Хадис

Сахих Мүслим, № 2133

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
11. Алла Тағаланың «Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне қызығып: “Сен мүмін емессің”, – деп айтпаңдар» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَمَ﴾
Нөмірі
№ 2133 (Мухтасар реті)
2133
Мүслим, № 2133Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: لَقِيَ نَاسٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ رَجُلًا فِي غُنَيْمَةٍ لَهُ، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ». فَأَخَذُوهُ فَقَتَلُوهُ وَأَخَذُوا تِلْكَ الْغُنَيْمَةَ، فَنَزَلَتْ: ﴿وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَمَ لَسْتَ مُؤْمِنًا﴾ وَقَرَأَهَا ابْنُ عَبَّاسٍ: ﴿السَّلَامَ﴾ [النِّسَاءِ: 94].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Мұсылмандардың бір тобы шағын қой отарын айдап келе жатқан бір кісіге кезікті. Ол оларға: “Әссәләмуғаләйкум!” – деп сәлем берді. Алайда олар оны ұстап алып өлтірді де, қойларын алып қойды. Сонда мына аят түсті: “Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне қызығып: ‘Сен мүмін емессің’, – деп айтпаңдар” (“Ниса”, 94). Ибн Аббас аяттағы السَّلَمَ сөзін السَّلَامَ – “сәлем” деп оқыған» (3025/22).