Хадис

Сахих Мүслим, № 2125

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
4. Алла Тағаланың «Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ﴾
Нөмірі
№ 2125 (Мухтасар реті)
2125
Мүслим, № 2125Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: ﴿لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ فَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَاللَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ﴾ [الْبَقَرَةِ: 284]، قَالَ: فَاشْتَدَّ ذَلِكَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ثُمَّ بَرَكُوا عَلَى الرُّكَبِ، فَقَالُوا: «أَيْ رَسُولَ اللَّهِ، كُلِّفْنَا مِنَ الْأَعْمَالِ مَا نُطِيقُ، الصَّلَاةَ وَالصِّيَامَ وَالْجِهَادَ وَالصَّدَقَةَ، وَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيْكَ هَذِهِ الْآيَةُ وَلَا نُطِيقُهَا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتُرِيدُونَ أَنْ تَقُولُوا كَمَا قَالَ أَهْلُ الْكِتَابَيْنِ مِنْ قَبْلِكُمْ: “سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا”؟ بَلْ قُولُوا: “سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ”». قَالُوا: «سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ». فَلَمَّا اقْتَرَأَهَا الْقَوْمُ ذَلَّتْ بِهَا أَلْسِنَتُهُمْ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ فِي إِثْرِهَا: ﴿آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ وَقَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 285]، فَلَمَّا فَعَلُوا ذَلِكَ نَسَخَهَا اللَّهُ تَعَالَى، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ». ﴿وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا أَنْتَ مَوْلَانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 286] قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) “Күллі аспан әлеміндегі және жердегі барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады. Содан кейін қалаған пендесін кешіреді, қалағанын азаптайды. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті!” (“Бақара”, 284) деген аят түскенде, бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларына өте ауыр тиді. Олар Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, тізерлей отырды да: “Уа, Алланың Елшісі! Бізге шамамыз жететін намаз, ораза, жиһад және садақа секілді амалдар міндеттелді. Енді сізге мына аят түсірілді, ал біздің оған шамамыз жетпейді”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендер өздеріңнен бұрынғы екі Кітап иелері: ‘Естідік те, қарсы келдік’, – дегендей айтқыларың келе ме? Жоқ, қайта: ‘Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз’, – деңдер”, – деді. Олар: “Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз”, – деді. Олар бұл сөздерді қайталай берген соң, тілдері оған жаттықты. Осыдан кейін іле-шала Алла: “Хақ елші өзіне Раббысынан түсірілгенге қалтқысыз иман келтірді, мүміндер де. Олардың әрбірі Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына толық иман келтіріп: ‘Біз Оның елшілерінің ешбірін бөліп-жармаймыз’, – деді. Әрі олар: ‘Біз естідік және қалтқысыз мойынсұндық. Уа, Раббымыз! Біз Сенің кең кешіріміңді тілейміз және түбінде Өзіңе қайтамыз’, – деп айтты” (“Бақара”, 285) деген аятты түсірді. Олар осылай істеген соң, Алла Тағала әлгі үкімді жойып, Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің істеген жақсылығы өз пайдасына және істеген жамандығы өз зиянына. Уа, Раббымыз! Егер ұмытып кеткен немесе қателік жасаған болсақ, сол үшін бізді жауапқа тарта көрме!” (“Бақара”, 286) деген аятты түсірді. Алла: “Иә”, – деді. “Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғы үмбеттерге жүктегеніңдей бізге ауыр міндеттер жүктей көрме!” (“Бақара”, 286) дегенге Алла: “Иә”, – деді. “Уа, Раббымыз! Бізге күшіміз жетпейтін міндеттерді арта көрме!” (“Бақара”, 286) дегенге Алла: “Иә”, – деді. “Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің һәм мейіріміңе бөлегейсің! Сен біздің қамқор Иемізсің! Бізге мына кәпірлер қауымына қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізе көр!” (“Бақара”, 286) дегенге де Алла: “Иә”, – деді» (125/199).