын. Сондай-ақ: “Бүгін денемнің бір бөлігі немесе бәрі көрінер, бірақ көрінген жерін ешкімге халал етпеймін”, – дейтін. Сонда мына аят түсті: “Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер” (“Ағраф”, 31)» (3028/25).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَنُودُوا أَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ﴾

17-бапАлла Тағаланың «Сол кезде олар “Игі істеріңе орай мына тұрған жұмаққа мұрагер болдыңдар” деген дауысты естиді» деген сөзі туралы

2140
Мүслим, № 2140

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُنَادِي مُنَادٍ: “إِنَّ لَكُمْ أَنْ تَصِحُّوا فَلَا تَسْقَمُوا أَبَدًا، وَإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَحْيَوْا فَلَا تَمُوتُوا أَبَدًا، وَإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَشِبُّوا فَلَا تَهْرَمُوا أَبَدًا، وَإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَنْعَمُوا فَلَا تَبْأَسُوا أَبَدًا”، فَذَلِكَ قَوْلُهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَنُودُوا أَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ﴾ [الْأَعْرَافِ: 43]».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайрадан (Алла екеуіне де разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Бір жаршы: “Сендер енді мәңгі сау болып, ешқашан ауырмайсыңдар; мәңгі тірі болып, ешқашан өлмейсіңдер; мәңгі жас болып, ешқашан қартаймайсыңдар; мәңгі нығметке бөленіп, ешқашан бейнет көрмейсіңдер”, – деп жар салады. Міне, осы – Ұлы әрі Құдіретті Алланың: “Сол кезде олар ‘Игі істеріңе орай мына тұрған жұмаққа мұрагер болдыңдар’ деген дауысты естиді” (“Ағраф”, 43) деген сөзі» (2837/22).

سُورَةُ الْأَنْفَالِ«Әнфәл» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ﴾

18-бапАлла Тағаланың «Алайда Сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды» деген сөзі туралы

2141
Мүслим, № 2141Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: «اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ، فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ». فَنَزَلَتْ: ﴿وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ ۝ وَمَا لَهُمْ أَلَّا يُعَذِّبَهُمُ اللَّهُ وَهُمْ يَصُدُّونَ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ﴾ [الْأَنْفَالِ: 33⁠–⁠34] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Әбу Жәһл: “Уа, Алла! Егер мына Құран шынымен де Өзіңнен келген хақ кітап болса, дәл қазір төбемізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге басқа да жан төзгісіз азап келтір!” – деді. Сонда “Алайда Сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды. Әрі олар кешірім тілеген жағдайда, Алла оларды азаптамайды” (“Әнфәл”, 33) және “Олар қасиетті мешіттің иесі болуға лайық болмағанымен қоймай, мүміндерге Харам мешітін зиярат етуге мүмкіндік бермей жатқанда, Алла оларды қалай азаптамасын?! Әсілі, Харам мешітін басқаруға, ол жерге тәу етіп келген ел-жұртқа қызмет көрсетуге тақуалы жандар ғана лайық. Алайда имансыздардың көбі мұны білмейді” (“Әнфәл”, 34) деген аяттар түсті» (2796/37).

سُورَةُ بَرَاءَةَ«Тәубе» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تُصَلِّ عَلَى أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلَا تَقُمْ عَلَى قَبْرِهِ﴾

19-бапАлла Тағаланың «Олардың мәңгілікке өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма» деген сөзі туралы

فِيهِ حَدِيثُ ابْنِ عُمَرَ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي فَضَائِلِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ [رَقْمُ ١٦٣٣].

Бұл бапта Омардың (р.а.) артықшылықтары туралы бөлімде келтірілген Ибн Омардың хадисі берілген (№1633).

بَابٌ: فِي سُورَةِ «بَرَاءَةَ» وَ«الْأَنْفَالِ» وَ«الْحَشْرِ»

20-бап«Бараа», «Әнфәл» және «Хашр» сүрелері туралы

2142
Мүслим, № 2142

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، قَالَ: قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ: «سُورَةُ التَّوْبَةِ؟» قَالَ: «آلتَّوْبَةِ؟» قَالَ: «بَلْ هِيَ الْفَاضِحَةُ، مَا زَالَتْ تَنْزِلُ: ﴿وَمِنْهُمْ﴾، ﴿وَمِنْهُمْ﴾، حَتَّى ظَنُّوا أَنْ لَا يَبْقَى مِنَّا أَحَدٌ إِلَّا ذُكِرَ فِيهَا». قَالَ: قُلْتُ: «سُورَةُ الْأَنْفَالِ؟» قَالَ: «تِلْكَ سُورَةُ بَدْرٍ». قَالَ: قُلْتُ: «فَالْحَشْرُ؟» قَالَ: «نَزَلَتْ فِي بَنِي النَّضِيرِ».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай деді: «Мен Ибн Аббастан: “«Тәубе» сүресі ше?” – деп сұрадым. Ол: “«Тәубе» сүресі дейсің бе? Жоқ, ол – әшкерелеуші сүре! Онда: ‘Олардың арасында мынандайлар бар, олардың арасында анандайлар бар’, – деген аяттар түсе берді. Ақырында олар: ‘Арамызда осы сүреде аталмай қалатын ешкім жоқ шығар’, – деп ойлайтын болды”, – деді. Мен: “«Әнфәл» сүресі ше?” – деп сұрадым. Ол: “Ол – Бәдір шайқасы туралы сүре”, – деді. Мен: “Ал «Хашр» сүресі ше?” – деп сұрадым. Ол: “Ол Бәну Надир туралы түсті”, – деді» (3031/31).

سُورَةُ هُودٍ«Һуд» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ﴾

21-бапАлла Тағаланың «Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды» деген сөзі туралы

2143
Мүслим, № 2143Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي عَالَجْتُ امْرَأَةً فِي أَقْصَى الْمَدِينَةِ، وَإِنِّي أَصَبْتُ مِنْهَا مَا دُونَ أَنْ أَمَسَّهَا، فَأَنَا هَذَا، فَاقْضِ فِيَّ مَا شِئْتَ». فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: «لَقَدْ سَتَرَكَ اللَّهُ، لَوْ سَتَرْتَ نَفْسَكَ». قَالَ: فَلَمْ يَرُدَّ النَّبِيُّ ﷺ شَيْئًا، فَقَامَ الرَّجُلُ فَانْطَلَقَ، فَأَتْبَعَهُ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا دَعَاهُ، وَتَلَا عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿أَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ ذَلِكَ ذِكْرَى لِلذَّاكِرِينَ﴾ [هُودٍ: 114]. فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، هَذَا لَهُ خَاصَّةً؟» قَالَ: «بَلْ لِلنَّاسِ كَافَّةً».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Мен Мәдинаның шетінде бір әйелмен жақындасып, онымен жыныстық қатынасқа түсуден өзге әрекеттер жасадым. Міне, алдыңызда тұрмын, маған қалаған үкіміңізді шығарыңыз”, – деді. Сонда Омар оған: “Алла сенің күнәңді жасырды ғой, өзің де оны жасырсаң еді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған еш жауап қатпады. Әлгі кісі орнынан тұрып, кетіп қалды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оның соңынан бір кісіні жіберіп, қайта шақыртты да, оған мына аятты оқыды: “Күндіздің екі уақытында, әрі түннің күндізге таяу уақыттарында намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл ойланатындар үшін айтылған бірер насихат.” («Һуд», 114). Сонда отырғандардың бірі: “Уа, Алланың Пайғамбары! Бұл тек осы кісіге ғана қатысты ма?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, барлық адамға қатысты”, – деді» (2763/42).

سُورَةُ سُبْحَانَ«Субхан» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ﴾

22-бапАлла Тағаланың «Һәм олар сенен Рух жайлы сұрайды» деген сөзі туралы

2144
Мүслим, № 2144Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: بَيْنَمَا أَنَا أَمْشِي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي حَرْثٍ، وَهُوَ مُتَّكِئٌ عَلَى عَسِيبٍ، إِذْ مَرَّ بِنَفَرٍ مِنَ الْيَهُودِ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: «سَلُوهُ عَنِ الرُّوحِ». فَقَالُوا: «مَا رَابَكُمْ إِلَيْهِ؟ لَا يَسْتَقْبِلُكُمْ بِشَيْءٍ تَكْرَهُونَهُ». فَقَالُوا: «سَلُوهُ». فَقَامَ إِلَيْهِ بَعْضُهُمْ فَسَأَلَهُ عَنِ الرُّوحِ، قَالَ: فَأَسْكَتَ النَّبِيُّ ﷺ، فَلَمْ يَرُدَّ عَلَيْهِ شَيْئًا، فَعَلِمْتُ أَنَّهُ يُوحَى إِلَيْهِ، قَالَ: فَقُمْتُ مَكَانِي، فَلَمَّا نَزَلَ الْوَحْيُ قَالَ: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ قُلِ الرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَا أُوتِيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 85].

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге егістік ішінде келе жатқан едім. Ол құрма бұтағынан жасалған таяққа сүйеніп келе жатты. Сол кезде Пайғамбар (с.а.с.) бір топ яһудидің жанынан өтті. Олардың кейбірі бір-біріне: “Одан рух жайында сұраңдар”, – деді. Енді біреулері: “Одан мұны сұраудың не керегі бар? Сендерге ұнамайтын бір нәрсе айтып қалмасын”, – деді. Басқалары: “Одан сұраңдар”, – деді. Сонда олардың бірі орнынан тұрып, Пайғамбарға (с.а.с.) келді де, рух жайында сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) үнсіз қалып, оған еш жауап бермеді. Мен оған уахи түсіп жатқанын түсініп, орнымда тұра бердім. Уахи түсіп болған соң, ол (с.а.с.): “Һәм олар сенен Рух жайлы сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген», – деп айт.” («Исра», 85), – деді» (2794/32).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَى رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ﴾

23-бапАлла Тағаланың «Олардың құдай тұтып, жалбарынғандарының өздері де Раббыларына өзгелерден гөрі жақынырақ болудың жолын іздейді» деген сөзі туралы

2145
Мүслим, № 2145Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ فِي قَوْلِهِ: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَى رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 57]. قَالَ: «كَانَ نَفَرٌ مِنَ الْإِنْسِ يَعْبُدُونَ نَفَرًا مِنَ الْجِنِّ، فَأَسْلَمَ النَّفَرُ مِنَ الْجِنِّ وَاسْتَمْسَكَ الْإِنْسُ بِعِبَادَتِهِمْ، فَنَزَلَتْ: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَى رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 57]».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд Алла Тағаланың «Олардың құдай тұтып, жалбарынғандарының өздері де Раббыларына өзгелерден гөрі жақынырақ болудың жолын іздейді» («Исра», 57) деген сөзі жайында былай деді: «Бір топ адам бір топ жынға табынатын. Кейін әлгі жындар Исламды қабылдады, ал адамдар оларға табынуын жалғастыра берді. Сонда “Олардың құдай тұтып, жалбарынғандарының өздері де Раббыларына өзгелерден гөрі жақынырақ болудың жолын іздейді” («Исра», 57) деген аят түсті» (3030/29).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾

24-бапАлла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» деген сөзі туралы

2146
Мүслим, № 2146Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]. قَالَ: «نَزَلَتْ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُتَوَارٍ بِمَكَّةَ، فَكَانَ إِذَا صَلَّى بِأَصْحَابِهِ رَفَعَ صَوْتَهُ بِالْقُرْآنِ، فَإِذَا سَمِعَ ذَلِكَ الْمُشْرِكُونَ سَبُّوا الْقُرْآنَ وَمَنْ أَنْزَلَهُ وَمَنْ جَاءَ بِهِ، فَقَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِنَبِيِّهِ ﷺ: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]؛ فَيَسْمَعَ الْمُشْرِكُونَ قِرَاءَتَكَ. ﴿وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110] عَنْ أَصْحَابِكَ؛ أَسْمِعْهُمُ الْقُرْآنَ وَلَا تَجْهَرْ ذَلِكَ الْجَهْرَ. ﴿وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]، يَقُولُ: بَيْنَ الْجَهْرِ وَالْمُخَافَتَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме, екеуінің ортасындағы жолды ұстан» («Исра», 110) деген сөзі туралы былай деді: «Бұл аят Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеде жасырын жүрген кезде түсті. Ол сахабаларына намаз оқытқанда Құранды дауыстап оқитын. Мұны естіген мүшріктер Құранды да, оны түсірген Алланы да, оны жеткізген Пайғамбарды да балағаттайтын. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.): “Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма” («Исра», 110), – деді. Яғни: ‘Мүшріктер сенің қырағатыңды естіп қоймасын’, – дегені. “әрі тым бәсеңдетіп те жіберме” («Исра», 110), – деді. Яғни: ‘Сахабаларың естімей қалатындай бәсеңдетпе. Оларға Құранды естірт, бірақ әлгіндей қатты дауыстап оқыма’, – дегені. “екеуінің ортасындағы жолды ұстан” («Исра», 110), – деді. Яғни, дауыстап оқу мен бәсең оқудың арасындағы жолды ұстан дегені» (446/145).

2147
Мүслим, № 2147Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]. قَالَتْ: «أُنْزِلَ هَذَا فِي الدُّعَاءِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» («Исра», 110) деген сөзі жайында: «Бұл аят дұғаға қатысты түсірілген», – деді (447/146).

