عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: تَلَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ﴿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ، فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ، وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلَّا اللَّهُ، وَالرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبِّنَا، وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّا أُولُو الْأَلْبَابِ﴾. قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا رَأَيْتُمُ الَّذِينَ يَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ، فَأُولَئِكَ الَّذِينَ سَمَّى اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ؛ فَاحْذَرُوهُمْ».
Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мына аятты оқыды: “Ол саған осынау Кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мағынасы анық мухкам аяттар, солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі, мағынасы астарлы муташабиһ аяттар. Жүрегінде ауытқу болғандар бүлік шығару үшін, әрі ол аяттарды өз қалаулары бойынша тәпсірлеу үшін астарлы мағыналы муташабиһ аяттарды қазбалайды. Расында, оның шын тәпсірін бір Алладан басқа ешкім білмейді және ілімде тереңдегендер: ‘Біз оған толық иман келтірдік. Барлығы да Раббымыздың дәргейінен келді’, – деп айтады. Ендеше, ақыл иелері ғана терең ойланып, ғибрат алады” (“Әли Имран”, 7).
Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Кітаптағы мүтәшабиһ аяттарға еретіндерді көрсеңдер, Ұлы әрі Құдіретті Алла атағандар – солар. Сондықтан олардан сақтаныңдар”, – деді» (2665/1).