Хадис

Сахих Мүслим, № 2168

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
43. Алла Тағаланың «Қане, бұдан ғибрат алатын жан бар ма?!» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿هَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ﴾
Нөмірі
№ 2168 (Мухтасар реті)
2168
Мүслим, № 2168

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ قَالَ: رَأَيْتُ رَجُلًا سَأَلَ الْأَسْوَدَ بْنَ يَزِيدَ وَهُوَ يُعَلِّمُ الْقُرْآنَ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «كَيْفَ تَقْرَأُ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿فَهَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ﴾ [الْقَمَرِ: 15]، أَدَالًا أَمْ ذَالًا؟» قَالَ: «بَلْ دَالًا، سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ يَقُولُ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مُدَّكِرٍ’، دَالًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ былай деді: «Мешітте Құран үйретіп отырған Әсуад ибн Язидтен бір адамның: “Мына فَهَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ – ‘Қане, бұдан ғибрат алатын жан бар ма?!’ (‘Қамар’, 15) деген аятты қалай оқисың: дәл әрпімен бе, әлде зәл әрпімен бе?” – деп сұрағанын көрдім. Әсуад: “Дәл әрпімен. Мен Абдулла ибн Масғудтың: ‘Алла Елшісінің (с.а.с.) مُدَّكِرٍ – ‹ғибрат алатын жан› (‹Қамар›, 15) деп, дәл әрпімен оқығанын естідім’, – дегенін естідім”, – деді» (823/280).