سُورَةُ الْكَهْفِ«Кәһф» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَلَا نُقِيمُ لَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَزْنًا﴾

25-бапАлла Тағаланың «Қиямет күні олар үшін Таразы да құрмаймыз» деген сөзі туралы

2148
Мүслим, № 2148Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّهُ لَيَأْتِي الرَّجُلُ الْعَظِيمُ السَّمِينُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، لَا يَزِنُ عِنْدَ اللَّهِ جَنَاحَ بَعُوضَةٍ، اقْرَؤُوا: ﴿فَلَا نُقِيمُ لَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَزْنًا﴾ [الْكَهْفِ: 105]».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Қиямет күні алып денелі, семіз адам келеді. Алайда Алланың алдында оның масаның қанатындай да салмағы болмайды. Мына аятты оқыңдар: “Қиямет күні олар үшін Таразы да құрмаймыз” («Кәһф», 105)» (2785/18).

سُورَةُ مَرْيَمَ«Мәриям» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ﴾

26-бапАлла Тағаланың «Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт» деген сөзі туралы

2149
Мүслим, № 2149Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُجَاءُ بِالْمَوْتِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُ كَبْشٌ أَمْلَحُ» (زَادَ أَبُو كُرَيْبٍ: «فَيُوقَفُ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ»، وَاتَّفَقَا فِي بَاقِي الْحَدِيثِ): «فَيُقَالُ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟” فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ وَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”». قَالَ: «ثُمَّ يُقَالُ: “يَا أَهْلَ النَّارِ، هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟”» قَالَ: «فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ وَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”». قَالَ: «فَيُؤْمَرُ بِهِ فَيُذْبَحُ». قَالَ: «ثُمَّ يُقَالُ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ، وَيَا أَهْلَ النَّارِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ”». قَالَ: ثُمَّ قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ﴿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ﴾ [مَرْيَمَ: 39] وَأَشَارَ بِيَدِهِ إِلَى الدُّنْيَا.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні өлім ала қошқар кейпінде әкелінеді”, – деді». Әбу Курайб өз риуаятына: «Ол Жәннат пен Тозақтың арасына тұрғызылады», – деген сөзді қосты. Хадистің қалған бөлігін екі риуаятшы да бірдей жеткізген: «Сонда: “Уа, Жәннат тұрғындары! Мынаны танисыңдар ма?” – делінеді. Олар мойындарын созып, оған қарайды да: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Содан кейін: “Уа, Тозақ тұрғындары! Мынаны танисыңдар ма?” – делінеді. Олар да мойындарын созып, оған қарайды да: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Содан кейін оны бауыздауға бұйрық беріліп, ол бауыздалады. Артынша: “Уа, Жәннат тұрғындары! Енді мәңгі қаласыңдар, өлім жоқ! Уа, Тозақ тұрғындары! Енді мәңгі қаласыңдар, өлім жоқ!” – делінеді». Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен өткізуде әрі иман етпеуде.» («Мәриям», 39) деген аятты оқып, қолымен дүниені нұсқады (2849/40).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا﴾

27-бапАлла Тағаланың «Аяттарымызды жоққа шығарып, күпірлік қылғанды... көрдің бе?» деген сөзі туралы

2150
Мүслим, № 2150Риуаят етуші: Хаббаб (р.а.)

عَنْ خَبَّابٍ، قَالَ: كَانَ لِي عَلَى الْعَاصِ بْنِ وَائِلٍ دَيْنٌ، فَأَتَيْتُهُ أَتَقَاضَاهُ، فَقَالَ لِي: «لَنْ أَقْضِيَكَ حَتَّى تَكْفُرَ بِمُحَمَّدٍ». قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: «إِنِّي لَنْ أَكْفُرَ بِمُحَمَّدٍ حَتَّى تَمُوتَ ثُمَّ تُبْعَثَ». قَالَ: «وَإِنِّي لَمَبْعُوثٌ مِنْ بَعْدِ الْمَوْتِ؟ فَسَوْفَ أَقْضِيكَ إِذَا رَجَعْتُ إِلَى مَالٍ وَوَلَدٍ!» (قَالَ وَكِيعٌ: «كَذَا قَالَ الْأَعْمَشُ»). قَالَ: فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا﴾ [مَرْيَمَ: 77] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿وَيَأْتِينَا فَرْدًا﴾ [مَرْيَمَ: 80].

Қазақша аудармасы

Хаббаб былай деді: «Әл-Ас ибн Уаилден алатын қарызым бар еді. Қарызын талап ету үшін оған бардым. Ол маған: “Сен Мұхаммедке күпірлік етпейінше, қарызыңды өтемеймін”, – деді. Мен оған: “Сен өліп, кейін қайта тірілгенше де, мен Мұхаммедке күпірлік етпеймін”, – дедім. Ол: “Мен өлгеннен кейін қайта тірілемін бе? Онда мал-мүлкім мен бала-шағама қайта оралған кезімде қарызыңды өтеймін!” – деді». Уәкиғ: «Ағмаш дәл осылай айтты», – деді. Осыған байланысты “Аяттарымызды жоққа шығарып, күпірлік қылғанды һәм: «Маған байлық та, бала-шаға да беріледі», – деп көкігенді көрдің бе?” («Мәриям», 77) деген аяттан «дәргейімізге қара басы ғана келеді» («Мәриям», 80) деген сөзге дейінгі аяттар түсті (2795/35).

سُورَةُ الْأَنْبِيَاءِ«Әнбия» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ﴾ الْآيَةَ

28-бапҰлы әрі аса мәртебелі Алланың «Жаратылыс атаулыны әу баста қалай жаратқан болсақ, оларды дәл солай қайтадан жаратамыз» деген сөзі туралы

2151
Мүслим, № 2151Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَامَ فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَطِيبًا بِمَوْعِظَةٍ، فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّكُمْ تُحْشَرُونَ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا، ﴿كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ﴾ [الْأَنْبِيَاءِ: 104] أَلَا وَإِنَّ أَوَّلَ الْخَلَائِقِ يُكْسَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ، أَلَا وَإِنَّهُ سَيُجَاءُ بِرِجَالٍ مِنْ أُمَّتِي، فَيُؤْخَذُ بِهِمْ ذَاتَ الشِّمَالِ، فَأَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَصْحَابِي”، فَيُقَالُ: “إِنَّكَ لَا تَدْرِي مَا أَحْدَثُوا بَعْدَكَ”، فَأَقُولُ كَمَا قَالَ الْعَبْدُ الصَّالِحُ: ﴿وَكُنْتُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا مَا دُمْتُ فِيهِمْ فَلَمَّا تَوَفَّيْتَنِي كُنْتَ أَنْتَ الرَّقِيبَ عَلَيْهِمْ وَأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ إِنْ تُعَذِّبْهُمْ فَإِنَّهُمْ عِبَادُكَ وَإِنْ تَغْفِرْ لَهُمْ فَإِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ﴾ [الْمَائِدَةِ: 117–118]». قَالَ: «فَيُقَالُ لِي: “إِنَّهُمْ لَمْ يَزَالُوا مُرْتَدِّينَ عَلَى أَعْقَابِهِمْ مُذْ فَارَقْتَهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда тұрып, былай уағыз айтты: “Уа, адамдар! Сендер Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың құзырына жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар. ‘Жаратылыс атаулыны әу баста қалай жаратқан болсақ, оларды дәл солай қайтадан жаратамыз. Бұл – Біздің мойнымызға алған уағдамыз. Біз уәдемізді міндетті түрде орындаймыз.’ («Әнбия», 104). Біліп қойыңдар! Қиямет күні жаратылғандардың арасынан ең алғаш Ибраһимге (а.с.) киім кигізіледі. Біліп қойыңдар! Үмбетімнен бірқатар адамдар әкелініп, сол жаққа әкетіледі. Сонда мен: ‘Уа, Раббым! Бұлар – менің сахабаларым!’ – деймін. Маған: ‘Сенен кейін олардың не істегенін білмейсің’, – делінеді. Сонда мен ізгі құл айтқандай: ‘Араларында жүргенімде оларға өзім куә болдым. Ал Өзің жанымды алған сәттен бастап, оларға Өзің бақылаушы болдың. Шүбәсіз, Сен барлық нәрсеге куәсің! Егер оларды азаптаймын десең, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер оларды кешірсең, Сен ұлысың, һәм асқан даналық иесісің!’ («Мәида», 117–118), – деймін. Сонда маған: ‘Сен олардан ажырағаннан бері олар діннен тайып, кері кеткен күйінен танбады’, – делінеді”, – деді» (2860/58).

سُورَةُ الْحَجِّ«Хаж» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿هَذَانِ خَصْمَانِ اخْتَصَمُوا فِي رَبِّهِمْ﴾

29-бапАлла Тағаланың «Мына бір-біріне қарсы екі топ Раббылары жайлы таласып-тартысуда» деген сөзі туралы

2152
Мүслим, № 2152

عَنْ قَيْسِ بْنِ عُبَادٍ، قَالَ: سَمِعْتُ أَبَا ذَرٍّ يُقْسِمُ قَسَمًا: «إِنَّ ﴿هَذَانِ خَصْمَانِ اخْتَصَمُوا فِي رَبِّهِمْ﴾ [الْحَجِّ: 19] إِنَّهَا نَزَلَتْ فِي الَّذِينَ بَرَزُوا يَوْمَ بَدْرٍ: حَمْزَةُ، وَعَلِيٌّ، وَعُبَيْدَةُ بْنُ الْحَارِثِ، وَعُتْبَةُ، وَشَيْبَةُ ابْنَا رَبِيعَةَ، وَالْوَلِيدُ بْنُ عُتْبَةَ».

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Убад былай деді: «Әбу Зәррдің “Мына бір-біріне қарсы екі топ Раббылары жайлы таласып-тартысуда” («Хаж», 19) деген аяттың Бәдір күні жекпе-жекке шыққан Хамза, Әли, Убайда ибн әл-Харис, Рабиғаның екі ұлы – Ұтба мен Шәйба және Уәлид ибн Ұтба туралы түскеніне ант еткенін естідім» (3033/34).

سُورَةُ النُّورِ«Нұр» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الَّذِينَ جَاءُوا بِالْإِفْكِ عُصْبَةٌ مِنْكُمْ﴾

30-бапАлла Тағаланың «Жала жапқандар араларыңдағы бір топ адам.» деген сөзі туралы

2153
Мүслим, № 2153

عَنِ الزُّهْرِيِّ، قَالَ: أَخْبَرَنِي سَعِيدُ بْنُ الْمُسَيَّبِ وَعُرْوَةُ بْنُ الزُّبَيْرِ وَعَلْقَمَةُ بْنُ وَقَّاصٍ وَعُبَيْدُ اللَّهِ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُتْبَةَ بْنِ مَسْعُودٍ، عَنْ حَدِيثِ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، حِينَ قَالَ لَهَا أَهْلُ الْإِفْكِ مَا قَالُوا، فَبَرَّأَهَا اللَّهُ مِمَّا قَالُوا، وَكُلُّهُمْ حَدَّثَنِي طَائِفَةً مِنْ حَدِيثِهَا، وَكَانَ بَعْضُهُمْ أَوْعَى لِحَدِيثِهَا مِنْ بَعْضٍ، وَأَثْبَتَ اِقْتِصَاصًا، وَقَدْ وَعَيْتُ عَنْ كُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمُ الْحَدِيثَ الَّذِي حَدَّثَنِي، وَبَعْضُ حَدِيثِهِمْ يُصَدِّقُ بَعْضًا. ذَكَرُوا أَنَّ عَائِشَةَ زَوْجَ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَخْرُجَ سَفَرًا أَقْرَعَ بَيْنَ نِسَائِهِ، فَأَيَّتُهُنَّ خَرَجَ سَهْمُهَا خَرَجَ بِهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَعَهُ.

قَالَتْ عَائِشَةُ: فَأَقْرَعَ بَيْنَنَا فِي غَزْوَةٍ غَزَاهَا، فَخَرَجَ فِيهَا سَهْمِي، فَخَرَجْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَذَلِكَ بَعْدَمَا أُنْزِلَ الْحِجَابُ، فَأَنَا أُحْمَلُ فِي هَوْدَجِي، وَأُنْزَلُ فِيهِ مَسِيرَنَا، حَتَّى إِذَا فَرَغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ غَزْوِهِ وَقَفَلَ وَدَنَوْنَا مِنَ الْمَدِينَةِ، آذَنَ لَيْلَةً بِالرَّحِيلِ، فَقُمْتُ حِينَ آذَنُوا بِالرَّحِيلِ، فَمَشَيْتُ حَتَّى جَاوَزْتُ الْجَيْشَ.

فَلَمَّا قَضَيْتُ مِنْ شَأْنِي أَقْبَلْتُ إِلَى الرَّحْلِ، فَلَمَسْتُ صَدْرِي، فَإِذَا عِقْدِي مِنْ جَزْعِ ظَفَارِ قَدِ اِنْقَطَعَ، فَرَجَعْتُ فَالْتَمَسْتُ عِقْدِي فَحَبَسَنِي اِبْتِغَاؤُهُ. وَأَقْبَلَ الرَّهْطُ الَّذِينَ كَانُوا يَرْحَلُونَ لِي فَحَمَلُوا هَوْدَجِي فَرَحَلُوهُ عَلَى بَعِيرِيَ الَّذِي كُنْتُ أَرْكَبُ، وَهُمْ يَحْسِبُونَ أَنِّي فِيهِ. قَالَتْ: وَكَانَتِ النِّسَاءُ إِذْ ذَاكَ خِفَافًا، لَمْ يُهَبَّلْنَ وَلَمْ يَغْشَهُنَّ اللَّحْمُ، إِنَّمَا يَأْكُلْنَ الْعُلْقَةَ مِنَ الطَّعَامِ، فَلَمْ يَسْتَنْكِرِ الْقَوْمُ ثِقَلَ الْهَوْدَجِ حِينَ رَحَلُوهُ وَرَفَعُوهُ، وَكُنْتُ جَارِيَةً حَدِيثَةَ السِّنِّ، فَبَعَثُوا الْجَمَلَ وَسَارُوا، وَوَجَدْتُ عِقْدِي بَعْدَمَا اِسْتَمَرَّ الْجَيْشُ، فَجِئْتُ مَنَازِلَهُمْ وَلَيْسَ بِهَا دَاعٍ وَلَا مُجِيبٌ، فَتَيَمَّمْتُ مَنْزِلِي الَّذِي كُنْتُ فِيهِ، وَظَنَنْتُ أَنَّ الْقَوْمَ سَيَفْقِدُونِي فَيَرْجِعُونَ إِلَيَّ، فَبَيْنَا أَنَا جَالِسَةٌ فِي مَنْزِلِي غَلَبَتْنِي عَيْنِي فَنِمْتُ.

