Хадис

Сахих Мүслим, № 2146

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
24. Алла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾
Нөмірі
№ 2146 (Мухтасар реті)
2146
Мүслим, № 2146Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]. قَالَ: «نَزَلَتْ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُتَوَارٍ بِمَكَّةَ، فَكَانَ إِذَا صَلَّى بِأَصْحَابِهِ رَفَعَ صَوْتَهُ بِالْقُرْآنِ، فَإِذَا سَمِعَ ذَلِكَ الْمُشْرِكُونَ سَبُّوا الْقُرْآنَ وَمَنْ أَنْزَلَهُ وَمَنْ جَاءَ بِهِ، فَقَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِنَبِيِّهِ ﷺ: ﴿وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]؛ فَيَسْمَعَ الْمُشْرِكُونَ قِرَاءَتَكَ. ﴿وَلَا تُخَافِتْ بِهَا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110] عَنْ أَصْحَابِكَ؛ أَسْمِعْهُمُ الْقُرْآنَ وَلَا تَجْهَرْ ذَلِكَ الْجَهْرَ. ﴿وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 110]، يَقُولُ: بَيْنَ الْجَهْرِ وَالْمُخَافَتَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Тағаланың «Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма, әрі тым бәсеңдетіп те жіберме, екеуінің ортасындағы жолды ұстан» («Исра», 110) деген сөзі туралы былай деді: «Бұл аят Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеде жасырын жүрген кезде түсті. Ол сахабаларына намаз оқытқанда Құранды дауыстап оқитын. Мұны естіген мүшріктер Құранды да, оны түсірген Алланы да, оны жеткізген Пайғамбарды да балағаттайтын. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.): “Әрі намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма” («Исра», 110), – деді. Яғни: ‘Мүшріктер сенің қырағатыңды естіп қоймасын’, – дегені. “әрі тым бәсеңдетіп те жіберме” («Исра», 110), – деді. Яғни: ‘Сахабаларың естімей қалатындай бәсеңдетпе. Оларға Құранды естірт, бірақ әлгіндей қатты дауыстап оқыма’, – дегені. “екеуінің ортасындағы жолды ұстан” («Исра», 110), – деді. Яғни, дауыстап оқу мен бәсең оқудың арасындағы жолды ұстан дегені» (446/145).