Хадис

Сахих Мүслим, № 2141

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
18. Алла Тағаланың «Алайда Сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ﴾
Нөмірі
№ 2141 (Мухтасар реті)
2141
Мүслим, № 2141Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: «اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ، فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ». فَنَزَلَتْ: ﴿وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ ۝ وَمَا لَهُمْ أَلَّا يُعَذِّبَهُمُ اللَّهُ وَهُمْ يَصُدُّونَ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ﴾ [الْأَنْفَالِ: 33⁠–⁠34] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Әбу Жәһл: “Уа, Алла! Егер мына Құран шынымен де Өзіңнен келген хақ кітап болса, дәл қазір төбемізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге басқа да жан төзгісіз азап келтір!” – деді. Сонда “Алайда Сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды. Әрі олар кешірім тілеген жағдайда, Алла оларды азаптамайды” (“Әнфәл”, 33) және “Олар қасиетті мешіттің иесі болуға лайық болмағанымен қоймай, мүміндерге Харам мешітін зиярат етуге мүмкіндік бермей жатқанда, Алла оларды қалай азаптамасын?! Әсілі, Харам мешітін басқаруға, ол жерге тәу етіп келген ел-жұртқа қызмет көрсетуге тақуалы жандар ғана лайық. Алайда имансыздардың көбі мұны білмейді” (“Әнфәл”, 34) деген аяттар түсті» (2796/37).