وَكَانَ صَفْوَانُ بْنُ الْمُعَطَّلِ السُّلَمِيُّ ثُمَّ الذَّكْوَانِيُّ قَدْ عَرَّسَ مِنْ وَرَاءِ الْجَيْشِ فَادَّلَجَ، فَأَصْبَحَ عِنْدَ مَنْزِلِي فَرَأَى سَوَادَ إِنْسَانٍ نَائِمٍ، فَأَتَانِي فَعَرَفَنِي حِينَ رَآنِي، وَقَدْ كَانَ يَرَانِي قَبْلَ أَنْ يُضْرَبَ الْحِجَابُ عَلَيَّ، فَاسْتَيْقَظْتُ بِاسْتِرْجَاعِهِ حِينَ عَرَفَنِي، فَخَمَّرْتُ وَجْهِي بِجِلْبَابِي، وَوَاللَّهِ مَا يُكَلِّمُنِي كَلِمَةً وَلَا سَمِعْتُ مِنْهُ كَلِمَةً غَيْرَ اِسْتِرْجَاعِهِ، حَتَّى أَنَاخَ رَاحِلَتَهُ، فَوَطِئَ عَلَى يَدِهَا فَرَكِبْتُهَا، فَانْطَلَقَ يَقُودُ بِيَ الرَّاحِلَةَ، حَتَّى أَتَيْنَا الْجَيْشَ بَعْدَمَا نَزَلُوا مُوغِرِينَ فِي نَحْرِ الظَّهِيرَةِ، فَهَلَكَ مَنْ هَلَكَ فِي شَأْنِي، وَكَانَ الَّذِي تَوَلَّى كِبْرَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ.

فَقَدِمْنَا الْمَدِينَةَ فَاشْتَكَيْتُ حِينَ قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ شَهْرًا، وَالنَّاسُ يُفِيضُونَ فِي قَوْلِ أَهْلِ الْإِفْكِ، وَلَا أَشْعُرُ بِشَيْءٍ مِنْ ذَلِكَ، وَهُوَ يَرِيبُنِي فِي وَجَعِي أَنِّي لَا أَعْرِفُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ اللُّطْفَ الَّذِي كُنْتُ أَعْرِفُ مِنْهُ حِينَ أَشْتَكِي، إِنَّمَا يَدْخُلُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَيُسَلِّمُ، ثُمَّ يَقُولُ: «كَيْفَ تِيكُمْ؟» فَذَاكَ يَرِيبُنِي، وَلَا أَشْعُرُ بِالشَّرِّ.

حَتَّى خَرَجْتُ بَعْدَمَا نَقَهْتُ وَخَرَجَتْ مَعِي أُمُّ مِسْطَحٍ قِبَلَ الْمَنَاصِعِ، وَهُوَ مُتَبَرَّزُنَا، وَلَا نَخْرُجُ إِلَّا لَيْلًا إِلَى لَيْلٍ، وَذَلِكَ قَبْلَ أَنْ نَتَّخِذَ الْكُنُفَ قَرِيبًا مِنْ بُيُوتِنَا، وَأَمْرُنَا أَمْرُ الْعَرَبِ الْأُوَلِ فِي التَّنَزُّهِ، وَكُنَّا نَتَأَذَّى بِالْكُنُفِ أَنْ نَتَّخِذَهَا عِنْدَ بُيُوتِنَا، فَانْطَلَقْتُ أَنَا وَأُمُّ مِسْطَحٍ، وَهِيَ بِنْتُ أَبِي رُهْمِ بْنِ الْمُطَّلِبِ بْنِ عَبْدِ مَنَافٍ، وَأُمُّهَا ابْنَةُ صَخْرِ بْنِ عَامِرٍ، خَالَةُ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ، وَابْنُهَا مِسْطَحُ بْنُ أُثَاثَةَ بْنِ عَبَّادِ بْنِ الْمُطَّلِبِ، فَأَقْبَلْتُ أَنَا وَبِنْتُ أَبِي رُهْمٍ قِبَلَ بَيْتِي، حِينَ فَرَغْنَا مِنْ شَأْنِنَا، فَعَثَرَتْ أُمُّ مِسْطَحٍ فِي مِرْطِهَا، فَقَالَتْ: «تَعِسَ مِسْطَحٌ!» فَقُلْتُ لَهَا: «بِئْسَ مَا قُلْتِ، أَتَسُبِّينَ رَجُلًا قَدْ شَهِدَ بَدْرًا؟» قَالَتْ: «أَيْ هَنْتَاهْ، أَوَلَمْ تَسْمَعِي مَا قَالَ؟» قُلْتُ: «وَمَاذَا قَالَ؟» قَالَتْ: فَأَخْبَرَتْنِي بِقَوْلِ أَهْلِ الْإِفْكِ، فَازْدَدْتُ مَرَضًا إِلَى مَرَضِي.

فَلَمَّا رَجَعْتُ إِلَى بَيْتِي، فَدَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَسَلَّمَ ثُمَّ قَالَ: «كَيْفَ تِيكُمْ؟» قُلْتُ: «أَتَأْذَنُ لِي أَنْ آتِيَ أَبَوَيَّ؟» قَالَتْ: وَأَنَا حِينَئِذٍ أُرِيدُ أَنْ أَتَيَقَّنَ الْخَبَرَ مِنْ قِبَلِهِمَا، فَأَذِنَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَجِئْتُ أَبَوَيَّ فَقُلْتُ لِأُمِّي: «يَا أُمَّتَاهْ، مَا يَتَحَدَّثُ النَّاسُ؟» فَقَالَتْ: «يَا بُنَيَّةُ، هَوِّنِي عَلَيْكِ؛ فَوَاللَّهِ لَقَلَّمَا كَانَتِ اِمْرَأَةٌ قَطُّ وَضِيئَةٌ عِنْدَ رَجُلٍ يُحِبُّهَا، وَلَهَا ضَرَائِرُ، إِلَّا كَثَّرْنَ عَلَيْهَا». قَالَتْ: قُلْتُ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، وَقَدْ تَحَدَّثَ النَّاسُ بِهَذَا؟» قَالَتْ: فَبَكَيْتُ تِلْكَ اللَّيْلَةَ حَتَّى أَصْبَحْتُ لَا يَرْقَأُ لِي دَمْعٌ وَلَا أَكْتَحِلُ بِنَوْمٍ، ثُمَّ أَصْبَحْتُ أَبْكِي.

وَدَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلِيَّ بْنَ أَبِي طَالِبٍ وَأُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا حِينَ اِسْتَلْبَثَ الْوَحْيُ، يَسْتَشِيرُهُمَا فِي فِرَاقِ أَهْلِهِ. قَالَتْ: فَأَمَّا أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ فَأَشَارَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِالَّذِي يَعْلَمُ مِنْ بَرَاءَةِ أَهْلِهِ، وَبِالَّذِي يَعْلَمُ فِي نَفْسِهِ لَهُمْ مِنَ الْوُدِّ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُمْ أَهْلُكَ، وَلَا نَعْلَمُ إِلَّا خَيْرًا». وَأَمَّا عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: «لَمْ يُضَيِّقِ اللَّهُ عَلَيْكَ وَالنِّسَاءُ سِوَاهَا كَثِيرٌ، وَإِنْ تَسْأَلِ الْجَارِيَةَ تَصْدُقْكَ». قَالَتْ: فَدَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَرِيرَةَ فَقَالَ: «أَيْ بَرِيرَةُ، هَلْ رَأَيْتِ مِنْ شَيْءٍ يَرِيبُكِ مِنْ عَائِشَةَ؟» فَقَالَتْ لَهُ بَرِيرَةُ: «وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ إِنْ رَأَيْتُ عَلَيْهَا أَمْرًا قَطُّ أَغْمِصُهُ عَلَيْهَا، أَكْثَرَ مِنْ أَنَّهَا جَارِيَةٌ حَدِيثَةُ السِّنِّ، تَنَامُ عَنْ عَجِينِ أَهْلِهَا، فَتَأْتِي الدَّاجِنُ فَتَأْكُلُهُ».

قَالَتْ: فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَاسْتَعْذَرَ مِنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيٍّ ابْنِ سَلُولَ. قَالَتْ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ: «يَا مَعْشَرَ الْمُسْلِمِينَ، مَنْ يَعْذِرُنِي مِنْ رَجُلٍ قَدْ بَلَغَ أَذَاهُ فِي أَهْلِ بَيْتِي؟ فَوَاللَّهِ مَا عَلِمْتُ عَلَى أَهْلِي إِلَّا خَيْرًا، وَلَقَدْ ذَكَرُوا رَجُلًا مَا عَلِمْتُ عَلَيْهِ إِلَّا خَيْرًا، وَمَا كَانَ يَدْخُلُ عَلَى أَهْلِي إِلَّا مَعِي» فَقَامَ سَعْدُ بْنُ مُعَاذٍ الْأَنْصَارِيُّ، فَقَالَ: «أَنَا أَعْذِرُكَ مِنْهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ كَانَ مِنَ الْأَوْسِ ضَرَبْنَا عُنُقَهُ، وَإِنْ كَانَ مِنْ إِخْوَانِنَا الْخَزْرَجِ أَمَرْتَنَا فَفَعَلْنَا أَمْرَكَ». قَالَتْ: فَقَامَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ وَهُوَ سَيِّدُ الْخَزْرَجِ، وَكَانَ رَجُلًا صَالِحًا، وَلَكِنِ اِجْتَهَلَتْهُ الْحَمِيَّةُ، فَقَالَ لِسَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ: «كَذَبْتَ، لَعَمْرُ اللَّهِ لَا تَقْتُلُهُ وَلَا تَقْدِرُ عَلَى قَتْلِهِ!» فَقَامَ أُسَيْدُ بْنُ حُضَيْرٍ (وَهُوَ ابْنُ عَمِّ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ)، فَقَالَ لِسَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ: «كَذَبْتَ، لَعَمْرُ اللَّهِ لَنَقْتُلَنَّهُ، فَإِنَّكَ مُنَافِقٌ تُجَادِلُ عَنِ الْمُنَافِقِينَ!» فَثَارَ الْحَيَّانِ الْأَوْسُ وَالْخَزْرَجُ حَتَّى هَمُّوا أَنْ يَقْتَتِلُوا وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَائِمٌ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَلَمْ يَزَلْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُخَفِّضُهُمْ حَتَّى سَكَتُوا وَسَكَتَ.

قَالَتْ: وَبَكَيْتُ يَوْمِي ذَلِكَ لَا يَرْقَأُ لِي دَمْعٌ وَلَا أَكْتَحِلُ بِنَوْمٍ، ثُمَّ بَكَيْتُ لَيْلَتِي الْمُقْبِلَةَ لَا يَرْقَأُ لِي دَمْعٌ وَلَا أَكْتَحِلُ بِنَوْمٍ، وَأَبَوَايَ يَظُنَّانِ أَنَّ الْبُكَاءَ فَالِقٌ كَبِدِي، فَبَيْنَا هُمَا جَالِسَانِ عِنْدِي وَأَنَا أَبْكِي اِسْتَأْذَنَتْ عَلَيَّ اِمْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَأَذِنْتُ لَهَا فَجَلَسَتْ تَبْكِي.

