Хадис

Сахих Мүслим, № 2158

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
34. Алла Тағаланың «Оларға осынау үлкен азаптан бұрын, бәлкім, райларынан қайтар деп, одан анағұрлым жеңіл сан түрлі азапты міндетті түрде таттырамыз.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَى دُونَ الْعَذَابِ الْأَكْبَرِ﴾
Нөмірі
№ 2158 (Мухтасар реті)
2158
Мүслим, № 2158Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَى دُونَ الْعَذَابِ الْأَكْبَرِ﴾ [السَّجْدَةِ: 21]. قَالَ: «مَصَائِبُ الدُّنْيَا، وَالرُّومُ، وَالْبَطْشَةُ، أَوِ الدُّخَانُ». شُعْبَةُ الشَّاكُّ فِي «الْبَطْشَةِ» أَوِ «الدُّخَانِ».

Қазақша аудармасы

Үбәй ибн Кәғб (р.а.) Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың: «Оларға осынау үлкен азаптан бұрын, бәлкім, райларынан қайтар деп, одан анағұрлым жеңіл сан түрлі азапты міндетті түрде таттырамыз.» («Сәжде», 21) деген сөзі туралы: «Бұл – дүниедегі қасіреттер, Румға қатысты белгі және ұлы соққы немесе түтін», – деді. «Ұлы соққы» ма, әлде «түтін» бе – Шуғба қайсысы айтылғанына күмәнданған (2799/42).