عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: مَا قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْجِنِّ وَمَا رَآهُمْ. اِنْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي طَائِفَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَقَدْ حِيلَ بَيْنَ الشَّيَاطِينِ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ. وَأُرْسِلَتْ عَلَيْهِمُ الشُّهُبُ. فَرَجَعَتِ الشَّيَاطِينُ إِلَى قَوْمِهِمْ فَقَالُوا: «مَا لَكُمْ؟» قَالُوا: «حِيلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ وَأُرْسِلَتْ عَلَيْنَا الشُّهُبُ». قَالُوا: «مَا ذَاكَ إِلَّا مِنْ شَيْءٍ حَدَثَ. فَاضْرِبُوا مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا. فَانْظُرُوا مَا هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ» فَانْطَلَقُوا يَضْرِبُونَ مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا. فَمَرَّ النَّفَرُ الَّذِينَ أَخَذُوا نَحْوَ تِهَامَةَ (وَهُوَ بِنَخْلَةَ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَهُوَ يُصَلِّي بِأَصْحَابِهِ صَلَاةَ الْفَجْرِ) فَلَمَّا سَمِعُوا الْقُرْآنَ اِسْتَمَعُوا لَهُ. وَقَالُوا: «هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ» فَرَجَعُوا إِلَى قَوْمِهِمْ. فَقَالُوا: «يَا قَوْمَنَا ﴿إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا﴾». فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى نَبِيِّهِ مُحَمَّدٍ ﷺ: ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اِسْتَمَعَ نَفَرٌ مِنَ الْجِنِّ﴾.
Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) жындарға Құран оқыған да, оларды көрген де жоқ. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) бір топ сахабасымен бірге Указ базарына бет алып шықты. Сол кезде шайтандардың көктен хабар алуына бөгет қойылып, оларға отты жұлдыздар атылған еді. Шайтандар өз қауымдарына қайтып келгенде, олар: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Олар: “Біздің көктен хабар алуымызға бөгет қойылып, бізге отты жұлдыздар атылды”, – деді. Қауымдары: “Бұл жаңадан болған бір оқиғаға байланысты. Жердің шығысы мен батысын шарлап шығып, сендер мен көктен алынатын хабардың арасына бөгет болған нәрсенің не екенін анықтаңдар”, – деді. Сөйтіп, олар жердің шығысы мен батысын шарлап кетті. Тиһама бағытына аттанған бір топ жын Нахла деген жерде Указ базарына бет алып бара жатқан Алла Елшісінің тұсынан өтті. Сол кезде ол сахабаларына таң намазын оқытып жатқан еді. Олар Құранды естігенде, ден қойып тыңдады да: “Біздің көктен хабар алуымызға бөгет болған – осы”, – деді. Содан кейін өз қауымдарына қайтып барып: “Уа, қауымымыз! Расында, біз таңғажайып Құран тыңдадық! Ол тура жолға бастайды, біз оған иман келтірдік! Біз ендігәрі Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз!” (“Жын”, 1–2-аяттар), – деді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Өзінің пайғамбары Мұхаммедке (с.а.с.): ﴿Былай де: «Маған бір топ жынның Құран тыңдағаны уахи етілді.»﴾ (“Жын”, 1) деген аятты түсірді» (449/149).