قَالَتْ: فَبَيْنَا نَحْنُ عَلَى ذَلِكَ دَخَلَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَسَلَّمَ، ثُمَّ جَلَسَ. قَالَتْ: وَلَمْ يَجْلِسْ عِنْدِي مُنْذُ قِيلَ لِي مَا قِيلَ، وَقَدْ لَبِثَ شَهْرًا لَا يُوحَى إِلَيْهِ فِي شَأْنِي بِشَيْءٍ. قَالَتْ: فَتَشَهَّدَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ جَلَسَ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، يَا عَائِشَةُ، فَإِنَّهُ قَدْ بَلَغَنِي عَنْكِ كَذَا وَكَذَا، فَإِنْ كُنْتِ بَرِيئَةً فَسَيُبَرِّئُكِ اللَّهُ، وَإِنْ كُنْتِ أَلْمَمْتِ بِذَنْبٍ فَاسْتَغْفِرِي اللَّهَ وَتُوبِي إِلَيْهِ، فَإِنَّ الْعَبْدَ إِذَا اِعْتَرَفَ بِذَنْبٍ ثُمَّ تَابَ تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِ». قَالَتْ: فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَقَالَتَهُ قَلَصَ دَمْعِي حَتَّى مَا أُحِسُّ مِنْهُ قَطْرَةً، فَقُلْتُ لِأَبِي: «أَجِبْ عَنِّي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِيمَا قَالَ». فَقَالَ: «وَاللَّهِ مَا أَدْرِي مَا أَقُولُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ». فَقُلْتُ لِأُمِّي: «أَجِيبِي عَنِّي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». فَقَالَتْ: «وَاللَّهِ مَا أَدْرِي مَا أَقُولُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

فَقُلْتُ وَأَنَا جَارِيَةٌ حَدِيثَةُ السِّنِّ لَا أَقْرَأُ كَثِيرًا مِنَ الْقُرْآنِ: «إِنِّي وَاللَّهِ لَقَدْ عَرَفْتُ أَنَّكُمْ قَدْ سَمِعْتُمْ بِهَذَا حَتَّى اِسْتَقَرَّ فِي أَنْفُسِكُمْ وَصَدَّقْتُمْ بِهِ، فَإِنْ قُلْتُ لَكُمْ إِنِّي بَرِيئَةٌ وَاللَّهُ يَعْلَمُ أَنِّي بَرِيئَةٌ لَا تُصَدِّقُونِي بِذَلِكَ، وَلَئِنِ اِعْتَرَفْتُ لَكُمْ بِأَمْرٍ وَاللَّهُ يَعْلَمُ أَنِّي بَرِيئَةٌ لَتُصَدِّقُونِي. وَإِنِّي وَاللَّهِ مَا أَجِدُ لِي وَلَكُمْ مَثَلًا إِلَّا كَمَا قَالَ أَبُو يُوسُفَ: ﴿فَصَبْرٌ جَمِيلٌ وَاللَّهُ الْمُسْتَعَانُ عَلَى مَا تَصِفُونَ﴾ [يُوسُفَ: 18]».

قَالَتْ: ثُمَّ تَحَوَّلْتُ فَاضْطَجَعْتُ عَلَى فِرَاشِي. قَالَتْ: وَأَنَا وَاللَّهِ حِينَئِذٍ أَعْلَمُ أَنِّي بَرِيئَةٌ وَأَنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ مُبَرِّئِي بِبَرَاءَتِي، وَلَكِنْ وَاللَّهِ مَا كُنْتُ أَظُنُّ أَنْ يُنْزَلَ فِي شَأْنِي وَحْيٌ يُتْلَى، وَلَشَأْنِي كَانَ أَحْقَرَ فِي نَفْسِي مِنْ أَنْ يَتَكَلَّمَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ فِيَّ بِأَمْرٍ يُتْلَى، وَلَكِنِّي كُنْتُ أَرْجُو أَنْ يَرَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي النَّوْمِ رُؤْيَا يُبَرِّئُنِي اللَّهُ بِهَا. قَالَتْ: فَوَاللَّهِ مَا رَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَجْلِسَهُ، وَلَا خَرَجَ مِنْ أَهْلِ الْبَيْتِ أَحَدٌ حَتَّى أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى نَبِيِّهِ ﷺ، فَأَخَذَهُ مَا كَانَ يَأْخُذُهُ مِنَ الْبُرَحَاءِ عِنْدَ الْوَحْيِ، حَتَّى إِنَّهُ لَيَتَحَدَّرُ مِنْهُ مِثْلُ الْجُمَانِ مِنَ الْعَرَقِ فِي الْيَوْمِ الشَّاتِي مِنْ ثِقَلِ الْقَوْلِ الَّذِي أُنْزِلَ عَلَيْهِ. قَالَتْ: فَلَمَّا سُرِّيَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ يَضْحَكُ، فَكَانَ أَوَّلَ كَلِمَةٍ تَكَلَّمَ بِهَا أَنْ قَالَ: «أَبْشِرِي يَا عَائِشَةُ، أَمَّا اللَّهُ فَقَدْ بَرَّأَكِ». فَقَالَتْ لِي أُمِّي: «قُومِي إِلَيْهِ». فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ لَا أَقُومُ إِلَيْهِ، وَلَا أَحْمَدُ إِلَّا اللَّهَ، هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ بَرَاءَتِي».

قَالَتْ: فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ جَاءُوا بِالْإِفْكِ عُصْبَةٌ مِنْكُمْ لَا تَحْسَبُوهُ شَرًّا لَكُمْ بَلْ هُوَ خَيْرٌ لَكُمْ﴾ [النُّورِ: 11]، عَشْرَ آيَاتٍ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ هَذِهِ الْآيَاتِ بَرَاءَتِي. قَالَتْ: فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ (وَكَانَ يُنْفِقُ عَلَى مِسْطَحٍ لِقَرَابَتِهِ مِنْهُ وَفَقْرِهِ): «وَاللَّهِ لَا أُنْفِقُ عَلَيْهِ شَيْئًا أَبَدًا بَعْدَ الَّذِي قَالَ لِعَائِشَةَ». فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَا يَأْتَلِ أُولُو الْفَضْلِ مِنْكُمْ وَالسَّعَةِ أَنْ يُؤْتُوا أُولِي الْقُرْبَى﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿أَلَا تُحِبُّونَ أَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَكُمْ﴾ [النُّورِ: 22].

قَالَ حِبَّانُ بْنُ مُوسَى: قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ الْمُبَارَكِ: «هَذِهِ أَرْجَى آيَةٍ فِي كِتَابِ اللَّهِ». فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: «بَلَى وَاللَّهِ إِنِّي لَأُحِبُّ أَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لِي». فَرَجَعَ إِلَى مِسْطَحٍ النَّفَقَةَ الَّتِي كَانَ يُنْفِقُ عَلَيْهِ، وَقَالَ: «لَا أَنْزِعُهَا مِنْهُ أَبَدًا».

قَالَتْ عَائِشَةُ: وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَأَلَ زَيْنَبَ بِنْتَ جَحْشٍ، زَوْجَ النَّبِيِّ ﷺ، عَنْ أَمْرِي: «مَا عَلِمْتِ؟» أَوْ «مَا رَأَيْتِ؟» فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَحْمِي سَمْعِي وَبَصَرِي، وَاللَّهِ مَا عَلِمْتُ إِلَّا خَيْرًا». قَالَتْ عَائِشَةُ: وَهِيَ الَّتِي كَانَتْ تُسَامِينِي مِنْ أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ، فَعَصَمَهَا اللَّهُ بِالْوَرَعِ، وَطَفِقَتْ أُخْتُهَا حَمْنَةُ بِنْتُ جَحْشٍ تُحَارِبُ لَهَا، فَهَلَكَتْ فِيمَنْ هَلَكَ. قَالَ الزُّهْرِيُّ: فَهَذَا مَا اِنْتَهَى إِلَيْنَا مِنْ أَمْرِ هَؤُلَاءِ الرَّهْطِ.

Қазақша аудармасы

Әз-Зуһри былай деді: «Маған Сағид ибн әл-Мусайяб, Ұруа ибн әз-Зубайр, Алқама ибн Уаққас және Ұбайдулла ибн Абдулла ибн Ұтба ибн Масғуд Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшадан (р.а.) риуаят етілген хадисті баяндады. Бұл оқиға жала жабушылар Айша жайында өз сөздерін таратқан кезде болған еді. Алла оны айтылған жаладан ақтады. Олардың әрқайсысы маған Айшаның хадисінің бір бөлігін жеткізді. Кейбіреулері оның хадисін басқаларына қарағанда жақсырақ жаттап, оқиғаны анағұрлым нақты баяндады. Мен олардың әрқайсысының маған жеткізген хадисін жадымда сақтадым. Олардың бірінің жеткізгені екіншісінің жеткізгенін растайды».

Олар Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшаның былай дегенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарға шықпақ болғанда, жұбайларының арасында жеребе тастайтын. Жеребе қайсысына түссе, соны Алла Елшісі (с.а.с.) өзімен бірге алып шығатын. Бір жорыққа аттанарда арамызда жеребе тастап еді, жеребе маған түсті. Сөйтіп, мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шықтым. Бұл хижаб үкімі түскеннен кейін болған еді. Сапар бойы түйеге орнатылатын қалқалы күйменің ішінде отыратынмын. Мені сол күймемен бірге көтеріп, түйеге орнататын да, сол күйі түсіретін.

Алла Елшісі (с.а.с.) жорығын аяқтап, кері қайтқанда, Мәдинаға жақындап қалған едік. Бір түні ол жолға шығатынымызды хабарлады. Жолға аттанатынымыз жөнінде хабар берілгенде, мен орнымнан тұрып, әскерден ұзап кеттім. Қажетімді өтеп болған соң, керуен тұрған жерге қайттым. Кеудемді сипап қарасам, Зафар ақықтарынан жасалған алқам үзіліп, түсіп қалыпты. Оны іздеу үшін кейін қайттым. Алқамды іздеп жүріп бөгеліп қалдым.

Осы арада менің түйемді жолға әзірлейтін адамдар келіп, күймемді көтеріп, мен мінетін түйеге орнатты. Олар мені оның ішінде отыр деп ойлаған еді. Ол кезде әйелдердің дене бітімі жеңіл, ет алып, толыса қоймаған еді. Өйткені олар тамақты аз ғана жейтін. Сондықтан әлгі адамдар күймені көтеріп, түйеге орнатқанда, оның салмағынан ешқандай өзгешелік байқамады. Мен ол кезде жас қыз едім. Олар түйені жүргізіп, жолға шығып кетті.

Әскер ұзап кеткеннен кейін ғана алқамды таптым. Олардың аялдаған орнына қайтып келсем, онда үн қатқан да, жауап берген де ешкім жоқ екен. Мен өзім тұрған орынға барып отырдым. Олар менің жоқ екенімді байқап, іздеп қайтып келеді деп ойладым. Сол жерде отырғанымда ұйқы жеңіп, ұйықтап қалыппын.

Сафуан ибн Муаттал әс-Сулами әз-Зәкуани әскердің артында қалып, түнде аялдаған екен. Ол түннің соңғы бөлігінде жолға шығып, таңертең мен отырған жерге жетіпті. Ұйықтап жатқан адамның қарасын көріп, қасыма келді. Мені көргенде таныды. Өйткені ол мені хижаб үкімі түспей тұрып көрген еді. Ол мені танып, истиржағ айтқанда, оның дауысынан оянып кеттім. Дереу жүзімді жамылғыммен бүркедім. Алланың атымен ант етемін, ол маған бір ауыз сөз айтқан жоқ. Оның истиржағынан басқа ешбір сөзін естіген жоқпын. Ол түйесін шөгеріп, оның алдыңғы аяғын басып ұстап тұрды. Мен түйеге міндім. Содан кейін ол мен мінген түйені жетектеп, жолға шықты. Тал түстің аптап ыстығында аялдаған әскерге келіп қосылдық.

Менің оқиғама байланысты құрдымға кеткендер құрдымға кетті. Бұл жаланың ең ауыр жүгін арқалаған Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлул еді. Сөйтіп, Мәдинаға келдік. Мәдинаға келген соң, бір ай бойы ауырып жаттым. Адамдар жала жабушылардың сөзін таратып жатқанымен, мен одан мүлде хабарсыз едім. Ауырған кезімде көңіліме күдік ұялатқан нәрсе – бұрын науқастанғанымда Алла Елшісінен (с.а.с.) көретін мейірімді ілтипатты бұл жолы байқамағаным еді. Алла Елшісі (с.а.с.) кіріп, сәлем береді де: “Оның халі қалай?” – деп қана сұрайтын. Бұл жағдай көңіліме күдік ұялататын, алайда айтылып жүрген жаман сөзден бейхабар едім.

Сырқатымнан айыға бастаған соң, сыртқа шықтым. Менімен бірге Үммі Мистах та Манасиғ жаққа шықты. Ол біздің дәрет сындыратын жеріміз болатын. Біз ол жаққа түнде ғана шығатынбыз. Бұл үйлеріміздің маңынан дәрет сындыратын орындар жасап алғанымызға дейінгі кез еді. Біз бұл мәселеде бұрынғы арабтардың әдетін ұстанып, ел көзінен аулаққа шығатынбыз.

Үйлеріміздің маңына дәретхана салуды қолайсыз көретінбіз. Сөйтіп, Үммі Мистах екеуіміз жолға шықтық. Ол Әбу Руһм ибн Мутталиб ибн Абдуманафтың қызы еді. Анасы – Әбу Бәкір әс-Сыддықтың нағашы әпкесі, Сахр ибн Амирдің қызы. Ал ұлы – Мистах ибн Үсәсә ибн Аббад ибн Мутталиб еді. Қажетімізді өтеп болған соң, Әбу Руһмның қызы екеуіміз үйіме қарай келе жаттық. Кенет Үммі Мистах жамылғысының етегіне шалынып, сүрініп кетті де: “Мистах оңбасын!” – деді. Мен оған: “Не деген жаман сөз айттың! Бәдір шайқасына қатысқан адамды сөгіп тұрсың ба?” – дедім. Ол: “Ей, қыз-ау! Оның не айтқанын естімеп пе едің?” – деді. Мен: “Ол не айтыпты?” – деп сұрадым. Сонда ол маған жала таратушылардың не дегенін айтып берді. Сөйтіп, дертіме дерт қосылды.

Үйіме оралғанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) кіріп, сәлем берді де: “Оның халі қалай?” – деп сұрады. Мен: “Әке-шешеме баруыма рұқсат етесіз бе?” – дедім. Ол кезде бұл хабардың анық-қанығын әке-шешемнен білгім келген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) маған рұқсат берді. Әке-шешеме келіп, анамнан: “Анашым! Адамдар не айтып жүр?” – деп сұрадым. Ол: “Қызым, өзіңді қинама. Алланың атымен ант етемін, күйеуі жақсы көретін көрікті әйелдің күндестері болса, олар сол әйел туралы сөз көбейтпей қоймайды”, – деді. Мен: “Алла пәк! Адамдар шынымен осыны айтып жүр ме?” – дедім. Сол түні таң атқанша жыладым. Көз жасым бір сәт толастамады, көзіме ұйқы да ілінбеді. Таң атқанда да жылай бердім.

