عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ، أَنَّهُ سَأَلَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنْ قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَى وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ﴾ [النِّسَاءِ: 3]. قَالَتْ: «يَا ابْنَ أُخْتِي، هِيَ الْيَتِيمَةُ تَكُونُ فِي حَجْرِ وَلِيِّهَا تُشَارِكُهُ فِي مَالِهِ، فَيُعْجِبُهُ مَالُهَا وَجَمَالُهَا، فَيُرِيدُ وَلِيُّهَا أَنْ يَتَزَوَّجَهَا بِغَيْرِ أَنْ يُقْسِطَ فِي صَدَاقِهَا فَيُعْطِيَهَا مِثْلَ مَا يُعْطِيهَا غَيْرُهُ، فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يُقْسِطُوا لَهُنَّ، وَيَبْلُغُوا بِهِنَّ أَعْلَى سُنَّتِهِنَّ مِنَ الصَّدَاقِ، وَأُمِرُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا طَابَ لَهُمْ مِنَ النِّسَاءِ سِوَاهُنَّ». قَالَ عُرْوَةُ: قَالَتْ عَائِشَةُ: «ثُمَّ إِنَّ النَّاسَ اسْتَفْتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ هَذِهِ الْآيَةِ فِيهِنَّ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِيهِنَّ وَمَا يُتْلَى عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ اللَّاتِي لَا تُؤْتُونَهُنَّ مَا كُتِبَ لَهُنَّ وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾ [النِّسَاءِ: 127]». قَالَتْ: «وَالَّذِي ذَكَرَ اللَّهُ أَنَّهُ يُتْلَى عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ: الْآيَةُ الْأُولَى الَّتِي قَالَ اللَّهُ فِيهَا: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ﴾ [النِّسَاءِ: 3]». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَقَوْلُ اللَّهِ تَعَالَى فِي الْآيَةِ الْأُخْرَى: ﴿وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾، رَغْبَةُ أَحَدِكُمْ عَنِ الْيَتِيمَةِ الَّتِي تَكُونُ فِي حَجْرِهِ، حِينَ تَكُونُ قَلِيلَةَ الْمَالِ وَالْجَمَالِ، فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا رَغِبُوا فِي مَالِهَا وَجَمَالِهَا مِنْ يَتَامَى النِّسَاءِ، إِلَّا بِالْقِسْطِ، مِنْ أَجْلِ رَغْبَتِهِمْ عَنْهُنَّ».
Уруа ибн әз-Зубәйрден. Ол Айшадан Алланың «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады» («Ниса», 3) деген сөзі жайында сұрады. Айша: «Уа, әпкемнің ұлы! Бұл – қамқоршысының қолында тәрбиеленіп жүрген жетім қыз. Оның мал-мүлкі қамқоршысының мал-мүлкімен ортақ болады. Қамқоршысына қыздың мал-мүлкі мен сұлулығы ұнап, оған үйленгісі келеді. Алайда мәһірін әділ белгілемей, оған өзге біреу үйленгенде беретіндей мәһірді бермейді. Сондықтан оларға әділдік жасап, өз дәрежесіндегі әйелдерге берілетін ең жоғары мөлшердегі мәһірді бермейінше, ондай жетім қыздарға үйленуге тыйым салынды. Оларға сол қыздардан өзге, көңілдері қалаған әйелдерге үйлену бұйырылды», – деді. Уруа былай деді: «Айша: “Осы аят түскеннен кейін адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) жетім қыздар жайында пәтуа сұрады. Сонда Ұлы әрі Құдіретті Алла ‘Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды. Былай деп айт: ‹Олар жайлы пәтуаны Алла сендерге беруде. Әрі сендерге осынау Кітапта мәһірін бермей-ақ некелесіп алғыларың келген жетім әйелдерге…›’ (‘Ниса’, 127) деген аятты түсірді”, – деді», – деп баяндады. Айша: «Алла Тағаланың “сендерге осынау Кітапта” деп атағаны – Алланың “Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады” (“Ниса”, 3) деген алғашқы аяты», – деді. Айша тағы да: «Алланың кейінгі аяттағы “…некелесіп алғыларың келген…” (“Ниса”, 127) деген сөзі сендердің біріңнің қамқорлығындағы мал-мүлкі аз әрі көркі келіспеген жетім қызға үйленуден теріс айналуын білдіреді. Сондықтан мал-мүлкі мен сұлулығына қызығып, жетім қыздарға үйленуге тек әділдік жасаған жағдайда ғана рұқсат етілді, ал әділдік жасамай үйленуге тыйым салынды. Бұл олардың мал-мүлкі аз әрі көркі келіспеген жетім қыздардан теріс айналатындығына байланысты еді», – деді (3018/6).