Хадис

Сахих Мүслим, № 2132

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
10. Алла Тағаланың «Ал енді кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا﴾
Нөмірі
№ 2132 (Мухтасар реті)
2132
Мүслим, № 2132

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، قَالَ: قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ: «أَلِمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا مِنْ تَوْبَةٍ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: فَتَلَوْتُ عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةَ الَّتِي فِي الْفُرْقَانِ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ﴾ [الْفُرْقَانِ: 68] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ. قَالَ: «هَذِهِ آيَةٌ مَكِّيَّةٌ نَسَخَتْهَا آيَةٌ مَدَنِيَّةٌ: ﴿وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا﴾ [النِّسَاءِ: 93]».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубайр былай деді: «Мен Ибн Аббастан: “Мүмінді қасақана өлтірген адамның тәубесі бар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда мен оған Фурқан сүресіндегі “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды. Алла нақақтан-нақақ өлтіруде харам қылған тірі жанды өлтірмейді” (“Фурқан”, 68) деген аятты аяғына дейін оқыдым. Ол: “Бұл – Меккеде түскен аят. Оны Мәдинада түскен мына аят мансұқ етті: ‘Ал енді кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – ішінде мәңгі-бақи қалып, азап шегетін тозақ болмақ’ (‘Ниса’, 93)”, – деді» (3023/20).