Уахи кешіккен кезде Алла Елшісі (с.а.с.) Әли ибн Әбу Талиб пен Усама ибн Зәйдті (Алла екеуіне де разы болсын) шақырып, жұбайынан ажырасу мәселесі жөнінде екеуімен кеңесті. Усама ибн Зәйд оның пәктігін білетін әрі Алла Елшісінің (с.а.с.) отбасын жақсы көретін. Ол: “Уа, Расулалла! Олар – сіздің отбасыңыз. Біз олардан жақсылықтан басқа ештеңе білмейміз”, – деді. Ал Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): “Алла сізге таршылық жасаған жоқ. Одан басқа әйелдер де көп. Қызметші қыздан сұрасаңыз, ол сізге шындықты айтады”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Бәрираны шақырып: “Уа, Бәрира! Айшадан көңіліңе күдік ұялататын қандай да бір нәрсе көрдің бе?” – деп сұрады. Бәрира: “Сізді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етемін! Оның бойынан мін тағатындай ешбір нәрсе көрген емеспін. Бар болғаны – ол әлі жас қыз. Үйдегілердің қамырын қараусыз қалдырып, ұйықтап қалады. Сонда үйде жүретін қой келіп, оны жеп қояды”, – деді.

Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мінберге көтеріліп, Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлулге қарсы шара қолдану үшін мұсылмандардан қолдау сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) мінберде тұрып: “Уа, мұсылмандар қауымы! Отбасыма тигізген зияны шектен асқан мына адамға қарсы мені кім қолдайды? Алланың атымен ант етемін, отбасымнан жақсылықтан басқа ештеңе білген емеспін. Олар бір ер кісінің де атын атады. Мен ол кісіден де жақсылықтан басқа ештеңе білген емеспін. Ол менімен бірге болмаса, отбасыма кірмейтін”, – деді. Сонда ансарлық Сағд ибн Мұғаз орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Мен сізді одан арашалаймын. Егер ол Әус руынан болса, мойнын шабамыз. Ал егер бауырларымыз Хазраждан болса, бізге бұйрық беріңіз, бұйрығыңызды орындаймыз”, – деді. Осы кезде Хазраждың көсемі Сағд ибн Убада орнынан тұрды. Ол ізгі адам еді, алайда рулық намыс оны ұстамсыздыққа итермеледі. Ол Сағд ибн Мұғазға: “Өтірік айттың! Алланың атымен ант етемін, сен оны өлтірмейсің әрі өлтіруге шамаң да жетпейді!” – деді. Сонда Сағд ибн Мұғаздың немере туысы Үсәйд ибн Худайр орнынан тұрып, Сағд ибн Убадаға: “Өтірік айттың! Алланың атымен ант етемін, біз оны міндетті түрде өлтіреміз! Сен мұнафықтарды жақтап отырған мұнафықсың!” – деді. Сөйтіп, Әус пен Хазраж рулары дүрлігіп, бір-бірімен шайқасуға шақ қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) сол кезде мінберде тұрған еді. Ол оларды тыныштандырып, сабырға шақырумен болды. Ақырында олар тынышталды, Алла Елшісі (с.а.с.) де үнсіз қалды.

Сол күні де көз жасым бір сәт толастамай, көзіме ұйқы ілінбестен жылаумен болдым. Келесі түні де көз жасым тоқтамай, көзіме ұйқы ілінбей жыладым. Әке-шешем жылай-жылай бауырым жарылып кете ме деп ойлады. Олар жанымда отырды, ал мен жылап отыр едім. Сол кезде ансарлық бір әйел кіруге рұқсат сұрады. Мен оған рұқсат бердім. Ол кіріп, менімен бірге жылап отырды.

Біз осылай отырғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) кіріп, сәлем берді де, отырды. Маған әлгі сөз айтылғалы бері ол менің қасыма отырмаған еді. Менің мәселеме қатысты бір ай бойы оған ешқандай уахи түспеді. Алла Елшісі (с.а.с.) отырған соң, шәһадат сөзін айтты да: “Ал енді, уа, Айша! Сен туралы маған осындай-осындай сөз жетті. Егер сен пәк болсаң, Алла сені ақтайды. Ал егер бір күнәға барған болсаң, Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе ет. Өйткені құл күнәсін мойындап, кейін тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін аяқтағанда, көз жасым сап тыйылып, тіпті бір тамшысын да сезбей қалдым. Әкеме: “Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқанына менің атымнан жауап беріңіз”, – дедім.

Ол: “Алланың атымен ант етемін, Алла Елшісіне (с.а.с.) не айтарымды білмеймін”, – деді. Содан кейін анама: “Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқанына менің атымнан жауап беріңіз”, – дедім. Ол да: “Алланың атымен ант етемін, Алла Елшісіне (с.а.с.) не айтарымды білмеймін”, – деді. Сонда мен, Құранды әлі көп оқып-білмеген жас қыз болсам да: “Алланың атымен ант етемін, сендердің бұл сөзді естіп, оның көңілдеріңе әбден орныққанына әрі оған сеніп қалғандарыңа көзім жетті. Егер сендерге өзімнің пәк екенімді айтсам, Алла менің пәк екенімді біліп тұрса да, сендер маған сенбейсіңдер. Ал егер сендерге әлдебір істі мойындасам, Алла менің одан пәк екенімді біліп тұрса да, сендер менің сөзіме сенесіңдер. Алланың атымен ант етемін, өзім мен сендердің жағдайларыңа Юсуфтың әкесі айтқан сөзден басқа мысал таба алмай тұрмын”, – дедім де: “Енді маған жақсылап сабыр етуден басқа не қалды?! Сендер айтып отырған бұл сұмдыққа қарсы бір Алладан ғана жәрдем тіленеді” (“Юсуф”, 18), – дедім.

Содан кейін жүзімді теріс бұрып, төсегіме жата кеттім. Сол кезде, Алланың атымен ант етемін, өзімнің пәк екенімді және Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың мені ақтайтынын білетінмін. Алайда, Алланың атымен ант етемін, мен жайында оқылатын уахи түседі деп ешқашан ойлаған емеспін. Алланың мен туралы оқылатын сөз түсіруіне өзімді тым елеусіз санайтынмын. Бірақ Алла Елшісі (с.а.с.) түсінде Алланың мені ақтайтынын білдіретін бір аян көрер деп үміттенетінмін. Алланың атымен ант етемін, Алла Елшісі (с.а.с.) отырған орнынан қозғалып та үлгермеді, үйдегілердің ешқайсысы сыртқа шығып та үлгермеді. Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.) уахи түсірді. Сонда оны уахи келген кезде басатын ауыр хал басты. Өзіне түсірілген сөздің салмағынан қыстың суық күнінің өзінде денесінен маржандай тер тамшылары сорғалап ақты. Алла Елшісінің (с.а.с.) ауыр халі сейілгенде, ол күліп отырды. Оның ең алғаш айтқан сөзі: “Уа, Айша! Қуан! Алла сенің пәк екеніңді жария етті”, – дегені болды. Анам маған: “Орныңнан тұрып, оның алдына бар”, – деді. Мен: “Алланың атымен ант етемін, мен оның алдына бармаймын әрі Алладан басқа ешкімге мадақ айтпаймын. Менің пәк екенімді білдірген аяттарды түсірген – Алла”, – дедім.

Ұлы әрі аса мәртебелі Алла: “Жала жапқандар араларыңдағы бір топ адам. Алайда бұл оқиғаны өздерің үшін жамандық екен деп ойламаңдар. Керісінше, ол сендер үшін қайырлы болмақ.” (“Нұр”, 11), – деп басталатын он аятты түсірді.

Ұлы әрі аса мәртебелі Алла менің пәк екенімді білдіру үшін осы аяттарды түсірді. Әбу Бәкір (р.а.) Мистахқа туыстық жақындығы мен оның кедейлігіне байланысты материалдық көмек көрсетіп жүретін. Ол: “Алланың атымен ант етемін, Айша туралы айтқан сөзінен кейін бұдан былай оған ештеңе бермеймін”, – деді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла: “Араларыңдағы игі жақсылар мен дәулетті жандар туған-туысқа, пақыр-міскіндерге және Алла жолында һижрет еткендерге қайыр-зекет бермеуге серт етпесін.” (“Нұр”, 22), – деген сөзден бастап: “Әлде, Алланың өздеріңе кешірім жасағанын қаламайсыңдар ма?” (“Нұр”, 22), – деген сөзге дейінгі аятты түсірді».

Хиббан ибн Мұса: «Абдулла ибн Мубарак: “Бұл – Алланың Кітабындағы үмітті ең көп оятатын аят”, – деді», – деп баяндады.

Сонда Әбу Бәкір: «Иә, Алланың атымен ант етемін, мен Алланың мені кешіруін қалаймын», – деді. Сөйтіп, Мистахқа бұрын беріп жүрген көмегін қайта жалғастырып: «Бұдан былай бұл көмекті одан ешқашан үзбеймін», – деді.

Айша былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Зәйнаб бинт Жахштан – Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайынан – менің жағдайым туралы: “Не білесің?” немесе “Не көрдің?” – деп сұраған еді. Ол: “Уа, Расулалла! Құлағым мен көзімді жалған куәліктен сақтаймын. Алланың атымен ант етемін, Айша туралы жақсылықтан басқа ештеңе білмеймін”, – деді».

Айша: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларының арасында менімен мәртебе жағынан бәсекелесетін осы Зәйнаб еді. Алайда Алла оны тақуалығының арқасында бұл жаладан қорғады. Ал оның бауыры Хамна бинт Жахш Зәйнабты жақтап күреске араласты да, құрдымға кеткендермен бірге құрдымға кетті», – деді.

Зуһри: «Бұл – осы топтың ісі жөнінде бізге жеткен хабар», – деді (2770/56).

2154
Мүслим, № 2154Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا كَانَ يُتَّهَمُ بِأُمِّ وَلَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِعَلِيٍّ: «اِذْهَبْ فَاضْرِبْ عُنُقَهُ». فَأَتَاهُ عَلِيٌّ فَإِذَا هُوَ فِي رَكِيٍّ يَتَبَرَّدُ فِيهَا، فَقَالَ لَهُ عَلِيٌّ: «اُخْرُجْ». فَنَاوَلَهُ يَدَهُ فَأَخْرَجَهُ، فَإِذَا هُوَ مَجْبُوبٌ لَيْسَ لَهُ ذَكَرٌ، فَكَفَّ عَلِيٌّ عَنْهُ، ثُمَّ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ لَمَجْبُوبٌ مَا لَهُ ذَكَرٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) баласының анасы болған күңге қатысты бір ер адамның күдікке ілінгенін жеткізді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Әлиге: «Бар да, оның басын шап», – деді. Әли оның қасына барса, ол бір құдыққа түсіп, салқындап отыр екен. Әли оған: «Шық!» – деді. Ол қолын созғанда, Әли қолынан ұстап, құдықтан шығарып алды. Сөйтсе, ол жыныс мүшесі кесілген адам екен, оның еркектік мүшесі жоқ еді. Сонда Әли оған тиіспеді.

Кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Ол – жыныс мүшесі кесілген адам, оның еркектік мүшесі жоқ екен», – деді (2771/59).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تُكْرِهُوا فَتَيَاتِكُمْ عَلَى الْبِغَاءِ﴾

31-бапАлла Тағаланың «күңдеріңді, һәм арын таза сақтауды қалайтын болса, мәжбүрлеп арсыздыққа әсте итермелемеңдер.» деген сөзі туралы

2155
Мүслим, № 2155Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ أَنَّ جَارِيَةً لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيِّ بْنِ سَلُولَ يُقَالُ لَهَا مُسَيْكَةُ، وَأُخْرَى يُقَالُ لَهَا أُمَيْمَةُ، فَكَانَ يُكْرِهُهُمَا عَلَى الزِّنَا، فَشَكَتَا ذَلِكَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿وَلَا تُكْرِهُوا فَتَيَاتِكُمْ عَلَى الْبِغَاءِ إِنْ أَرَدْنَ تَحَصُّنًا﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿غَفُورٌ رَحِيمٌ﴾ [النُّورِ: 33].

Қазақша аудармасы

Жәбир былай деді: «Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлулдың Мусәйка есімді бір күңі және Үмәйма есімді тағы бір күңі бар еді. Ол екеуін зина жасауға мәжбүрлейтін. Екеуі бұл жайында Пайғамбарға (с.а.с.) шағымданды. Сонда Алла Тағала: “күңдеріңді, һәм арын таза сақтауды қалайтын болса, мәжбүрлеп арсыздыққа әсте итермелемеңдер.” дегеннен бастап, “өте кешірімді, ерекше мейірімді.” дегенге дейінгі аятты түсірді» («Нұр», 33) (3029/27).

سُورَةُ الْفُرْقَانِ«Фурқан» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ﴾

32-бапАлла Тағаланың «Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды.» деген сөзі туралы

2156
Мүслим, № 2156Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ نَاسًا مِنْ أَهْلِ الشِّرْكِ قَتَلُوا فَأَكْثَرُوا، وَزَنَوْا فَأَكْثَرُوا، ثُمَّ أَتَوْا مُحَمَّدًا ﷺ، فَقَالُوا: «إِنَّ الَّذِي تَقُولُ وَتَدْعُو إِلَيْهِ لَحَسَنٌ، وَلَوْ تُخْبِرُنَا أَنَّ لِمَا عَمِلْنَا كَفَّارَةً»، فَنَزَلَ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَامًا﴾ [الْفُرْقَانِ: 68] وَنَزَلَ ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ﴾ [الزُّمَرِ: 53].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас былай деген: «Мүшріктердің арасындағы кейбір адамдар көп адам өлтіріп, көп зина жасаған еді. Кейін олар Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: “Сенің айтып, шақырып жүргенің, расында, жақсы нәрсе. Бізге істеген күнәларымызды өтеудің жолы бар екенін айтсаң ғой”, – деді. Сонда: “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды. Алла нақақтан-нақақ өлтіруде харам қылған тірі жанды өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе, күнәсінің жазасын тартады.” (“Фурқан”, 68) деген аят түсті. Сондай-ақ: ﴿Құлдарыма мына сөзімді айтып жеткіз: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер!»﴾ (“Зүмәр”, 53) деген аят түсті» (122/193).

سُورَةُ الٓمٓ تَنْزِيلُ السَّجْدَةِ«Сәжде» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾

33-бапАлла Тағаланың «оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді.» деген сөзі туралы

2157
Мүслим, № 2157Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَقُولُ اللَّهُ: “أَعْدَدْتُ لِعِبَادِيَ الصَّالِحِينَ مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ، ذُخْرًا، بَلْهَ مَا أَطْلَعَكُمُ اللَّهُ عَلَيْهِ”». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾ [السَّجْدَةِ: 17].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла: ‘Мен ізгі құлдарыма ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген әрі адам баласының жүрегіне де келмеген нәрселерді қор етіп әзірлеп қойдым. Ал Алланың сендерге білдіргендері өз алдына’, – дейді”, – деді». Содан кейін ол: «оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді.» («Сәжде», 17) деген аятты оқыды (2824/4).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَى دُونَ الْعَذَابِ الْأَكْبَرِ﴾

34-бапАлла Тағаланың «Оларға осынау үлкен азаптан бұрын, бәлкім, райларынан қайтар деп, одан анағұрлым жеңіл сан түрлі азапты міндетті түрде таттырамыз.» деген сөзі туралы

2158
Мүслим, № 2158Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَى دُونَ الْعَذَابِ الْأَكْبَرِ﴾ [السَّجْدَةِ: 21]. قَالَ: «مَصَائِبُ الدُّنْيَا، وَالرُّومُ، وَالْبَطْشَةُ، أَوِ الدُّخَانُ». شُعْبَةُ الشَّاكُّ فِي «الْبَطْشَةِ» أَوِ «الدُّخَانِ».

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың: «Оларға осынау үлкен азаптан бұрын, бәлкім, райларынан қайтар деп, одан анағұрлым жеңіл сан түрлі азапты міндетті түрде таттырамыз.» («Сәжде», 21) деген сөзі туралы: «Бұл – дүниедегі қасіреттер, Румға қатысты белгі және ұлы соққы немесе түтін», – деді. «Ұлы соққы» ма, әлде «түтін» бе – Шуғба қайсысы айтылғанына күмәнданған (2799/42).

سُورَةُ الْأَحْزَابِ«Ахзаб» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِذْ جَاءُوكُمْ مِنْ فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنْكُمْ﴾

35-бапАлла Тағаланың «Сонда біріккен жау қолы сендерге жоғарғы жақтан да, төменгі жақтан да төніп келіп, құрсап алған еді.» деген сөзі туралы

2159
Мүслим, № 2159Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِذْ جَاءُوكُمْ مِنْ فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنْكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ﴾ قَالَتْ: «كَانَ ذَلِكَ يَوْمَ الْخَنْدَقِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың: «Сонда біріккен жау қолы сендерге жоғарғы жақтан да, төменгі жақтан да төніп келіп, құрсап алған еді. Сол кезде көздер шарасынан шығып, жүректер ауызға тығылып, жан алқымға келген болатын.» («Ахзаб», 10) деген сөзі жайында: «Бұл – Хандақ күні болған оқиға», – деді (3020/12).

سُورَةُ يٰسٓ«Иәсин» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا﴾

36-бапАлла Тағаланың «Күн де өзінің жолымен өзі үшін белгіленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады.» деген сөзі туралы

2160
Мүслим, № 2160Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ قَوْلِ اللَّهِ جَلَّ وَعَلَا: ﴿وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا﴾ [يٰسٓ: 38]؟ قَالَ: «مُسْتَقَرُّهَا تَحْتَ الْعَرْشِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) Аса Ұлы әрі Жоғары Алланың мына сөзі туралы сұрадым: “Күн де өзінің жолымен өзі үшін белгіленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады.” (“Иәсин”, 38). Сонда ол: “Оның тұрағы – Аршының астында”, – деді» (159/251).

سُورَةُ الزُّمَرِ«Зүмәр» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ﴾

37-бапАлла Тағаланың «Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады.» деген сөзі туралы

2161
Мүслим, № 2161Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: جَاءَ حَبْرٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ» (أَوْ «يَا أَبَا الْقَاسِمِ»)، «إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْأَرَضِينَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْجِبَالَ وَالشَّجَرَ عَلَى إِصْبَعٍ، وَالْمَاءَ وَالثَّرَى عَلَى إِصْبَعٍ، وَسَائِرَ الْخَلْقِ عَلَى إِصْبَعٍ، ثُمَّ يَهُزُّهُنَّ فَيَقُولُ: “أَنَا الْمَلِكُ، أَنَا الْمَلِكُ”». فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَعَجُّبًا مِمَّا قَالَ الْحَبْرُ، تَصْدِيقًا لَهُ، ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ وَالْأَرْضُ جَمِيعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَمِينِهِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا يُشْرِكُونَ﴾.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Пайғамбарға (с.а.с.) яһуди ғалымдарының бірі келді. Ол: “Уа, Мұхаммед!” – немесе: “Уа, Әбул-Қасым!” – деп сөз бастап: “Алла Қиямет күні көктерді бір саусағында, жерлерді бір саусағында, таулар мен ағаштарды бір саусағында, су мен топырақты бір саусағында, ал қалған жаратылыстарды бір саусағында ұстайды. Содан кейін оларды сілкіп: ‘Патша – Менмін! Патша – Менмін!’ – дейді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі ғалымның сөзін растаған күйі, оның айтқанына таңырқап күлді. Содан кейін мына аятты оқыды: “Олар Алланы лайықты түрде танып, бағалай алмады. Қиямет күні жер түгелдей Оның құдіретті уысында, ал жеті қат аспан Оның шексіз құдіретімен шиыршықталып бүктелген күйде иелігінде болады. Алла – мінсіз, олардың Өзіне серік етіп қосқан жалған құдайларынан ұлы һәм асқақ!” (“Зүмәр”, 67)» (2786/19).

سُورَةُ حٰمٓ السَّجْدَةِ«Фуссилат» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَنْ يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ﴾ الْآيَةَ

38-бапАлла Тағаланың «Сендер өз құлақтарыңның, көздеріңнің һәм терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлікке жүретініне сенбейтін едіңдер, сондықтан күнәларыңды олардан жасырмайтын едіңдер» деген сөзі туралы

2162
Мүслим, № 2162Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِجْتَمَعَ عِنْدَ الْبَيْتِ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ، قُرَشِيَّانِ وَثَقَفِيٌّ، أَوْ ثَقَفِيَّانِ وَقُرَشِيٌّ، قَلِيلٌ فِقْهُ قُلُوبِهِمْ، كَثِيرٌ شَحْمُ بُطُونِهِمْ، فَقَالَ أَحَدُهُمْ: «أَتُرَوْنَ اللَّهَ يَسْمَعُ مَا نَقُولُ؟» وَقَالَ الْآخَرُ: «يَسْمَعُ إِنْ جَهَرْنَا، وَلَا يَسْمَعُ إِنْ أَخْفَيْنَا». وَقَالَ الْآخَرُ: «إِنْ كَانَ يَسْمَعُ إِذَا جَهَرْنَا، فَهُوَ يَسْمَعُ إِذَا أَخْفَيْنَا»، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَتِرُونَ أَنْ يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ وَلَا أَبْصَارُكُمْ وَلَا جُلُودُكُمْ﴾ [فُصِّلَتْ: 22] الْآيَةَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Кәғбаның жанында үш кісі жиналды: олардың екеуі құрайыштық, біреуі сақифтік еді немесе екеуі сақифтік, біреуі құрайыштық еді. Жүректеріндегі түсінігі аз, қарындарындағы майы көп болатын. Біреуі: “Алла біздің не айтып отырғанымызды естиді деп ойлайсыңдар ма?” – деді. Екіншісі: “Дауыстап айтсақ, естиді, ал жасырын айтсақ, естімейді”, – деді. Үшіншісі: “Егер дауыстап айтқанымызды еститін болса, жасырын айтқанымызды да естиді”, – деді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла: “Сендер өз құлақтарыңның, көздеріңнің һәм терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлікке жүретініне сенбейтін едіңдер, сондықтан күнәларыңды олардан жасырмайтын едіңдер” (“Фуссилат”, 22) деген аятты түсірді» (2775/5).

سُورَةُ الدُّخَانِ«Духан» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ﴾

39-бапАлла Тағаланың «Көктен анық қою түтін шығатын күнді күт!» деген сөзі туралы

2163
Мүслим, № 2163

عَنْ مَسْرُوقٍ، قَالَ: كُنَّا عِنْدَ عَبْدِ اللَّهِ جُلُوسًا، وَهُوَ مُضْطَجِعٌ بَيْنَنَا، فَأَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، إِنَّ قَاصًّا عِنْدَ أَبْوَابِ كِنْدَةَ يَقُصُّ وَيَزْعُمُ: “أَنَّ آيَةَ الدُّخَانِ تَجِيءُ فَتَأْخُذُ بِأَنْفَاسِ الْكُفَّارِ، وَيَأْخُذُ الْمُؤْمِنِينَ مِنْهُ كَهَيْئَةِ الزُّكَامِ”». فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ (وَجَلَسَ وَهُوَ غَضْبَانُ): «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، اِتَّقُوا اللَّهَ، مَنْ عَلِمَ مِنْكُمْ شَيْئًا فَلْيَقُلْ بِمَا يَعْلَمُ، وَمَنْ لَمْ يَعْلَمْ فَلْيَقُلْ: “اللَّهُ أَعْلَمُ”، فَإِنَّهُ أَعْلَمُ لِأَحَدِكُمْ أَنْ يَقُولَ لِمَا لَا يَعْلَمُ: “اللَّهُ أَعْلَمُ”، فَإِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ قَالَ لِنَبِيِّهِ ﷺ: ﴿قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَكَلِّفِينَ﴾ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا رَأَى مِنَ النَّاسِ إِدْبَارًا، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ سَبْعٌ كَسَبْعِ يُوسُفَ”». قَالَ: «فَأَخَذَتْهُمْ سَنَةٌ حَصَّتْ كُلَّ شَيْءٍ، حَتَّى أَكَلُوا الْجُلُودَ وَالْمَيْتَةَ مِنَ الْجُوعِ، وَيَنْظُرُ إِلَى السَّمَاءِ أَحَدُهُمْ فَيَرَى كَهَيْئَةِ الدُّخَانِ، فَأَتَاهُ أَبُو سُفْيَانَ فَقَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، إِنَّكَ جِئْتَ تَأْمُرُ بِطَاعَةِ اللَّهِ، وَبِصِلَةِ الرَّحِمِ، وَإِنَّ قَوْمَكَ قَدْ هَلَكُوا، فَادْعُ اللَّهَ لَهُمْ”. قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ يَغْشَى النَّاسَ هَذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ﴾ [الدُّخَانِ: 10⁠–⁠11] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿إِنَّكُمْ عَائِدُونَ﴾ [الدُّخَانِ: 15]». قَالَ: «أَفَيُكْشَفُ عَذَابُ الْآخِرَةِ؟ ﴿يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَى إِنَّا مُنْتَقِمُونَ﴾ [الدُّخَانِ: 16] فَالْبَطْشَةُ يَوْمَ بَدْرٍ، وَقَدْ مَضَتْ آيَةُ الدُّخَانِ، وَالْبَطْشَةُ وَاللِّزَامُ، وَآيَةُ الرُّومِ».

Қазақша аудармасы

Масруқ былай деді: «Біз Абдулланың қасында отырған едік. Ол ортамызда жантайып жатқан болатын. Сол кезде бір кісі келіп: “Уа, Әбу Абдуррахман! Кинда қақпаларының маңында бір қиссашы: ‘Түтін белгісі келгенде, ол кәпірлердің тынысын тарылтады, ал мүміндерге тұмау секілді ғана әсер етеді’, – деп уағыз айтып жүр”, – деді. Мұны естіген Абдулла ашуланып, бойын тіктеп отырды да: “Уа, адамдар! Алладан қорқыңдар! Араларыңда бір нәрсені білетін адам білгенін айтсын. Ал білмейтін адам: ‘Алла жақсы біледі’, – десін. Өйткені адамның білмейтін нәрсесі жайында: ‘Алла жақсы біледі’, – деуі – білімділіктің белгісі. Расында, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.): ﴿Оларға: «Мен ақиқатты жеткізгенім үшін сендерден ешқандай да ақы сұрамаймын! Һәм мен жасанды жалған пайғамбарлардан емеспін».﴾ (‘Сад’, 86), – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың өзінен теріс айналғанын көргенде: ‘Уа, Алла! Оларға Юсуфтың заманындағы жеті жылға ұқсас жеті жылдық қуаңшылық жібере гөр!’ – деп дұға етті. Сөйтіп, оларды қолда бардың бәрін жалмаған қуаңшылық басты. Аштықтан олар тері мен өлексені жеуге дейін барды. Олардың біреуі аспанға қараған кезде, түтінге ұқсас нәрсе көретін. Сонда Әбу Суфиян оған келіп: ‘Уа, Мұхаммед! Сен Аллаға бойсұнуға және туыстық байланысты сақтауға үндеп келдің. Ал енді қауымың қырылып барады. Олар үшін Аллаға дұға ет’, – деді. Ұлы әрі аса мәртебелі Алла: ﴿Көктен анық қою түтін шығатын күнді күт! Адамдарды жаппай жауып қалатын түтін. Сонда олар: «Бұл неткен жан төзгісіз азап еді?!»﴾ (‘Духан’, 10⁠–⁠11⁠-⁠аяттар) дегеннен бастап, ‘Алайда сендер сөзсіз, көп ұзамай-ақ қайтадан сол бәз-баяғы қалыптарыңа түсесіңдер.’ (‘Духан’, 15) деген сөзіне дейін айтты. Ақырет азабы сейіле ме еді? ‘Оларды пәрменді күшпен бас салатын күні олардан аяусыз өш аламыз!’ (‘Духан’, 16). Ұлы соққы – Бәдір күні. Түтін белгісі де, ұлы соққы да, Лизам да, Румға қатысты белгі де өтіп кетті”, – деді» (2798/39).

2164
Мүслим, № 2164Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَمْسٌ قَدْ مَضَيْنَ الدُّخَانُ، وَاللِّزَامُ، وَالرُّومُ، وَالْبَطْشَةُ، وَالْقَمَرُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.): «Бес белгі өтіп кетті: түтін, Лизам, Румға қатысты белгі, ұлы соққы және Ай белгісі», – деді (2798/41).

سُورَةُ الْفَتْحِ«Фатх» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَهُوَ الَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ﴾ الْآيَةَ

40-бапАлла Тағаланың «олардың қолын сендерден, сендердің қолдарыңды олардан тыйған да бір Өзі!» деген аяты туралы

2165
Мүслим, № 2165Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ ثَمَانِينَ رَجُلًا مِنْ أَهْلِ مَكَّةَ هَبَطُوا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ جَبَلِ التَّنْعِيمِ مُتَسَلِّحِينَ، يُرِيدُونَ غِرَّةَ النَّبِيِّ ﷺ وَأَصْحَابِهِ، فَأَخَذَهُمْ سِلْمًا فَاسْتَحْيَاهُمْ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَهُوَ الَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ عَنْهُمْ بِبَطْنِ مَكَّةَ مِنْ بَعْدِ أَنْ أَظْفَرَكُمْ عَلَيْهِمْ﴾ [الْفَتْحِ: 24].

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Мекке тұрғындарынан сексен қарулы адам Тәнғим тауынан Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай түсіп, Пайғамбарды (с.а.с.) және оның сахабаларын қапыда қалдыруды көздеді. Алайда ол оларды соғыссыз қолға түсіріп, өлтірмей, өмірлерін сақтап қалды. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла мына аятты түсірді: «Мекке алқабында сендерді мүшріктерден үстем етіп жеңіске жеткізген соң, олардың қолын сендерден, сендердің қолдарыңды олардан тыйған да бір Өзі!» («Фатх», 24) (1808/133).

سُورَةُ الْحُجُرَاتِ«Хужурат» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ﴾ الْآيَةَ

41-бапАлла Тағаланың «Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан қатты шығармаңдар» деген аяты туралы

2166
Мүслим, № 2166Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ﴾ [الْحُجُرَاتِ: 2] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ، جَلَسَ ثَابِتُ بْنُ قَيْسٍ فِي بَيْتِهِ، وَقَالَ: «أَنَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ»، وَاحْتَبَسَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَسَأَلَ النَّبِيُّ ﷺ سَعْدَ بْنَ مُعَاذٍ، فَقَالَ: «يَا أَبَا عَمْرٍو، مَا شَأْنُ ثَابِتٍ؟ اِشْتَكَى؟» قَالَ سَعْدٌ: «إِنَّهُ لَجَارِي، وَمَا عَلِمْتُ لَهُ بِشَكْوَى». قَالَ: فَأَتَاهُ سَعْدٌ، فَذَكَرَ لَهُ قَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ ثَابِتٌ: «أُنْزِلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ، وَلَقَدْ عَلِمْتُمْ أَنِّي مِنْ أَرْفَعِكُمْ صَوْتًا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَنَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ»، فَذَكَرَ ذَلِكَ سَعْدٌ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَلْ هُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мына аят түскен кезде: “Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды пайғамбардың дауысынан қатты шығармаңдар, әрі оған тіл қатқанда, бір-біріңе дауласып сөйлегендей дауыстап сөйлемеңдер! Әйтпесе, істеген игі істеріңнің зая кеткенін сезбей қаласыңдар.” (“Хужурат”, 2), Сәбит ибн Қайс үйінде отырып: “Мен Тозақ иелерінің бірімін”, – деді де, Пайғамбардың (с.а.с.) алдына бармай қойды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Сағд ибн Мұғаздан: “Уа, Әбу Амр! Сәбитке не болды? Ауырып қалды ма?” – деп сұрады. Сағд: “Ол менің көршім, бірақ оның ауырғанын білмеймін”, – деді. Содан кейін Сағд оған барып, Алла Елшісінің (с.а.с.) сөзін жеткізді. Сонда Сәбит: “Осы аят түсті. Сендер менің Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында даусы ең қатты шығатындардың бірі екенімді білесіңдер. Демек, мен Тозақ иелерінің бірімін”, – деді. Сағд оның сөзін Пайғамбарға (с.а.с.) жеткізгенде, Алла Елшісі (с.а.с.): “Жоқ, ол – Жәннат иелерінің бірі”, – деді» (119/187).

سُورَةُ قٓ«Қаф» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿يَوْمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ اِمْتَلَأْتِ وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزِيدٍ﴾

42-бапАлла Тағаланың ﴿Сол күні тозақтан: «Толдың ба?!» – деп сұраймыз. Ол болса: «Тағы да бар ма?» – деп қомағайлана жауап қатады.﴾ деген сөзі туралы

2167
Мүслим, № 2167

عَنْ عَبْدِ الْوَهَّابِ بْنِ عَطَاءٍ فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَوْمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ اِمْتَلَأْتِ وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزِيدٍ﴾، قَالَ: فَأَخْبَرَنَا عَنْ سَعِيدٍ، عَنْ قَتَادَةَ، عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَا تَزَالُ جَهَنَّمُ يُلْقَى فِيهَا وَتَقُولُ: “هَلْ مِنْ مَزِيدٍ؟” حَتَّى يَضَعَ رَبُّ الْعِزَّةِ فِيهَا قَدَمَهُ، فَيَنْزَوِي بَعْضُهَا إِلَى بَعْضٍ، وَتَقُولُ: “قَطْ قَطْ بِعِزَّتِكَ وَكَرَمِكَ”. وَلَا يَزَالُ فِي الْجَنَّةِ فَضْلٌ حَتَّى يُنْشِئَ اللَّهُ لَهَا خَلْقًا، فَيُسْكِنَهُمْ فَضْلَ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулуаһһаб ибн Ата Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың ﴿Сол күні тозақтан: «Толдың ба?!» – деп сұраймыз. Ол болса: «Тағы да бар ма?» – деп қомағайлана жауап қатады.﴾ («Қаф», 30) деген сөзі жайында бізге Сағидтан, ол Қатададан, ал ол Әнәс ибн Мәликтен Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Жәһаннамға адамдар тастала береді, ал ол: “Тағы да бар ма?” – дей береді. Ақырында Аса Үстем Раббы оның ішіне Аяғын қойған кезде, оның бір бөлігі екінші бөлігіне қарай жиырылып: “Жетер, жетер! Сенің үстемдігің мен жомарттығыңа ант етемін!” – дейді. Ал Жәннатта Алла жаңа жаратылыстар жаратып, оларды оның бос орындарына орналастырғанға дейін бос орын қала береді» (2848/38).

سُورَةُ اِقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ«Қамар» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿هَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ﴾

43-бапАлла Тағаланың «Қане, бұдан ғибрат алатын жан бар ма?!» деген сөзі туралы

2168
Мүслим, № 2168

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ قَالَ: رَأَيْتُ رَجُلًا سَأَلَ الْأَسْوَدَ بْنَ يَزِيدَ وَهُوَ يُعَلِّمُ الْقُرْآنَ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «كَيْفَ تَقْرَأُ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿فَهَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ﴾ [الْقَمَرِ: 15]، أَدَالًا أَمْ ذَالًا؟» قَالَ: «بَلْ دَالًا، سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ يَقُولُ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مُدَّكِرٍ’، دَالًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ былай деді: «Мешітте Құран үйретіп отырған Әсуад ибн Язидтен бір адамның: “Мына فَهَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ – ‘Қане, бұдан ғибрат алатын жан бар ма?!’ (‘Қамар’, 15) деген аятты қалай оқисың: дәл әрпімен бе, әлде зәл әрпімен бе?” – деп сұрағанын көрдім. Әсуад: “Дәл әрпімен. Мен Абдулла ибн Масғудтың: ‘Алла Елшісінің (с.а.с.) مُدَّكِرٍ – ‹ғибрат алатын жан› (‹Қамар›, 15) деп, дәл әрпімен оқығанын естідім’, – дегенін естідім”, – деді» (823/280).

سُورَةُ الرَّحْمَنِ«Рахман» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَخَلَقَ الْجَانَّ مِنْ مَارِجٍ مِنْ نَارٍ﴾

44-бапАлла Тағаланың «Ал жындарды оттың түтінсіз алауынан жаратты.» деген сөзі туралы

2169
Мүслим, № 2169Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خُلِقَتِ الْمَلَائِكَةُ مِنْ نُورٍ، وَخُلِقَ الْجَانُّ مِنْ مَارِجٍ مِنْ نَارٍ، وَخُلِقَ آدَمُ مِمَّا وُصِفَ لَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Періштелер нұрдан, жындар оттың түтінсіз алауынан, ал Адам сендерге баяндалған нәрседен жаратылды», – дегенін жеткізді (2996/60).

سُورَةُ الْحَدِيدِ«Хадид» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَنْ تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ﴾

45-бапАлла Тағаланың «Иман келтіргендердің жүрегі Алла еске алынғанда һәм өздеріне түскен ақиқаттың алдында тағзым етіп, діріл қағатын һәм жұмсаратын уақыт келмеді ме?!» деген сөзі туралы

2170
Мүслим, № 2170Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا كَانَ بَيْنَ إِسْلَامِنَا وَبَيْنَ أَنْ عَاتَبَنَا اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ بِهَذِهِ الْآيَةِ: ﴿أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَنْ تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ﴾ [الْحَدِيدِ: 16] إِلَّا أَرْبَعُ سِنِينَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Біз исламды қабылдағаннан кейін небәрі төрт жыл өткенде, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла бізді мына аят арқылы жазғырды: “Иман келтіргендердің жүрегі Алла еске алынғанда һәм өздеріне түскен ақиқаттың алдында тағзым етіп, діріл қағатын һәм жұмсаратын уақыт келмеді ме?!” (“Хадид”, 16)» (3027/24).

سُورَةُ الْحَشْرِ«Хашр» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَالَّذِينَ جَاءُوا مِنْ بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اِغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ﴾

46-бапАлла Тағаланың ﴿Ал олардан (мұһажирлер мен ансарлардан) кейін келген мүміндер болса, Аллаға: «Уа, Раббымыз, бізді және бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды кешіре көр!…»﴾ деген сөзі туралы

2171
Мүслим, № 2171

عَنْ عُرْوَةَ قَالَ: قَالَتْ لِي عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «يَا ابْنَ أُخْتِي، أُمِرُوا أَنْ يَسْتَغْفِرُوا لِأَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ فَسَبُّوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Ұруа былай деді: «Айша (р.а.) маған: “Уа, жиенім! Оларға Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларына кешірім тілеу бұйырылған еді, алайда олар сахабаларды балағаттады”, – деді» (3022/15).

سُورَةُ الْجِنِّ«Жын» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اِسْتَمَعَ نَفَرٌ مِنَ الْجِنِّ﴾

47-бапАлла Тағаланың ﴿Былай де: «Маған бір топ жынның Құран тыңдағаны уахи етілді.»﴾ деген сөзі туралы

2172
Мүслим, № 2172Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: مَا قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْجِنِّ وَمَا رَآهُمْ. اِنْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي طَائِفَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَقَدْ حِيلَ بَيْنَ الشَّيَاطِينِ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ. وَأُرْسِلَتْ عَلَيْهِمُ الشُّهُبُ. فَرَجَعَتِ الشَّيَاطِينُ إِلَى قَوْمِهِمْ فَقَالُوا: «مَا لَكُمْ؟» قَالُوا: «حِيلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ وَأُرْسِلَتْ عَلَيْنَا الشُّهُبُ». قَالُوا: «مَا ذَاكَ إِلَّا مِنْ شَيْءٍ حَدَثَ. فَاضْرِبُوا مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا. فَانْظُرُوا مَا هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ» فَانْطَلَقُوا يَضْرِبُونَ مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا. فَمَرَّ النَّفَرُ الَّذِينَ أَخَذُوا نَحْوَ تِهَامَةَ (وَهُوَ بِنَخْلَةَ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَهُوَ يُصَلِّي بِأَصْحَابِهِ صَلَاةَ الْفَجْرِ) فَلَمَّا سَمِعُوا الْقُرْآنَ اِسْتَمَعُوا لَهُ. وَقَالُوا: «هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ» فَرَجَعُوا إِلَى قَوْمِهِمْ. فَقَالُوا: «يَا قَوْمَنَا ﴿إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا﴾». فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى نَبِيِّهِ مُحَمَّدٍ ﷺ: ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اِسْتَمَعَ نَفَرٌ مِنَ الْجِنِّ﴾.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) жындарға Құран оқыған да, оларды көрген де жоқ. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) бір топ сахабасымен бірге Указ базарына бет алып шықты. Сол кезде шайтандардың көктен хабар алуына бөгет қойылып, оларға отты жұлдыздар атылған еді. Шайтандар өз қауымдарына қайтып келгенде, олар: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Олар: “Біздің көктен хабар алуымызға бөгет қойылып, бізге отты жұлдыздар атылды”, – деді. Қауымдары: “Бұл жаңадан болған бір оқиғаға байланысты. Жердің шығысы мен батысын шарлап шығып, сендер мен көктен алынатын хабардың арасына бөгет болған нәрсенің не екенін анықтаңдар”, – деді. Сөйтіп, олар жердің шығысы мен батысын шарлап кетті. Тиһама бағытына аттанған бір топ жын Нахла деген жерде Указ базарына бет алып бара жатқан Алла Елшісінің тұсынан өтті. Сол кезде ол сахабаларына таң намазын оқытып жатқан еді. Олар Құранды естігенде, ден қойып тыңдады да: “Біздің көктен хабар алуымызға бөгет болған – осы”, – деді. Содан кейін өз қауымдарына қайтып барып: “Уа, қауымымыз! Расында, біз таңғажайып Құран тыңдадық! Ол тура жолға бастайды, біз оған иман келтірдік! Біз ендігәрі Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз!” (“Жын”, 1⁠–⁠2⁠-⁠аяттар), – деді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өзінің пайғамбары Мұхаммедке (с.а.с.): ﴿Былай де: «Маған бір топ жынның Құран тыңдағаны уахи етілді.»﴾ (“Жын”, 1) деген аятты түсірді» (449/149).

سُورَةُ الْقِيَامَةِ«Қиямет» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ﴾

48-бапАлла Тағаланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» деген сөзі туралы

2173
Мүслим, № 2173

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ﴾ [الْقِيَامَةِ: 16]، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعَالِجُ مِنَ التَّنْزِيلِ شِدَّةً، كَانَ يُحَرِّكُ شَفَتَيْهِ. فَقَالَ لِي ابْنُ عَبَّاسٍ: «أَنَا أُحَرِّكُهُمَا لَكَ كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَرِّكُهُمَا»، فَحَرَّكَ شَفَتَيْهِ. فَقَالَ سَعِيدٌ: «أَنَا أُحَرِّكُهُمَا كَمَا كَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ يُحَرِّكُهُمَا»، فَحَرَّكَ شَفَتَيْهِ. فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ ۝ إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُ وَقُرْآنَهُ﴾ [الْقِيَامَةِ: 16⁠–⁠17]، قَالَ: «جَمْعَهُ فِي صَدْرِكَ ثُمَّ تَقْرَؤُهُ». ﴿فَإِذَا قَرَأْنَاهُ فَاتَّبِعْ قُرْآنَهُ﴾ [الْقِيَامَةِ: 18]، قَالَ: «فَاسْتَمِعْ لَهُ وَأَنْصِتْ، ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا أَنْ تَقْرَأَهُ». قَالَ: فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَاهُ جِبْرِيلُ اِسْتَمَعَ، فَإِذَا اِنْطَلَقَ جِبْرِيلُ قَرَأَهُ النَّبِيُّ ﷺ كَمَا أَقْرَأَهُ.

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубайр Ибн Аббастың (Алла екеуіне де разы болсын) Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» («Қиямет», 16) деген сөзі жайында: «Пайғамбар (с.а.с.) уахиды қабылдау кезінде қатты қиналатын әрі еріндерін қимылдататын», – дегенін жеткізді. Сағид: «Ибн Аббас маған: “Мен саған еріндерімді Алла Елшісі (с.а.с.) қимылдатқанындай қимылдатып көрсетемін”, – деді де, еріндерін қимылдатты», – деп баяндады. Сағид: «Мен де еріндерімді Ибн Аббас қимылдатқанындай қимылдатамын», – деді де, еріндерін қимылдатып көрсетті. Сонда Алла Тағала: «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» («Қиямет», 16), «Өйткені оны толық жинау һәм өзіңе оқыту Бізге тиесілі іс!» («Қиямет», 17) деген аяттарды түсірді. Ибн Аббас: «Яғни оны кеудеңе жинаймыз, содан кейін сен оны оқисың», – деді. «Ендеше, Біз оны оқыған кезде, сен оның оқылуына ілесіп отыр.» («Қиямет», 18) деген сөзін: «Яғни оны тыңда әрі үнсіз бол. Содан кейін оны оқуыңды қамтамасыз ету де Бізге міндет», – деп түсіндірді. Алла Елшісі (с.а.с.) Жәбірейіл келгенде, оны ден қойып тыңдайтын. Ал Жәбірейіл кеткеннен кейін, Пайғамбар (с.а.с.) оны Жәбірейіл өзіне оқып бергеніндей оқитын (448/148).

سُورَةُ وَيْلٌ لِلْمُطَفِّفِينَ«Мутаффифин» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ﴾

49-бапАлла Тағаланың «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады.» деген сөзі туралы

2174
Мүслим, № 2174Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: ﴿يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْمُطَفِّفِينَ: 6]، قَالَ: «حَتَّى يَقُومَ أَحَدُهُمْ فِي رَشْحِهِ إِلَى أَنْصَافِ أُذُنَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (Алла екеуіне де разы болсын) жеткізгендей, Пайғамбар (с.а.с.) «Сол күні барша адамзат күллі ғаламның Раббысының құзырында есеп беру үшін тікесінен тік тұрады.» («Мутаффифин», 6) деген аят туралы: «Сол күні олардың әрқайсысы құлақтарының ортасына дейін өз теріне батып тұрады», – деді (2862/60).

سُورَةُ الِانْشِقَاقِ«Иншиқақ» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا﴾

50-бапАлла Тағаланың «Оның есебі өте оңай болады.» деген сөзі туралы

2175
Мүслим, № 2175Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حُوسِبَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عُذِّبَ». فَقُلْتُ: «أَلَيْسَ قَدْ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا﴾ [الِانْشِقَاقِ: 8]؟» فَقَالَ: «لَيْسَ ذَلِكِ الْحِسَابُ، إِنَّمَا ذَاكِ الْعَرْضُ، مَنْ نُوقِشَ الْحِسَابَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عُذِّبَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні кім есепке тартылса, азапталады”, – деді. Мен: “Алла Тағала: ‘Оның есебі өте оңай болады.’ (‘Иншиқақ’, 8), – деп айтпап па еді?” – дедім. Сонда ол: “Бұл – есепке тарту емес, амалдардың жай ғана көрсетілуі. Қиямет күні кімнің есебі егжей-тегжейлі тексерілсе, сол азапталады”, – деді» (2876/79).

سُورَةُ وَاللَّيْلِ«Ләйл» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَالذَّكَرِ وَالْأُنْثَى﴾

51-бапАлла Тағаланың «Еркек пен ұрғашыға серт!» деген сөзі туралы

2176
Мүслим, № 2176

عَنْ عَلْقَمَةَ، قَالَ: قَدِمْنَا الشَّامَ فَأَتَانَا أَبُو الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «أَفِيكُمْ أَحَدٌ يَقْرَأُ عَلَى قِرَاءَةِ عَبْدِ اللَّهِ؟» فَقُلْتُ: «نَعَمْ، أَنَا». قَالَ: «فَكَيْفَ سَمِعْتَ عَبْدَ اللَّهِ يَقْرَأُ هَذِهِ الْآيَةَ ﴿وَاللَّيْلِ إِذَا يَغْشَى﴾ [اللَّيْلِ: 1]؟» قَالَ: «سَمِعْتُهُ يَقْرَأُ: ﴿وَاللَّيْلِ إِذَا يَغْشَى﴾ [اللَّيْلِ: 1] ﴿وَالذَّكَرِ وَالْأُنْثَى﴾». قَالَ: «وَأَنَا وَاللَّهِ هَكَذَا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْرَؤُهَا، وَلَكِنْ هَؤُلَاءِ يُرِيدُونَ أَنْ أَقْرَأَ ﴿وَمَا خَلَقَ الذَّكَرَ وَالْأُنْثَى﴾ [اللَّيْلِ: 3] فَلَا أُتَابِعُهُمْ».

Қазақша аудармасы

Алқама былай деді: «Біз Шамға келдік. Сонда Әбу әд-Дәрда (р.а.) бізге келіп: “Араларыңда Абдулланың қырағаты бойынша оқитын адам бар ма?” – деп сұрады. Мен: “Иә, мен бармын”, – дедім. Ол: “Абдулланың ‘Жер бетін жапқан кезде түнге серт!’ (‘Ләйл’, 1) деген аятты қалай оқығанын естідің?” – деп сұрады. Мен: “Оның ‘Жер бетін жапқан кезде түнге серт! Еркек пен ұрғашыға серт!’ (‘Ләйл’, 1) деп оқығанын естідім”, – дедім. Сонда ол: “Аллаға ант етемін, мен де Алла Елшісінің (с.а.с.) оны дәл осылай оқығанын естідім. Бірақ мына адамдар менің ‘Еркек пен ұрғашыны жаратқанға серт!’ (‘Ләйл’, 3) деп оқуымды қалайды. Алайда мен оларға ермеймін”, – деді» (824/282).

سُورَةُ الضُّحَى«Духа» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَى﴾

52-бапАлла Тағаланың «Раббың сені тастап кетпеді һәм сені жек көріп қалған да емес!» деген сөзі туралы

2177
Мүслим, № 2177

عَنِ الْأَسْوَدِ بْنِ قَيْسٍ، قَالَ: سَمِعْتُ جُنْدُبَ بْنَ سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَقُولُ: اِشْتَكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يَقُمْ لَيْلَتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، فَجَاءَتْهُ اِمْرَأَةٌ، فَقَالَتْ: «يَا مُحَمَّدُ، إِنِّي لَأَرْجُو أَنْ يَكُونَ شَيْطَانُكَ قَدْ تَرَكَكَ، لَمْ أَرَهُ قَرِبَكَ مُنْذُ لَيْلَتَيْنِ أَوْ ثَلَاثٍ». قَالَ: فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالضُّحَى وَاللَّيْلِ إِذَا سَجَى مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَى﴾ [الضُّحَى: 1⁠–⁠3].

Қазақша аудармасы

Әл-Әсуад ибн Қайс Жундуб ибн Суфиянның (р.а.) былай дегенін естігенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанып, екі не үш түн бойы намазға тұра алмады. Сонда оған бір әйел келіп: “Уа, Мұхаммед! Шайтаның сені тастап кеткен болар деп үміттенемін. Екі не үш түннен бері оның саған жақындағанын көрмедім”, – деді. Осыған байланысты Ұлы әрі аса мәртебелі Алла мына аяттарды түсірді: “Сәске уақытына серт! Қою қараңғылық қаптап, жым-жырт тыныштық орнаған түнге серт! Раббың сені тастап кетпеді һәм сені жек көріп қалған да емес!” (“Духа”, 1⁠–⁠3⁠-⁠аяттар)» (1797/115).

سُورَةُ التَّكَاثُرِ«Тәкәсур» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾

53-бапАлла Тағаланың «Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.» деген сөзі туралы

2178
Мүслим, № 2178Риуаят етуші: Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَقْرَأُ: ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾، قَالَ: «يَقُولُ ابْنُ آدَمَ: “مَالِي، مَالِي”». قَالَ: «وَهَلْ لَكَ يَا ابْنَ آدَمَ مِنْ مَالِكَ إِلَّا مَا أَكَلْتَ فَأَفْنَيْتَ، أَوْ لَبِسْتَ فَأَبْلَيْتَ، أَوْ تَصَدَّقْتَ فَأَمْضَيْتَ؟»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) келгенімде, ол: “Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.” (“Тәкәсур”, 1), – деп оқып отыр екен. Содан кейін ол: “Адам баласы: ‘Малым, малым!’ – дейді”, – деді. Ол тағы: “Уа, Адам баласы! Сенің малыңнан жеп тауысқаның, киіп тоздырғаның немесе садақаға беріп, алдыңнан жібергеніңнен басқа саған тиесілі не бар?” – деді» (2958/3).

سُورَةُ النَّصْرِ«Наср» сүресі

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ﴾

54-бапАлла Тағаланың «Алланың жәрдемі мен жеңісі жеткенде,» деген сөзі туралы

2179
Мүслим, № 2179

عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُتْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِي ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «تَعْلَمُ» (وَقَالَ هَارُونُ: «تَدْرِي»)، «آخِرَ سُورَةٍ نَزَلَتْ مِنَ الْقُرْآنِ، نَزَلَتْ جَمِيعًا؟» قُلْتُ: «نَعَمْ، ﴿إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ﴾». قَالَ: «صَدَقْتَ».

Қазақша аудармасы

Ұбайдулла ибн Абдулла ибн Ұтба (р.а.) былай деді: «Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) маған: “Құраннан тұтас күйінде ең соңғы болып түскен сүренің қайсысы екенін білесің бе?” – деді. Һарунның риуаятында: “Хабарың бар ма?” – деп келген. Мен: “Иә. Ол – ‘Алланың жәрдемі мен жеңісі жеткенде,’ (‘Наср’, 1)”, – дедім. Ол: “Дұрыс айттың”, – деді» (3024/21).